Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы машиналары жүйесіне жүргізлетін зерттеулер бағыты | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (123) октябрь-1 2016 г.

Дата публикации: 19.10.2016

Статья просмотрена: 180 раз

Библиографическое описание:

Тажибайулы, Ануар. Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы машиналары жүйесіне жүргізлетін зерттеулер бағыты / Ануар Тажибайулы, А. А. Тажибаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 19.2 (123.2). — С. 42-44. — URL: https://moluch.ru/archive/123/34434/ (дата обращения: 18.12.2024).



Ауыл шаруашылығында техникалық прогрестi үнемi дамыту, шаруашылықтардағы егiншiлiктi комплекстi механикаландыру үшiн техникамен жабдықталуын жетiлдiру және осының негiзiнде жұмыс уақытын елеулi дәрежеде қысқарту, күрiш дақылының егiс көлемiн ұлғайту, еңбек өнімдiлiгiн онан әрi арттыру және өнiмнiң өзiндiк құнын кемiту—мiне облыстың ауыл шаруашылығы экономикасын онан әрi дамыту жөнiнде алға қойылып отырған мақсаттары осындай.

Облыс көлеміндегі егіншілік Сырдария өзенінің арнасынан арнайы тартылған ірі каналдар арқылы суарылатын аймақтарда жүргізіледі. Көп жылдардан бері егіп келе жатқан негізгі дақылы - күріш. Күріш ауыспалы егістігіндегі күріштен өнімді жоғары бірқалыпты алып отыру үшін ауыспалы егістік тәртібін сақтап, аустырып егілеті негізгі дақыл жоңышқа және түйежоңышқа көлемін және оның өнімділігін арттырып отыру керек

Күріш себуге және жинауға арналған машиналар жүйесіне бұрыннан бар қалыптасқан кешенді машиналар мен жетілдірілген және жана кешен ішіне кіретін техникалық ақпараттық тізбекті айтады. Машиналар жүйесіндегі күріштіктіктегі жүйенің бір бөлігі осы саладағы кешенді машина процессінің даму бағытын анықтайтын аймақтағы күрішті өндіру түріне, топырақ-климатына, ауарайына қарай қолданылатын энергетикалық қүш алатын қондырғыларға және жұмыс істейтін ауыл шаруашылық машина кешенінің механикаландырылуына бағытталады. Бұнда, белгілі бір деңгейде қолданылатын механикалық құрылымның пайдаланылуына, оның техникалық қиыстырмасына (және ұйымдастырылу деңгейіне байланыстыра жүргізілетін технологиялық процестің техника-экономикалық көрсеткішімен анықталады.

Күріш ауыспалы егістігінде егуге және жинауға арналған машиналар кешенінің ішіне кіретін техникалық құрылымдар мынандай жағдаймен көрсетіледі:

а – күріш өндіруге бағытталып жасалған машиналар кешені;

б – көп жылдық шөп егіп өндіруге арналған машиналар кешені;

в – күріш ауыспалы егістігіндегітаза ақ дақыл егуге арналған машиналар кешені.

Күріш ауыспалы егістігі саласына жаңа техника болып қалыптасқан негізгі машиналар жүйесіне, оның құрылым бөлігіне келешектік машина кешені кіргізіледі.

Күріш ауыспалы егістігін механикаландыруда машина жүйесін дамытудағы негізгі бағыттар болып: бірнеше технологиялық операцияларды бір жүргенде атқарып өтетін агрегат шығару; бір машинаға бірнеше жұмыс істейтін бөлшектерді ауыстырып орналастыру арқылы әр түрлі дақылдарды өсіріп жинауға арналған әмбебап машина; машино-трактор құрылғыларының энергетикалық күшін жоғарылату арқылы агрегаттардың жылдамдығын, алым енін арттырып өнімділігін жоғарылату; дақылдарды өндіріп жинау процессінде жаңа технологиялық жүйеде жұмыс атқаратын машиналарды жасау; энергетикалық құрылғылардың санын азайтып, оны пайдалану кезіндегі технологиялық процесстерде механизатордың жұмыс орны жоғары жабдықталған, машина-трактор агрегатының жұмыс істеу режімін бағалау аватоматтандырылған және оның еңбек етуіне қолайлы жағдай жасалған заманауый техника жасау; агрегаттардың салмағын азайттырып, сенімділігін және экономикалық тиімділігін жоғарылатып шығару бағыттарымен сипатталады.

Күріш өндіретін машиналар кешенінің құжаты қазіргі және келешектегі технологиялық машина кешені жұмыс операцияларының түрін және оның техникалық қысқа сипаттамасын көрсететін болуы керек.

Қызылорда облысының инжинерлік жүйеге келтірілген күріш ауыспалы егістігінде негізгі егілетін күріш дақылы мен жерді тыңайтуға арналған көп жылдық жоңышқа тұқымын себер алдында өңдеу жұмыстарына арналған машиналар жүйесіне қойылатын әртүрлі талаптары бар. Танаптың топырағын тұқым себуге дайындайтын техникалық құралдардың жұмысына қойылатын негізгі агротехникалық талаптар: тұқым орналастыратын тереңдіктегі топырақ түйіршектерінің ірілігі 2 см ден артық болмауы; күріш егілетін атыз бетінің тегіс болуы, оның орта деңгейінен ой, биік жерлері 5 см ден аспауы; себілетін тұқымды топырақ қыртысына 2 смбіркелкі тереңдікте көміп және дәндердің атыз бетіне біркелкі себілуін қамтамасыз ету. Негізінен, осы жерді өңдеп, себуге арналған машиналарға қойылатын агротехникалықталаптар егіннің өсіп - өнуіне толық жағдай жасайды.

Егер, күздегі сүдігер өңдеу кезінде, ылғалдылығы жоғары жерді жыртсақ, аударылған жер тез кебеді де, оның үлкен-үлкен тон кесек болып қатып қалуы мүмкін. Бұндай жағдайда, көктемгі қаурыт кезде техникамен тон кесекті майдалап, жерді агротехникалық қажеттілікке сай тұқым себетін дәрежеге жеткізу қиындап кетеді.

Күріштік танаптардың бетінде, таяз тереңдікте жатқан тоңкесектердің ылғалдылығы тұқым себетін уақытта (сәуірдің аяғы, мамыр айының басында) 10 % дан кем, қаттылығы 4 МПа дан жоғары болады. КФГ-3,6 топырақ фрезаларының пышақтары кесу бағытында тоңкесектерді екіге, я үшке ғана бөледі. Одан артық ұсақтау бұл құралдың қолынан келмейді екен, ол үшін танапты бірнеше рет өңдеп өтуі керек.

Құрғақ, әрі қатты тоңкесекті көптеген майда түйіршектерге бөлетін құралдың негізіне шаруаның ежелден келе жатқан тәжірибесі қолданылады. Зерттеулерде доғал түйгіш белгілі бір жылдамдықпен ұрған заматында (<0,1 с шамасында) тоңкесекте ұнтақ қабатша пайда болады екен. Сол арқылы соққан күш тоңкесектің бүкіл көлеміне бірқалыпты тарайды. Кесектің ішіндегі осал байланысты түйіршектер бір-бірінен ажырап, түрлі бөлініс беттері пайда болып, ақыры екі-үш емес, көптеген ұсақ қыйыршақтарға бөлінеді.

Бұнсызда қазіргі кезде күріштік жерді себер алдында дайындау жұмыстары бірнеше рет техникалық операцияларды қайталауды, көп еңбек жұмсауды қажет ететінін диқандар жақсы біледі. Топырақ құрамы сазды, қатты кесек болатын аймақтарда бұл жұмыстарды тиісті дискілі тырмалармен топырақ құрамы тұқым себетін дәрежеге жеткенше бірнеше рет жүргезеп тиісті агротехникалық талапқа келтіреді. Өйткені, өңделінген жердің топырағында кесек көп болса, сепкіш пен себілгенде дән топырақ арасына біркелкі түспей, соның әсерінен себілген дәннің шығуы азайып, өнімділігі төмендейді.

Қазіргі күріш ауыспалы егістігіндегі шешімін таппай келе жатқан проблеммалардың бірі - агрегат бір жүріп өткенде топырақты қажетті себетін жағдайға келтіретін және тұқымды сепкенде қажетті топырақ тереңдігіне таяз біркелкі бөліп тастайтын жасалымгершілікті өндіріске енгізу. Арал өңірі агроэкология және ауыл шарушылығы ғылыми зерттеу институтының Қарауылтөбе тәжірибе шарушылыгындағы күріш ауыспалы егістігінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтиежесі жер қыртысын қажетті агротехникалық талапқа сай, себу деңгейіне дейін майдалап, күріш, жоңышқа дәнін біркелкі таяз көмуге болатындығын көрсетті. Ол үшін осы технологияға қолданылатын Т-150К тракторына тіркелетін КФГ-3,6 культиваторы мен «Белорусь» тракторіне тіркелетін СЗ-3,6 сепкішінің қиыстырмаларына техникалық өзгерістер енгізу керек.

Топырақты өңдеу негізінен активті және пассивті әсерлі түрлерімен екі топқа бөлініп жүргізіледі. Бірінші активтік топқа жататындар топырақ фрезалары мен кесек ұсақтағыштар кіреді. Бұлардың негізгі жұмыс бөлшегі пышақтар, түйгіштер, уатқыштар топыраққа агрегадтың жылдамдығынан бірнеше есе артық әсер етеді. Екінші пассивтік топқа жататындар - жұмыс бөліктері қаңқа жылдамдығымен салыстырмалы қозғалыс жасайды. Бұған тырмалар, сыдыражыртқыштар және отамалы культиваторлар, жалпақ тілгіштер, малалар т. б. жатады. Құралдардың жұмыс бөліктерінің топыраққа әсер ететін жылдамдығы агрегаттың қозғалыс жылдамдығына сәйкес келеді.

Топырақ кесектерін ұсақтау үшін құралдың жұмыс бөлігінің әсері агрегаттың тасымалды жылдамдығынан көп болатын активті топтағы жұмыс әдістері, яғни бірінші топқа жататындар. Шаруашылықтарда бар КФГ-3,6 фрезалы культиваторының пышақты барабандарының орнына орналастырылатын кесекті майдалауға арналған қосымша тетік, трактордың күш алатын білігі (ВОМ) арқылы берілістер мен редуктор арқылы жоғары айналыс жасап айналатын, жұмыр ұрғыштары бар екі барабанды, активтік жұмыс органдары зерттелді. Онда жоғары айналымдағы барабан, қатты кесектерді кетпен шүйдесімен ұрғандай қайта-қайта ұратын дөңгелек формалы барабан бойына орналастырылған бірнеше соққыштары немесе көлденең-шыбықты соқыштары арқылы майдалап отыруға жағдай туғызады. Бұның фрезалы кескіш пышағынан ерекшелігі домалақ соққыштары тон кесектерді аз күшпен майдалап, барабанның айналымын жеңілдетеді. Сонымен қатар, салыстырмалы зерттеулердің нәтиежесі КФГ-3,6 культиваторына осы қосымша кесекұсақтағыш тетікті орналастырып жұмыс істегеннен кеінгі жер топырағының майдалануы пышақты фрезаны қолданып, кесіп жұмыс істегенге қарағанда майда болатындығын зерттеулер нәтежесі көрсетті.

Ал, егер сазды кесекті емес жерлер болып, тон кесекті майдалауды қажет етпейтін кездерде екі жағындағы болттар арқылы барабанды ауыстырып, бұрынғы фрезалы қалыпына келтіріп, жұмыс істей беруге болады. Бұдан агрегатқа ешқандай зақым келмейді де, дөңгелек майдалағыш барабан өзіміздің қажеттілігімізге қарай ауыстырылып, салынатын шағын жұмыс тетігі болып тұра береді. Жерді осы агрегатпен қажетті агротехникалық талапқа сай майдалаганнан соң, ізінше тұқым себу жұмыстарына кіріседі.

Жұмысы сынақтан өткен, шаруашылықтарда соңғы 3 жылда тексерілген бұл құралдың тағы бір артықшылығы оның әмбебаптығы. Шаруашылықтарда осы уақытта қолданылатын бірнеше рет жүріп топырақ өңдейтін тіктісті, тегершікті тырмалардың, культиваторлардың, малалардың жұмысын РПК нің өзі бір-ақ рет өтіп орындайды. Тоңкесектердің топырағының ылғалдылығына байланысты барабанның айналу жылдамдығын өзгерту, РПК нің қапталдарындағы шынжыр берілістегі жұлдызшаларды ауыстыру арқылы 15...20 минутта реттеледі.

Соңғы кезде ұсақ жеке шаруашылықтарға, фермерлерге арнап бұл құралдың РПК-2 деген нышанмен жасалынған жеңілдету үлгісіндегі культиваторлардың сипаттамасы төменгі 1-кестеде келтірілген.

1-кесте. Роторлы топырақөңдегіш культиваторлардың сипаттамасы

Көрсеткіштер

РПК

РПК-2

Асылынатын трактор

Алымы, м

Топырақ өңдеу тереңдігі, см

Барабанның айналу жылдамдығы, айн/мин

Салмағы, кг

Түйгіш сырықтар саны

Агрегаттың жұмыстық жылдамдығы, м/с

Жұмыстың өнімділігі, га/сағат

Т-150К, ДТ-75

3,6

0....10

180...550

750

2,3,4,6

1,08...3,24

1,39...4,17

МТЗ-80

2,15

0...10

180..550

500

2,3,4,6

0,66...2,15

0,51...1,67

Роторлы топырақөңдегіш культиваторлардың бұрынғы қолданыстағы техникадансалыстырмалы негізгі артықшылықтары: көктемгі егіске танапты дайындау уақытын екі еседен артық қысқартады;бұлжұмыстақолданылатынкөптегентехниканыкерекетпейді жәнежанар, жағармайдыкөпүнемдейді.

Күріш ауыспалы егістігінде ауыр тон кесекті топыртақтарды КФГ-3,6 культеваторы негізіндегі өзгертілген кесектерді жұмыр ұрғыштары бар жұмыс органдары арқылы майдалап өңдеуге болады.

Әдебиет:

  1. Алшынбай М.Р. Ауыл шаруашылығы машиналарының теориясы. - Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, Алматы, 1999. - 203 б.
  2. Алшынбай М.Р., Тәжібайұлы Ә. Астық сепкішіне сына табанды сіңіргіш орнатып жоңышқа тұқымын себу // Жаршы, 1998. - №12. - 87-92 бб.
  3. Асытық сепкішімен жоңышқаны себу үшін бөлгіш қондырғы орнатып тұқымды жер қыртысына 2 см тереңдікке сіңіре егу. - Қызылорда, 1996 - 26 б.
  4. Тәжібайұлы Ә. Күріш ауыспалы егістігінде жоңышқа тұқымының топыраққа сіңірілуі // Жаршы, 1995. - №5. - 78-85 бб.
  5. Тәжібайұлы Ә. Күріш ауыспалы егістігінде КЧН-4,0 культиваторын қолданып жоңышқа егу // Жаршы, 1996. - №1. - 44-50 бб.
Основные термины (генерируются автоматически): машина.


Похожие статьи

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Күріш ауыспалы егістігіне арналған машиналар жүйесінің техника-экономикалық құрылымын жетілдіру

Оқыту үшін бағалау - сындарлы оқыту теориясының біртұтас кешені ретінде

Сыбайлас жемқорлықтың күрделі, көп қырлы әлеуметтік жағымсыз болмыс ретіндегі ұғымы

Ойын технологияларындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың шарттары

Қызмет көрсету сферасындағы ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару тиімділігін арттыру

Қызылорда облысында қауын дақылын өсірудің проблемалары мен келешегі

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Жасөспірімдер бойындағы девиантты мінез-құлықтың көріну себептері

Құрылыс кешендерін үйымдастыруда сапамен басқару жүйесі

Похожие статьи

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Күріш ауыспалы егістігіне арналған машиналар жүйесінің техника-экономикалық құрылымын жетілдіру

Оқыту үшін бағалау - сындарлы оқыту теориясының біртұтас кешені ретінде

Сыбайлас жемқорлықтың күрделі, көп қырлы әлеуметтік жағымсыз болмыс ретіндегі ұғымы

Ойын технологияларындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың шарттары

Қызмет көрсету сферасындағы ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару тиімділігін арттыру

Қызылорда облысында қауын дақылын өсірудің проблемалары мен келешегі

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Жасөспірімдер бойындағы девиантты мінез-құлықтың көріну себептері

Құрылыс кешендерін үйымдастыруда сапамен басқару жүйесі

Задать вопрос