Рухани жаңғырудың жарқын жолы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Мырзанова, М. И. Рухани жаңғырудың жарқын жолы / М. И. Мырзанова, Ж. М. Серибаева, А. К. Рахметова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 14.1 (200.1). — С. 14-16. — URL: https://moluch.ru/archive/200/49092/ (дата обращения: 17.12.2024).



Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы», – деп атап көрсеткен болатын. Бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы айтылады. Сонымен қатар, сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы мәселе көтеріліп отыр. «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған бұл мақала мәні мен мазмұны, маңызы мен мағынасы қоса өріліп, өзіндік өміршеңдігін көрсеткен көлемді туынды болғаны сөзсіз. Тарихтың толқындарын таразылаудан басталып, ұлт болмысын барынша бағамдаумен байланысып, мемлекеттік атқаруы тиіс міндеттерін межелеп берген мақала әрбіріміздің тебіренуімізге түрткі болды [1].

Әлем жаңа тарихи кезеңді бастауда. Сондықтан, жаңа дәуірден ең жақсысын алып, жаңа жағдайларға назар аудару және бейімделу маңызды болып табылады. Президентіміздің осы мақаласы арқылы қазақ елі расыменде түп тамырынан рухани жаңғырып, биік мақсаттарды көздеп, дамыған отыз елдің қатарына енетініне, әлем елдерімен тереземізді теңестіреріне сеніміміз мол. Себебі, осы мақала аясында мақсат айқындалды, міндет жүктелді. Осы мақсат-міндет діттегініне жету үшін, біріншіден, ұлттың өзінің ұлттық кодын, генетикалық жадысын сақтап қалу деген дүниеге барынша мән беруге міндеттіміз. Бұл өте маңызды мәселе. Өйткені, тамырынан үзілген бәйтерек жапырақ жаймайтыны секілді негізігі дәстүріне, тарих қойнауының сақталған сүбелі сеніміне сүйенуіміз қажет. Екіншіден, мақаладағы «өмір сүр білу үшін өзгере білу керек, өзгере білмеген халық тарихтың шаң-тозаңында қалады», – деген сөзді нысанаға ала отыра, төл тарихымыздағы ата-бабаларымыздың өмір салтының жарқын үлгілерін, ұлттық болмысының өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгертіп, тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз қажет.

Осылайша Елбасымыздың мақаласында заманға сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру жұмысына басымдық берудің қажеттігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз-ұлтымыздың барлық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш.

Қазақстанның рухани саласында реформалық жаңашылдықтар болып табылатын Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынып отырған рухани жаңғырудың негізгі бағыттарын біздің ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін, прагматизмді, ұлттық сәйкестілікті сақтауды, білім басымдығын және оларды табысы жүзеге асыруға бағытталған мемлекет дамуының жаңа идеологиялық тұғырнамасы болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекеге қабілеттілік. Ғаламданудың жаһанданудың ғаламдық жүйесіне еніп, XXI ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты. Қазақ халқы үшін бұл – бүгінгі таңдағы ең басты шарт-талаптардың бірі. Яғни, жаңа ғасыр, жаңа заман осыған қарай тез қарқынмен зымырап, бет алып барады. Ендігі жерде кім жанталасып жақсы жұмыс істейді, жаңаша жаңалықтарға қалай тез қол жеткізеді – соның жолы болады.

Прагматизм. Ұлан-ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолдап, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеологияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаев алдағы он жылдықтардың ұранына «реализм мен прагматизмді» ұсынды. Біз – бабалар батасы дарыған елміз. Сондықтан елбасы Тәуелсіздік жылдары қоғамды бос демагогия дертінен арылтуға күш салды. Оның орнына елді өркендетер түбегейлі жаңғыруларға жұмылдырылды.

Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыздың үшінші қағидасы ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатынын ескертті. Ол, әрине мақала авторы жазып отырғандай, «ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елдің» мәдениеті еді. Демек, ендігі кезекте «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды, жәй ғана жаңғыру болып қалатынын» жеткізді [2].

Қалай болғанда да уақыттың өзі адамның рухани өміріндегі басы артық нәрселерді ұмыттырып отырады. Ал, тіл – ұлттық кодымызды сақтаудың ең маңызды құралы. Білімнің салтанат құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне басты назар аударады.

Мемлекет басшысы ғасырлар қойнауында қалып, жылдар өте саяси себептермен де сергелдеңге түскен «қазақ әліпбиінің» тағдырын да назардан тыс қалдырған жоқ. Елбасы бұл мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келе жатқанын білеміз. Өркениетті елдер қатарына латын қаріпіне көшу арқылы бір табан жақындай түсетінімізді жеткізді. Біз латынға көшу арқылы қазақ тілінің табиғи, таза қалпын сақтап қала аламыз. Жаңа жаңғыруға қоғам да, заман да дайын. Бұл бізге таңсық емес. Бұл – уақыт талабы. Ол ең біріншіден, үштілділікті қалыптастыруды жеңілдете түспек. Екіншіден, латын графикасы цифрлық техникаларды енгізуге жол ашады. Осылайша еліміз озық техникасы бар көшбасшы мемлекеттермен терезе теңестіреді. Үшіншіден, халықаралық тілге көшу бүгінде әлемдік үрдіске айналып отыр. Бұл мәселе жөнінде үкіметтің іске кірісетінін де тілге тиек етті. Нәтижесінде 2025 жылға қарай латын әліпбиіне толықтай көшу жоспары да жарияланған. Мемлекеттік тіліміздің латын графикасындағы біріңғай стандартты жарқын болашақ кепілінің кілті екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді.

ХХ ғасыр қасіреттерін қаперімізде сақтап, одан сабақ алу және де дүрбелең туғызу экономикалық күйреуге алып келетінін қазіргі кезде болып жатқан әлемдік толқыныстарды мысалға келтірді. Революциялық емес, эволюциялық жаңару алып келуіміз керектігіне ой қорытты.

Қазақстанның келешектегі дамуының негізгі басымдығы мен бағыты ретіндегі мәдени-адамгершілік құндылықтарды сақтауға және білім беруді жаңғыртуға ерекше назар аударылған. Президент айтқан экономикада қойылған міндеттерге жету және даму, ал ең маңыздысы, әрине, қазіргі әлемнің жоғары дамыған алдыңғы қатарлы елдердің санына ену. Ал бұл рухани құндылықтар мен басымдылықтар дұрыс қойылған қоғамда ғана мүмкін болып, іске асады.

Мақаладағы тағы бір бағдар – «жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының қолға алынуы. Бұл әлемдегі ең таңдаулы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударылуы деген сөз: «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз». Өз тілінде терең білім, жан-жақты ақпарат алған адам қай орта да да өзін еркін ұстайды. Бұл, бір. Екіншіден, мейлінше терең әрі сапалы білім беретін тілге деген сұраныс та, құрмет те жоғары болады.

Ұлт көшбасшысының ойынша, бар мәселе сананың ашықтығында. Ал сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. «Біріншіден, ол дүйім дүние, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілі, қысқасы барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалудың нағыз үлгісі»

Бағдарламалық мақалада айтылған тағы бір жәйт жүз жаңа тұлғамен байланысты. Осы ретте әр кезеңнің өзіндік бетке ұстар қайраткерлері болатынын айтып өткен абзал. Тәуелсіздік алғалы бергі ширек ғасыр ішінде біздің еліміздің де көпке үлгі етерлік қаһармандары пайда болғанын мойындауымыз қажет. Олар өнер, білім, спорт, тіпті қорғаныс, медицина салаларында да кездеседі. Мұндай адамдарды әрбір елді мекеннен кездестіруге болады. Міне сол тұлғалардың ерен еңбегін елеуіміз қажет. Тағы айта кететін өзекті жәйт, еліміздің рухани жаңғыруы жолында бірден-бір қажетті әрі пайдалы «Туған жер» бағдарламасы. Бұл бағдарлама аясында патриоттық сезімнің ең алдымен туған жерге, кіндік қанымыз тамған ауылға, қысқасы, Қазақстан деген қасиетті мекенді сыйлап, қадірлеп, құрметтеуден басталатынын ерекше атап өтті.

Елбасымыздың осы мақаласы арқылы біз қазақтың тектілігін сақтап қала аламыз. Әсіресе, жастарды, болашақ ұрпақты батыстанудан қорғап қалуға күш салуымыз қажет. Осы мақалада көтерілген идеяларды толыққанды жүзеге асыра білсек, еліміздің рухани дамуы жеделдете түсетіні анық. Рух болмысының жаңғыруы адамның рухани дүниесін байыту мен қоғамды дамытуға кеп тіреледі.

Белгілі түркітанушы Лев Гумилев: «Кез-келген ұлттың күштілігі – оның санасының көптігінде емес, өзінің артындағы ұрпағына сақтап, қалдыратын және бүкіл әлемге тарататын рухани мәдениетінде», – деген болатын. Демек, рухани жаңғыруды белсенді түрде қолға алуға шынайы қажеттілік туындап отыр. Ол үшін Елбасымыз көтерген қоғамды рухани жаңғыру мәселесін көздеген жеріне жеткізу қажет. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар жұмыстар. Ата-бабаларымыздың аманат керуенінің жүгін қисайтпай, көшін бұзбай, өз тұсымыздан келер ұрпаққа өткізуіміз керек. Орта ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн былай деп жазып кеткен: «Өнер, білім-қос қанаты адамның, осыменен білерсің тілін ғаламның». Осы бір сүбелі сөзді санамызда ұстай отыра, елбасымыздың халық қамын ойлап, рух пен сананы жаңғыртайық деген үндеуін сіз болып, біз болып жарқын жолдан жаңылмай аяқ басайық,осы бір тарихи кезіңнің теріне табан тірейік! [3]

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан. – 2017. – 12 сәуір.
  2. // Кәсіптік білім көкжиегі. – №1 (37).
  3. Жұмағазиев Е. Қанатты тарихи сөздер. – 2008.
Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена.


Задать вопрос