Құрылымдары әр түрлі тілдердегі аударма барысындағы мәселелер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №13 (303) март 2020 г.

Дата публикации: 28.03.2020

Статья просмотрена: 166 раз

Библиографическое описание:

Сарыпбекова, С. Б. Құрылымдары әр түрлі тілдердегі аударма барысындағы мәселелер / С. Б. Сарыпбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 13 (303). — С. 255-258. — URL: https://moluch.ru/archive/303/68409/ (дата обращения: 16.12.2024).

Әлемде неше тіл болса, сонша мәдениет бар. Мәдениет алмасу, әсіресе жаһандану заманында орасан зор маңызға ие. Бұл ретте аударма қарым-қатынастың өзекті кілті болып табылады. Аударма ісі қызығы мен қиындығы қатар жүретін құбылыс. Әсіресе, құрылымдары әр түрлі тілдердегі аударма барысындағы мәселелер аудармашылар назар аударуға тиісті алғышарт. Мақалада атап айтылған әр түрлі тілдердің өзара аударма барысындағы кездесетін қиыншылықтарына шолу жасалады.

Кілт сөздер: тіл құрылымы, тіл жүйесі, лингвистика,«аударма ісі, стилистика.

Язык как зеркало культуры,а обмен культурой имеет огромное значение, особенно в эпоху глобализации. При этом процессе перевод является основным ключом к общению. Особенно важно обратить внимание переводчиков на проблемы перевода на структурно разных языках. В статье дается обзор проблем, которые сталкиваются на разных языках, перечисленные в процессе взаимного перевода. В нем также рассматривается, актуальные проблемы перевода с примерами в областей применения.

Ключевые слова: структура языка, языковая система, лингвистика, стилистика, адекватный перевод, интенция переводчика.

Аударма өз алдына сан қилы мәселелерге толы процесс. Өзара аударма жасалатын екі өзгеше тілдің құрылымдары әр түрлі болып келетіні анық. Аудармашы ісінің жауапкершілігі салмақты екені осы тұста байқалады,өйткені «аудармашы тек тіл маманы ғана емес,сонымен қатар ғалым да,жазушы да болуға тиіс». Аударма адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың ажырамас бөлігі.Тіларалық коммуникацияның, атап айтқанда, аудармашы қызметінің кең тараған тәжірибесі үнемі лингвистикалық ғылымның бақылауында болуы тиіс. Аударма ісіндегі жалпы тіл құрылымы дегеніміз не? Олар неге әр түрлі сипатта болады? Мақаламызды осы сұрақтарға жауап беруден бастайық. [1]

Кез келген тілдің құрылымы мен жүйесі болады. Оның ішінде әрбір қабаттың, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік қабаттарының әрқайсысының жеке өз кұрылымы, өз жүйесі болады. Әр құрылымның немесе жүйенің, мәселен, фонетика жүйесінің барлық элементтері (дыбыстары) сол жүйенің мүшелері ретінде қызмет етеді. Олай болса, жүйе дегеніміз не?

Жүйе дегеніміз — өзара байланысты бір тектес элементтердін бірлігі. Ол заттық негіз (материя, субстанция), құрылым және қызмет деген үш ұғымның ұштасып келуінен, олардың бірлігінен, қатынасынан құралады. Бұлар ішінара тығыз байланысты. Яғни жүйе — рет-ретімен ұйымдаса орналасқан біртұтас кұбылыс (бірлік). Жүйе материя мен құрылымның бірігуі, қосылуы түрінде өмір сүреді және белгілі бір қызмет атқарады. Сондай ақ, жүйе дегенді — өзіне тән айрықша кұрылымы бар жиынтық деп те айтуға болады. Тіл құрылымының жеке қабаттарының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынаста, өзара байланыста тұрып тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелілік сипаты оның барлық деңгейінен (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) көрінеді. Мысалы, кез келген тілдің фонетикасында «дауысты дыбыстардың жүйесі", «дауыссыз дыбыстардың жүйесі" деген тақырыптар бар. Ол, әрине, тегін емес. Дауыстылар жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң болып бөлінеді. Бұлай жұп-жұбымен және бір-біріне қарама-қарсы топтасуы тілдің дыбыстық қабатында белгілі бір жүйе бар екендігінің белгісі. Дыбыстар бір белгісі бойынша бір-біріне қарама-қарсы қойылса, екінші белгісі бойынша олар біртектес больш келеді. Мысалы: ы мен і дыбыстары тілдің қатысы жағынан бір-біріне қарсы дыбыстар (ы — жуан, і — жіңішке), ал еріннің қатысы жағынан олар біртектес дыбыстар (екеуі де езулік). Бұл сияқты жүйелілік дауыссыз дыбыстарға да тән. Мысалы, П мен Б дауыс қатысы жағынан бір-біріне қарама-қарсы (П-қатаң, Б-үяң), ал жасалу орны жағынан — біртектес дыбыстар (екеуі де ерін дауыссыздары). Жүйенің бір элементі өзі тектес екінші бір элементтің болуын аңғартады. Мысалы, септелудің жүйесі кемінде екі септеудің, жіктелудің жүйесі кемінде екі жақтың (1-жақ, 2-жақ) болуын керек етеді. Егер олар бір-бірден болса, онда олар жүйе құрай алмаған болар еді. Әрбір сөз өзінше өзгеріп, өзінше түрленбейді. Олардың өзгеруі мен түрленуінің белгілі бір жүйесі, белгілі бір заңдары, формалары болады. Ондай жүйелер мен заңдар және формалар бір сөзді ғана емес, белгілі бір топқа енетін сөздердің күллісін қамтиды. Мысалы, зат есімдердің септелуін алалық. Тек зат есімдер ғана септеледі және белгілі бір үлгі бойынша ғана септеледі. Бұлар зат есімнің барлығана тән. Осылай болғандықтан ғана біз септелу жүйесі туралы сөз ете аламыз. Егер зат есімдердің әрқайсысы өзінше септелсе, онда сөздердің септелуін біліп алу да, оқып үйрену де мүмкін болмас еді. Құрылымдық, жүйелілік қасиет тілдің синтаксис саласынан да айқын көрінеді. Сөздердің сөйлемдегі тіркесуі белгілі бір тәсілдер (формалар) арқылы іске асады. Тіл-тілде сөздердің тіркесуінің матасу, меңгеру, қабысу, жанасу деп аталатын тәсілдері бар. Бұл тәсілдер бірлі-жарым сөздерді ғана емес, тіркесуші сөздердің белгілі бір тобын түгелдей қамтиды. Сөйтіп, сөздердің байланысу тәсілдерінің жүйесін кұрайды. [2]

Бұл мысалға алып қарастырған төл тіліміздегі тілдік құрылым мен жүйе. Енді, орыс тілі немесе ағылшын тілдерін алып қарастырайық. Әлемде өзіндік орны мен тарихы бар, бай тілдердің құрылымдарының күрделілігі қазақ тілінен асып түспесе кем болмайтын шығар. Аударма барысында осы жүйелердегі айырмашылықтарға зор мән беріледі. Жаттық аудармашылар, өз ісінің шеберлерігнде бұл процесс бейсаналық тұрғыда жүзеге асады. Осы тұста аудармашылық кәсіпке қалай ғана сүйсінбейсің?! Аудармашы тек қана тілді емес, сонымен қатар мәдениетті танытушы. Аударма ісінің өзі кешенді процесс. Аударманың ғылым бойынша бірнеше: мәдени когнитивті, психологиялық, әдеби және т. с.с. аспектілері бар. Болашақта бұл аспектілердің аясы кеңейетініне дау жоқ. Аударма ісін оқып үйренуде тілшілер тек лингвистика теориясының қомақты үлес қосатынын біліп қана қоймады, керісінше аударманың да лингвистикаға соншалықты үлес қосатынын анықтады. Аудармалар тіл туралы өте құнды ақпарат көзі болды, тіл аударма ісінде маңызды роль атқарды. Қазіргі таңда аудармашылық іс-әрекет өте көп мөлшерде жүзеге асып жатыр, сондықтан екі тілдегі мәтіндер мен сөйлеуде ауызекі немесе коммуникативті теңестірулер өзіндік лингвистикалық тәжірибе жүзінде жүзеге асады. Бұл жерде тілдік бірлікті қолдануда екі тілдің ұқсастығы мен өзгешеліктері ескеріледі, осыған байланысты тілдің өзіне тән құрылымы мен сол тілдің ауыз екі сөйлесуде іске асуындағы ерекшеліктер байқалады, бұрынырақ бұл өзгерістер тілді зерттеу әдісінде назардан тыс қалып қоятын. [3]

Тілдік құрылым тілді міндетті түрде бақылауға алу, пайымдау, өлшеу, сынау, дәлелдей отырып суреттеу және жүйелеу: дыбыстық, морфемалық және тілдің лексикалық құрамын, оның синтаксистік құрылымы, синтагматикалық және парадигматикалық байланыстық бірліктерін, сол бірліктердің сәйкес келу, тілдің мәтінге таралуын (дистрибуция), оның қолданудағы жиілігін т. б. қарастырады. Тілдік құрылымды зерттей отырып тіл білімі көптеген тілдердің құрылымдық ұйымдастырылуының ғылыми анализінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Алайда тілді үйренудегі структуралистік (құрылымдық тіл білімі) ағым тілді мазмұн жағынан зерттеу туралы логикадан бас тартуға мәжбүр етті. Осы орайда аудармашылардың басты міндеті аударма ісін кешенді логикалық (когнитивтік) және құрылымдық жағынан кіріктіре отырып алып жүру екені айқындалады. Аталып жатқан мәселелер уақыт өткен сайын шыңдалып, тәжірибе барысында ұшталатын қасиеттер болғасын және де тікелей аудармашының (субъекттің) қабілеттеріне байланысты болғасын, шешімін табатын мәселелер қатарына жатқызуға әбден болады.

Аударма мәселелері лингвистикалық ғылымдар дами бастағаннан бері зерттеліп келе жатқан тақырып. Тіл білімі бір орында тұрмайды. Ол әрдайым дамып отырады. Аударманың аталып өткен мәселелері тікелей аударма теориясында қаралады. Қазақстан тіл білімінде аударма теориясының қалыптасуына Ө.Айтбаев, А. М. Алдашева, Б.Хасанов, Р. З. Загидуллин, Н. Ж. Шаймерденова және т. б. ғалымдардың еңбектері үлес қосады. Аударма теориясының негізін қалаушылар — К. И. Чуковский, Н. С. Гумилев, А. В. Федоров сынды кеңес ғалымдары. 1930 жылы К. И. Чуковский мен А. В. Федоровтың «Искусство перевода» атты кітабы жарық көрді. Бұл зерттеу еңбегі аударма теориясының жаңа ғылым саласы, ерекше пән ретінде қалыптасуына өз үлесін қосты. Соңғы жылдарда аударма мәселесі көптеген лингвистикалық қырларынан қарастырылып, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, контрастивті лингвистика, мәдениаралық коммуникация, салғастырмалы стилистика тұрғысынан ерекше зерттеу нысандары айқындалды.

Зерттеуші-ғалым А.Қ. Жұмабекова «Аударматанудың негіздері» атты кітабында аудармашылық қызмет субъектісінің сипаты мен оның аударылып отырған мәтін авторына қарым-қатынасы бойынша ажыратылатын аудармалардың мынадай түрлерін келтіреді:

1. Дәстүрлі (қолжазбалы) аударма — адам жасайтын аударма. Дәстүрлі аударманың келесі түрлері ажыратылады:

а) Авторлық емес аударма (немесе жай аударма) — түпнұсқа мәтінінің авторы болып табылмайтын аудармашының тәржімесі.

ә) Авторлық аударма (немесе авто аударма) — түпнұсқа мәтіні авторының өзі жасаған аудармасы.

б) Автор мақұлдаған аударма– автор талқылауынан өткен түпнұсқа мәтінінің аудармасы.

2. Машиналық (автоматты) аударма — арнайы бағдарлама бойынша компьютер жасаған аударма. Машиналық аударма негізгі үш жағдаяттарда сәтті қолданылуда: Біріншіден, бағдарлама лексикалық және грамматикалық құрылымы шектеулі, стандартты, тар шеңберде мамандандырылған мәтіндерді аудару үшін құрастырылады. Екіншіден, машина арқылы түпнұсқаның жалпы мазмұны жайлы түсінік беретін көп көлемді аударманы алуға болады. Үшіншіден, жұмысқа редактор кіріседі. Ол мәтінді аударуға дайындайды, яғни машина үшін қиын сөздерін алып тастап немесе басқаша жазып қайта редакциялайды немесе аударылған мәтіндегі қателер мен дәлсіздіктерді түзетеді.

3. Аралас аударма — мәтіннің дәстүрлі (немесе машиналық) өңдеуінің едәуір үлесін пайдалану арқылы жасалған аударма. [3]

Аудармаға қойылатын басты талап — автордың стилистикалық өзіндігін сақтау, яғни адамдардың келбет-бітімі, жүріс-тұрысы бір-біріне қандай ұқсамаса, олардың сөз саптау машығы да бір-біріне сондай ұқсамайды, ендеше сол ерекшелікті айыра білу керек. Бұл да құрылымдары әр түрлі тілдердегі аударма барысындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, 21 ғасырда 2796 тіл бар екенін ескерсек, заман көптеген тілдерді аудара білуді талап етеді. Бұл мақалада аударманың жалпы мәселелерін санамалап қана көрсетіп отырмын. Шын мәнісінде лингвистика ғылымындағы аударма түрлерінің әрқайсысын талдап алар болсақ, әрбір жүйеден әр түрлі тармақ шығады, бұл туралы көлемді еңбектер жазуға болады. Аударма ісі осыншама кешенді бірге алып отыруды керек етеді. Бұл жерде аудармашыға аударма жасау техникасы керек. С.Құлманов берген анықтама бойынша, аударма жасаудың техникасы — қостілділік жағдайында аударма процесінде пайдаланылатын кәсіби тәсілдердің жиынтығы. Аудармашының мәтінді талдау негізінде оның морфологиялық құрылымын, бейресми сөздердің грамматикалық категориясын, олардың мағыналық байланысын тез қалпына келтіре білудегі кәсіби шеберлігі, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін білу және онымен жұмыс істеу қабілеті. [4] Сонымен қатар, автор техникамен қатар талаптарды да ашып зерттей алған.

Құрылымдары әр түрлі тілдердегі аударма барысындағы мәселелер қатары аз емес екеніне көзіміз жетті. Түйіндей келе, аудармашы жауапкершілігі мол, білікті, тіл ғылымын жан-жақты білетін, әсіресе өз ана тілінің «жілігін шағып, майын ішуші» болуы керектігі шығады. Қалғаны тәжірибемен қатар, уақыт өте келе ұшталатын, жаттыққа айналатын дағдыларды қалыптастырып, сіңіре білуде.

Әдебиет:

  1. Сәмитұлы Ж. Аударма теориясы және практикасы: Оқу құралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2005. — 272 бет
  2. Нұржігіт Айдархан. Тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты. — Алматы: Массагет блогы, 2013.
  3. А.Қ. Жұмабекова. Аударматанудың негіздері. Астана: Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, 2015. — 288 бет.
  4. С.Құлманов. Аударманың өзекті мәселелері. Алматы: «Palitra-Press» — 2015, 296 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, бар, лингвистика, немес, оса, процесс.

Ключевые слова

лингвистика, стилистика, тіл құрылымы, тіл жүйесі, «аударма ісі

Похожие статьи

Көркем аударма маңыздылығы

Көркем аударма бар жерде түрлі ғылыми зерттеулердің жасалып, тың ой пікірлердің айтыла беретіні сөзсіз. Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның проблематикасымен тығыз байланысты болады. Аударма теориясының дамуы белгілі бір мәселелер...

Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын...

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының рөлі

Мақалада шаруа немесе фермер қожалықтарының рөлі, олардың қалыптасу және даму кезеңдері қарастырылады. Шаруа қожалығының ауыл шаруашылығындағы тұрақты динамикалық нысаны ретіндегі сипаттамасы келтірілген. Тиімді жұмысты ұйымдастыру үшін олардың эконо...

Мемлекеттік басқарудағы «Үлкен деректерді» салыстырмалы түрде талдау

Бұл мақалада Үлкен деректер (Big Data) қолданылу аясы және мемлекеттік басқаруда үлкен деректерді пайдалану мүмкіндіктері мен перспективалары қарастырылады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жинақталған тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік басқаруи...

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру кезіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі

Қазіргі әлемде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекет халықпен өзара тиімді әрекеттесуі үшін бұл құралды пайдалануға тиіс. Мақалада мемлекеттік аппараттың АКТ-ны пайдалану түрлері мен тәсілдер...

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Қазіргі шешендік өнерде би-шешендердің бата сөздерін қолдану тәсілдері

Қазақтың би — шешендерінің ғасырлар бойы жасап келе жатқан асыл мұрасы бата сөздерінің қазіргі таңда да Ұлы дала жастарының тіл мәдениетін дамытуда алар орны ерекше. Берілген мақалада би –шешендердің бата сөздерінің қазіргі таңда да қолданыстан шықпа...

Мұнай өндіретін кәсіпорынның жұмысы кезіндегі атмосфераға ластаушы заттардың шығарындысынан экологиялық тәуекелді бағалау

Мақалада экологиялық тәуекелді есептеу әдістемесі қарастырылған, сондай-ақ экологиялық ластаушы заттардан болатын экологиялық тәуекелді ескере отырып есептеу әдістемесі келтірілген. Толық экологиялық залалдың құрылымы көрсетілген. Қоршаған табиғи орт...

«Квадраттық функция» тақырыбын STEAM оқыту жолдары

Орта мектепте STEАM білім беру бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі. Алайда оны жүзеге асыруда кедергілер көптеп кездеседі. Мақалада STEАM оқыту — пәндердің интерациясын жүзеге асыру екендігі айтылып, математика сабақтарында оны орындаудың кейбір т...

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Задать вопрос