Топырақты өңдеу жүйесін жетілдіру арқылы алдын ала суға бастыру тәсілі арқылы күрішті көшеттік тәсілмен өсіру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №20 (79) декабрь-1 2014 г.

Дата публикации: 03.12.2014

Статья просмотрена: 981 раз

Библиографическое описание:

Токтамысов, А. М. Топырақты өңдеу жүйесін жетілдіру арқылы алдын ала суға бастыру тәсілі арқылы күрішті көшеттік тәсілмен өсіру / А. М. Токтамысов, П. О. Имагазиев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 15-18. — URL: https://moluch.ru/archive/79/14186/ (дата обращения: 19.12.2024).

Күріш  - дақылының өнімділігі үшін топырақ құнарлылығы ең бір шешуші фактор болып табылады. Оның себебі Қазақстанда күріш дақылдарын егу үшін Сырдария өзенінің ежелгі және қазіргі заманғы атырауларының тұз құрамы сульфатты-хлорлы, хлорлы-сульфатты, ал Сырдария өзені, Арал маңайында өсімдік үшін өте улы болып келетін құрамында сода кездесетін топырақтары игерілгендігінде [1] .

Топырақтың құрамында қай тұздың болмасын мөлшері көп болған жағдайда мәдени өсімдіктердің өнімі өте төмен болатындығы баршаға мәлім жәйт. Сондықтан да Қазақстанның күріш өсіру өңірлерінде инженерлік системалар салынып топырақты тұздан арылту жұмыстары қолға алынған болатын. Кезінде бұл жұмыстар өз нәтижелерін берген де болатын. Өкінішке орай соңғы жылдары Қазақстанның барлық күріш алқаптарының мелиоративтік жағдайы күрт төмендеп күріш дақылының өнімділігі айтарлықтай азайып кетті. Инженерлік системаның дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты күріш алқаптарында топырақтың екінші рет тұздануы, батпақтану сияқты топырақтың құнарлылығын төмендете түсетін процесстері өте кең өріс алып отыр [2].

Арал маңы алқабының тақыр тәрізді топырағы, өзінің қасиеттері бойынша басқа күріш егетін аудан топырақтарынан ерекшеленіп отырады. Мысалы, Япония, Қиыр Шығыс географиялық күріш егу аудандарына қарағанда.

Күріш алқаптарында топырақтың тозуына, оның құнарлылығының төмендеуіне соңғы жылдары оған берілетін минералды тыңайтқыштар көлемінің мүлдем азайып кетуі де үлкен себеп болып отыр. Қазіргі кезде тек қана күріш алқаптарында ғана емес, Қазақстанның жалпы суармалы жерлерінде қоректік элементтердің теріс балансы байқалып отыр [3].

Осындай күрделі жағдайда топырақ құрамындағы өсімдікке қажетті болып саналатын қоректік элементтердің жылжымалылығын арттыруға арналған топырақты алдын ала суға бастырып күрішті көшет арқылы өсіру шаруашылыққа өте тиімді технология болып табылады. Оның дәлелі ретінде тәжірибеде алынған көшеттік технологияның күріш өнімділігіне тигізген ықпалы туралы мәліметті келтіріп отырмыз.

Зерттеу нысаны және әдістері. Тәжірибе жұмыстары Арал ауданына қарасты, Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы далалық, табиғаты қатал, шөл және шөлейтті өңірі. Сәуір айының басынан бастап шаруашылық орталығында күріш көшетін өсіру жұмыстары басталды. Далалық тәжірибе жұмыстары топырақтану, егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылымдарының баршаға белгілі әдістемелері бойынша жүргізіліп күріштің өсуі бақыланып, өнімділігі анықталды [4].

Атызды күріш егуге дейін суға бастыру кезіндегі топырақ түзілу процесстерінің ерекшеліктерін зерттеу және күрішті көшеттік әдіспен өсіру технологиясының негізгі элементтерін қалыптастыру үшін жоғарыда аталған шаруашылықтың 3-ауыспалы егістігінің 1,2,3-ші танаптарында төмендегі схема бойынша екі нұсқадан тұратын далалық тәжірибе жұмыстары жүргізілді:

Дәстүрлі күріш өсіру технологиясы;

Күрішті топырақты алдын ала суға бастыру тәсілі арқылы көшеттеп өсіру технологиясы;

әрбір бөліктің ауданы – 50 м2;

тәжірибенің қайталануы - 3 рет;

көшетті егу схемасы - 10х15см;

әрбір ұядағы көшет саны - 4 дана;

көшеттің жасы – сабақтану фазасының бас кезі;

су режимі - өсімдікті еккенге дейін 10-15 см тереңдікте суға бастыру, майсаны еккеннен кейін - шаруашылықтарда қолданылып жүрген су режиміне сәйкес;

негізгі тыңайтқыштар аммоний сульфаты және суперфосфат шаруашылықтағы негізгі қоректік элементтердің картограммасына сәйкес берілді.

Зерттеліп отырған Қызылорда облысы, Арал маңы алқабында қазіргі таңда шамамен 500 ден астам га жер күріш егу үшін игерілген.

Негізі Арал өңірінде күріштің екі сорты егілді. Олар «Кубань 3», және «Солнечный» сорттары. Бүгінде бұл сорттар әбден ескіріп, өзінің құнын төмендетті. Күріш егісінен жоғары әрі тұрақты өнім алу үшін сорттардың ролі үлкен. Осыған байланысты күріш дақылын нарық талаптарына бейімделген жаңа сорттарымен байытып, күріштің жаңа сорттарын шығару, оны өндіріске енгізу жұмыстары қолға алынды.

Осындай көп ізденістің арқасында, көп уақытты талап еткен еңбектің нәтижесінде соңғы 2 жыл ішінде шаруашылық егістігінде «Ақмаржан» және «Лидер» деп аталатын күріш сорттары шығарылып өндіріске енгізілді. Арал алқабында қазіргі таңда аудандастырылған «Солнечный», «Ақмаржан», «Лидер» сорттары егіледі .

Күріш дақылының өнімділігінің құрылым элементі 1 м2 – дағы өсімдік мөлшерін, өсімдіктің масақтану өнімділігін, 1 м2 – дағы дән салмағын, негізгі масақтағы дән санын, қосымша масақтағы дән санын және салмағын анықтаумен белгілі болды.

Әрбір алынған сандық мәліметтер вариациалық статистика әдісін қолдану арқылы өңдеуден өткен. Тұжырым жасау үшін қолданылған мәліметтердің бәрі статистикалық түрден сенімді.

Күріш өнімінің құрылымдық көрсеткіштері мен топырақтан алынған өнімдерге статистикалық өңдеу әдісі қолданылды [5].

 Сондай-ақ EXCELL бағдарламасында талдау жасалынды.

Нәтижелер және оларды талдау.

Күріш өнімділігі. Біз тәжірибелік сорттар ретінде Арал күріш алқабында аудандастырылған «Солнечный», «Ақмаржан», «Лидер» күріш сорттарын қолдандық (1 – кесте.).

 

Кесте №1. Күріштің салыстырмалы өнімділіктері

 

Нұсқа

Қайталануы

Орташа өнім, М±m, ц/га

Қосымша өнім

ЕЕА0,5

1

2

3

ц/га

%

2013 жыл, алғы дақыл – 2 жылдық жоңышқа қыртысы

«Солнечный» сорты

Бақылау

5

2

3

33,3±0,88

-

-

-

Тәжірибе

3

5

3

63,7±0,66

0,4

1,3

5,3

«Ақмаржан» сорты

Бақылау

9

1

3

31,0±1,15

-

-

-

Тәжірибе

9

0

2

60,3±0,88

9,3

4,5

7,0

«Лидер» сорты

Бақылау

8

6

6

36,7±0,67

-

-

-

Тәжірибе

8

0

7

68,3±0,88

1,6

6,1

5,3

2014 жыл, алғы дақыл - 2 жылдық жоңышқа қыртысының аударымы

«Солнечный» сорты

Бақылау

6,1

8,1

0,1

28,1±0,82

Тәжірибе

51,6

56,6

52,6

53,6±1,08

25,5

90,7

9,2

«Ақмаржан» сорты

Бақылау

24,3

25,3

26,3

25,3±0,41

Тәжірибе

47,7

47,7

50,7

48,7±0,71

23,4

92,5

5,6

«Лидер с» сорты

Бақылау

0,8

8,2

3,1

30,7±1,00

Тәжірибе

6,5

4

9

56,5±1,02

5,8

4,0

9,7

 

Көктемде отырғызған көшеттердің қаншасы толық өсіп жетіліп өнім бергенін тексеру үшін оны далалық тәжірибе алаңына отырғызар кезде 50х50 см сымнан жасалған шеңберлер қойылды. Күзде өнім жинар алдында шеңбер ішіндегі өсімдіктерді санау арқылы дақылдың өсімділігі анықталды. Ол Ақмаржан және Лидер сорттарында 100 пайызды, ал Солнечный сортында 75 пайызды көрсетті. 4

Барлық нұсқаларда үш қайтара бір шаршы метр жердегі күрішті жинау арқылы оның биологиялық өнімділігін анықтадық. Тәжірибе жүргізілген жылдар бойы барлық сорттар бойынша көшеттік технология дәстүрлі әдіске қарағанда жоғары өнім берді.

Топырақты алдын ала суға бастыру технологиясы кезіндегі күрішті көшеттік әдіспен өсіру, жергілікті сорттардың өнімділігін дәстүрлі әдіспен салыстырғанда екі есеге жуық жоғарылатты. Атап айтсақ 2013 жылы күріш дақылының ең бір жақсы алғы дақылы болып саналатын 2-жылдық жоңышқа қыртысына егілген топырақты алдын ала суға бастыру технологиясында «Солнечный» сортынан алынған орташа өнім 63,7 ц/га болса, қосымша өнімі 30,4 ц/га құрады. «Ақмаржан» сорты бойынша орташа өнім 60,3 ц/га мөлшерді көрсетсе, қосымша өнімі 29,3 ц/га болды. «Лидер» сорты бойынша 68,3 ц/га орташа өнім берсе, 31,6 ц/га қосымша өнім алды. Ал 2014 жылы жылы 2-жылдық жоңышқаның қыртысының аудармасына егілген жағдайда жалпы өнім өткен жылмен салыстырғанда екі нұсқада да гектарына шамамен 4,0-5,5 ц төмен болды.

Мұндай жағдай жалпы күріш өсіру технологиясына тән, жоңышқа қыртысынан алыстаған сайын топырақ құрамындағы органикалық заттардың азая бастауына байланысты күріш өнімі төмендей түсетін заңдылық ғылыми түрде дәлелденген.

Дегенмен жалпы өнім төмендесе де топырақты алдын ала суға бастыру технологиясы дәстүрлі технологияға қарағанда барлық сорттар бойынша да өнімді жоғары берді. Бақылаумен салыстырғанда өнім абсолютті түрде (ц/га) төмен болған мен пайызға шаққанда өткен жылмен бірдей десе болғандай, егер өткен жылы қосымша өнім 86,1 - 94,5 пайыз аралығында болса келесі жылы 84,0 – 92,5 пайызды құрайды.

Өнім құрылымы. Арал маңы алқабында жүргізілген далалық тәжірибелерде негізгі дақыл ретінде алынған, күріштің «Солнечный», «Ақмаржан», «Лидер» сорттары бақыланды. Бұған дейін айтылып кеткендей топырақты алдын ала суға бастырып, күрішті көшеттеп отырғызу әдісі өсімдіктің өсуі мен дамуына тікелей әсер етті. Күріш сорттарының өнім құрылымының көрсеткіші ретінде оның биіктігі, өнімді сабақ саны, негізгі және жанама масақтағы дән саны мен салмағы және бір өсімдік сабанының салмағы есептелінді (2-кесте).

 

Кесте №2. Топырақты алдын ала суға бастыру технологиясының күріш құрылымдылығына әсері

 

Нұсқасы

Өнімді сабақ саны, дана

Негізгі масақ көрсеткіштері

1 өсімдік сабанының салмағы, г.

1 өсімдік дәнінің салмағы,г

Масақ саны, дана

Масақтағы дән саны, дана

Дәннің салмағы,г

«Солнечный» сорты

Бақылау

2,1±0,16

10,3±0,38

94,2±3,4

2,85±0,16

5,4±0,63

5,5±0,53

Тәжірибе

7,36±2,05

9,96±0,46

94,4±4,43

3,3±0,04

36,0±2,60

27,5±3,64

«Ақмаржан» сорты

Бақылау

2,1±0,17

10,3±0,42

94,2±3,79

3,3±0,05

5,44±0,69

5,6±0,58

Тәжірибе

7,4±0,45

11,0±0,50

127,7±7,35

4,2±0,26

28,2±1,97

25,6±1,76

«Лидер» сорты

Бақылау

2,2±0,4

10,2±0,55

73,8±4,72

2,7±0,15

13,6±2,62

3,9±0,30

Тәжірибе

8,3±0,18

12,9±0,32

140,6±6,68

4,5±0,22

37,4±2,42

35,3±2,59

 

Ескерту: Бақылау - дәстүрлі технология.

Тәжірибе – алдын ала суға бастыру технологиясы.

 

Өнім құрылымының барлық көрсеткіштері дәстүрлі технологияға қарағанда орташа екі есеге дейін жоғары. Күрішті көшеттеп отырғызу әдісінде өсімдіктің бойының ұзындығы 104-113см аралығында болса, сабақтану саны 7-10 дананы көрсетті. Негізгі масақ дәнінің саны 94-140 дана аралығында болды. Осыған орай негізгі масақ дәнінің салмағы да жоғарылап 4,2-13,2 г болды. Ал дәстүрлі технологиядағы мәліметтерге қарасақ, өсімдіктің барлық көрсеткіші бойынша салыстырмалы түрде екі есе төмен.

Күрішті көшеттік әдіспен отырғызған кезде оның вегетациялық кезеңі Солнечный сортында 26 күнге, ал Ақмаржан, Лидер сортында 15 күнге қысқарған.

Топырақты алдын ала суға бастыру технологиясы кезіндегі күрішті көшет арқылы егу астық дақылынан мол өнім жинауға әсерін тигізді. Күріштті көшеттеп отырғызу әдісіне байланысты өнім құрылымын анықтағанда, өсімдіктің биіктігі, өнімді сабақ санын есепке алғанда, масақтағы дәннің санын санағанда, бір сабан салмағын есептегенде ерекшеленіп, дәстүрлі технологиямен салыстырғанда мөлшері жағынан жоғары көрсеткіштер көрсетті.

Топырақты егін еккенге дейін екі апта бұрын суға бастырып, күрішті көшеттеп отырғызу тәсілі бойынша өнім құрылымының көрсеткіштері күріштен мол өнім алуға тікелей септігін тигізіп, егінді жинағанда да осы тәсілде мол өнім жиналғаны байқалды.

Қорытынды.

Көшеттік әдіспен күріш өсіру кезінде өнімнің құрылымдық көрсеткіштері - өнімді сабақтану, бір өсімдік дәнінің саны мен салмағы жоғарылады.

Көшеттік технология тек қана күріштің өнімділігін көтеріп қана қоймай, топырағы тұзданған, тұщы су жетіспейтін Қазақстанның күріш алқабтары үшін практикалық жағынан өте тиімді технология. Күрішті көшеттік тәсілмен отырғызған кезде оның вегетациялық кезеңі Солнечный сортында 26 күнге, ал Ақмаржан, Лидер сортында 15 күнге қысқарған. Олай болса біздің ғылыми жұмысымыздың қорытындылары елімізде күріш егістігінің көлемін ұлғайтып, оның өнімін арттыруға негіз бола алады.

Қазіргі таңда біздің еліміздің аумағында шағын күріш өсіру шаруашылығымен айналысатын кіші фермерлік өндірістік орындары үшін бұл технология өте тиімді. Себебі көшет отырғызатын техникалар болса шағын ғана жерге күріш көшетін егіп мол өнім алуға болар еді. Біздің елімізде күріш өсірудің көшеттік технологиясын дамыту үшін алдымен механизациялау жолдарын дамыту керек деп ұсынамыз. Көшеттік тәсіл фермерлік шаруашылықтардың дамуына көмегін көрсететін шараларға жататындықтан күрішшілерді жаңа бағытта дайындау қажет.

 

Әдебиет:

 

1.       Отаров А., Ибраева М.А., Сапаров А.С. Деградационные процессы и современное почвенно-экологическое состояние рисовых массивов Республики. Экологические основы формирования почвенного покрова казахстана в условиях антропогенеза и разработка теоретических основ воспроизводства плодородия. – Алматы, Нур-Принт.- 2007. - С. 73-105.

2.       Отаров А., Ибраева М.А. Эколого-мелиоративные проблемы рисовых массивов Казахстана // Проблемы генезиса, плодородия, мелиорации экологии почв, оценка земельных ресурсов. – Алматы: Тетис, - 2002. - С. 176-182.

3.       Аханов Ж.У., Отаров А., Ибраева М.А. Актуальные проблемы рисоводства в Казахстане // Сборник «Состояние и рациональное использование почв Республики Казахстан». – Алматы: Тетис, 1998. - С. 139-141.

4.       Дмитриев Е.А. Математическая статистика в почвоведении. – М.:. Наука, 1972. - 291 с.

5.       Доспехов Б.А. Методика полевого опыта с основами статистичечкой обработки результатов исследования 4-е изд., переработ., дополнен. - М.: Колос, 1979. - С. 416.

Основные термины (генерируются автоматически): арал, EXCELL, дан, Казахстан, сан, сан мен.


Похожие статьи

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Тыныс алу жүйесінің аурулары және оның асқынуларының алдын алуға препараттардың және дәрілік өсімдік шикізаттарынан дайындалған дәрілік түрлерінің ықпал етуінің салыстырмалы нәтижесі

Оқу-тәрбие процесіне шағын зерттеу жүргізу арқылы білім беру сапасын басқаруды жетілдіру

Оқыту әдістерін жетілдіру және оқытушының өз тәжірибесінде оларды таңдай білуі

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Оқушыларды кәсіпке баулу мәселесінің зерттелу жай-күйі

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Похожие статьи

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Тыныс алу жүйесінің аурулары және оның асқынуларының алдын алуға препараттардың және дәрілік өсімдік шикізаттарынан дайындалған дәрілік түрлерінің ықпал етуінің салыстырмалы нәтижесі

Оқу-тәрбие процесіне шағын зерттеу жүргізу арқылы білім беру сапасын басқаруды жетілдіру

Оқыту әдістерін жетілдіру және оқытушының өз тәжірибесінде оларды таңдай білуі

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Оқушыларды кәсіпке баулу мәселесінің зерттелу жай-күйі

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Задать вопрос