Агрессияның пайда болуына әлеуметтік-психологиялық факторлардың әсері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №16 (306) апрель 2020 г.

Дата публикации: 16.04.2020

Статья просмотрена: 351 раз

Библиографическое описание:

Акмусаева, М. И. Агрессияның пайда болуына әлеуметтік-психологиялық факторлардың әсері / М. И. Акмусаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 16 (306). — С. 338-341. — URL: https://moluch.ru/archive/306/68858/ (дата обращения: 26.04.2024).

Мақала тұлғаның мінезіндегі ерекшеліктің бірі агрессивті әрекеттің орын алуына әлеуметтік-психологиялық себептердің орнын ашуға арналған. Агрессия ұғымына психологиялық талдау жасалған, мінез-құлықтағы агрессивті әрекеттің себептері келтірілген. Мінездегі бүл ерекше көріністің ғылыми зерттеулерге шолу жасалған, сонымен қатар тұлғанның қарым-қатынаста агрессивті жауап беруіне әлеуметтік-психологиялық факторлардың ролі қарастырылды.

Кілт сөздер: агрессия, әрекет, мінез-құлық, физикалық жаза, эмоционалды қолдау.

В данной статье рассмотрена одна из особенностей характера личности посвящена раскрытию социально-психологических причин возникновения агрессивной деятельности. Психологически проанализированы понятия агрессии, приведены причины агрессивной поведении в деятельности. Был проведен обзор научных исследований этого необычного вида характера, а также рассмотрена роль социально-психологических факторов на агрессивное реагирование личности в общении.

Ключевые слова: агрессия, действие, поведение, физическое наказание, эмоциональная поддержка.

In this article, one of the features of the personality character is considered. it is devoted to the disclosure of socio-psychological causes of aggressive activity. The concepts of aggression are analyzed psychologically, and the reasons for aggressive behavior in activity are given. A review of scientific research on this unusual type of character was conducted,as well as the role of socio-psychological factors on the aggressive response of the individual in communication.

Keywords: aggression, action, behavior, physical punishment, emotional support.

Жеткіншектердің мінез-құлқындағы агрессивтіліктің көрініс беруіннің негізгі себептері:

  1. биологиялық фактор
  2. әлеуметтік орта
  3. тәрбие болып келеді.

Агрессияның калыптасуындағы әлеуметтік-психологиялық факторлар туралы бастапқы айтылған фактілерге сүйене отырып, мынадай тұжырымға келуге болады. Бір уақытта балалық шақта қалыптасқан ми орталығында физиологиялық негізі бар агрессивтіліктің нышандары, өмір бойы біршама тұрақты болып қалады. Бірақ көптеген зерттеулердің көрсеткіші бойынша, агрессивтіліктің көрінуі индивидуумның өмірлік тәжірибесіне байланысты. Дәлірек айтқанда, оның даму кезіндегі әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық жағдайына байланысты болады.

Карли (1982) жануарларға өткізген тәжірибесінде былай деген екен, қандай да болсын агрессивті мінез-құлық сол уақыттағы жануарлардың жағдайына жөне оның өткен төжірибесіне байланысты деп дәлелдеген. Кейбір авторлардың айтуына қарағанда агрессивтіліктің көрінуі бұл белгілі-бір кедергілерге немесе түсірген ауыртпашылыққа байланысты жауап мүмкіншілігі. Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін шартсыз факторлардың бірі — жанұядағы қатынас Sеаrs Массоb аnd Lеvіһ (1957) 5 жастағы балалардың 400 анасына сұрақтама жүргізілген. Олар мынадай қорытындыға келген, балалық шақтағы агрессия ата-аналар арасындағы келіспеушілік деңгейімен және анасы жағынан эмоциялық жылылықтың жетіспеушілігінен пайда болады.

Ваndurа аnd Wаtеrs (1959) 14–15 жастагы 26 агрессивті жеткіншектерді, жас ерекшелігі, интеллектісі және әлеуметтік-экономикалық статусы, тұрғылықты аймағы бойынша сәйкес агрессивті емес 26 жеткіншекпен салыстырады. Әрбір жағдайда олардың әкесінен, анасынан, жеткіншектен жеке-жеке интервью алған. Осы зерттеулер нәтижесінде мынандай мәліметтер алынған, агрессивті балалардың ата-аналары физикалық жазаларды қолдануға бейім болған және бір-бірімен келісушілік болмаған, балаларға жек көрушілік қатынаспен және эмоциялық суықтықпен қараған. Алынған нәтиже бойынша, агрессивті балалардың ата-аналары кәбіне жазалаушы қатал тәртіпті ұстанушы, және ата-аналар бір-бірімен жиі конфликтке түсетін болған, яғни өз балаларына жылылық сезіммен қарамаған. [1–36 бет].

Эронның айтуынша қатігез балалардың пайда болуы жақсы көрмегеннен, мектептік істермен ата-аналары аз қызығатын жағдайда бала қатыгез бола бастайды. Мұндай балаларды агрессивтілік фантазиялар тез еліктіріп кетеді және теледидардан көретін зорлық-зомбылық қойылымдар, яғни ондағы кейіпкерлерге еліктейді. Сонымен қатар мұндай балалардың ата-анасы 91 % жағдайда агрессивтілікке бейім адамдар. Баланың мінез-құлқына қанағаттанбаған жағдайда жиі физикалық жазалауды қолданган. Sеаrs бойынша ең маңызды сәтке баланың агрессивтілігіне ата-ананың агрессивтілігі әсері жатқызылады. Яғни бала бұл осы жаста соған үйрене бастайды және бағалайды. Алғашында агрессивті мінез-құлық фрустрацияға деген спонтанды реакция болса (мысалы жылаумен ойыншықты сындыру) ал сәттілік жағдайында ягни бала өз қалағанын алған жағдайда бұл мінез-құлықтың моделі бекітіледі. Содан кейін бала бұл модельді меңгеріп алады да, егер оған бір нәрсе керек болса сол тәсілге қайта-қайта оралады. Баланың агрессивті мінез-құлқына шектен тыс қамқоршылық жанұяның ішінде бекітіледі [2–14–22 бет]. Тек осының салдарынан бала нақты сол агрессивті мінез-құлықтың жағымсыз жақтарының басымдылығын таразылауға үйренеді. Сонымен қатар ата-ана жағынан агрессивті мінез-құлықты шектен тыс болуда зиян болады. Бала міндетті түрде өзінің ашу ызасын ішіне жинауға мәжбүр болған жағдайда оның агрессивті сезімдері соғырлым күшейе түседі. Бала өзін үйде шектен тыс ұстаған кезде, ол үйден тыс жерде агрессивті мінез-құлықты көрсетеді.

Қатал жазалау жаңа фрустрацияларға әкеледі. Яғни сол жағдайлардан шығар жол таппаған кезде жаңа агрессивті сезімдерге әкеледі. Егер бұл қайталанатын болса негативті шиеленісті іздеу ретінде қарастырылатын мінез-құлықтың моделі қалыптасады. Жасырын агрессивтілік болған жағдайда балада мазасыздану жөне дискомфорт пайда болады. Агрессивті жүріс-тұрысқа анасының және әкесінің ашуын көтере алмаған жағдайда және фрустрацияға жауап бере алмаған кезде балада мазасыздану жоғарылай бастайды. Агрессивтілік туралы Сирстың ойы қисық сызықты түрде көрсетілғен болатын. Бұл тұжырымды И. Г. Морозова да (1993) ұстанады. Оның ойынша просоциалды өмірлік бағдары бар жағымды жанұяда өскен балаларға ашық түрде өзінің агрессивтілігін қанағаттандыруға шек қойған жағдайда, яғни ассоциалды жасөспірімдерге тән сана астындағы комплекстерді қанағаттандырудағы агрессивті садистік фантазиялау негізінде стереотиптегі формаға айналуы мүмкін [3–427 бет].

Кеңестік психологияда осы агрессивтіліктің қалыптасуындағы ата- ананың рөлін анықтауға тырысқан И. А. Горькованың мәліметтері бойынша (1993) ол агрессивтілігі жоғары 35 делинквинтті жеткіншекті зерттегенде жанұядағы бала өміріне немқұрайлықпен, қараусыздықпен ата-аналардың 76-сы қараған, ал 72-і жеткіншектердің айтуынша балалық шақтарында ата-анасы жағынан қатты соққыға түскендерін және ата-анасына деген эмоциялық жақындықтың жоқ екендігін айтқан [4–118бет].

Ата-аналар тәрбиелік тәжірибеде эмоциялық шектеудің ең шеткі формаларын жиі қолданған яғни жанұядағы конфликтінің жоғарылығы және сол балаға жүктілік кезіндегі баланы қаламаушылық сонымен қатар В. В. Королева (1992) делинквентті мінез-құлықтағы жеткіншектер тобын зерттегенде мынандай мәліметтер алған. Жеткіншектердің 71,4 % жақын туыстары арасындағы қатынасы конфликтілі болған. Конфликт нақты бірдинамикалық тұрғыда болған, балалық шақ және жасөспірімдік кезде, әдетте қастық қатынаспен және төбелестермен сипатталған. Мұның салдарынан жеткіншектің қатынасы шиеленісті, эмоцияны шектеуге ауысқан.

Сыртқы пішінге көп екпін жасау, ондағы ақауларды өткір қабылдау, тұлға аралық қарым-қатынаста және өзіндік қабылдауда өз сыртқы түрін жоғары бағалаумен шарттанады. Алайда үлкендер жеткіншектердің осы ерекшеліктеріне көбінесе түсінбей қарайды, оларды қолдамайды, соның арқасында өзіне қатысты жеке басты мазасыздану күйі психологиялық жарақат ретінде кейінгі өміріне әсер етеді. Өзін толық мәнді сезінбеу, кінә сезімдерінің артуы жеткіншектің мынадай қырларын — тұйықтық, қорқақтық, эгоцентризм, қоршағандарға өшпенділік сияқты қырларды туғызуға әкеледі. Зерттеу мәселесіне байланысты жасалған теориялық талдаулар негізінде мынадай негізгі ой тұжырымдарды аламыз. Өзіндік қатынас мәселесі екі негізгі аспектіні қамтиды- аффективті және бағалаушы, соған сәйкес сезімдер- симпатия, меншікті өз абыройың, әлеуметтік позицияны бекіту мәселесімен тығыз байланысты болады.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, көп жеткіншектер мен жасөспірімдер сынды ситуациялардан, зорлану жағдайынан кетуге бейім тұрады, тіпті өз өмірлерін қию туралы да ойлана бастайды. Олардың көңіл күйлері, аяқ асты өзгерулерінің кезектесуі, қамсыз өмір қуаныштарынан үмітсіз сары уайымға, көңілсіздікке өту, өздері үлкендерге аз көңіл бөлсе де, өзіңе жоғарғы сезімталдықты талап ететін жеткіншек жасы мазасыздану күйіне жақын тұрады. Ересек жеткіншектің және жасөспірімдердің өзінің ішкі әлемін ашуы оған маңызды, қуанышты, толқымалы оқиға болып саналады, сондықтанда соған байланысты жеткіншектерде мазасызданған, қобалжыған және драмалық әсерленулер өте көп болады.

Егерде жеткіншек өте шүбәланғыш болса (оған ол «тұқымқуалаушылықпен'’ келеді) онда жеткіншекте шешім қабылдауы, өзіне сенімді болуы, бастамашыл болуы сияқты қасиеттер әлсіреп, күмәндану сезімі оянады. Олар ойлау әрекетіне әсер етеді, соның негізінде жабысып алған шүбәлануды, қобалжуды жеңу өте қиын.

Соңғы уақытта қоғам балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатігездік, агрессиялық жағымсыз асоциалды мінез-құлықтарын интенсивті түрде зерттеуді талап етіп отыр. Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу — психология ғылымының негізгі мәселері.

Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологы алдында тұрған проблемаларының бірі — тиімді көмек көрсету.

Агрессивті мінез-құлық адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол барлық адамдарға тән: балаларға және олардың ата-аналарына, өмірді жаңа бастаған жасөспірім қыздар мен ұлдарға, ересек, орта және кәрі жастағы адамдарға, әртүрлі мамандық иелері мен әртүрлі жағдайдағы мінез-құлыққа байланысты агрессия туындап отырады.

Агрессия сферасын анықтаушы нормативті стандарттар, балалардың агрессивтілік әрекетін дағдыланған түрде реттеп отырмайды. Балалардың мінезіндегі стандартты өзіндік өзіндік бағалау әрекеттері болу үшін, субъектінің зейіні соларға бағытталуы қажет. Яғни «объективті өзін тану» жағдайы болады. Тұлға дамуындағы бала жасының дағдарысы балалық пен есеюдің арасындағы шекара ретінде күрделі өтеді. Баланың өзін «нәтиже» деп транстендентті ұғынуы, мәні бойынша, балалықтан шығарылған жеке даралығын іздеген қателікке жауап ретіндеиндивидуалды тәжірибесі арқылы туындайтын «Меннің», тұрақты және диференциалданңан бейнесін көрсетеді. Сондықтанда жеткіншек балалар өз мүмкіндіктерін бір жағынан балалық әуестенулер мен олардың обективті салалары негізінде ұғынады. «Мен» бейнесі адамның әлемдік бейнесін жасайтын болмыстық форма мен сфера ретінде туынды сипатқа ие болады.

Өзіндік бағалау агрессиялық мінез-құлыққа белгілі-бір өзгешеліктер әкеледі және көп жағдайда тұлға аралық өзара әрекеті, ішкі әсерленулер мен эмоциялық реакцияларды, әрекеті мен іс-әрекет мотивациясын анықтайды, өзін және бақаларға деген оң, не теріс қатынасты жасайды. Соңғы кездері жеткіншек кезеңді екі түрлі ықпалмен түсіндіреді. Психоналитикалық және әлеуметтік-психологиялық. Біріншісі индивидтің психо-сексуалдық дамуына және отбасындағы эмоциялық өзара қатынасқа екпін қойса, екіншісі индивидтің әлеуметтік тіршілігі, рөлі, статусы, рөлдік конфликтілігі, рөлдік анықталмағандығы және әлеуметтік күту сияқты факторларға назар аударады. Психоаналитикалық ықпалда бала жасында туындайтын жалғыздық және өзін жоғалтуды бастан кешіру жағдайы эмоциялық ашығуды тудырады. Эмоциялық ашығу күйін құрбыларының арасында қанағаттандырады, мұнда ол белгілі бір эмоциялық тәжірибе алады, яғни адамзатқа тән мадақтау, эмпатия қосылу, рөлдік мінез-құлық идентификация, мазасыздану сезіміне бөлену сияқты тұлға аралық қатынастардың сипатына қосылады.

Өзіндік бағалау процесі субективті агрессивті мінез-құлықтың шешуші детерминанты не қарсыласатын, не оны жандандыратын ішкі міндетті нормативті стандарттарды реттейді. Агрессия сферасын анықтайтын нормативті стандарттарды адам дағдыланған әрекеттермен реттемейді. Балалар қоғамда өтіп жатқан процестерді өзіне лайықты болатындай қабылдап, оған тез бейімделіп, соған сәйкес мінез-құлықтың стеротиртерін қарастырады. Өзіндік сана тұрғысында бала өзін қоғам мүшесі ретінде ұғынады және қоғамдық мәнді позицияларда нақтыланады. Балалардың конфликтілігі және «Мені» бір жағынан болмыста энергетикалық қуатты өзіндік көрінуге ұмтылуынан тұрса, басқа жағынан белгілі бір таңдау мен іс амалдарға жете қоймай тәжірибесіздігінен тұрады.

Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігін ынталандырған жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің персонификациясы (лат. — жеке тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің персонификациясы дегеніміз -ақпараттық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус -қажеттіліктер, мақсат-мүдделер, наным-сенімдер, бағалау критерийлері, ынта-ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық процестердің, қасиеттер мен қатынастардың әр алуан түрлері бар жеке тұлғалық факторлардың мінез-құлығын әлеуметтендіріп, реттейтін өзара әрекет күрделі де қарама-қайшылыққа толы болады. Персонификация әлеуметтенудің антиподы ретінде оған қарама-қайшы емес, ол әлеуметтенудің бар болуының ішкі механизмі болып табылады. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін сыртқы факторлар, соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігінің ішкі механизмдерімен, яғни оның қажеттіліктерімен, сенімдерімен, мақсат-мүдделерімен өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуының өзара байланысы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіндіретін әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тұқым қуалаушылық) және әлеуметтік факторлардың (орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қорытындысы еш дау туғызбайды. Әлеуметтік үйрену теориясы бойынша агрессияны меңгерудегі бақылау мен тікелей тәжірибенің ролі жоғары.

Әдебиет:

  1. Берн Э. Игры в которые играют люди. /Э. Берн — Москва. 1998
  2. Берковиц Л. Агрессия. Причины, последствия и контроль.СПб.2002
  3. Немов Р. С. Психология. /Р. С Немов -Том 2.
  4. Овчарова Р. В. Технология практического психолого образования.- М.: 2000
Основные термины (генерируются автоматически): бал, мена, Агрессия, бар, Берн, оса.

Ключевые слова

агрессия, әрекет, мінез-құлық, физикалық жаза, эмоционалды қолдау

Похожие статьи

Бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивтік дамуы

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Жасөспірім балалардың дамуының сипаттамасы

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

Адамдарда болатын агрессияның себептері мен алдын алу жолдары. Агрессия (латын тілінен аударғанда «agressio» - шабуыл)...

Адамдарда болатын агрессияның себептері мен алдын алу жолдары

Агрессия мен агрессивтіліктің айырмашылығы. «Агрессия - бұл белгілі бір адамға немесе затқа жүйелі, ниетті түрде бағытталған зақым келтіретін іс-әрекеттер».

Егер адам жындыхананың пациенті болмаса, онда бұл адамның сондай мінез-құлықтың пайда болуына себеп бар.

Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы жағдайында дapынды...

− жүйенің әлеуметтік сипаты бар және ол өзара әсерлесе алатын бөліктерден құралады

Осы аталған тұжырымдамаларға байланысты отбасы мен мектептің ынтымақтастығы жағдайында дapынды балаларды тәрбиелеу жүйесінің жасалуының негізгі бағыттары мен ұстанымдары...

Мәтінді оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері

Мақалада бастауыш мектепте көркем мәтінді оқытудың бастаулары сөз болады. Өткен ғасырлардағы ағартушы-педагогтардың озық идеялары бүгінгі жаңартылған білім мазмұнында жалғасып жатқанына мән береді.

Педагогикалық қызметтің психологиясы және оның жолдары

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): бал, мена, бар, оса.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Дарындылық ұғымының психо-педагогикалық негіздері

Основные термины (генерируются автоматически): бал, бар, мена, оса.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының психологиялық ерекшеліктері

Основные термины (генерируются автоматически): мена, бал, оса.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Система мгновенного обмена сообщениями — это службы для обмена сообщениями в режиме...

Мектепке дейінгі балалар мен ата-аналардың әлеуметтік және...

Задать вопрос