Мырзағали Дәрібаевтың «Көклен батыр» драмасы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №22 (364) май 2021 г.

Дата публикации: 31.05.2021

Статья просмотрена: 32 раза

Библиографическое описание:

Кобланов, Ж. Т. Мырзағали Дәрібаевтың «Көклен батыр» драмасы / Ж. Т. Кобланов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 22 (364). — С. 576-578. — URL: https://moluch.ru/archive/364/81732/ (дата обращения: 26.04.2024).



Мақалада қарақалпақ ұлттық драматургиясының қалыптасуындағы фольклорлық негіздердің мәнін көрсету, тарихи тақырыпқа жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

Түйін сөздер: драма, трагедия, конфликт, бейне, сюжет.

В статье рассматриваются вопросы отражения сущности фольклорных основ в становлении Каракалпакской национальной драматургии, раскрытия природы пьес, написанных на историческую тему. Анализируется мастерство писателя, его особенности, дается научная оценка его произведений.

Ключевые слова: драма, трагедия, конфликт, образ, сюжет.

Қарақалпақ халқының тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын бейнелейтін тағы бір туынды — М.Дәрібаевтың 1937 жылы тарихи тақырыпқа арнап жазған «Көклен батыр» драмасы. Бұған дейін қарақалпақ драматургиясына «Жаңа адамдар», «Ғаріп-ғашық», «Орыс найзасы», «Біз жеңеміз» т.б. пьесаларымен үлес қосқан драмашы «Көклен батыр» драмасында орыс патшасы мен ауыл байларының бірігіп, кедей-жатақтарды аяусыз қанауы, халықтың алуан түрлі қарсылық әрекеттері шынайы көрініс тапқан.

Пьесаның қысқаша мазмұны: Көклен әкесін өлтірген ауылдағы бір байды өлтіріп қашып кетеді. Өйткені ол байдың інісі орыс әкіміне Көклен үстінен арыз береді.

Пьесаның бірінші актісінде Көкленді ұстауға келген орыс солдатының жекпе-жек айқаста мылтығын тартып алып, соның атына мініп, Қаратауға қашып кетеді. Бірте-бірте Көкленді жақтаушылар, қолдаушылар көбейіп, олар ауылдағы, қаладағы байларды тонап, үйлерін өртеп, тіпті кедейлерге тыныштық бермей азаптайтын байларды өлтіруге дейін барады. Көкленнің өшпенділік әрекеті біртіндеп бүкіл халықтық көтеріліске айналып бара жатқанын сезген патша үкіметі жазалаушы әскер шығарады. Көкленнің басына көп ақша тігеді. Сонда да ұстай алмайды. Ақырында Көклен өзінің батырға тән аңғалдығымен қолға түсіп, мерт болады.

Әдетте, трагедия қаһарманы аса қайсар, асқақ жанды, от сезімді, шексіз жігерлі болуы керек. Өйткені, жаратылысы тіпті нашар, жігері күйрек жандар трагедияның ауыр салмағын көтере алмайды, я қорқып жеңіледі, я төзімі таусылып күрес аяғына жетпей кетеді. «Трагедия қаһарманы Прометеймен тектес болуы керек. Әсіресе, идеал мұратқа сеніммен қараудан тұратын қайсарлық керек» [1,65б.]. Міне, Көклен де осы типтес бейне. Орыс солдатына күш көрсетіп, қаруын, көлігін тартып алып кеткен соң, енді жасқанудың, қорқудың орны жоқ екенін сезеді. Сөйтіп бұл пьесадағы Көклен мен оның сүйіктісі Айпара да отпен, боранмен алысуға арналып туған адамдай. Бұлар тәндері мен жандары берік, шыдай отырып өш алатын, тақ іздеп бақ қуатын Карл Моор, әйтпесе Макбеттер емес. Бұлар — нұрлы сезім, жылы мейірімдерін, жалынды махаббаттарын қосу үшін күресушілер, сол үшін тағдыр қаталдығына қарсы соғысушылар.

Пьесаның үшінші актісі Көкленнің сүйікті жары Айпараны Халмұрат байдың баласы Шаниязға ұзату тойы болып жатқан жерінен басталады. Дәстүр бойынша жиналған халық бақсының (жыршының) ұзақ жырын тыңдайды.

Дәл осы сәтте халық әдет-ғұрпын, дәстүрлі салтын аяққа таптап, орыстардың жазалаушы отряды келеді де, жұртқа тиісе бастайды. «Көклен қайда?», «Кім Көкленді біледі?», «Жаныңның барында айтыңдар, қане?!» деп халықты қинап, адамгершілікке жатпайтын сорақылықтарын көрсетеді. Сол кезде Көклен бастаған халық өкілдері кіріп келіп, жазалаушы отрядты түгелдей тұтқынға алады. Тойдың шырқы бұзылады.

Мұндағы Халмұрат байдың баласы Шанияз да С.Мәжитовтың «Қара жүректер» пьесасындағы Дәулетназар байдың баласы Өтеген сияқты жарымес, ақылсыз жан. Бұл екеуі бір кейіпкер секілді, бір-біріне өте ұқсас. Бұл, әрине, екі автордың да кемшілігі деп білеміз.

«Драматургияның формальдық жүйелері бойынша тамаша жасалған экспозиция мен шиеленіскен кульминациядан кейін драманың шешімі (развязка) созалаңға айналмауы, қызбалықтар қайта дуылдамай тұрып аяқталуы тиіс». Орыс офицері Иванов қасындағы кедей шаруаға «Көкленнің жатқан жерін көрсет» [2,89] дей тұра, оның басы үшін көп ақша тігілгенін айтып мақтанамын деп өз басын өзі жалмайды.

Драмашы бұл пьесасында орыс атаулының бәрін жазалаушы ретінде суреттей бермейді. Олардың арасында ізгі ниетті жандардың да бар екенін көрсетеді. Ғашық жары Айпараның өзін-өзі өлтіргенін естіген Көклен, өзі барып қолға түседі. Әмудария бөлімінің әкімі оны түрмеге жауып қояды. Сонда күзетші орыс түрменің есігін ашып, Көкленге: «Сен халқыңа керексің, қаш!» [3,102 б.] дейді. Оған Көклен әуелі сенбейді, бірақ күзетші өз киімін шешіп берген соң сенеді. Кейінгі көріністерде Көклен ол орыстың кісілігін жыр қылып айтады. Оны орыс патшасы сатқын ретінде айыптап, өлтіргенін де білеміз.

Көклен батыр ғашық жары Айпараның өлімін естіген соң өзі де өлгісі келіп, рухани жақтан азып, тозады. Кімнен қолдау табарын білмей, Сұлтан Уәйіс Бабаның бейітіне барады. Ол өзіне өлімнен басқа жол қалмағандығын сезеді. Көклен батыр көз жетпейтін, тек көңіл жететін биікке көтеріліп алған соң құлауы керек еді. Трагедияның күші де осындай қасиетінде болуы тиіс емес пе? Найзағай өтер алдында аспанды қалтыратпай ма, қап-қара бұлттарды қып-қызыл семсер болып кескілемей ме? Міне, Көклен өлімінде автор осылай бітіруі керек еді. Оған шеберлік, ақындық фантазия жетпегенін айтуға тиіспіз.

«Көклен батыр» пьесасы туралы кезінде республикалық баспасөз бетінде әртүрлі пікірлер айтылды. Солардың ішінен Нәжім Дәуқараевтың «Правда Востока» газетінде жарияланған «Көклен батыр» мақаласына тоқталудың реті бар деп білеміз. Ол мақаласында Көклен батырдың әбден тауы шағылған сәттерде діни мазарға барғанын дұрыс шешім емес деп санайды. Біздіңше, сыншының бұл пікіріне қосылуға болмайды. М.Дәрібаев фольклоршы ғалым. Сондықтан оның Көкленді діни мазарға бас игізуі дұрыс дер едік. Көкленнің санасы да сол діни ұғымнан жоғары көтеріле қойған жоқ еді. Ол таптық күрестің мәселесін түсіне қоятын деңгейге жеткен жоқ, ол әлі сол әкесін өлтірген байдан өш алады, орыс солдатынан жамандық күтуде. Осы екі мәселе төңірегіндегі ойдан ары асып кете қойған жоқ.

Оның ойынша, бір адам екінші адамды неге билеп-төстейді, неге оны қанап, әлімжеттік жасайды. Ол ешқашан сол кездің қоғамын өзгертуді ойлаған емес. Ондай төңкерістік ойға ол көтеріле қойған жоқ. Сондықтан да Көклен образы реалистік шындық тұрғысынан суреттелген образ деп білеміз.

Шығармадағы біз байқаған кемшіліктің бірі — Көклен мен Айпара арасындағы махаббат мәселесін суреттеуде жасандылық болған, жаңалық жоқ. Осындай оқиға басқа пьесаларда да кездеседі. Ә.Өтеповтың «Теңін тапқан қыз» пьесасындағы Сәлмен мен Тіллехан, А. Бегимовтың «Қорлықтан азат» пьесасындағы Хатира мен Жалмен бай, С.Мәжитовтың «Қара жүректеріндегі» Бағдагүл мен Хожан т. б.

Осы пьесалардың қайсысында болса да, жастардың ақаусыз таза махаббатына не шариғаттың заңы, не ауылдағы байлардың зорлыққа сүйенген заңы қарсы болады. Махаббат мәселесін суреттеуде жоғарыда аталған драмашылардың қайсысы болса да шын реализм мен романтикаға жете алмай, схемалылыққа бой ұрғандығы байқалады.

Жоғарыда біз талдаған пьесалардың көбісінің дерлік авторлары ақындар. Ақын жазған махаббат, оның махаббатқа берілген қаһармандарының жан толқынысы, жүрек лүпілі арқылы біз жалпы адамға тән сезім күшінің шексіз екенін танимыз, осыдан барып махаббат тақырыбына жазылған шығарманың драмалық қуаты туады. Сол қуат өмір деген сөздің ұлылығы мен күштілігіне өлшеуіш таразы. Ол адамның салмағын да, сұлулығын да қоса өлшейді. Ол ақынның дарын-шабыты үшін де сын. Кімде-кім махаббат майданында сілтенген семсерлерді бәсеңсіту арқылы мораль мәселесін шешемін, ақылшы боламын десе, ол сәтсіздікке ұшырайды. Оны махаббат аямай жазғырады.

М. Дәрібаев «Көклен батыр» трагедиясынан кейін қарақалпақ драматургиясын «Жаңа адамдар» (1939), «Арман» атты пьесаларымен толықтырды. Алғашқысы ауылды колхоздастыру тақырыбына, екіншісі «Едіге» жырының негізіне арналды. Бірақ екеуі де сәтсіз жазылған шығарма болды да, сахнады көп тұрақтай алмады. Республикалық баспасөзде бұл пьесаның журналға жарияланған нұсқасына сын айтылды.

Әдебиет:

  1. Нурмухамедов М. Краткий очерк каракалпакской советской литературы.– Ташкент: «Фан». 1959. — 148 б.
  2. Сагитов И. Каракалпакский героический эпос. — Ташкент: «Фан». 1962. — 179 б.
  3. Айымбетов Қ. Қарақалпақ совет драматургиясының тарихынан. — Нукус: ККГИЗ. 1956. — 186 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, батыр, Ташкент.


Ключевые слова

конфликт, сюжет, драма, трагедия, бейне

Похожие статьи

Қазақ хандығының бастау көздері, Қазақ хандарының тарихи орны

Батыр хан Бөлекей сұлтанұлы 1652-1680 жылдары билеген.

Бұл кезде, Бұхара ханы Абдолла ІІ-нің тұсында Ташкент маңайын Нұрызахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтан биледі.

Специфика внутренней торговли Старого города Ташкента...

Ташкент — столица Республики Узбекистан — имеет интереснейшую историю длиною более

Город был крупным торговым центром, только если в Новом городе Ташкенте больше были...

Драматургиядағы эпикалық дәстүрді игеру проблемасы

Мақалада туысқан халықтар драматургиясының қалыптасуындағы фольклорлық негіздердің мәнін көрсету, тарихи жырлар мен аңыз-әпсаналар тақырыбына жазылған пьесалардың...

Ұлы Отан соғысы оқиғаларының қазақ әдебиетіндгі эпикалық...

Соғыс тақырыбына Мүсірепов «Қазақ батырын (қазіргі—«Қазақ солдаты») жазса, Ұлы Отан соғысының ерлік істерінен

Шынымен де жерін тебірене сүйген адам ғана батырға айналады.

Авторская интонация в фильме М. Ромма «Обыкновенный фашизм»

Библиографическое описание: Самойленко, А. А. Авторская интонация в фильме М. Ромма «Обыкновенный фашизм» / А. А. Самойленко. — Текст : непосредственный // Молодой ученый.

Истоки, причины и последствия декабрьских событий 1986 года...

Библиографическое описание: Ибраев, Г. М. Истоки, причины и последствия декабрьских событий 1986 года в Казахстане / Г. М. Ибраев, Ш. Ш. Бейсембаева, М. А. Ыдырысова.

Сыр бойы ақындарының қисса-дастандарындағы шығыстық...

Аңнан келген Сам батыр түрі әдеттегі адамнан өзгеше туған баланың түрінен шошып, өлтіруге бүйрық береді. Алайда тапсырманы орындаушылар баланы өлтірмей, орманға тастап кетеді.

Шежірелі өлке тарихын танудың бастауы - мұрағат | Молодой ученый

Жеке тектік қорларда «Перовск қаласындағы қазан революциясына қатысушылардың естеліктері», «Кеңес Одағының Батырлары-Қызылордалықтар», «Социалистік Еңбек Ерлері...

Похожие статьи

Қазақ хандығының бастау көздері, Қазақ хандарының тарихи орны

Батыр хан Бөлекей сұлтанұлы 1652-1680 жылдары билеген.

Бұл кезде, Бұхара ханы Абдолла ІІ-нің тұсында Ташкент маңайын Нұрызахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтан биледі.

Специфика внутренней торговли Старого города Ташкента...

Ташкент — столица Республики Узбекистан — имеет интереснейшую историю длиною более

Город был крупным торговым центром, только если в Новом городе Ташкенте больше были...

Драматургиядағы эпикалық дәстүрді игеру проблемасы

Мақалада туысқан халықтар драматургиясының қалыптасуындағы фольклорлық негіздердің мәнін көрсету, тарихи жырлар мен аңыз-әпсаналар тақырыбына жазылған пьесалардың...

Ұлы Отан соғысы оқиғаларының қазақ әдебиетіндгі эпикалық...

Соғыс тақырыбына Мүсірепов «Қазақ батырын (қазіргі—«Қазақ солдаты») жазса, Ұлы Отан соғысының ерлік істерінен

Шынымен де жерін тебірене сүйген адам ғана батырға айналады.

Авторская интонация в фильме М. Ромма «Обыкновенный фашизм»

Библиографическое описание: Самойленко, А. А. Авторская интонация в фильме М. Ромма «Обыкновенный фашизм» / А. А. Самойленко. — Текст : непосредственный // Молодой ученый.

Истоки, причины и последствия декабрьских событий 1986 года...

Библиографическое описание: Ибраев, Г. М. Истоки, причины и последствия декабрьских событий 1986 года в Казахстане / Г. М. Ибраев, Ш. Ш. Бейсембаева, М. А. Ыдырысова.

Сыр бойы ақындарының қисса-дастандарындағы шығыстық...

Аңнан келген Сам батыр түрі әдеттегі адамнан өзгеше туған баланың түрінен шошып, өлтіруге бүйрық береді. Алайда тапсырманы орындаушылар баланы өлтірмей, орманға тастап кетеді.

Шежірелі өлке тарихын танудың бастауы - мұрағат | Молодой ученый

Жеке тектік қорларда «Перовск қаласындағы қазан революциясына қатысушылардың естеліктері», «Кеңес Одағының Батырлары-Қызылордалықтар», «Социалистік Еңбек Ерлері...

Задать вопрос