Тарихи тақырыпқа түсірілген фильмдердің көркемдік ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №44 (282) ноябрь 2019 г.

Дата публикации: 02.11.2019

Статья просмотрена: 887 раз

Библиографическое описание:

Салморбек кызы, Бегимай. Тарихи тақырыпқа түсірілген фильмдердің көркемдік ерекшеліктері / Бегимай Салморбек кызы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 44 (282). — С. 374-376. — URL: https://moluch.ru/archive/282/63571/ (дата обращения: 27.04.2024).

Бұл мақалада тарихи тақырыпқа түсірілген ұлттық фильмдердің көркемдік ерекшеліктері талданған. Кино режиссерлердің шығармашылық ізденістері қарастырылған.

Кілт сөздер: кинематография, фильм, тарихи тақырып, кино режиссер, өнер.

В данной статье анализируются художественные особенности отечественных фильмов, снятых на историческую тему. Рассматривается творческие поиски кинорежиссеров.

Ключевые слова: кинематография, фильм, историческая тема, кинорежиссер, искусство.

Өткен ғасырдың алғашқы жартысынан басталған ұлттық кино өнерінің тарихынан түрлі жанрға, түрлі тақырыптарға арналған, адамзаттың сан алуан тағдырын суреттеген көркем фильмдер түсіріліп келеді. Ғасырға жуық уақыттың ішінде өзінің негізгі бағытын қалыптастырып, түрлі режиссерлік ізденістерді паш еткен қазақ кино өнерінің шығармашылық даму жолында тарихи тақырыпқа түсірілген фильмдердің алар орны айрықша.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Дәстүр мен мәдениет — ұлттың генетикалық коды... Қазақстан мәдениетінің дамуына жаңа импульстар беру керек екендігін» атап көрсеткен [1]. Яғни, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды дәріптеу, халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы — мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді жүктейді.

Мәдениет пен өнер — кез-келген халықтың ұлттық идеологиялары мен ұстанымдарын қалыптастырудың мықты құралы болып отыр. Ендеше мәдениет пен өнердің әлемдік өркениетте алатын орны мен атқаратын ролі, перспективалық даму платформаларының барлығы да бүгінгі өнер туындыларымен тығыз байланысты. Соның ішінде киноөнерінің атқарар ролі зор. Себебі, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды киноөнері арқылы насихаттаудың орны ерекше.

Бүгінгі қазақ киносында тарихи жанрдағы фильмдердің көркемдік ерекшеліктері әрқилы. Қазақ киносының даму үрдісінде жылына бір-екі тарихи фильм түсіріліп келеді. 2000 жылдардан кейін жарық көрген тарихи фильмдердің қатарында «Көшпенділер» (режиссерлері: И. Пассер, С.Бодров, Т.Теменов, 2005), «Мұстафа Шоқай» (С.Нарымбетов, 2008), «Біржан сал» 2009), «Жау жүрек мың бала» (2012) сияқты т. б. кинокартиналар жарыққа шықты.

«Көшпенділер» фильмінің басты кейіпкері Абылай хан XVIII — ші ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының басын біріктіріп, Қалден Серен бастаған жоңғар басқыншыларына күйрете соққы берген ерекше тұлға.

Ер жүрек батырлығымен, саяси көрегендігімен, айбынды қолбасшылығымен ел есінде қалған Абылай ханның кинематографиялық бейнесі голливудтық блокбастерлердің сұлбасымен жасалды. Фильмде қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды» деген атпен қалған қилы кезең Абылайдың басынан кешкен оқиғалармен тығыз бірлікте көрсетілген.

Фильмнің негізгі ойы даналық, толеранттық, жоғары деңгейдегі патриоттық сезім, туған жеріне деген сүйспеншілік, жаугершілік уақыттағы ерлік, саяси көрегенділік бұлардың барлығы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан дара қасиеттер деген ұғымды меңзейді. Мұнда көшпенді халықтың тұрмыстық ерекшелігі, өмір сүру дағдысы, ел қорғау жолындағы ұстанған саяси-қоғамдық ұстанымы, дұшпанмен айқастағы ерлік мінездері боямасыз көрсетілген.

Алайда мемлекет тарапынан қыруар қаржы жұмсалған «Көшпенділер» мега-жобасы ұлттық, халықтық, кассалық өзін-өзі ақтаған фильм дәрежесіне көтеріле алмады. Бұған Абылай ханның экрандағы бейнесінің ойдағыдай шықпауынан болды. Ұлы Абылайды сомдауға АҚШ — тан Куно Беккер есімді актер арнайы шақырылды. Оның сыртқы түрінің Абылай ханға мүлде ұқсамауын көрермендер қабылдай алмады. Біздіңше, басты рөлді өзіміздің қазақ актерлерінің біріне ойнатқанда фильмнің көркемдік сапасы көтеріле түсер еді. Ал, К.Беккер ойынында Абылайдың ішкі сезімдері, ел мен жер тағдыры үшін жанын қиюға дайын адамның буырқанған қызу әрекеттері болған жоқ.

Ал, С.Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» (2008) кинокартинасының бас кейіпкері Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы, саясаткер, мәдениет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай. Түркі тілдес халықтардың басын қосып Түркістан (Түркі халықтарының елі) мемлекетін құру туралы идеясы үшін кеңес үкіметінің қудалауына түскен М.Шоқай кейін ұлы Отан соғысы жылдары Гитлерлік Германияның қудалуына түседі.

Фильмде Мұстафа рөлін қырғыз актері Азиз Бейшеналиев ойнады. Алайда, соңғы демі таусылғанша тәуелсіздік үшін арпалысқан М.Шоқай бұл фильмде биік тұғырдан көрінбеді. Актер сомдауында ол ұлы тұлға ретінде емес, саясат құрбаны болған қарапайым адам ретінде бейнеленіп кетті.

Мұнда кейіпкердің жеке өмірлеріне баса мән берілген. Атап айтқанда, Қазан төңкерісі, Азаматтық соғыс пен екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысымен қатар Мұстафа мен Марияның махаббаттары көрсетілген. Фильмдегі Мария ролін әнші Карина Абдуллина ойнады.

Бұл фильмде де басты кейіпкерлерді бейнелеген актерлердің сыртқы келбеттері Мұстафа мен Марияға мүлде ұқсамады. Елі үшін еңіреп, сырт жақта жүріп тәуелсіздік жолында күресін тоқтатпаған Мұстафа Шоқайдың бейнесі солғын шықты. Барша қазақ көрермендері Түркістан тәуелсіз автономиясын құрғысы келген батыл, зиялы адамды көре алмады. Әлем кино тарихын парақтаған кезде, тарихта болған адамдар туралы фильм түсірген кезде, міндетті түрде сол адамның сыртқы түр-тұрпатына келетін актерлер іздеу бірінші кезекке қойылады. Болашақта, біздің кино режиссерлеріміз де осы заңдылықты ескерулері қажет тәрізді.

2009 жылы екі бірдей тарихи фильм тұсауын кесті. Бірі Д.Жолжақсыновтың «Біржан сал», екіншісі С.Тәуекелдің «Жерұйық» фильмі.

Біржан Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін белгілі театр және кино актері Досхан Жолжақсыновтың «Біржан сал» фильмі оның кинодағы алғашқы жұмысы болып табылады. Аталған фильмде ХІХ ғасырда өмір сүрген әнші, композитор Біржан салдың қиын тағдыры, оның ру және ағайын арасындағы тартыстан туындаған психологиялық күйзелісі ашып көрсетілген. Күміс көмей әншінің шығармашылығын жан-жақты зерттеген сценарий авторы Таласбек Әсемқұлов Біржан салдың осы күнге дейін беймәлім болып келген туындыларының жарыққа шығуына мүмкіндік жасапты. Фильмде ақындардың, салдар мен серілердің өмірі әдемі суреттелген. Олардың қимыл-әрекеттерінен халықтың еркін рухы, суырыпсалмалық өнер дәстүрі айқын бейнеленген. Қазақ даласының сұлулығы, теп-тегіс жазық дала, көгілдір аспан, көл бетінде қалықтаған сұлу аққулар, табын-табын жылқылардың шабысы, т.б. кескіндемелік көріністер фильмдегі Біржан салдың әндерімен астасып, әншінің сом бейнесінің жасалуына мүмкіндік туғызған.

Д.Жолжақсынов қазақ халқының өткен ғасырдағы әсем табиғатын толыққанды көрсетуге тырысқан. Фильмдегі суретшінің жұмысы, оның сызған киім эскиздері, реквизит-бутафориялардың қисынды орналасуы, актерлердің шынайы әрі шебер ойыны, Біржанның әндері мен сырлы музыкасы, т.б. кинокартинаның жетістіктері көрерменді өткен уақыттың ғажап әлеміне саяхат жасатып, қазақ халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетімен танысуына мүмкіндік берді. Д.Жолжақсыновтың шығармашылығы туралы мақала жазған белгілі театр сыншысы, өнертану докторы, профессор Б.Нұрпейіс былай деген: «Бүгінгі таңда ұлттық өнер арқылы ғана әлемдік мәдениетке иек арта алатынымыз баршаға мәлім. Осы тұрғыдан қарасақ Д.Жолжақсыновтың «Біржан сал» фильмі ұлттық салт-дәстүрімізбен мінездерімізді айнытпай беруімен құнды. Біржан сынды үлкен суреткердің болмысын ашуға деген режиссердің талпынысы оң нәтижесін берді. Фильмде билік пен тұлға, билік пен суреткердің арасындағы тартыс, шығармашылық адамның сезіміндегі арпалыс, туған-туыспен түсініспеушілік тәрізді мәселелер қозғалған. Актердің ойынында Біржандай ақынның жан-дүниесіндегі алай-түлей арпалыстар мен өксікке толы психологиялық көңіл күйлер керемет сыршылдықпен суреттелген. Біржан әнші, сал, сазгер ғана емес, ел тағдырын ойлайтын кемеңгерлігімен тәнті етеді» — деп [2, 232–233бб.], тура сипаттаған.

Біздің пікірімізше де, Д.Жолжақсыновтың бұл фильмі ұлттық салт-дәстүрлерді терең бейнелеуімен құнды демекпіз. Ұлттық тарихты, халықтық болмысты айқындайтын мұндай шығармалардың өркениетке барар жолдағы маңызы зор.

Тарихи тақырыпта түсірілген фильмдердің бірқатары ел тарихының аласапыран күндерін бейнелеуге арналды. ХХ ғасырдың отызыншы жылдары біздің халқымыздың тарихындағы ауыр кезең болғанын баршамыз жақсы білеміз. Әсіресе, кеңестік дәуірдің солақай саясатымен елімізге зорлықпен жер аударылған басқа ұлт өкілдерінің өмірін тарихымыздан бөліп қарай алмаймыз. Сондай зорлық-зобалаңды бейнелейтін фильмдердің бірі С.Тәуекелдің «Жерұйық» (сценарий авторы Сон Лаврентий) туындысы. Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылықтың пайда болуын көрсету. Бұл көркемфильм 1937 жылы Қиыр Шығыстан жер аударылған кәрістердің Қазақстанға келуін баяндайды. Алғашында «Атажұрт» деп аталып, кейіннен «Жерұйық» болып өзерген фильмнің оқиғасы қасіретті жылдардың ауыртпалығын көрсетумен бірге, халқымыздың ізгілігі мен адамгершілігін және мейірімділігін дәріптеген. Азып-тозып бөтен жерге келіп, қалай өмір сүрерлерін білмеген өзге ұлт өкілдерін біздің бабаларымыз жатсынған жоқ. Өздері аштықтан қырылып жатса да, соңғы дәндерін солармен бөлісті. Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, тектілігін жоғалтпаған, адал адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап қазақ еліне табан тіреп, ұрпақтарын өсірді. Бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір уыс бидайын бөліп береді.

Қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлықты дәріптеген бұл көркем фильм сол кездегі кеңес өкіметінің саясатын аямай әшкерелеп берді. Сталиннің әмірімен өзге ұлттарды қазақ жеріне қоныстандыру саясатының құрбандарын және олардың кешкен ауыр да, азапқа толы тұрмыстары бүкпесіз бейнеленді. Белгілі актер Болат Әбділманов сомдаған Орынбай көптің есінен кетпейтіндей бейне болып қалды. Кейіпкер бойындағы достыққа адалдық, қонақжайлылық, турашылдық, әділеттік жолында басын бәйгеге тігуге дайын батырлығы актердің шеберлігімен нанымды шықты. Түйіндеп айтқанда, тарихи тақырыпта түсірілген тарихи фильмдердің бүгінгі ұрпаққа берері мол.

Әдебиеттер:

  1. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. — 2014, қаңтар — 17. // www.akorda.kz.
  2. Нұрпейіс Б. К. Сахна шеберлері. — Алматы, «ТОО Universal Print Media», — 2018 ж.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, кино, пена, сало, фильм.

Ключевые слова

фильм, кинематография, тарихи тақырып, кино режиссер, өнер

Похожие статьи

ҚР Жұмыссыздық мәселелері және оны шешу жолдары

Қaзaқстaн экономикaсының қaзіргі, яғни өмір сүру сaпaсының төмендеуі, жaстaр денсaулығының сыр беруі, жaстaр aрaсындaғы қылмыстық мәселелердің көбеюі, жaстaрдың жеке тұлғa ретінде қaлыптaсуы мен дaмуынa кедергілердің болуы...

мена , Кино, бар, дар, немес EOR, MEOR, мена , немес , теза.

Жеткіншектер жылылық пен көңіл бөлінуге деген мұқтаждығын білдіре отырып, бұл қатынасқа лайықты жауап қайтара алады.

Атап өтер болсақ, ашу-ыза, жауластық пен өшпенділік сезімдерімен қатар жүретін қарым-қатынасты немесе заттарды қирату жатады.

Салыстырмалы тұрғыда Ислам этикасы мен басты этикалық...

Қазіргі әлемнің өзгерісі, оның жаһандануы, технологиялардың пайда болуы адам алдында жаңа мәселелерді шығаруда. Дәстүрлі өмірдің бұзылып, адамдардың қалаға көшіп, қазіргі өмір қысымымен адамдар арасындағы қарым-қатынастың өзгерісі адамның этикалық түсінігінің...

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

Оның эстетикасында әсемдік пен пайдалылық, сұлулық пен пайда біртұтастықта көрсетілген. Олар үйлесімді қосылған, бір-бірінен ажырамайды. Адамдарда үйлесушілікке, ырғақтылыққа және сұлулыққа деген табиғи (туа біткен) бейімділік бар.

Ұлтаралық тұрақтылық, татулық және келісім-Қазақстанның...

Ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын жалпы мемлекеттік этникалық мінез-құлық нормасы – әр түрлі ұлт

Ұлттық тіліміздің жойыла бастауы мен тарихи дәстүріміздің бір жаққа ысырылуы сана-сезімімізге теріс әсер етіп, адамгершілік, имандылық...

Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

Конфуций – Кун – Фу – цзы (« Кун Ұстаз ») – біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 479 жылдары өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі, «қызмет етушілер философиясы» деген атауға ие болған философиялық мектептің – Конфуцийшілдіктердің негізін қалаушы.Бұл мектеп...

мена , Кино, бар , дар, немес. Похожие статьи.

мена , Секта, бар , немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарастырылады.Олар бір – біріне қарама – қарсы, бірақ...

Идейные особенности режиссеров «Новой волны» во французском...

В статье были рассмотрены общие признаки, характерные для фильмов направления «Новая волна», проанализировано творчество Ф. Трюффо, К. Шаброля, Ж. Годара через фильмы «Четыреста ударов», «Красавчик Серж», «На последнем дыхании».

Қазіргі таңдағы жеңіл өнеркәсіптердің жағдайы мен оның мәселелері

Мақта өсіру, былғары мен теріні өңдеу, пішіндеу, киім, аяқ киім тігу секілді жұмыстардың сауда немесе қызмет көрсету салаларына қарағанда ұзақ уақыт пен

Жаңадан кәсібін бастаған жеңіл өнеркәсіпорындарына 0,8% пен несиелендіру жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Қытай мемлекеті...

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, немес. Похожие статьи. мена, Кино, бар, дар, немес. мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Задать вопрос