Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырудағы бастауыш білім беру сатысындағы ұтымды оқыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 12.10.2015

Статья просмотрена: 182 раза

Библиографическое описание:

Беркимбаева, Г. Ж. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырудағы бастауыш білім беру сатысындағы ұтымды оқыту / Г. Ж. Беркимбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19.2 (99.2). — С. 35-36. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22488/ (дата обращения: 17.12.2024).

Білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан немесе достарынан алған білімдерімен байланыста жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамып, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.

Сындарлы оқытуда топтық тапсырманы орындау барысында оқушылар Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен болатын. Оқушы топта жұмыс жасау кезінде пікірлеседі, ізденеді, қорғайды, талқылайды, өзін еркін ұстайды. Осындай іс-әрекет оқушыларға ұнайды. Сонымен қатар оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарына(постерлеріне) өзара баға беріп, сыни тұрғыдан ойлана бастады.Осындай бірнеше жұмыстардан кейін оқушыларда топта бірігіп жұмыс жасауға деген ынта пайда болып, күннен-күнге жақсы нәтижеге бергені байқалды. Оқушылар алғашқы сабақтағыдай емес, бірте-бірте өз ойларын, көзқарастарын білдіре бастады.

Дәстүрлі сабақта оқушының сөйлеуіне, қозғалуына еш мүмкіндік бермедік. «Жан-жағыңа қарама, бір – біріңмен сөйлеспе, қозғалама»,- деп, шектеп отыратынбыз. Бізде сыныпта әңгімелесуге болмайды деген түсінік қалыптасқан. Ал қазіргі кезде партаны топтық жұмысқа қолайлы етіп орналастырдым. Балалар бір – біріне қарама –қарсы отырады. Ол жұптық, топтық жұмыс жүргізуге ыңғайлы.

Тәжірибе кезеңінде оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтар беру, ойлануына мүмкіндік беру, пікірін қолдау мақсатында іс-әрекеттерді таңдап алдым.Сол әдістер арқылы оқушының дұрыс ойлана білуіне сәл де болса ықпал еттім.

«Ана тілі» пәні бойынша өткен сабағымның тақырыбы: «Алтын балта». Мақсаты: Ертегіден адал, шыншыл болудың жақсы қасиет екенін үйренеді.Жоғары деңгейдегі сұрақтар қояды. Осы сабақтан күтілетін нәтижем: ертегі кейіпкерлеріне мінездеме бере алады. Кейіпкерлердің іс – әрекетіне сын көзбен қарай алады. Топқа бөлу үшін әр сабақта сол сабаққа байланысты тапсырмалар таңдап отырамын. Оқушылар парақшалардағы жазылған сөздерден адалдық, шыншылдық, туралы мақал-мәтелдер құрастырды.Осы құрастырылған мақалдарын оқушылар интерактивті тақтадан дұрыс нұсқасын қарап, тексерді:

1.«Өтірік сөз өрге баспас»;

2.«Жарлы болсаң да, арлы бол»;

3. «Өтірік айтып жағынғанша, шындық айтып жалын». Сол құраған мақалдары бойынша топқа бөлініп отырды.

Топқа мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? деген сұраққа жауап беру арқылы оқушылардың сыни тұрғыда ойлана білуін дамыту болды. Оқушылар тапсырманы жақсы қабылдап, өз ойларын ортаға салып, әр топ бағаланды. Осы мақалдарды талдата отырып, жаңа сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе отырып қойылды.Ол үшін жетелеуші сұрақтар қойылды:

-Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?

-Адамның бойындағы жақсы, жаман мінездер туралы.

-Бүгінгі сабақтан не үйренуіміз мүмкін?

-Өтірік айтпау, шыншыл болуды үйренеміз. Жақсы, жаман қасиеттерді ажыратуды.

Жаңа сабақты меңгерту үшін дәстүрлі сабақта оқушыларға мәтінді өзім оқып беретін едім.Енді мен жаңа сабақты меңгерту мақсатында түрлі тапсырмалар әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдауды үйрендім. Осы сабаққа мен мәтінді оқушылар өздері оқып, жұпта талқылауды бердім. Оқушылар тапсырманы орындау барысында байқағаным, бұрын оқы дегенде де мәтінді оқымай отыратын оқушылар болатын. Енді бір-біріңе «Сөйлеуші және тыңдаушы» әдісі бойынша мазмұндаңдар дегенде, оларда «қазір не айтам?!» деген, жауапкершілікті сезініп оқығанын байқадым.Топтық жұмыстың ұтымдылығы сол сабақ үстінде тақырып бойынша барлық оқушының білімін тексеріп, біріне-бірі көмектесе жұмыс жүргізуге дағдыланды, бірінің білмегенін екіншісі толықтырып, көпшіл болуға үйрене бастады. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дамыту және дарынды оқушыларды дамыту мақсатында топқа тапсырма берілді:

1-топ. Кедей мен байға мінездеме беру;                                                          

2-топ. Кедей мен байды салыстыру (Венн диаграммасы);

3-топ. Ертегіні сахналап көрсету;

1-топ Бай мен кедейді сипаттау.Оларға мінездеме берді. Бай қандай? Кедей қандай? -деген сұрақтарға жауап берді.

Осы тапсырманы бере отырып, оқушылардың адам бойындағы жақсы, жаман мінездер болатынын білдіру болатын. Тапсырма барысында оқушылар байдың іші тар, көрсеқызар, жалқау, ал кедейдің ақкөңіл, адал, шыншыл, еңбеккор екенін білді. 2-топ. «Венн диаграммасы» арқылы бай мен кедейге мінездеме бере отырып олардың сыни тұрғысынан ойлауын дамытуды көздедім.

Сыни тұрғыдан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан-дүниесі өзгереді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, кез-келген сабақты меңгереді, оқушы өзін-өзі тәрбиелейді. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар сыни тұрғыдан ойлауды қолдана отырып, екі кейіпкерді салыстырды. Олардың іс-әрекетіне көзқарастарын білдірді. Бай - өтірікші, жалқау, іші тар, көрсеқызар десе, кедей - адал, еңбекқор, шыншыл, ақкөңіл деп өз ойларын білдірді. Екі кейіпкердің айырмашылығын атай отырып, екі кейіпкерге ортақ адам, ер кісі деп ортақ қасиетін тапты.

3-топқа берілген тапсырма сыныптағы дарынды және талантты оқушыларды анықтау мақсатында болды. Қабілетсіз адам жоқ, қабілетті туа бітісімен анықтап, әрі қарай тәрбиелемесе ол дамымайды. Мысалы, талантты және дарынды баланы байқамау мүмкін емес. Олар көпшілікте өздерінің іс-әрекеттерімен, бейімділігімен, қабілеттілік-терімен көзге түсіп отырады. А.Р. деген оқушылардың дарындылығын дамыту мақсатында ертегіні сахналап көрсетуді тапсырдым.

Дәстүрлі сабақта да тапсырма беріледі. Бірақ сол тапсырманы тек белсенді оқушыларымыз ғана айтады, қорғайды. Топтық жұмыстың маңызын енді ғана түсінгендеймін. Себебі, әр оқушы өзінің пікірінің құнды, керек екенін сезе бастады. Бұрын кей оқушылар жауап беруге қатыспайтын, себебі оларда «менің жауабым дұрыс емес шығар» деген ой болатын. Енді сол оқушылар бірте-бірте ашылып, сөйлей бастады.

Сонымен жаңа сабағым «Алтын балта» ертегісін өз нәтижесінде қорытындылау үшін, «Ыстық орындық» әдісін таңдап алдым. Себебі бұл әдісте оқушылар ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне өз көзқарастарын білдіруі арқылы біріншіден, сын тұрғысынан ойлауы көрінді. Екіншіден, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді айта отырып ажырата білді. Мысалы, Аружан есімді қыз «Мен осы ертегіден кедейдің іс-әрекетінен әділ болуды, өтірік мкөрсеқызарлық, көре алмаушылық сияқты жаман әдеттерді көріп, ондай әдеттерден аулақ болуды білдім. Кедей өте қарапайым, ақкөңіл шыншыл екен. Осы қасиеттерінің арқасында ол алтын балталы болды. Дәулеті тасып, жағдайы жақсара бастады. Ал байға мен қатты ренжідім. Несіне өтірік айтты. Алтынды көре сала көзі жайнап кетті.Егер ол өтірік айтпағанда диірменші оған да алтын балтаны беретін еді» деді. Ал, Дильназ деген оқушы ыстық орындықта отырып диірменшіге өз қөзқарасын былай білдірді: «Мен диірменшінің іс-әрекетіне риза болдым. Өте ақылды екен. Кедей мен байдың қайсысы шын, қайсысы өтірік айтып тұрғанын бірден білді» десе, Баубек деген оқушы «Біреуге жамандық жасамақ түгіл, оны ойлағанның өзі жаман дегім келеді. Бай кедейді байып кетті деп көре алмай нәтижесінде өзі сары ауру болып өлді де қалды. Менің осы сабақтан түйгенім, жаман әдеттерден аулақ болып, жақсы қасиеттерді үйреніп, үнемі жақсы деген атқа лайық боп жүрейік» деген сөзінен осы сабаққа қойған мақсатымның нәтижесіне жеткенімді білдім.

Сындарлы оқыту теориясын алған білімімізді өз тәжірибемде зерттей келе, оқушыларымның алға жылжығанын байқадым. Өткізген сабақтарымда алғашқыдай емес, оқушылар бір-бірін зерттеуге, ойларын зерделеуге, сұрақтарды әр қырынан қоя білуге, идеяларын дамытуға дағдылана бастағандай болды. Осы бағдарламадағы жаңа әдіс-тәсілдер маған қарапайым,қолдануға ыңғайлы болғанымен ойымнан шықты. Сондықтан алдағы уақытта сындарлы оқыту идеясын дамыту өз тәжірибемде жалғасын табатынына сенімім мол.

 

Әдебиет:

1.      «Педагог және диалог» ақпараттық-әдістемелік республикалық журнал. – 2012. - №3.

2.      Мұғалімге арналған нұсқаулық. - 2012.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, бай мен.


Задать вопрос