Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы жағдайында дapынды балаларды тәрбиелеу мүмкіндіктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №24 (262) июнь 2019 г.

Дата публикации: 14.06.2019

Статья просмотрена: 491 раз

Библиографическое описание:

Агбаева, У. Б. Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы жағдайында дapынды балаларды тәрбиелеу мүмкіндіктері / У. Б. Агбаева, А. Р. Акбергенова, Айдана Утеули. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 24 (262). — С. 513-515. — URL: https://moluch.ru/archive/262/60586/ (дата обращения: 25.04.2024).

В статье рассматривается проблема взаимодействия между семьей и школой в аспекте воспитания одаренных детей. Анализируются роли родителей, детей и школьных педагогов, предлагается система требований к процессу воспитания.

Ключевые слова: одаренный ребенок, ребенок, родитель, сотрудничество семьи и школы.

Бүгінгі таңда педагогикалық оқу орындарында мұғалімдерді дapынды балалармен жұмыс жасауға арнайы дайындамайды «тек жеке тұлға теориясын анықтауға байланысты, педагогика және психология курсында жалпы қабілеттілік және дapындылық туралы жалпы түсінік беріледі».Дapындылық пен дapынды баланың зерттелуін тереңінен тамыр алады. Дapынды балалардың кейбір мәселелерінің зерттеуде философиялық, педагогикалық, психологиялық ой — пікірлер жан — жақты жинақталған. Халқымыздың ұлы тұлғалары Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т. б. өз еңбектерінде бала қабілеті жайында және ондағы отбасының ықпалы туралы ой қозғайды. ТМД, Ресей ғалымдарының еңбектерін талдауда дapындылық, қабілет, креативтілік мәселесі (С. Л. Рубинштейн, М.Дьяченко, Я. А. Понамарев т. б.) жалпы және арнайы дapындылық (В. А. Крутецский, Н. С. Лейтес, Б. М. Теплов) жеке тұлғалық және қабілеттілік (Э. А. Голубева, В. С. Мерлин, К. К. Платонов т. б.) жайында зерттелген еңбектерін арнаған.

Әрбір педагог дapынды балаларды анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми — әдістемелік тұрғыдан өзінің жинақтаған және тек семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасай алады. Ал бұл дapынды балаларды тәрбиелеуде түрлі мәселелер тұрғысынан қиындықтар туғызады [1]. Осыдан дapынды балаларды тәрбиелеуде ата — ана мен мұғалімнің ынтымақтастығына арнайы тәжірибе талап етіліп, ғылыми — зерттеу жұмыстарының қажеттігі туындайды.

Н. И. Пироговтың өз еңбегінде: «Баланы дұрыс түсініп қарым-қатынас жасау үшін оны біздің өміріміздің өрісіне емес, біз өзіміз олардың ойлау өрісіне енуіміз қажет», — деп ата-аналарға балаларды түсіну үшін олардың ойымен ойлап, солардың көзімен көре білудің қажеттілігін түсіндіреді.

Сондықтан да біздің нысанаға алып отырған ғылыми педагогикалық зерттеуімізде негізінен теориялық және тәжірибелік идеялар өзара тығыз байланыста жүзеге асады, отбасы мен мектеп ынтымақтастығы жағдайында дapынды тұлғаны тәрбиелеудің әдіснамалық ұстанымдары мен амалдарын іске асыруды көздейміз.

Жоғарыда көрсетілген амалдардың іс-әрекетке ену барысында дapынды баланың мұғалім мен ата-ананың ынтымақтасуда жүйелі жұмыс жасауының арқасында өзін-өзі үйрету, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту арқылы қалыптасатын белсенділігін көре аламыз.

Педагогикалық үрдіс — мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы, мұғалім-оқушы, психолог-педагог, психолог-оқушы, психолог-ата-ана, педагог-ата-ана, микроқұрылымдардан тұратын күрделі жүйе және оның мынадай маңызды белгілері мен заңдылықтары тағайындалған:

− жүйенің әлеуметтік сипаты бар және ол өзара әсерлесе алатын бөліктерден құралады;

− жүйе — іс- әрекеттермен, ақпарат алмасу есебінен жұмыс жасайды;

− жүйе — өзінің жұмысын атқаруды қамтамасыз ете алатын қорға ие;

− жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейлерінің иерархиялық сипатын және қоршаған ортамен байланысын ашады;

− педогогикалық үрдіс — элементтерінің ішкі байланыстары бар жүйе болғандықтан, оның дамуы аталған элементтердің күйіне, олардың араларында туындайтын өзара әсерлесулер мен қарама-қайшылықтарға тығыз байланысты [2].

Осы аталған тұжырымдамаларға байланысты отбасы мен мектептің ынтымақтастығы жағдайында дapынды балаларды тәрбиелеу жүйесінің жасалуының негізгі бағыттары мен ұстанымдары шығады:

− білімділік және кәсіби — педагогикалық бағытқа итермелейтін педагогикалық мәдениетті қалыптастыру;

− руханилықты, адамгершілікті өзара әрекеттестіктің ынтымақтастық формасына бағытталуды анықтайтын психологиялық мәдениетті дамыту;

− педагогикалық іс-әрекет үшін маңызды болатын гуманистік негізді жетілдіру;

− білім және тәрбие жүйесін, бүгін әрекетті, шығармашылық тұлғаның табиғи бағытын басынан қалыптастыруға танымның жалпыдан дараға бағытталған шығармашылық ұстанымы мүмкіндік береді;

− педагогикалық-психологиялық іс — әрекетке даярлықты педагог пен ата-ананың өзін-өзі іштей реттеуін өзекті ететін синергетикалық заңдылықтар қамтамасыз етеді;

− жүйеленген іс — әрекетке даярлықты даму ұстанымы қамтамасыз етеді;

− ынтымақтастық жағдайын іске асыруға тұлғалық, танымдық және аффектік біртұтас жүйе ретінде қарауды болжайды;

− мұғалім мен ата-ананың ынтымақтастығының орнауынан тұтастығы теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы ойды жүзеге асыруда болады [3].

Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы көрсетілген ұстанымдардың ара байланысы арқылы тиімді жүзеге асады.

Мектептерде негізгі ата-аналармен жұмыс төрт бағытта жүргізуді көздейді:

  1. Дapынды бала отбасына психологиялық көмек көрсету.
  2. Ата — аналар үшін ақпараттық орта құру.
  3. Дapынды баланың және оның ата — аналарының тәжірибелік бірлескен іс- әрекетін жоспарлау.
  4. Мектеп деңгейінде дapынды балалардың ата-аналарын демеу және ынталандыру [4].

Жалпы түрде ата — аналармен жұмыс оларға өз баласын түсінуге және тұлғасына қолсұқпастан қабылдай алуға үйренуге бағытталуы керек. Ата — аналарды дapынды баладан дapынды ересек адам өсіп жетілетінің нақты ұғындырған жөн деп санаймыз.

Біздің ойымызша, ата — аналар дapынды баланы тәрбиелеуде төмендегідей талаптарды ұстануы қажет: шынайылық таныту, баланың даму деңгейін бағалау, ұзақ түсіндіру мен әңгімеден бас тарту, бала бойындағы өзгерістерді уақытымен байқауға тырысу, бала бойындығы жеке дербестікті құрметтеу.

Ата-аналар өз балаларының бойындағы келесідегідей сапаларды дамытуы керек:

− өз-өзіне деген сезімділік, өзіндік бағалау;

− қоршаған орта мен өзіңнің бойындағы кемшіліктер мен артықшылықтарды түсіну;

− зияткерлік білімге құштарлығын және зерттеушілік бәсекелестікке даярлық;

− мейімдірілімдікке, адалдыққа, шыдамдылыққа, рухани ерлікке деген құрмет;

− өз күшіне сену біліктілігін дамыту және өз іс-әрекетіне деген жауапкершілікке даяр болу;

− әр жастағы өзге адамдармен қарым — қатынас барысында тіл табыса алу біліктілігі.

Ата-анасы дapынды баланың көңіл-күйінің күрт өзгерісіне шыдамдылықпен қарап, оны байсалды қабылдау керек. Мұндай балаларға қатты айтылған сөздің бәрі тікелей оларға ғана қатысты емемстігін, кейде адамдар басқаға ауыр тиюі үшін емес, жай ғана не нәрсені болса сөйлеп, істей алатыны туралы түсіндіріп, оның ұғынуына көмек қажет.

Жоғарыда айтып кеткенімдей, дapынды балалардың түрлі әрекеттердегі сезімталдығы басым болып келеді. Осының барысында психологиялық сезімталдығына тоқтала кетсек:

  1. Дapынды баланың қабылдау мен танымының дамуынан гөрі әділдік сезімі қатты болады.
  2. Олар қоршаған дүниенің әділетсіздігін жанына жақын қабылдап, өзіне де, айналадағыларына да қатал талап қояды.
  3. Ой — қиялының жүйріктігі, мәселелерді шешуде ойын элементтерін қосу, шығармашылық, жасампаздық — дapынды балаларға тән ерекше қасиеттер.
  4. Олардың әзілді түсіну сезімі өте жақсы, күлкілі жәйттарды, қызық сөздерді, әзілді ұнатады. Олардың әзілді түсінуі құрдастарының түсінігінен айрықша болып келеді.
  5. Олардың эмоционалдық тепе — теңдігі жоқ, сәби кезінде дарында балалар шыдамсыз әрі екпінді.
  6. Кейде оларға асқан қорқыныш сезімі мен осалдылық тән. Олар айналадағыларының сөзсіз белгілерін асқан сезімталдықпен қабылдайды.
  7. Өзге балалар сияқты бұл жасқа эгоцентризм — менмендік тән.
  8. Дapынды балалардың өзін — өзі теріс қабылдауы, құрдастарымен қарым — қатынаста қиыншылықтардың болуы жиі кездеседі [5].

Бала бойындағы жоғары сезімталдық қасиет ата — ана мен мұғалімнің бірігіп іс — әрекет жасауы бойынша қадағаланып отыруы шартты нәрсе. Себебі, бала кез — келген уақытта оқу іс — әрекеті болсын, тәрбие жағынан болсын теріс қабылдауларға тап болса, онда бұл жағдайлар бала психологиясына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Сонымен, тәжірибе көрсеткендей, егер мұғалім дұрыс әдістемелік амалдар қолданған болса, оның тактикасы мен стратегиясы дұрыс таңдап алынса, егер диалектикалы түре дамушы педагогикалық үштік бар болған болса, педагогтардың, ата — аналардың және дapынды баланың бірлескен іс — әрекеті тиімді болады.

Әдебиет:

  1. Лейтес Н. С. Возрастной подход к проблеме детской одаренности // Основные современные концепции творчества и одаренности / Под ред. Д. Б. Богоявленской. М., 1997.
  2. Тұрсынбаева, Ж. А. Дapынды балалар-ел болашағы // Білім және ғылым әлемі. — 2014. — № 4. — 32–34 б.
  3. Богоявленская Д. Б. Психология творческих способностей. М.: Издат. центр «Академия», 2002. 320 с.
  4. Абдрахимова, Ж. Ж. Дapынды және шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың психологиялық ерекшеліктері [Мәтін] / Ж. Ж. Абдрахимова // Білім көкжиегі. — 2016. — № 10. — 22–24 б. — Библиогр.: 24 б.
  5. Балабекова, Л. Г., Қазіргі кезде дapынды балаларды зерттеудің педагогикалық-сипаттамасы / Балабекова, Л. Г. Искакова, Д. М. // Қазіргі заманғы маңызды мәселелер: «Педагогика» сериясы = Актуальные проблемы современности: серия «Педагогика». — 2013. — № 1 (95). — 59–62 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, ат, ана мен, бал.

Похожие статьи

Жасөспірімдік кезеңдегі балалар мен ата-аналардың...

Біз жасөспірімдік «мен» деген қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортада кездесетін қайшылықтарына тоқталсақ. Қайшылық жеткіншекшектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған бала деп қарауының келіспеушілігінен...

Маңғыстаудың мешіттері мен медреселері | Статья в журнале...

Тәрбиеге ата-ана өз күшімен ат салыса отырып, тәрбие мен білім егіз десек, тәрбиесіз білім алу мүмкін емес екені белгілі. Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале... Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа бейне жасау процесі –қиял деп аталынады.

Основные термины (генерируются автоматически): бал, мена.

Осы мақсатта мен «Бала тәрбиесі - баршаға ортақ» атты сыныптағы оқушылардың ата-аналарымен кездесіп, тренинг өткіздім.

Ата-ана мектеппен тығыз байланыс жасап, баласының сабағына, тәрбие сағаттарына, тренингтерге қатысып тұрса, жаңа форматтағы...

Основные термины (генерируются автоматически): бал, мена...

Егер бала алдына ата-анасы өз талабы мен міндетін қойса, егер олар бұл жағдайдың қаншалықты қиын екенін түсінбесе

Үйінде ата-анасының қатыгездігі мен зорлық-зомбылығын көрген баланы жаңа ата-ана өздерінің жылулығы мен сүйіспеншілігінің ортасына алады.

Мектепке дейінгі балалар мен ата-аналардың әлеуметтік және...

3 кезең – ата-ана дәрісханаларын ұйымдастыру және өткізу, дөңгелек үстелдер, ата-аналар үшін оқыту семинарлары. Ата-аналар лекциясы ата-аналармен таныстыру жұмыстарының түрі ретінде жүзеге асырылады. Дәрістің шеңберінде ата-аналар балаларды арнайы педагогтар мен...

Основные термины (генерируются автоматически): бал, мена, бал...

Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген...

Основные термины (генерируются автоматически): бал, бола, мена.

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... төмендеуі, өндіретін тауарлар түр-түрінің кеңеюіне ынталандыру бола алатын бәсекелестік.

Егер вербена бал аштыру мақсатында қажет болса, онда айдың тек 23-і мен 30- ы аралығында қазып алған [2].

Задать вопрос