Дуальді оқытуда қос білімді жүйенің маңызы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Бабаева, К. С. Дуальді оқытуда қос білімді жүйенің маңызы / К. С. Бабаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 16.1 (202.1). — С. 21-23. — URL: https://moluch.ru/archive/202/49910/ (дата обращения: 17.12.2024).



Бүгінгі таңда шет ел тілдерін игерген мамандарға болған сұраныс күннен күнге артуда. Солай болса да, университет бітіріп жатқан түлектердің көшілігі еңбек нарығында өздерін кәсіби тұрғыдан таныта алмай жүр. Бұл қайшылық – шет ел тілдеріне үйрету бағдарламаларында әліде орын алып жатқан кейбір кемшіліктер мен олқылықтардың нәтижесі. Соңғы жылдары бұл проблема әбден көкейтестілік дәрежесіне көтерілуде. Өндіріс орындарындағы жұмыс берушілер мен бизнес өкілдері жоғары мектепті кінәләп, оның түлектерін қажетті кәсіби ептіліктері мен дағдыларының төмен деңгейде екенін айтып, дабыл қағуда. Өндіріс, мекеме басшыларының келтіретін дәйегі – университет түлектері өздеріне жүктелетін кәсіби міндеттері табысты орындауға қабілетсіз, игерген академиялық білімдері мен ептілері шынайы жұмыс орнвнда қолдануға қабілетсіз. Бұл жәйіттің негізгі себебі – оқу-үйретім/үйренім үдерісінің болашақ маманды практикалық дайындау іс-қызметімен мүлдем байланыста болмауы. Университет қабырғасындағы ежелден кележатқан оқу-үйретім/үйренім жүйесі кем-кетікті әрі бірізділікке ие емес. Университеттер мен кәсіби мектептердегі жұмыстың практикалық формаларының кемдігі тәлім сапасын қамтамасын етудегі елеулі проблемаға айналуда. Табысты нәтижелерге ерісу үшін кәсіби тіл үйрету ұстаздары оқу-үйретім/үйренімге болған көзқарасын түбегейлі өзгеріске келтіруде. Алдыңғы қатарға қазіргі таңда тәлімдік үдерістің бизнеспен, энономикамен байланыстылығы жөніндегі, шынайы қызметтік ортада үйрету хақындағы жаңаша идеялық жол-жобалар, жаңаша көзқарас-пікілер тартылуда. Көбіне оқу-үйретім/үйренімнің дуалды жүйелі ұстаздар қауымында өзекті әнгіме арқауына айналуда.Қос білімді – бұл студенттердің болашақ кәсіби қызметінде қажет негізгі практикалық ептіліктерді игеруге бағышталған тәлімдік өнегенің ерекше түрі. Бұл жүйеде алға тартылатын негізгі мақсат – университетті бизнеспен, теорияны практикамен, академиялық тәлімді практикалық ептіліктермен ұштастырып, бір тұтастыққа келтіру, осының арқасында оқу-үйретім/үйренім үдерісінің тиімділігіне және болашақ мамандардың кәсіптік дайындығының жоғары деңгейде боларына қол жеткізу. Қо білімді жүйе бұл күнде ЖОО-да кәсіптік мектептерде өзінің тиімділігімен тиісті орынын иелеуде. Нәтиже қанағаттанарлық, мұндай тәлімдік үдеріс тиімділігі көп жерде дәлелденуде, бизнес өкілдері бұл жүйені толығымен қолдап-қуаттауда. Бұрын-соңғы қос білімді жүйенің орта мектептен байланысты енгізілуі мақұл көрінетін, дегенмен мұндай оқу-үйретім/үйренім ел экономикасы мен бизнесі үшін мамандар дайындалып жатқан университеттердегі қажеттігі басымдау. Кең ұстаз-мамандар қауымына ұсынып отырған мақаламыздың мақсаты орыс тілін үйретуге байланысты университеттегі оқу-үйретім/үйренім үдерісінұйымдастырудың бүгінгі жағдайына талдау салу, сонымен бірге студенттерді белгілі мамандықты игеруде шет ел тілдерін үйрету барысында дуалды жүйені енгізу қажеттігін негіздеп, оны кәсіби орыс тілін үйрету мысалында дәлелдеу.

Орыс тілінде сөйлеуге үйрету, мысалы, автор қызмет етіп жүрген Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде үш бағытта атқарылуда, оларды шартты түрде келесідей айтуға болады: филологиялық, арнайы және кәсіптік. Бұл бағыттар бойынша оқу-үйретімді ұйымдастыру қалыптасқан дәстүрге орай алға тартылған мақсатқа орайлас келеді. Межеленген ниетке жету үшін шет ел тілдеріне үйренудің комуникативті бағыты пайдалынылады. Бұл бағыт негізінен бірнеше басты сипаттамаға ие. Солардың бірі – тілмен академиялық танысуды шынайы тұлғааралық қатынастардағы қолданылуымен байланыстыру. Мұндай бағыт ежелден белгілі «бойдағы толғанысқа қосу» идеясымен ұштас келеді, яғни адам тілді пайдалана отырып, өзінің қандайда сезіміне бөленуі тиіс.

Педагогикалық әдебиеттерде мұндай үдеріс үйретім/үйренім субъектінің шынайы болмыспен араласа қандай да толғанысқа түсуі ретінде түсіндіріледі. Осылайша оқу-үйретім үдерісінде сезімдік (сенсорлық) тетіктер іске қосылады – адам жұмыстың табиғи жағдайларымен танысады, өзінің іс-қызмет атқару мүмкіндіктерін пайымдайды. Бастысы – өзінің жұмыс атқару тәжірибесінің эмоционалдық толғаныс, күйзелісін нақты практикалық ортада байқастырады. Өз мәні тарапынан бұл дуальдық жүйе элементтері. Мұндай элементтердің бірі оқу-үйретім/үйренімнің коммуникативтік түрінде сақталып, болашақ маманның қажетті дәрежедегі практикалық дайындағаны кепіл бола алады. Оқу-үйретімнің практикалық формаларын енгізу идеясы өзінің нақты шешімін теориялық және приктикалық формалары теңдей бірқатар, екі бөлікте жүргізілетін жағдайлардаіске асып жатады. Мұндай оқу-үйретім түрінің мысалы болашақ мұғалімдікке дайындалып жатқан студенттерді (қазақ, түрік жастары) орыс тілінде еркін сөйлеуге үйрету әрекеттері.

1. Филология факультетінің орыс тілі және әдебиеті бөлімінде негізінен ауылдан шыққан қазақ балалары мен Түркиялық жастар болашақта орыс тілі мұғалімдері болуға дайындалады. Бұл бөлімнің оқу-үйретім бағдарламалары дәрісханалық, яғни тілді теориялық тұрғыдан және оны үйрену барысында практикалық қолдана білуі көздейді. Орыс тілін үйрету/үйрену әдістемесі бойынша теориялық дайындықтан өткеннен соң студенттер орыс тілі сабақтарына қатысып, оларға талдау беріп, базалық мектептерде орыс тілі сабақтарын өткізуі тиіс. Болашақ мұғалімдер теориялық және практикалық емтихандар тапсыруы қажет. Оқу-үйретімнің мұндай тұжырымдамасы өз алдына студенттердің тілдік білімдерді ғана игеріпшектелместен, аса мәнді келетін, таңдаған кәсіби саласында табысты мансапқа жетудің кепілі – кәсіптік құзіретті меңгерту мақсатын көздейді. Болашақ ұстаздар-студенттер оқу-іс әрекетіне қатысып, өнімді жұмыс қабылетін шыңдай түседі.

2. Арнайы мамандандыру оқу-үйретімінің негізгі мақсаты орыс тілін қорындағы терминология аппаратты меңгерту. Оқу-үйретім ең алдымен мән-мағынаға ие болған мәтіндер негізінде атқарылады. Мұндай басымдық мүмкін болғанша арнайы терминологиялардың көбірек меңгертуге беріледі. Орыс тілін студеннтер қарым-қатынас құралы ретінде үйреніп жатпастан, оны іс-қызметтегі қосымша құрал есебінде меңгереді. Ескертілуі лазым шарт, жаһандану дәуірінде мамандандыру оқу-үйретімінің мұндай бағыты өте шектелген. Болашақ мамандар кәсіптік тақырыптарда сұхбаттасымен байланысты келетін кейбір коммункативті құзіреттілік элементтерін міндетті түрде меңгеріп, қолдана білуі қажет, ал бұл ептілікке қол жеткізу оқу-үйретімінің практикалық формаларына сүйенеді.

3. Шет ел тілдерін меңгеру мақсаттарына орайлас филологиялық және кәсіптік бағдар-бағыттар өзара өте жақын. Филология факультетінде студенттер тілді мектептегі ұсыным нысаны ретінде меңгереді. Филолог емес студенттер де тілді болащақ кәсіби іс-қызметінің негізгі құралы есебінде игереді. Демек, тілді меңгеріп алу үдерісі кәсіпке үйренумен біртұтас, ажырамас күйде атқарылуы тиіс. Бұл сынды оқу-үйретім/үйренім әдісін ұстаздар филологиялық емес, яғни туризм, халық-аралыққаныстар, экономика, медицина т.б. мамандықтарына дайындайтын факультеттерде қолданады.

Белгілі болғандай, жақын болашақтың өзінде аймағымызда кең өрісті туризм рыногы ең жаймақ. Демек, алыс-жақын елдерден турист-қонақтар қызмет көрсетітн көп тілді кадрлар қажет болатыны сөзсіз.

Бүгінгі таңдағы студенттердің қай-қайсысыда ғаламтордан ақпарат алудан кенде емес: өздері бағыт түзеді, сұхбат тақырыптарын ұсына алады, өздерінің тілдік білімдерін белсенді пайдаланып, терминологиялық қорын еркін қолдпну мүмкіндігіне ие. Осы үдерістдердің баршасын кәсіби іс-әрекертке алдын-ала дайындық есебінде назарға алуға болады. Алайда, «жалаң» меңгерілген тіл болашақ маманның кәсіптік іс-қызметіне талапқа сай әрекетке келуіне мүмкіндік ала бермейді. Осыдан, университтетегі кәсіптік тілді игеру тұжырымдамасын қайта пайымдап, оқу-үйретім/үйренім үдерісі бағдарламасын жаңаша бағытқа түсірген жөн. Ондай бағыт – қос білімді жүйе элементтерін енгізу, яғни оқу-үйрену барысын бизнеспен ұштастыру және оны кәсіби орыс тілін меңгертуге пайдалану. Туризм мамандығы бойынша дәріс алып жатқан студенттер үшін кәсіби орыс тілін игеруде практикалық курстың өте пайдалы формасы – ол оқу-үйретімінің оқу-үйретім/үйренімдік экскурсия. Мұндай әдіс болашақ мамандардың білім және тәжірибе ауқымын концентрлік кеңейту принципіне сәйкес ұйымдастырылуы лазым. Бастысы, оқу-үйретім/үйренімдік экскурсия оқу бағдарламасының міндетті практикалық элементі ретінде қабылданғаны жөн. Бұл элемент бойынша шәкірттер курс аяғында мемлекеттік практикалық емтихан тапсыратын болса, әбден жөн болар еді. Осыдан тіл үйренуге деген жауапкершілік жоғарылап, студенттердің ынта-ықыласы (мотивация) нәтиженің табысты болуына елеулі дем берері ақиқат. Бұған қоса айтарымыз, шет ел тілдерін үйрету жөнінде және оларды кәсіптік іс-қызметіне қолдану туралы әнгіме қозғалғанда, тіл үйрету ұстаздары қай жағдайда да студенттерге басшылық жасаудан жалықпауы тиіс. ЖОО-да практикалық үйретіліммен бірқатар студенттердің шет ел тілін бизнес жұмыстарымен араласа жүргізіп, үйрене, шыңдағаны өте пайдалы. Шет ел тілдерін меңгертуге бағытталған жаңа тұжырымдаманың маңызды элементі бизнестік серіктестерді таңдау, табу. Жұмыс берушілер мен бизнес өкілдері, егер университет бітірген бойдан өздерінің кәсіптік міндеттерін орындауға дайын, жақсы маманданған кадрларды қажет етсе, оқу-үйретім/үйренімге инвестиция құйғаны әбден мақұл болар еді. Орыс тілі бойынша қосбілімді оқу-үйретім жолына түсу үшін бұл жүйенің түбегейлі жаңа тұжырымдамасын негіздеп, жаңа форматтағы тіл үйрету бағдарламасын жасап шығуды ұсынған болар едік. Осыған орай ұстаздардың ұжымдық тәжірибесі мен білім-біліктері біраз іс тындырары анық, ал бұл үшін белсенділік танытар кәсіптік форумдар ұйымдастыру, тәжірибе, идея алмасудың пайдасы орасан.

Әдебиеттер:

  1. Хохлов Н.Г. Теория и практика подготовки инженеров на основе интеграции обучения, науки и производства: автореф. дис. … д-ра пед. наук. – М., 1993. – 50 с.
  2. Бреус М.Е., Довгополая Н.В., Ноговицына А.В. Совершенствование преподавания в ВУЗе и формирование экономической культуры в образовательном процессе // Аграрный вестник Верхневолжья №2 (11), 2015.
  3. Бехтольд А. Дуальное обучение: опыт Германии и реалии России. Дуальная система // Управление производством. – 2008. – № 1.
  4. Карасаева Х.О. Дуальное обучение в практике образовательных учреждений Казахстана. – Актауский колледж «Кайнар», 2013
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Дуальное обучение.


Задать вопрос