Мәтінді оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 7 ноября, печатный экземпляр отправим 11 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №45 (283) ноябрь 2019 г.

Дата публикации: 07.11.2019

Статья просмотрена: 116 раз

Библиографическое описание:

Тайманова, С. Т. Мәтінді оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері / С. Т. Тайманова, У. А. Амандык. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 45 (283). — С. 395-398. — URL: https://moluch.ru/archive/283/63807/ (дата обращения: 27.10.2020).

Мақалада бастауыш мектепте көркем мәтінді оқытудың бастаулары сөз болады. Өткен ғасырлардағы ағартушы-педагогтардың озық идеялары бүгінгі жаңартылған білім мазмұнында жалғасып жатқанына мән береді.

Кілт сөздер: түсініп оқу, жаңартылған білім мазмұны, бастауыш мектеп, көркем мәтін.

В статье рассматривается истоки художественного текстового воспитания в начальной школе. Передовые идеи педагогов-просветителей прошлого века придают значение обновленному содержанию образования.

Ключевые слова: понимание прочитанного, начальное образование, начальная школа, художественный текст.

Ел экономикасының, мәдениетінің дамуы білім мен ғылымның дамуымен тікелей байланысты. Бұл қай қоғамда да баса назар аударылып келе жатқан үрдіс. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында да «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары мен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстаннның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының да негізгі мақсаты осы болса керек. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Ол білім біздің рухани байлығымыз — кітапта.

Қазіргі жаңартылған білім мазмұнының да мақсаты — әлем стандартына сай білім беру, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Ол үшін бастауыш сыныптарда білім беруде мектеп ақпараттар берумен шектелмей жалпы іскерлікті қалыптастыру, атап айтқанда, ойлау, сөйлеу жұмыс қабілеті, тіршілік дағдыларына яғни қоғамның дамуына сай бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ дайындауды көздейді. Бұл пікірдің бастауы ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейдегі білім беру жүйесін жақсартуға қатысты тың әрі кереғар идеялардан өріс алады. Ол кезде қалың бұқараның мүддесін көздеген озат педагогикалық идеялардың бір бұлағы Я. А. Коменский жүйесі болды. Екінші бұлағы орыстың озат ойшылдары В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ілімі болатын. Бұл кездерде барлық ғылым салаларында, сонымен қатар педагогика мен әдебиетте оқыту жүйесінде идеялизмге қарсы жаңа методика ұсынды. Олар К. Д. Ушинский, В. И. Водовозов, В. Я. Стоюнин, В. П. Шереметовский, Д. И. Тихомиров т. б. болған еді. Кейін бұл бағыт өріс ала бастады. Олар көркем мәтін оқу дағдыларына айрықша мән берді. Осы мақсатты көздеген педагогтар бастауыш мектепке арналған оқу құралдарын хрестоматиялық сипатта жазды. Әсіресе В. Г. Белинский көркем әдебиеттің білімдік, өмір танытушылық және тәрбиелік мәнін ерекше бағалады. В. Я. Стоюнин: «Мәтінді оқыту — әрі еңбек, әрі білім, әрі тәрбие. «Тәрбие ісінде еңбектің орнын елемеу — кешірімсіз қате» деп ұғынды [1, 55 б.]. Сонымен қатар әдеби талдауға байланысты «Орыс әдебиетін оқыту туралы» деген әдістемелік еңбегінде В. Я. Стоюнин: «Біз үшін сөз өнері ғылым емес, әдебиет, оның материалы — оқылып үйретілетін және талданатын әдеби шығармалар болуға тиіс» [1, 56 б.], — деп осы идеясын дәлелдеу мақсатында Гогольдің «Шинель» повесіне, Жуковский мен Пушкиннің «Теңіз» өлеңіне арнайы талдау берген. Онда ол мәтінді баланың өзіне оқытып, оларды сол шығарманың мазмұнын, образдарын, идеясын, тілін танытарлық дәрежеге жеткізу мақсатын көздеген. Мәтінді түсіндіруден бұрын оны баланың өзіне оқыту — методикадағы классикалық үлгі десек болады. Ол өміршеңдігін әлі жойған жоқ. Сондай-ақ жоғарыдағы педагоготардың пікірлер осы күнге дейін елімізде болып жатқан түрлі білім беру реформаларында жалғасын тауып келеді. Бастауыш мектептегі жаңартылған бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі осы болса керек.

Бастауыш сыныпта бала мәтін мазмұнын, сөз мағынасын ұғынып, саналы түрде жүрдек, көркем оқуға дағдыланады. Сонан соң оқығанын мазмұндай бастайды. Мысалы, 3 сыныптың жаңа оқулығында Несіпбек Айтұлының «Алтын сөз» өлеңі мен Марк Твеннің «Батылдық» әңгімесі берілген. Оқулықта берілген тапсырмада алдымен мәтінді түсініп оқуға баса назар аударады. Әдебиет оқулығында осы идеяларды қазақ мектептеріне тұңғыш енгізген Ыбырай Алтынсарин болды.

Ы. Алтынсарин өз оқулығында [2] балаларды қазақтың әдеби мұраларымен ғана таныстыруды мақсат тұтпай, ол кiтапты әлемдiк әдебиет үлгiлерiмен қамтамасыз етудi ойластырған. Жоғарыдағы мысалдан бұл үрдістің де жалғасып келе жатқанын аңғарамыз. Әдебиет оқулығында балалар тек төл әдебиетіміздің үлгілерін ғана емес әлемдік әдебиет үлгілерімін бастауыш сыныптың өзінде танысады.

Міне, әлемдік білімге, мәдениетке ұмтылу, үлгі алу өткен ғасырларда бар игі істер. Олай болса, бүгінгі жаңартылған білім бағдарламасын іске асыруда батыл қадам жасап, өткен тарихымызды зерделей, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып білім беру − педагогтердің міндеті болса керек.

Әдіскер ғалым Ә. Қоңыратбаевтың пайымынша, Ыбырайдың методикалық пікірлері мен хрестоматиясынан көрінетін бастауыш оқу «оқу, айту, талдап оқу» жүйесіне негізделген. Ал жаңартылған білім мазмұнын «оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылымды» қамтиды да спиральді білім беру бағдарламасының (Джером Брунер) моделіне негізделген.

Оқу мазмұнын іске асырудың жолдары мен әдіс-тәсілдерінде де Ыбырай мәтінді алдымен оқудан өткізіп алуды талап етті. Бұл оқытудың қазіргі жаңа технологиясы үшін де маңызды. Өйткені мәтіннің негізінде балаға білім беру, эстетикалық әсер беру, шығарманы қабылдауды, оған деген қызығушылықты қалыптастыру мәтінді түсініп оқудан басталады. Білім берудің жаңа мазмұнында жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінген. Оның бастаулары да мәтінді талдап оқуда жатса керек. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, ойлау өрісін кеңейту, «менін» қалыптастыруда отандық және әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы педагогикалық, методикалық идеяларын басшылыққа алу, оны жетілдіру біздің міндетіміз. Ахмет Байтұрсынұлы да өз заманындағы батыс, шығыс, орыс әдіскерлерінің озық әдістемелік еңбектерімен таныс болған. Оларды өнеге тұтып, ұтымды тұстарын ескере отырып, халқымыздың ұлттық тілді оқыту әдістемесінің негізін қалаған.

Қазіргі кезде белең алған дамыта оқыту теориясы Г. Пестолоцкий, А. Дистервек, К. Ушинскийден басталады. Бұл теорияны алғаш ғылыми негізде дәйектеген Л. С. Выготский болса, кейіннен Л. В. Занков, В. В. Эльконин, В. В. Давыдов, И. А. Менчинский т. б. тәжірибелік-эксперименттерінде әрі қарай жалғасын тапты. Дамыта оқыту мәселесі дидактиканың негізгі талабы ретінде ертеден-ақ зерттеуші ғалымдар назарында болып келеді. Дамыту мақсатында шәкіртті ойландыру, іздендіруді мұғалім үнемі алдына қою керектігін, соған орай әдіс-тәсілді тиімді пайдаланудың жолдарын табу қажеттігін кезінді Ә. Қоңыратбаев, А. Көшімбаев, Т. Ақшолақов сияқты ғалымдар нақты дәлелдеп көрсете білді.

Бүгінде дамыта отырып оқыту үрдісін қамтамасыз ету үшін оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіріп шыңдауда Мағжан Жұмабаевтың баланың ойын ұштауға байланысты айтқан қағидаларының мәні зор. «Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял жүргізу арқылы біз бір затты түгелімен білеміз, оның бөлімдерін, мөлшерін білеміз», — деп [3, 104 б.] бала сезіміне жол табу керектігін баса назар аударады. Олай болса, қоғамның ілгері дамуына сай білім мазмұнын жетілдіру мәселесін күн тәртібіне әрқашан әр қырынан қайталап қойылып, білімнің ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарындағы тұрақты әрі негізгі бағыттардың бірі болып отырды.

Кез-келген қоғамдағы ұрпақ сабақтастығын қалыптастыратын, тіршілік етудің өміршең құралы, халықтың өзіне тән «менін», ұлттық салт-дәстүрінің, ділінің арқауы — көркем өнерде, соның бірі әдебиет. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақтың бойына өткен ғасырларда айтқан әлем халықтарының ағартушы-педагогтары айтқан озық ой-пікірлердің бүгінгі таныммен жалғасып жатқанын мойындауымыз керек. Қай ғылымның болсын өзінің даму жолдары бар, оны дамытуда ерекше қызмет атқарған — белгілі тұлғалар бар. Олардың өміршең идеяларын білу, еңбегін бағалау да маңызды.

Әдебиет:

  1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. — Алматы, 2005. — 520 б.
  2. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар жинағы. — Алматы: Рауан, 1991. — 200 б.
  3. Жұмабаев М. Шығармалар. Т. 2. — Алматы, 2013. — 376 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, начальная школа, оса.

Похожие статьи

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын...

Мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдерін қарастырады.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивтік дамуы

мена , Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. бал, мена, топ.

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

Кругосветка для начальных классов «Экологическая тропинка». б) для торможения на повороте; в) чтобы не перегреться (в жару уши отводят 1/3

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена. Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале...

Дарындылық ұғымының психо-педагогикалық негіздері

Кругосветка для начальных классов «Экологическая тропинка». б) для торможения на повороте; в) чтобы не перегреться (в жару уши отводят

оса, мена. «Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай»...

Ашаршылық қасіреті | Статья в журнале «Молодой ученый»

Кругосветка для начальных классов «Экологическая тропинка». б) для торможения на повороте; в) чтобы не перегреться (в жару уши отводят 1/3

Основные термины (генерируются автоматически): оса , бола, мена . Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

Сындарлы тарих сабағындағы интерактивті оқыту әдістері

оса, мена. Рахымжанова Н.И., М.Баттал Р. Менің Қазақстаным. - Астана баспасы, 2001.

Особенности организации внеурочной работы в начальной школе. Таким образом, вся система внеурочной деятельности призвана объединить в единый.

оса , бола, мена Операционные системы мобильных...

оса , мена . оса , мена . Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Рассмотрены операционные системы , присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

- Алматы, Өлке, 2001. оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического направления в г. Павлодаре. Іс әрекеттегі зерттеу: Пән мен тілді кіріктіріп оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері.

Менеджменттің даму тарихы және оның қоғамдағы рөлі

Мақалада басқару ғылымының пәні мен әдісі, даму тарихы, сәйкес жүйенің реттілігі туралы айқын жазылған. Автор менеджменттің әдістерін, функцияларын, механизмін рационалды пайдалануды, нарықтық жағдайларда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған кәсіптік әрекеттің...

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных...

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по... оса, мена.

Задать вопрос