Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленуші жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №50 (236) декабрь 2018 г.

Дата публикации: 21.12.2018

Статья просмотрена: 64 раза

Библиографическое описание:

Байсалова, Ф. А. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленуші жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері / Ф. А. Байсалова, А. Ж. Аяганова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 50.1 (236.1). — С. 1-3. — URL: https://moluch.ru/archive/236/54997/ (дата обращения: 23.04.2024).



Бүгінгі күні әртүрлі өмірлік жағдайларда отбасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны артып келеді. Отбасының қамқорлығынсыз балалар әлеуметтік жетімдер категориясын құрайды. Осы орайда, әлеуметтік жетімдерге ата-анасы бар, бірақ олардың қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Бұл жағдайда отбасының негізгі функциялары орындамайды.

Кеңес ғалымдары Л.И. Божович [1], М.И. Лисина [2] еңбектерінде отбасы тұлға әлеуметтенуінің маңызды институты, ал отбасыішілік қарым-қатынас оның қалыптасуында ерекше рөл ойнайтындығы көрсетілген.

Белгілі ғалым Л.С. Выготскийдің еңбектерінде ересектермен қарым-қатынас баланың өз белсенділігі көрінуінің негізгі жолы ретінде тұжырымдалған [3]. Отбасындағы ересектермен қарым-қатынас арқылы бала адамаралық қарым-қатынас ережелерімен танысады және оны игереді, қоғамның белгілі бір нормаларын, түсініктерін және құндылықтарын қабылдайды. Адамтанудың әдіснамалық тұғырын жасаған кеңес ғалымы Б.Г. Ананьевтің зерттеулерінде өзіндік сана қалыптасуда бала мен ересектердің өзара әрекеттестігінің жетекші рөлі көрсетіледі [4].

Отбасының қамқорлығынсыз қалу баланың әлеуметтік-психологиялық дамуына терең әсер етеді. Әсіресе жеткіншектік шақтағы психофизиологиялық даму үдерісінде әсері ерекше айқын сезіледі. Отбасылық қарым-қатынастың күйреуі әдетте жеткіншектердің үйден қашуының тікелей себебі болып табылады. Жеткіншектер үйден қашуды қорғаныс тәсілі ретінде қолданады. Бұл жағдай әрине қоғамға қауіпті болатыны анық. Себебі, көшеде қорғансыз қалған бала өмір сүру үшін күресіп, әртүрлі деструктивті әрекеттерге бағытталуы әбден мүмкін.

Зерттеулерде дәлелденгендей, жеткіншектік шақ онтегенездің дағдарыс және өтпелі жас кезеңі болып табылады. Бұл жастың ерекше статусы жеткіншектер дамуының әлеуметтік жағдаятының өзгеруімен, ересектер әлеміне қосылуға ұмтылуымен және осы әлемнің мінез-құлық нормалары мен құндылықтарына бағдарлануымен байланысты. Отбасы қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер бұл кезеңді қиындықпен өткізетіндігі қазіргі таңда ғылыми зерттеулерде көрсетіліп отыр.

Отбасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің нақты және тұрақты қасиеттерімен байланысты психикалық дамуы ең алдымен, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жүйесінде көрініс береді. Яғни, психикалық даму жеткіншектік кезеңдегі қарым-қатынас жүйесінің сипаты мен мазмұнының өзгеруімен шарттанады.

Жалпы алғанда жеткіншектердің ересектерге және құрдастарына қатынасы ол үшін маңызды болып келетін тәжірибеге негізделген құрылымдармен анықталады.

Отбасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің психологиясы күрделілігімен сипатталады. Бұл жеткіншектердің бойында беймаздық басым болып келеді. Айналасындағы адамдардың махаббат сезімін және өзіне ерекше көңіл бөлгенін қалайды. Бұл отбасынан берілетін эмоциялық сипаттағы толыққанды қанағаттану күйін бастан кешіре алмауымен байланысты болып келуі мүмкін.

Отбасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің ішкі сезімдерінің көрінуін екі сипатта тұжырымдауға болады. Бір жағынан сезімдердің жұтаңдығы болса, екінші жағынан өткір аффективтілік орын алады. Оларға эмоциялық қысымның күшті болуы тән, яғни екпінді қуаныш, ыза, терең және тұрақты сезімдердің болмауы. Көп зерттеулерді қарайтын болсақ, отбасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерде адамгершілік-моральдік құндылықтармен байланысты жоғары сезімдер жеткілікті дамымаған.

Отбасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер қарым-қатынасында «біз» деген есімдік басым. Бұл ерекше психологиялық құрылым, өйткені бұл жеткіншектер әлемді «өзіміз» және «бөтен» деп ажыратады. Бұл жағдайдың орын алуы толыққанды отбасылармен салыстыру жағдайында өздерін қамқорлықсыз қалғандар топтамасындағы жандар тарапынан қарауымен байланысты болуы мүмкін.

Отбасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерде қарым-қатынас сипаты ерекше болып келеді. Бұл жеткіншектердің адамдармен қарым-қатынасы атүстілігімен, күйгелектігімен және асығыс шешім жасауға бейімділігімен сипатталады. Жеткіншектер бірсәтте өзіне көңіл бөлгенді қалап, ересектерге өзінің қажеттіліктерін ашық білдірсе, ал екінші жағынан айналасындағыларды шеттетеді. Шеттету біртіндеп агрессия немесе енжар жатсынуға ауысады.

Жеткіншектер жылылық пен көңіл бөлінуге деген мұқтаждығын білдіре отырып, бұл қатынасқа лайықты жауап қайтара алады. Бұл кезеңде ерекше назарда ұстайтын мәселелердің бірі қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуы болып табылады. Егер қарым-қатынас қажетті деңгейде орын алмаса, онда әлеуметтік-психологиялық жағымсыз салдарларға алып келеді. Өйткені жеткіншектік шақ – бұл балалар үшін күрделі кезең. Ересектер тарпынан жеткіншектерге осы жас кезеңінен өтуге көмектесу маңызды болып табылады.

Жеткіншектердің қарым-қатынастағы қиындықтары коммуникативтік дағдыларының төмен деңгейімен, эмоциялық реакцияларының барбарсыздығымен, мінез-құлығының жағдаятқа тәуелділігімен, мәселені конструктивті шеше алу қабілетінің жоқтығымен негізделеді.

Жеткіншектердің отбасы қамқорлығынан тыс өмір сүруі көптеген қиындықтарды туындатары сөзсіз. Солардың бірнешеуін төмендегідей көрсетуге болады:

- өзі туралы көзқарасы бұрмаланады;

- қоршаған ортадан қажетті зейінді және қолдауды ала алмайды;

- жеткіншектік кезеңде әлеуметтік бейімделу үшін қажетті мінез-құлық дағдыларын игермейді.

Отбасы қамқорлығынсыз қалу жеткіншектердің ортаға бейімделуі үдерісіне кері әсерін тигізеді. Қоршаған ортаға бейімделе алмаушылық әртүрлі асоциалды әрекеттердің туындауына алып келеді. Мұның барлығы көптеген психологиялық құрылымдарды бұзады. Бұл құрылымдардың біріне жеткіншектердің өзіндік бағалауы кіреді. Қанағаттанушылық сезімдердің болмауынан жеткіншектердің бірі өзіне тұйықталса, ал екіншілері әлсіздерге қатысты агрессияны танытуы ықтимал. Дегенмен отбасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің көбісінде төмен өзіндік бағалау байқалады. Олар өздеріне сенімсіз, басылып тасталған, өзіне қатысты жағдаяттарға ауыр әсерленеді, өзі үшін басқа өмірді елестете алмайды.

Жеткіншектердің қарым-қатынастағы қиындықтарының тамыры тереңде. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерде бала кезінен анасымен қалыпты байланыс орнамағандықтан психологиялық қорғаныс сезімі қалыптаспайды. Немесе керісінше өзінің өміріне жауаптылық сезімі күштірек болғанда жоғарыда атап кеткендей агрессивті мінез-құлық артады. Жеткіншектік кезеңде өзіне жетіспей тұратын қарым-қатынасты агрессивті әрекеттермен ауыстырады немесе қиялға батып кетеді. Сонымен қатар жеткіншектер қарым-қатынас сипатының өзгеруі әртүрлі нұсқада көрінуі мүмкін. Солардың бірі жеткіншектердің айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудан қашқақтап, өзінен өзі оқшаулануға ұмтылуы болып табылады. Олар өздерінің Мен-іне шомады, дербестікке ұмтылып, құрдастарына қызығушылық танытпайды, ал ересектер тарапынан жағымсыз жайттар мен жазалауларды күтеді.

Отбасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерінің бірі қарсы әрекеттер көрсету болып табылады. Бұл жағдайда жеткіншектер қоршаған ортадан туындайтын ұсыныстарды, нормаларды қабылдамайтын жағымсыз сипаттағы әрекеттерді көрсетеді. Аталмыш категориядағы жеткіншектерге агрессивті мінез-құлық тән. Жеткіншектерде физикалық агрессия және психологиялық зиян келтіруге ұмтылыс айқын көрінеді. Атап өтер болсақ, ашу-ыза, жауластық пен өшпенділік сезімдерімен қатар жүретін қарым-қатынасты немесе заттарды қирату жатады. Жеткіншектердің агрессивті мінез-құлығының туындауы өзін-өзі бекітуге деген қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы салдарынан пайда болуы мүмкін.

Жеткіншектік шақта психопатикалық мінез-құлықтың әртүрі көрінеді. Көп жағдайда отбасы қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерде мінез акцентуациясының тұрақсыз, истероидті немесе лабильді типі басым болады.

Ғалым А.Е. Личко мінез акцентуациясын сипаттағанда истероидті типтегі жеткіншектер ортаның назарында болуға, қандай тәсілмен де масаттануға, мойындалуға, аяушылыққа қол жеткізуге тырысады, өзінің қабілетін асыра бағалайды, болмаған «ерліктері» мен жетістіктері туралы айтады, қиялдауға, зейінді тарту үшін адекватты емес және төтенше әрекеттерге бейім келеді [5]. Бұл жеткіншектерде жиі қарсы әрекет реакциясы көрінеді. Құрдастарымен қарым-қатынасы көшбасшылыққа ұмтылу ниетімен және өзіндік ерекшеліктерімен түйіндестіріледі.

Мінез-құлық ауытқушылығының көпшілігі, сонымен қатар, ішімдік пайдалану, тіпті суицидтік әрекетке талпыныс мінездің демонстративтік сипатына ие және бейсана деңгейінде зейінді тарту мақсатын білдіреді.

Мінез акцентуациясының құбылмалы типінің негізгі белгілеріне мыналар жатады: басқалардың әсеріне жеңіл түсу, еріксіздік, мақсатқа бағыттылықтың болмауы және уақытын босқа өткізуге бейімділік. Мұндай типтегі жеткіншек бейәлеуметтік топтарға оңай тартылады, делинквентті (заңға қайшы) мінез-құлыққа бейім келеді: ұрлық, қирату, бұзақылық.

Мінез акцентуациясының тұрақсыз типі де жеткіншектерде кездеседі. Оларға өзгелердің пікіріне жоғары сезімталдылық, өткір жараланғыштық, көңіл күйдің жиі өзгеруі тән.

Отбасы қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерде күйзеліс пен психоастения және жүйкелік шеңбердің бұзылысы да кездеседі. Күйзеліс күйде жеткіншектер өзінің күшіне сенбейді, шынайы өмірлік жоспарлар құра алмайды, ерік қысымды болады, өзбетінше және адекватты шешім қабылдай алмайды.

Жеткіншектерде күйзеліс белгісінің көрініс беруі төмендегідей болуы мүмкін:

- көңіл күйдің басылыңқылығы;

- интеллектік және қозғалыстың тежелуі;

- әрекетсіздік;

- жоғары шаршаңқылық.

Отбасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу, психологиялық қолдау қазіргі таңдағы қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Осы орайда, отбасының орны мен рөлін ерекше атай отырып, өмірдің қиын жағдайында қалған балаларды өмірге бейімдеуде балалар үйінің жұмыс жасап келгені белгілі. Дегенмен аталмыш мекемелердің функцияларын реформалау мақсатында қазіргі таңда елімізде отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері құрылды.

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің басты мақсаты – отбасының қамқорлығынсыз қалған, мемлекеттік көмек пен қолдауға зәру жетім балаларды тұратын жерді қамтамасыз ету арқылы өмір сүруге, білім алуы мен тәрбиеленуіне қажетті жағдайды жасау болып табылады [6].

Тұтастай алғанда отбасы қамқорлығынсыз қалған жеткіншектермен жұмыста тәрбиеші -ана және педагогтар ересектер тарапынан жылылық пен оларға ерекше көңіл бөлуді назарда ұстауы тиіс.

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы жеткіншектер өз ата-аналарының қамқорлығында болмаса да «тәрбиеші-ана» тікелей баланың физикалық, психологиялық дамуына жауапты болады. Олардың әлеуметтік бейімделу жағдайын сүйемелдейді. Сондықтан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің тұлғалық қасиеттерінің дамуында тәрбиеші- аналардың қызметі ерекше жауапкершілікті талап етеді. Тәрбиеші-аналардың басты міндеттерінің бірі отбасының қамқорлығынсыз қалған балаларға түсіністікпен қарап, ашылуға мүмкіндік беріп, белгілі бір арнаға бағыттау болып табылады. Әсіресе оқу әрекетін ұйымдастыру мәселесі өзекті болып табылады.

Қорытындылай келе, отбасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, олармен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық іс-әрекетті ғылыми негіздеу маңызды мәселелердің бірі ретінде алға шығады.

Әдебиет:

  1. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. - СПб.: Питер, 2008. - С. 398.
  2. Лисина М.И. Развитие познавательной активности детей в ходе общения со взрослыми и сверстниками // Вопросы психологии. – 1982. - № 4. - С. 18–35.
  3. Смирнова А.Е. Проблема общения ребенка и взрослого в работах Л.С. Выготского и М.И. Лисиной [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://childpsy.ru/lib/articles/id/10478.php
  4. Ананьев Б.Г. Избранные труды по психологии. - СПб.: Питер, 2007.
  5. Личко А.Е., Битенский В.С. Подростковая наркология: руководство для врачей. - Л.: Медицина: Ленингр. отд., 1991. - С. 301.
  6. Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Қазақстан Республикасының Заңы. - Астана, 13.12. 2000. - N 113 Заңы.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес, пена.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности...

мена, немес, ислам, III, оса, пена. Похожие статьи. Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности...

Мемлекет пен бизнес тиісті құқығына сай ресурстар мен мүдделерді бөліскенде мемлекеттік-жеке

Основные термины (генерируются автоматически): мена, пена, бета, бизнес, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Қаржы есебін даярлау мен ұсынудың концептуалды негізінің алғы...

мена, Кино, бар, дар, немес. EOR, MEOR, мена, немес, теза. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности...

мена, дама, немес, оса. Похожие статьи. мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін...

Қазақ ұлттық киімінің рәміздік қызметтерінің тарихи қалыптасуы

Қазақ ұлттық киіміндегі рәміздік мәндердің алуан түрлі болып келетіндігі айқын. Сондықтан осы алуан түрлі болып келетін мәндерді бірізді ретке келтіру қажеттілігі туындайды, ол үшін...

Егістік жерді тегістеудің заманауи технологиялары мен тегістеу...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Бұл орайда жалпы жеткіншектер мен ересек адамдардың күрделі психоэмоциялық жүйесін қарапайым өнер жолымен реттеу — яғни...

мена, Кино, бар, дар, немес.

Основные термины (генерируются автоматически): немес, таз, IAS, мена.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің...

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности...

мена, немес, ислам, III, оса, пена. Похожие статьи. Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности...

Мемлекет пен бизнес тиісті құқығына сай ресурстар мен мүдделерді бөліскенде мемлекеттік-жеке

Основные термины (генерируются автоматически): мена, пена, бета, бизнес, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Қаржы есебін даярлау мен ұсынудың концептуалды негізінің алғы...

мена, Кино, бар, дар, немес. EOR, MEOR, мена, немес, теза. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности...

мена, дама, немес, оса. Похожие статьи. мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін...

Қазақ ұлттық киімінің рәміздік қызметтерінің тарихи қалыптасуы

Қазақ ұлттық киіміндегі рәміздік мәндердің алуан түрлі болып келетіндігі айқын. Сондықтан осы алуан түрлі болып келетін мәндерді бірізді ретке келтіру қажеттілігі туындайды, ол үшін...

Егістік жерді тегістеудің заманауи технологиялары мен тегістеу...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Бұл орайда жалпы жеткіншектер мен ересек адамдардың күрделі психоэмоциялық жүйесін қарапайым өнер жолымен реттеу — яғни...

мена, Кино, бар, дар, немес.

Основные термины (генерируются автоматически): немес, таз, IAS, мена.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің...

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Задать вопрос