Егістік жерді тегістеудің заманауи технологиялары мен тегістеу тәсілдері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №44 (230) ноябрь 2018 г.

Дата публикации: 14.11.2018

Статья просмотрена: 1374 раза

Библиографическое описание:

Тажибаев, А. А. Егістік жерді тегістеудің заманауи технологиялары мен тегістеу тәсілдері / А. А. Тажибаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 44.1 (230.1). — С. 14-17. — URL: https://moluch.ru/archive/230/53758/ (дата обращения: 17.12.2024).



Күріш ауыспалы егістігінде өсірілетін дақылдарды егерде жерді өңдеу жұмыстарының негізгі шаралардың бірі егістік алқаптарының бетін тегістеу жұмыстары. Егістік жердің бетін тегістеу жұмыстарының сапасы көптеген жағдайларға әсер етеді, солардың негізгілері егілген дақылдың өнімділігі. Қызылорда облысындағы күріш ауыспалы егістігіндегі жерлерді суарудағы суды үнемді пайдалану жағдайында күріш егетін жерлердің бетінің тегістігіне көп көңіл бөлінуі қажет [1, 2].

Күрделi тегiстеу жұмыстары скреперлердi қолданып, ұзынбазалы жер тегістегіш кешенін пайдаланып, автогрейдерлерге геодезиялық жер бетінің тегістігін өлшегiш жабдықтар нивелирдiң көмегімен, немесе арнаулы тегiстегiш техникаға жабдықталған лазер сәулесiнің бақылауымен атқарылады. Бұл жұмыстар, шаруашылықтардың өз механизмдерімен, немесе мердiгерлiк ұйымдардыңкөмегімен тегiстеу жұмыстары кешенді орындалады. Агромиларативтік талаптарға сай, қазіргі кездегі атыз бетiнің кедiр-бұдырлығының өзгеруі ±3 см аспауы керек [1].

Автогрейдер негізінен басқа топырақты тасымалдап тегістеуге арналған қайырма ұзартқыштары мен кеңейтпелерімен, арықтарды тазалауға, үйінділердің құламаларын тегістейтін қайырма қосымшалармен, жол жамылғысын бұзатын және қатыңқы жерді қопсытуға арналған ені 930...1400 мм қопсытқышты бульдозерімен және қос қайырмалы қосымша алмастырмалы жабдықтармен қамтылады. Олар машинаның алдыңғы жағына орналастырылып, гидроцилиндрмен басқарылады.

Жабдықтарды басқаратын гидравликалық жүйе тартым қаңқасының қайырмасымен, бұрылма дөңгелегімен қоса көтеріп-түсіретін құрылымымен, қайырманы 3600 бұрады, машинаның бойлық осінен екі жаққа 300...800 мм - қайырманы шығарады, вертикаль жазықтықта қайырманы әртүрлі бұрышқа (180 дейін) еңкейтеді, еңістерді тегістеу үшін қайырманы машинаның жанына шығарады [3, 4].

Қазіргі кездегі автогрейдерлер қайырманы басқаратын қосымша, қайырманы бойлап және көлденең бағытта автоматты түрде тұрақтандыратын гидравликалық жүйемен жабдықталады, ол машинаның өнімділігін және өңдеу дәлдігін айтарлықтай арттырады. Жасалатын автогрейдерлердің қысқаша сипаттамалары төмендегідей: қозғалтқыштарының қуаты 45...120 кВт, қайырма ұзындығы 3700 мм, топырақты өңдеу тереңдігі 200...500 мм, жұмысты атқару жылдамдығы 3,5...10 км/сағ., көліктік жылдамдығы - 30...40 км/сағ. дейін.

Жер тегістегіш техникалардың түрлері салмағы мен күшіне қарай төмендегіше (1-сурет) жіктелуі.

Қазіргі кезде күрделі және жыл сайынғы өткізілетін күріш алқаптарын тегістеу жұмыстарында кең көлемде жер тегістеуіш машиналар пайдаланылады. Олар өздерінің жұмысы барысында биіктігі 10...25 см болатын кедір-бұдырлықты тегістей алады. Бұндай машиналар қарапайымдылығымен және арзандығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар соңғы жылдары скреперлердің жұмысынан кейін ұзын базалы жер тегістеуіш машиналарда пайдаланыла бастады.

D:\Мои документы\ANUAR\БОЛАШАК -1\КазНИИР -Адил мақала\Жер тегістеу\2 Жер тегістеу\Техника топтамасы.png

Сурет 1. Жер тегістегіш техникалардың салмағы мен күшіне қарай жіктелуі

Бұндай машиналардың ерекшеліктері – олардың базаларының 10-нан 20 м-ге дейін ұзын болу және түпсіз қайырмадан тұруы, жердің бетін тегістеу кезінде қайта-қайта тігінен, көлденеңінен өту арқылы тегістеуі (2-сурет). Ұзын базалы жер тегістеуіш машиналар тегіс емес жерлердегі топырақ қабатын кесіп, тегіс жермен тасымалдап, ой жерлерге төгіп, тегістеп кетіп отырады. Жалпы грейдерлермен салыстырғанда аталған жер тегістеуіш машиналарының жерді тегістеу көрсеткіштері салыстырмалы түрде жоғары.

F:\2016 фото\күріш\IMG_7583.JPG

Сурет 2. Ұзын базалы жер тегістеуіш

Қызылорда облысы күріш ауыспалы егістігінде жерді тегістеп, өңдеуді механикаландыру жұмыстары агротехникалық талапты толық қанағаттандыра орындайтын, яғни өңделетін жер тегістігі қажетті талап деңгейін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Бұны шешудің екі жолы бар. Біріншісі, ауылшаруашылық өндірісіне қолданылатын жер тегістегіш техникалық құралдармен тұқым себетін алқапты өңдеу операцияларын бірнеше рет жүргізіп қысқа уақытта үлгіру керек. Біздің ойымызша қолданыстағы бұл жұмыстарды ұйымдастыру жолы қолайсыз және экономикалық тиімсіз. Екіншісі – негізгі жерді аударып өңдегеннен кейінгі атқарылатын жұмыстарды сапалы атқара алатын техникалық құрылғыларды таңдап, олардың жұмыс істеу құрылымына талдау жасау. Сол арқылы өңделген топырақ құрамын агромелиоративтік талаптарға сәйкес тегіс болуын қамтамасыз ету. Сонда, жер өңдейтін ауылшаруашылық техникаларын пайдалану мүмкіншілігінің саны төмендеп, егіншінің қажеттілігіне қарай пайдалануға қол жеткізуге болады.

Сондықтан, қазіргі таңда ұзынбазалы жер тегістеуіш машиналардың жер тегістеу жұмыстарында негізгі параметрлері мен жұмыс режімдерін тимді ұйымдастыру мәселелері өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

Күріш ауыспалы егістігі жерлерін тегістеудің тиімділігі, тегістелген жер телімдерінің еңестігін, топырақтың су сіңіргіштігін, суару тәсілін, өндірілетін дақылдың биологиялық ерекшеліктері мен жергілікті жағдайлары, ұзынбазалы тегістеуішпен жерді тегістеу жұмысының маңыздылығы мен оған қойылатын агромелиоративтік талаптарына және жер тегістеу жұмыстарының технологиялық процестерінің тиімділігін арттырудың жолдарына зерттеу жасалып, тиісті қорытындылар келтірілген.

Ұзынбазалы жер тегістеуштің жетекпен қосылған нүктесінің тербелісін анықтау арқылы оның жұмысын жақсарту мақсатында машиналар мен механизмдердің құрылымдық параметрлерінің оңтайлылығы теориялық тұрғыда зерттеліп, негізделген.

Ұзын базалы жер тегістеуіштердің техникалық сипаттамалары 1-кестеде көрсетілген. Жер тегістеу машинасының шөмішінен түскен топырақ бірден тегістеліп кетеді. Алдын ала дайындалынған алқаптарда тегістеу машинасының жұмыс сапасы артады.

Тегістеуіш машинаның салмағы арқасында шөміш топырақтың кедергісін жеңілдетеді, оңай қозғалады. Рационалды технологияны таңдау арқылы жер тегістеу жұмыстарының сапасын арттыруға болады. Раманың астына бекітілген шөміш тегістеуіш қозғалғанда, жоғары көтерілгенде топырақты кеседі, төмен түскенде төгеді. Тегістеуіштің негігі ұзындығынан асып түсетін ұзын тегіс емес жерлерде рамалы шөміш жергілікті рельефті бейнелейді, сондықтан тегістеу сапасы төмендейді.

Ұсынылған технологияны ұтымды енгізу үшін атыз бетіне күрделі немесе эксплуатациялық (пайдалану) тегістеу жұмыстарын ауыспалы егісте жоңышқа қыртысын соқамен айдап бұзғаннан кейін сегіз жылда кемінде бір рет жүргізу керек. Қалған жылдары осы тегістікті бұзбайтын топырақ бетін минималды өңдейтін ауылшаруашылық машиналарын пайдаланған тиімді.

Кесте 1. Ұзын базалы жер тегістеуіштердің техникалық сипаттамалары

Көрсеткіштер

Тегістеуіш түрлері

П-2,8

П-4

ПК-4,5

ПД-4,5

ПЛМ-4,6

Трактормен агрегатталады

К-700

К-744Р

Т-150

ХТЗ-150К

К-744Р

К-744Р

К-700

К-744Р

Алым ені, м

2,8

4,0

4,5

4,5

4,6

Ожау сыйымдылығы, м3

2,2

3

3

3

3,5

Ұзындығы, мм

13550

15000

6000

6000

7900

Ені, мм

2950

4415

4750

4750

4750

Биіктігі, мм

1920

2200

2100

2100

Жұмыс жылдамдығы, км/сағ

3...5

3...5

3...5

3...5

5,2...6,9

Бұрылу радиусы, м

16

18

8,2

7,8

7,8

Негізгі уақыттың бір сағат ішіндегі өнімділігі, га

0,6...0,8

1,03

2,5

2,55

2,55

Артқы дөңгелегінің табаны, мм

2200

3330

2450

2950

2950

Салмағы, кг

2920

3550

3500

2850

2850

Алдын-ала қажетті құрал-жабдықтарды қолданып және бақылау съемкаларын жүргізу арқылы тегістеуді күзде немесе көктемде тұқым себер алдында орындайды.

Күрделі немесе эксплуатациялық тегістеуде +2-2,5 см дәлдікпен жұмыс істейтін лазерлік тегістегіш қолдану өте тиімді болады [5]. Қызылорда облысында қазіргі таңда Италияда және басқа елдерде шығатын Mara лазерлік тегістегіштері бар (3-сурет).

Тегістеуіш қозғалған кезде алдыңғы дөңгелектер тегіс емес бетпен қозғалады, ал шөміш бірте-бірте толады да босатып отырады. Осы процестерден рама тербелісті қозғалыста болады. Шөміш рамаға мықтап қиылыстырылған, сондықтан дірілді орындауға мәжбүр, ол дірілден топырақтағы пайдалы көлемі азайып, тегістеу сапасы төмендейді. Өндірістік тәжірибенің мәліметтері көрсеткендей, пайдалы орындалған жұмыс көлемі реттелінбейтін жұмыс бөлшегі бар тегістеуіштің барлығында жер қазатын машиналарға қарағанда төмен. Ұзын базалы тегістеуіштермен 10-12 см шамасындағы кедір-бұдырлықты тегістеуге болады. Тегістеуіштің шөмішінен төгілген топырақ бірден пышақпен бөлінеді. Жақсы дайындалған жер телімдерінде машинаның тегістеу сапасы жоғары болады.

сканирование0002

Сурет 3. Күріш атызының бетін лазерлік тегістеу

П-4 және ПЛМ-4,6 жер тегістеуіш машиналары 4-5 кН кластық тракторлардың тарту күшіне есептелінген. П-4 жер тегістеуіштің рамасы екі телескопиялық бөлімнен тұрады, ол транспорттық жағдайда тұрғанда 5,2 м-ге дейін ұзындығын азайта алады. ПК-4,5 және П-2,8 жер тегістеуіштері 3-4 кН класты трактормен жұмыс жасайды. Олар ауыл шаруашылығы жерлерін ағымдағы тегістеу жұмыстарын жүргізуге арналған.

Ұзынбазалы жер тегістеуіштің құрылымы қарапайым, сондықтан оны дайындауда, жөндеуде, қызмет көрсетуде оңай және арзан болуымен сипатталады. Сонымен қатар қолданыста сенімді. Оның пышаққа түсетін салмағы топырақ реакциясын жеңеді және топырақты кесуге қабілеті жетеді. Осы тиімді технологияны таңдай отырып, тегістеу сапасын арттыруға және өнімділікті жоғарлатуға болады.

Күріш ауыспалы егістік жерлерді тегістеу қажеттілігі бойынша мамандандырылған мелиорация және су шаруашылығы ұйымы жүргізетін құрылыстық тегістеуге және жерді пайдаланатын шаруашылықпен жүргізілетін ағымды тегістеуге бөлінеді. Ол жыл сайын немесе жер телімін пайдаланудың нақты мерзімі аяқталғанша жүргізіледі [3, 4].

Жер тегістеудің осы түрінің мақсаты – топырақты өңдеу, суару, жер телімін пайдалану кезеңіндегі топырақты жылжыту, тығыздау мен шөгуі нәтижесінде пайда болған шағын кедір-бұдырларды жою. Суармалы егістік жерлерді және күріш атыстарының алаңдарын түпкілікті өңдеу ұзын базалы жер тегістеуіш машиналар түрімен жүргізіледі. Тегістеу жұмыстарын топырақтың келесі ылғалдылығы аралығында: абсолютті құрғақ топырақ, сазды топырақ 20-24%, балшықты 19-22%, аз балшықты 13-15%, құмды-шаңды 10-14% топырақтарда жүргізіледі.

Соңғы жылдары Қызылорда облысы жағдайында бірнеше үлкен шаруашылықтарды біріктіретін холдинг-компаниялар жер тегістеу жұмыстарын өз базасы негізінде атқарады, ал қалған шаруашылықтар қазіргі уақытта қажеттілік мүмкіндіктеріне байланысты өзара атқарады немесе жалға алынады.

Борпылдақ топырақта тегістеудің бірінші із салуында пышақты дөңгелектердің тіреуіш жазығынан 3-5 см жоғары орнатады. Агрегаттың бірінші із салуынан кейін пышақты дөңгелектердің тіреуіш жазығына дейін түсіреді. Суармалы егістік жерлерді тегістеу негізінен машинаның 2-3 рет өтуі арқылы жүргізіледі. Егістік жерлерде үш рет өтетін тегістеуде соңғы өту кезеңі суару бағытымен жүргізіледі.

Күріш ауыспалы егістігі алқаптарында жолақтап (жал салу арқылы) суару жағдайында көлбеу тегістеу әдісін жүргізу тиімді болып табылады, онда жер теліміндегі немесе картадағы барлық атыздардың көлбеуліктері ұзындығы бойынша бірдей әрі тұрақты болып шығады. Көлбеу тегістеу әдісімен тегістегенде әсіресе жер қыртысы күрделі болса, жұмыс көлемі әдетте ұлғаяды сонымен қатар терең кесінділерді болдырмау, жұмыс құнын азайту үшін жер бетін топографиялық немесе сызықтық етіп тегістейді. Қазіргі кезде жалдар немесе күріш атыздарымен суару кезінде егістікті тегістеуді көбіне ұзына бойы жалдармен және суару жер телімдері шегінде көлбеу тегістеу әдісімен жасайды. Бірінші тәсіл бойынша жер телімен ені бойынша 20 м жалдарға бөліп, оларға жер бетінің ұзына бойы профильдерін жасайды. Әр жалдар негінде үйінділер мен кесінділердің көлемдері шамамен бірдей болатындай етіп жобалық бет жүргізеді.

Қорыта айтқанда күріш ауыспалы егістігін тегістеуде топырақ қабатын кесу, тасымалдау және ойық жерлерді толтыру жұмыстарын тиімді орындау ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне тікелей әсер етеді. Қызылорда облысы шаруашылықтарының 30 пайыз егістіктерінде жер тегістеу жұмыстары техникалардың талапқа сай орындалмауынан суды пайдалану шығыны арта түсуде. Күріш ауыспалы егістігінде жер бетінің тегістігін сапалы жүргізу арқылы егістікті суаруда су қажеттілігін 1,5-1,80 есеге төмендетуге және дақылдың өнімділігін 25-30 пайызға арттыруға мүмкіншілік береді.

Әдебиет:

  1. Өмірзақов С.И., Тәжібаев Ә.Ә., Байманов Ж.Н. Күріш ауыспалы егістігінде жер тегістеудің маңыздылығы және оған қойылатын агротехникалық талаптар // II Международная научно-практическая конференция «Интеграция научного сообщества перед голобальными проблемами современности» в Осаке (Япония) 7-9 марта 2017 г.
  2. Справочник. Мелиорация и водное хозяйство // Орошение. – М.: Колос. 1999. - 432 с.
  3. Гаджиев Т.М. Технология планировки орошаемых земель. - М.: Колос, 1981. - 431 с.
  4. Каюмов И.А., Сеников М.Н. Планировка орошаемых земель и контроль за качеством ее выполнения. - М.: Издательство стандартов, 1992. - 106 с.
  5. Федосеев В.В., Погребцов Б.Я. и др. Автоматизация контроля планировочных работ с помощью лазерной установки // Гидротехника и мелиорация. – 1974. -№ 4. – С. 33-37.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес.


Похожие статьи

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифтік сипаттағы прецеденттік есімдердің лингвомәдени ерекшеліктері

Бала тәрбиесіндегі отбасы мен психологтың өзара әрекеттестігі

Кластерлік өндірісті ұйымдастыру мәселелері және оның жер ресурстарын пайдалану тиімділігіне әсері

Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайы

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызметтің ерекшеліктері

Іс әрекеттегі зерттеу: Пән мен тілді кіріктіріп оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленуші жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының психологиялық ерекшеліктері

Похожие статьи

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифтік сипаттағы прецеденттік есімдердің лингвомәдени ерекшеліктері

Бала тәрбиесіндегі отбасы мен психологтың өзара әрекеттестігі

Кластерлік өндірісті ұйымдастыру мәселелері және оның жер ресурстарын пайдалану тиімділігіне әсері

Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайы

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызметтің ерекшеліктері

Іс әрекеттегі зерттеу: Пән мен тілді кіріктіріп оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленуші жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының психологиялық ерекшеліктері

Задать вопрос