Салауатты өмір-салтын ұстанатын ҚазҰМУ студенттерінің ОДҚ салыстырмалы түрде бағалау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №19 (309) май 2020 г.

Дата публикации: 09.05.2020

Статья просмотрена: 40 раз

Библиографическое описание:

Халик, Елдес Туткабайулы. Салауатты өмір-салтын ұстанатын ҚазҰМУ студенттерінің ОДҚ салыстырмалы түрде бағалау / Елдес Туткабайулы Халик, Диас Дукенбайулы Жунистаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 19 (309). — С. 566-570. — URL: https://moluch.ru/archive/309/69691/ (дата обращения: 27.04.2024).

Зерттеу мақсаты: Жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық жағдайының студенттің физикалық жұмыс қабілеттілігі мен жаттығуының деңгейіне тәуелділігін анықтау.

Зерттеу материалы мен әдістері. Зерттеу нысаны: Зерттеуге 50 студент қатысты. Олардан екі топ құрылды, біріншісі салауатты өмір-салтымен тұрақты түрде шұғылданатын (25 студент) студенттерден, ал екінші салауатты өмір-салтымен тұрақты түрде айналыспайтындардан (25 студент) тұрды. Зерттеу әдістері: Орташа динамикалық қысымды Хикэм және Вецлер-Богер формулаларына және арнайы онлайн калькуляторға салып есептуге болады.

Нәтижелері және талқылауы. Зерттеу нәтижелері зерттеуге қатысқандардың ішінде жүрек — қантамыр жүйесінің функционалдық жағдайы студенттің физикалық жұмыс қабілеттілігі мен жаттығуының деңгейіне тәуелді екендігі анықталды. ЖЖЖ мен АҚҚ физикалық жүктемеге резистенттілігі, көбінше белсенді өмір салты жоғары адамдарда кездесті.

Қорытынды. Зерттеу нәтижелері адамның өмір сүру салтына байланысты жүрек-қантамыр жүйесінде ақау туындауының негізгі сыртқы факторларын іздеу және дәлелдеу мақсатында жаңа тиімді және максималды қауіпсіз профилактикалық әдістерін іздеу және осы ақау туындаған функционалды жағдайдың бұзылыстарын коррекциялау мақсатында зерттеуді жалғастыру керектігін көрсетті.

Негізгі сөздер: жүректің жиырылу жиілігі, миокард инфарктісі, салауатты өмір салты, студенттер.

Цель исследования: определить зависимость функционального состояния сердечно-сосудистой системы от уровня физической работоспособности и тренировок студента.

Материалы и методы исследования. Объект исследования: в исследовании приняли участие 50 студентов. Из них сформированы две группы, одна состояла из студентов, постоянно занимающихся здоровым образом жизни (25 студентов), а вторая-из тех, который изредко занимались здоровым образом жизни (25 студентов). Методы исследования: среднее динамическое давление можно рассчитать в формулах Хикэма и Вецлера-Богера и в специальном онлайн калькуляторе.

Результаты и обсуждение. Результаты исследования показали, что функциональное состояние сердечно — сосудистой системы зависит от уровня физической работоспособности и тренировок студента.

Заключение. Результаты исследования показали, что в целях поиска и доказательства основных внешних факторов возникновения дефекта в сердечно-сосудистой системе, связанных с образом жизни человека, необходимо продолжить исследование с целью поиска новых эффективных и максимально безопасных профилактических методов и коррекции нарушений функционального состояния, вызванного этим дефектом.

Ключевые слова: частота сердечных сокращений, инфаркт миокарда, здоровый образ жизни, студенты.

Қазіргі ғалымдардың зерттеуі бойынша, көп жағдайда адамның денсаулығының 8–10 % денсаулық сақтау мекемесінің әрекетіне, 18–22 % генетикалық факторға, 17–20 % қоршаған орта жағдайына, 49–53 % адамның өзінің өмір сүру салтына байланысты. Тұрақты түрде және дұрыс жасалған спорттық жаттығулар жүрек-қантамыр, тыныс алу және басқа да жүйелердің функционалдық белсенділігін және жалпы организмнің қоршаған ортаның келеңсіз жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерін елеулі түрде арттырады. Орынды, және тұрақты түрде жасалған спорттық жаттығулар кезінде жүректің жұмыс жасау қабілеті және гемоглобиннің, эритроциттің қандағы мөлшері көбейеді, қанның қорғаныштық қызметі артады. Физикалық белсенділігі төмен, спортпен тұрақты түрде шұғылданбайтын адамдардың жүрегі тәулігіне 14000 ға жуық артық жиырылып, нәтижесінде тез тозады. Ауыр физикалық жүктеме кезінде ағзадағы айналатын қанның көлемі орта есеппен 1–1,5 л дейін өседі, жалпы саны 5–6 л дейін жетеді. Қан ағысы барлық ағзаның және бірінші кезекте тірек-қимыл жүйесінің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін оттегімен және энергиямен қамтамасыз етеді. [2,с 327].

Физикалық жүктеме кезіндегі жүрек-тамыр жүйесі қызметінің өзгерістері мына факторлармен анықталады:

 жүктеме типі (динамикалық немесе статикалық)

 интенсивтілігіне және жүктеме ұзақтығына

 жас ерекшелігіне және субъектінің шыныққандығына байланысты.

Динамикалық жүктеме кезінде, жүрек-тамыр жүйесіндегі елеулі өзгерістің бірі метаболикалық вазодилататорлардың жиналуынан және белсенді жұмыс істейтін қаңқа бұлшықетіндегі тамыр кедергісінің төмендеуінен туындаған жалпы шеткі перифериялық кедергінің айтарлықтай төмендеуі болып табылады. Статикалық жүктеме кезінде, динамикалық жүктеменің жүрек-тамыр жүйесіне әсеріне қарағанда біршама елеулі өзгерістер болады. Жаңағы айтқанымдай динамикалық жүктеме, белсенді жұмыс жасап тұрған қаңқа бұлшықетіндегі жергілікті метаболикалық вазодилатацияның әсерінен жалпы шеткі кедергінің елеулі түрде төмендеуіне алып келеді. Статикалық жүктемеде, тіпті біркелкі қарқынмен жиырылып тұрған бұлшықеттегі тамыр тонусының артуына және ондағы қан ағысы көлемінің төмендеуіне алып келеді. Осылайша, жалпы шеткі перифериялық кедергі, әдетте, статикалық жүктеме кезінде төмендемейді, ал егер жұмысқа ірі бұлшықеттер қатысса жоғарылауы да мүмкін [1,с.195].

Спортпен тұрақты түрде айналысу жүрек-тамыр жүйесінің қызметіне оң әсерін тигізеді. Нақты өзгеріс жүктеме типіне, жүктеме ұзақтығына және жүктеменің қарқындылығына, сондай-ақ адамның жалпы шыныққандығына байланысты. Шыныққан адамдарда физикалық жүктеме кезінде жүрек-қантамыр жүйесінде айналымдағы қанның көлемі ұлғаяды, жүректің жиырылу жиілігі төмендейді, жүректің қанды лақтыру көлемі, яғни систолалық қан көлемі ұлғаяды. Бұл өзгерістер миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендетеді және жүрек резервінің (минуттық көлемді ұлғайтуға арналған потенциал) ұлғаюына алып келеді. Жүрек резерві стресс жағдайында пайдаланылады. Жүректің қарыншаларының ұлғаюы көп жағдайда динамикалық жүктеменің нәтижесі болып табылады. Жүректің құрылымының мұндай өзгерісі миокардтың насостық қызметін жоғарылатады [3].

Орташа динамикалық қысым — пульстік тербеліссіз, жүрек циклінің барлық кезеңдеріндегі қысым көрсеткіші. Қалыпты мәні 70–110 мм.сын.бағ. Н. Н. Савацкий: “Орташа динамикалық қан қысым- жүректің бір рет қалпына келген (диастола) кезінде пайда болатын барлық өзгермелі қысымның нәтижесі”. Сонымен қатар И. М. Сеченов пен И. П. Павлов орташа динамикалық қысымға үлкен мән берді. И. П. Павлов өзінің қан қысым және оның өзгеруі жөніндегі зерттеулерінде, жануарлар ағзасына бірқатар факторлар (құрғақ тамақтану, нервтердің транскрипциясы және т.б) әсер еткен кезде орташа қысымның бір деңгейде тұратынын көрсетті. Қан айналымы туралы дәрістерінде былай деп жазды: “Қысымның орташа мәні тұрақты деңгейде болатындығын есте ұстаған жөн. Ол көп мөлшерде жоғарылап кетпеуі керек, өйткені қан тамырларының сыйымдылығы жетіспей, тамырлар қысымға төтеп бере алмауы мүмкін, бірақ ол тым көп төмендеп кетпеуі де керек, себебі артериялық және веноздық жүйелердегі қысым айырмашылығы азаяды, ал қалыпты қан айналымы бұзылады. Яғни, артериялардағы қан қысымы бір жағынан тұрақты тербелістерімен, екінші жағынан орташа қан қысымының тұрақтылығымен сипатталады.”

Н. Н. Савицкий мектебінің еңбектерінде қалыпты қанайналым кезінде, орташа динамикалық қысым тұрақты болатыныдығы көрсетілген [4].

Орташа динамикалық қысымды зерттеу барысында ҰМУАҰ-ның 18–20 жас арасындағы 1–2 курстың 30 студенті тексерілді. Зерттелушілер екі топқа бөлінді: бірінші топ-салауатты өмір салтын ұстанатын студенттер, екінші топ — салауатты өмір салтын ұстанбайтын студенттер (шылым шегетіндер). Салауатты өмір салтын ұстанбайтын студенттердің шылым шегу мерзімі 1 жылдан-3 жылға дейін, ал тәулігіне шегілетін шылым мөлшері 4–10. Орташа динамикалық қысымды зерттеу үшін қан қысымын Коротков әдісі бойынша “Biola” тонометрімен үш рет өлшеу негізінде респонденттердің систолалық қан қысымы және диастолалық қан қысымы өлшенді.

Артериялық қысымды өлшеу үшін алдымен тонометрдің манжетін зерттелушілердің отырыған күйінде сол қолдың қарына, шынтақтан 2 см жоғары орайды. Кейін білек артериясынан пульсты тауып, фонендоскоптың мембранасын шынтақ шұңқырындағы иық артериясына орналастырып, сфигмоманометр бұрандасын жауып, білек артериясында пульс жойылғанша ауа үрленеді. Білек тұсындағы артерияның соғуы тоқтаған сәтте сфигмоманометрдің бұрандалы қақапақшасын ашып, манжеттен ауаны жібереді.

Осы уақытта фонендоскоп пен шынтақ артериясын тыңдап, бірінші пульстік толқын естіледі. Ол дыбыстың басталуы артериялық қысымның ең жоғарғы деңгейі систолалық деп белгіленді. Тондар жойылып кететін сәттегі монометр көрсеткішін ең төменгі қысым диастолалық деп белгіленып алынды. Қалыпты жағдайдағы қысым өлшенген соң зерттелушілер физикалық жүктемеге салынып, артериялық қысымы қайта өлшеніп, алынған көрсеткіштер тіркелінді. Екінші топтың зерттелушілерінен бір шылым шеккеннен кейін артериялық қысымы өлшеніп көрсеткіштерін іркеп кейін физикалық жүктемеге салынып тағы да қан қысымы өлшенеді. Екі топтанда алынған көрсеткіштер онлайн каркульяторға(https://wpcalc.com/srednee-arterialnoe-davleniya/) салынып ораташа динамикалық қан қысым мәні есептелінді.

C:\Users\Жансая\Desktop\Снимок.JPG

Сурет-1

C:\Users\Жансая\Desktop\Снимок.JPG

Сурет-2

Қорытынды: Салауатты өмір салтын ұстанбаудың нәтижесінде қан тамырлар өзінің эластикалық қабілетін жоғалтып қатаяды, серпімділігі төмендейді, қан тамырлар тарылады және қан ұйыйды. Қан тамырлардың тарылып артериялық қысымның жоғарылауы гипертониялық ауруларға әкеледі Қазіргі кезде жүрек-қан тамыр жүйелерінің миокард инфаркті, инсульт, жүректің ишемиялық аурулары, тромбоз, ревмокардит аурулары жастардың арасында көп кездеседі, ал бұл салауатты өмір салтын ұстанбаудың нәтижесі болып табылады.

Орташа динамикалық қысымды есептеу үшін онлайн калькуляторды пайдалану адамның гемодинамикасының жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді және орташа динамикалық қысымды есептеудің ең оңтайлы, әрі оңай әдісі болып табылады.

Әдебиет:

  1. Д. Е. Морман.,Л. Д. Хеллер. «Физиология сердечно-сосудистый системы».-Питер,2000.-250с.
  2. Судаков К. В. «Физиология. Основы и функциональные системы». М.:Медицина,2000
  3. П.Абрахамс. «Физиология». М.:ЗАО «БММ»,2008
  4. Горбунов В. М. Современные представления о вариабельности артериального давления //Рациональная фармакотерапия в Кардиологии. 2012.№ 8(6). С 810–818.
Основные термины (генерируются автоматически): здоровый образ жизни, студент, функциональное состояние, сердечно-сосудистая система, тренировка студента, физическая работоспособность.

Ключевые слова

жүректің жиырылу жиілігі, миокард инфарктісі, салауатты өмір салты, студенттер

Похожие статьи

Значимость физических упражнений для формирования...

Ключевые слова: физическая культура, сердечно-сосудистая система, здоровый образ жизни, здоровье. Здоровый образ жизни студентов представляет собой совокупность установок, привычек, режима, ритма и темпа жизни, которые направлены на сохранение...

Влияние физических упражнений на умственную деятельность...

В статье рассматривается зависимость основ здорового образа жизни и адаптации к умственным нагрузкам студентов. Физические нагрузки представлены как основной фактор, способствующий улучшению умственной работоспособности студенческой молодежи в...

Значение занятий физической культурой для здоровья студентов

Здоровый студент — это человек, ценящий себя и понимающий, чего он хочет добиться. Занятия физической культурой являются неотъемлемой частью образовательной программы и направлены на получение студентами навыков самостоятельной организации спортивного...

Влияние занятий спортом на здоровье студента

В деятельности сердечно-сосудистой системы заметна схожая реакция на физические упражнения: начинает ускоряться пульс (на 40–50 %) и

Подчеркивается важная роль занятий физическими упражнениями и спортом для ведения здорового образа жизни человека.

Особенности проведения занятий по физической культуре со...

В данной статье рассмотрены вопросы специфики проведения занятий по физической культуре со студентами, имеющими отклонения в состоянии здоровья. Ключевые слова:студенты, физическая культура, заболевания, сердечно-сосудистая система...

Особенности влияния занятий физическими упражнениями...

физическая культура, физическое воспитание, здоровый образ жизни, состояние здоровья, физическое развитие, упражнение, подрастающее

Ключевые слова: физическая культура, здоровый образ жизни, студенты, фитнесс, спорт. Сегодня, в век технического прогресса...

Влияние физической культуры и спорта на работоспособность...

В статье рассматривается взаимосвязь физических нагрузок и работоспособности студентов. Показаны средства физической культуры, способствующие эффективной интеллектуальной работоспособности студенческой молодежи в процессе их учебной...

Особенности занятий физической культурой со студентами...

Состояние здоровья студента определяет его возможность жить полноценной, энергичной жизнью, неповторимо интересной и счастливой.

Эти упражнения способствуют укреплению сердечно-сосудистой и мышечной системы, повышают работоспособность студентов.

Влияние физических упражнений на умственную деятельность...

Ключевые слова: здоровый образ жизни, физической активности, физических нагрузок

физические упражнения, сердечно-сосудистая система, функциональное состояние

Занятием физическими упражнениями играет значительную роль в работоспособности.

Исследование объективных показателей физического здоровья...

Сравнить данные о состоянии функционального состояния сердечно-сосудистой системы в период покоя в норме, с данными, полученными в результате

Виленский, М. Я. Физическая культура и здоровый образ жизни студента: учебное пособие / М. Я. Виленский, А. Г. Горшков.

Задать вопрос