Қызылорда облысында күріштің «новатор» сортын егудің инновациялық технологиясын күріш шаруашылығында қолдану | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 января, печатный экземпляр отправим 8 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Бегалиев, К. Б. Қызылорда облысында күріштің «новатор» сортын егудің инновациялық технологиясын күріш шаруашылығында қолдану / К. Б. Бегалиев, Б. К. Байжанова, Ж. О. Оспанова, Э. А. Ержанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 33-35. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16661/ (дата обращения: 25.12.2024).

Күріш өте ертеден келе жатқан және кең таралған тағамдық дақыл. Біздің елімізде ол жармалық дақыл болып саналады. Күрішті бағалы жармалық дақыл ретінде өндірудің жылдан жылға ұлғаюының бірнеше себептері бар. Біріншіден күріштің жармасы жоғары калориялы диетикалық азық, оның 1 килограмында 3590 калорияға тең. Жарманың абсолютті құрғақ зат құрамында 88 % крахмал, 6–8 % ақуыз, 0,5 % май, 0,5 % қант бар. Адам ағзасына сіңімділігі (96 %) мен қорытылымдылығы (98 %) бойынша әсіресе диетикалық және балалар тағамы ретінде азық- түліктік дақылдардың ішінде өте жоғары бағаланады.Екіншіден күріш, жер шары халықтарының (Қытай, Үндістан, Корея, Вьетнам және басқа елдердің халықтары) жартысынан астамының сүйіп жейтін тағамы.

Күтіп-баптау технологиясына байланысты күріштен мол өнім алуға болатынын өндірістік тәжірибе дәлелдеп отыр. Өндірістік жағдайда гектарынан 35,0–45,0 ц, Краснодар өлкесінде 50,0 ц\га, Кубань тәжірибе шаруашылығында 78,1 ц\га өнім алынған. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев кезінде күріштің әр гектарынан 171 центнерден өнім алған.

Күріштің «Новатор» сорты- тез пісетін сорттар қатарына жатады, өсу дәуірі — 100–105 тәулік.Авторлық коллектив: Шиловский В. Н., Рубан В. Я., Харитонов Е. М., Чухирь И. Н., Лось Г. Д. Сорттың патенті № 3063. Сорттың коды 9610104.

2006жылы алынған сорт. Сорт Солтүстік Кавказда, Ресейде, Краснодарда. Сонымен қатар Қазақстанда да(Қызылорда облысында) өсіруге рұқсат етілген жаңа сорт.

Сорт жеке дара гибридтік будан тәсілі арқылы алынған. (Прикубанский/ Италика 10). Новатор сортының өзіндік ерекшелігі — сабақтары жинақы, тік тұрады, жапырақтары үшкір бұрышпенорналаскан.

Дәндері ұзынша, ұзындығы мененінің қатынасы (17Ь) — 2,5. 1000 дәнінің массасы — 29–31 г. Жарма түсі ақ, шыны түстілігі 98 %. Жалпы жарма шығымы — 70–72 %, жармадағы бүтін дәні — 85–90 %; дәнінің ақуыздылығы — 7–8 %.

Пирикуляриоз бен күріштің жапырақ нематодасына орташа төзімді. Өндіру технологияларын мұқият сақтамаған жағдайда ауруға төзімділігі төмендейді. Тұзға төзімділігі орташа. Өсімдіктері жығылуға төзімді.

Әрбір күріш шаруашылығы күріштің өсу дәуіріне, өнімділігіне және сапасына қарай кемінде екі немесе үш сорттан егуі тиіс.Мысалы, жаңа Ресей сорттарын оңтүстік аймақтарда егу ұсынылады,өйткені бұл сорттардың Қызылорда облысының климаттық жағдайында өсу дәуірі 3–5 күнге ұзарады. Ал ерте және өте ерте пісетін Кубань 3, Новатор және Ару сорттарын солтүстік аймақтарда немесе екінші сорт ретінде егіп пайдалану ұсынылады.

Күріштің «Новатор» сортын қолданыстағы дәстүрлі технологияны пайдаланып сепкеннен кейін арам шөптермен күресу үшін танап 10–12 күн бойы суға бастырылады. Егер шиін, күрмекті осы әдіспен біршама тежеуге болатын болса, қырқөлеңдер тектес және қамыс секілді арамшөптердің тек аз ғана бөлігі жойылады. Новатор сорты өніп келе жатқан дәндері оттегін қажетті мөлшерде ала алмайды, бұл өскіндер санының азаюына әкеліп соғады.

Арам шөптермен күресті сепкеннен кейінгі 30 күн ішінде жүргізу керек. Лазерлік тегістеуді арандату әдісімен ұштастырып, одан кейін топырақты роторлы тырмамен (фрезамен), ауыр дискілермен немесе чизельмен өңдеу шиін-күрмек және қоға секілді арам шөптерді жоюға әсер етеді, егер танап қамыспен ластанған болса, чизель қолданған тиімді.

Күріш егістігін ауыспалы егісте жақсы алғы дақылдардан кейін орналастыру танаптың фитосанитарлық ахуалын жақсартады, арам шөптермен, аурулармен және зиянкестермен күрсетің тиімділігін арттырады. Үш жыл бойы жоңышқа немесе екі жыл бойы түйе жоңышқа егілген учаскелерде шөп өсімі жақсы болса шиін-күрмек тектес арамшөптер, кәдуілгі қамыс түгелге жуық жойылады, ал қоғаның өміршең өскіндері мен түйнек қорлары 8 есеге дейін азаяды. Алайда бұл шаралар жеткіліксіз болса, онда арам шөптермен қатты ластанған учаскелер айрықша шара ретінде гербицидтермен өңделуі мүмкін.

Тұрақты немесе үздік-создық әдіспен суғару жүйесі өскіндердің сиреуіне және сабақтардың жығылуға бейім болып ұзаруына әкеліп соғады.

Суды үнемдеуге бағытталған күріштің Новатор сортына минималды өсіру технологиясының мақсатына тек танаптарды мүлтіксіз тегістеу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Топырақты лазерлік тегістегішпен тегістеп минималды өңдегенде атыздар 5–7 см қалыңдықпен суға бастырылады. Новатор сортын сепкеннен кейін дәндер су астында 3 күнге дейін ғана болады. Одан кейін күріштің тамыры мен сабағына ауа жеткізу үшін атыздағы су ағызып жіберіледі. Бір аптадан кейін су деңгейін күріш өсімдігі бойының 1/3 бөлігінен аспайтындай етіп атыздарға қайта су беріледі. Түптену фазасында су ағызып жіберіледі, сөйтіп күріштік танабы су қабатынсыз қалған күйінде 7 күнге қалдырылады, ылғал топыраққа азот тыңайтқышы беріледі. Нәтижесінде қоректік заттар мен күн сәулесінің бір мезгілде әсер етуі арқасында тамырларының жетілуі мен сабақтарының пайда болуы күшейеді. Одан кейін ауаның температурасына байланысты 20–30 см деңгейге дейін суғару қайта жүргізіледі. Су көлемінің көптігі судың температурасын реттеуге мүмкіндік береді.

Масақ шығарудың алдында бір апта бойы атыздағы су деңгейі 3–5 см дейін азайтылады да екінші рет үстеп қоректендіру жүргізіледі. Бұл сатыда өнімділіктің маңызды құрам бөлігі болып саналатын масақтағы дән саны қалыптасады. Атызға су беру өнімді жинаудан екі апта бұрын тоқтатылады. Атыздағы су ағызып жіберіледі, және дәндердің біркелкі пісуі үшін танаптар құрғатылады.

Күріштің «Новатор» сортын өсірудің жетілдірілген технологиясын сынау өндірістік егіс жағдайында төмендегі сызба бойынша жүргізілді:

-        сорттың дәстүрлі, көп операциялы, себу нормасын 7,5 млн.дана дән/га (250 кг/га) етіп алғашқы суға тұрақты су деңгейін реттеуді қолданатын өсіру технологиясы — бақылау;

-        күріштің жетілдірілген, себер алдында арандатып суғаруды, топырақты фрезамен немесе дискілі тырмамен өңдеуді, ебу нормасын 4,5 млн.дана дән/га (150 кг/га) мөлшерден асырмай себуді екі дискілі минеральды тыңайтқыш сепкішпен жүргізуді, алғашқы суға бастыруды 4–5 см асырмай үздік-создық әдіспен суғаруды қолданатын технологиясы.

Себер алдында бақылау нұсқасында минералды тыңайтқыштар мына мөлшерде берілді: азот — 60 кг/га әсерлі зат, фосфор — 90 кг/га әсерлі зат, өсу дәуірінде азот тыңайтқыштары 2 рет үстемелеп қоректендіргенде жалпы мөлшері 60 кг/га әсерлі зат есебінде беріледі. Жетілдірілген күріштің «Новатор» сортын өсіру технологиясында себуге дейін тек фосфор тыңайтқыштары 70 кг/га мөлшерінде беріледі, ал азот тыңайтқыштары екі рет үстеп қоректендіруде гектарына 50 кг беріледі.

Топырақты минималды өңдегенде далалық көктегіштік пен өсімдік өміршеңдігі дәстүрлі технологияға қарағанда айтарлықтай жоғары, өйткені алғашқы суға бастырғанда дәстүрлі технологияға қарағанда топырақ саяз өңделуіне байланысты, аз отырады, ал күріш дәндері аз су деңгейінде оттегін көбірек алады. Бұл жағдайда дәстүрлі технологияда дәндердің бір бөлігі 6–7 см тереңге түсіп кетеді де, олардың өніп шығуын қиындатады.

Күріштің «Новатор» сортының өнімін түзетін негізгі көрсеткіштердің бірі өсімдіктің түптенуі және масақ байлаған сабақтар саны болып саналады. Тәжірибеде қолданыстағы күріштің «Новатор» сортын өсіру технологиясын пайдаланғанда бір шаршы метр жерде 330,5 масақ байлаған сабақ болса, жетілдірілген технологияда ол 468,2 данаға жетті.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Жайлыбай К.Н «Күріш өсірудің сорттық технологиясы және агроэкологиялық негіздері. –Қызылорда.-2001

2. Дуденко В. П. «Күріш егудің агротехникалық және экологиялық аспектілері», Қазақстан ауыл шаруашылық ғылымының жаршысы, № 10, 1991 ж.

Основные термины (генерируются автоматически): Кубань, мена, немес, новатор, сорт.


Похожие статьи

Қызылорда облысының орталық-экологиялық аймағында күріштің инновациялық сорттарын сынау нәтижелері

Қималары ұзындығы бойынша өзгерілетін құрылыс конструкцияларындағы коррозиялық зақымдар әсерін есепке алу

Жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану

Инновациялық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары

«Ботаника» пәнін қашықтықтан оқытуда көмекші электронды оқыту ресурстарын пайдалану

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны

Жаңартылған бағдарлама бойынша математиканы жаратылыстану пәндерімен кіріктіре оқыту

Оқыту процесінде студенттердің тұлғалық белсенділігін дамытуда инновациялық технологияларды қолдану

Оқытудың инновациялық технологиялары – шәкірттің тұлғалық болмысын дамыту құралы

Похожие статьи

Қызылорда облысының орталық-экологиялық аймағында күріштің инновациялық сорттарын сынау нәтижелері

Қималары ұзындығы бойынша өзгерілетін құрылыс конструкцияларындағы коррозиялық зақымдар әсерін есепке алу

Жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану

Инновациялық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары

«Ботаника» пәнін қашықтықтан оқытуда көмекші электронды оқыту ресурстарын пайдалану

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны

Жаңартылған бағдарлама бойынша математиканы жаратылыстану пәндерімен кіріктіре оқыту

Оқыту процесінде студенттердің тұлғалық белсенділігін дамытуда инновациялық технологияларды қолдану

Оқытудың инновациялық технологиялары – шәкірттің тұлғалық болмысын дамыту құралы

Задать вопрос