«Бәрін білгім келеді» қазақ тілінен факультативтік курсының бағдарламасы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Педагогика

Опубликовано в Молодой учёный №21 (101) ноябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 23.10.2015

Статья просмотрена: 1691 раз

Библиографическое описание:

Ерменова, М. Т. «Бәрін білгім келеді» қазақ тілінен факультативтік курсының бағдарламасы / М. Т. Ерменова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 21 (101). — С. 860-863. — URL: https://moluch.ru/archive/101/21975/ (дата обращения: 16.12.2024).

Данный курс составлен для учащихся 8–9 классов. Особенностью курса является его учебно-познавательная и воспитательная направленность. При его составлении я руководствовалась тем, что наблюдала на практике: учащиеся имеют скудные знания относительно культуры, быта и обычаев казахского народа. И поэтому основное количество часов отведено именно этим темам. Ожидаемый результат: расширение кругозора учащихся, повышение интереса к урокам казахского языка и литературы.

Ключевые слова: факультативный курс, цели, задачи, учебно-познавательный, воспитание.

Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкіртттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осысымен бағаланады.

Цицерон

«Бәрін білгім келеді» қазақ тілінен факультативтік курсы 8–9 сынып оқушыларына арналған. Осы курстың бағыты-оқу-танымдық, тақырыптар әр түрлі салаларды қамтиды: салт-дәстүрлер, өнер, қазақ дастарқаны, т.б. Мысалы, «Тіл-ұлттың игілігі» тақырыпты атап кетсек, «ҚР Тілдер туралы Заңы» бойынша мәліметтер беріледі. Өкінішке орай, кейбір оқушылар осы заң нешінші жылы қабылданғанын білмейді. Сондықтан мәтіндердің көбінде оқушылар білуге тиіс мәліметтер кіргізілген.

Курстың ерекшелігі алынған мәтіндердің оқу-танымдық және тәрбиелік бағытында. Әл-Фараби былай деп айтқан: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі».

Сонымен қатар әдебиеттен де кино түрінде сабақтар кіргізілген. Жоғары сыныптарда бағдарлама бойынша көлемді шығармаларды өтеміз. Сондықтан мұғалімнің жұмысын жеңілдету мақсатында 4 фильмді енгіздім.

Кейбір тақырыптарға «Артық болмас білгенің.».. бөлімі беріледі.

Әр тақырыптан кейін бекіту жаттығулар беріледі және оқушылардың білімдерін анықтау мақсатында тоқсандық бақылау өткізіледі.

Жылдық сағат саны-34, аптасына 1 сағат.

Курсты оқытудың мақсаты:

елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлғаны қалыптастыру.

Курсты оқытудың міндеттері:

ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы мәтіндерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту.

Сабақ типтері:

  1.                Жаңа білім беру сабағы
  2.                Оқу киносы, бейнефильм, телебағдарлама пайдалануымен сабақ
  3.                Практикалық сабақ
  4.                БШД тексеру, бағалау және түзету сабағы
  5.                Аралас сабақтар
  6.                Қорытынды, білімді сынау сабақтары

Сабақ формалары:

  1.                Сабақ-ойын
  2.                Сабақ-сынақ
  3.                Шығармашылық сабағы
  4.                Сабақ-дәріс

Оқыту әдістері:

  1. Сөз әдістері:

        дәріс

        әңгіме

        түсіндіру

        әңгімелесу

        кітаппен жұмыс

  1. Көрнекілік әдістері
  2. Бақылау әдістері
  3. Зерттеу әдістері
  4. Эвристикалық әдістер

р/б №

Тақырыбы

Сағат саны

Өткізу күні

1–2

Тіл-ұлттың игілігі

2

3

Ұлы адамдардың дана сөздері

1

4

Дүние жүзіндегі қазақтар

1

5–6

Шежіре-қастерлі қазынамыз. Жеті ата. Мен жеті атамды білемін бе?

2

7–8

Кино өнеріне саяхат. «Қыз Жібек» фильмі

2

9

Киелі сандар

1

10–11

Балаға ат қою

2

12

Туған-туысқандардың есімдері нені білдіреді?

1

13

Қонақ күту

1

14–15

Қазақ дастарқаны

2

16

Шай түрлері

1

17

Ұлттық тағамдарды дайындауға үйренейік

1

18

Бата

1

19

Бата түрлері мен бата мәтіндері

1

20–21

Ұлттық ойындар

2

22

Ойнайық та, ойлайық

1

23

Ырымдар мен тыйымдар

1

24–25

Салт-дәстүрлер. Тілашар.

2

26

Біздің Президентіміз

1

27

Желтоқсан жұлдыздары

1

28

Ән үйренейік

1

29–31

Жеті қазынаға не жатады?

3

32

Кино өнеріне саяхат. «Ботагөз» фильмі

1

33–34

Қорытынды сабақ. Концерт.

2

Пайдаланылған әдебиет:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде» журналдары
  2. Б. Құлмағамбетова, Ж. Елемесова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек»
  3. «Жеті қазына» кітабы
  4. «Мөлдір бұлақ» журналдары
  5. Н. Беріков «Қазақ тілі сабақтары»

Курстың электрондық сүйемелдеуі:

  1. «Қыз Жібек» фильмі
  2. «Көшпенді» фильмі
  3. «Ботагөз» фильмі
  4. «Батыр Баян» фильмі
  5. «Қазақтың кең дастарқаны» презентация
  6. «Небо моего детства» фильмі
  7. М. Омаров «Анашым» әні

 1–2 сабақ

«Тіл-ұлттың игілігі»

Знать язык сегодня стало

Лишь один, не скрою-мало.

Если два-вопросов нет,

Ты для всех авторитет.

Тех, кто три прекрасно знает

Все за гениев считают.

Ну, а если все четыре-

Нет людей богаче в мире.

Е. Елубаев «Самый богатый человек в мире»

Қазақ тілі-мемлекеттік тіл

Тілді зерттеушілер қазақ тілін ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі деп есептейді. Қазақ халқы көне дәуірлерден бері осы тілде қарым- қатынас жасады. Осылайша қазақ тілі ата бабалар мұрасын осы күнге жеткізді. Қазіргі қазақ тілі өркендеген мәдениеттің тілі болып, жан-жақты дамыды. 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні Парламент «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Занды қабылдады да, қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттіқктілі мәртебесін берді. 1997 жылы «Тіл туралы» Заң қайта талқыланды. Сөйтіп, осы жылы шілденің 7-сі күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» жаңа Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып есептеледі. Қазақ тілінің қолдану шеңберін кеңейту үшін Республикада «Тілдерді қолдану және дамыту бағдарламасы» дыйындалады.

Қазір қыркүйектің 22-сі «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі болып аталады. Жыл сайын елімізде осы тіл мерекесіне арналған апталықтар өтеді.

Тапсырмалар:

1 деңгей

Сұрақтарға жауап бер (қажет болған жағдайда Интернет мүмкіндіктерін пайдалан)

  1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
  2. «Тіл турал Заңы» бірінші рет қай жылы шықты? (22.09.1989ж.)
  3. Тіл мерекесі қай жылдан бастап тойланады? (22.09.1989ж.)
  4. Екінші «Тіл туралы заңы» неше баптан, тараудан тұрады? (27 баптан, 16 тараудан)
  5. Екінші рет «Тіл туралы Заңы» қай жылы қабылданды? (11 шілдеде, 1997 ж.)
  6. «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» деген кімнің сөзі? (Шыңғыс Айтматов)
  7. «Игі істің басы — тіл» кімнің сөзі?(Махмұд Қашқари)
  8. «Құдатғу білік» кітап қандай жазумен, қай жылы жазылған, аудармасын бер, авторы кім? (араб жазумен, 1069ж, ірі ғұлама Жүсіп Баласағұни).
  9. «Диуани лұғат-ат түрік» қандай жазумен жазылған, қай жылдары жазылған, аудармасын бер, авторы кім? (араб, 1072–1074ж.ж., Сборник тюркских слов, Махмуд Қашқари)
  10. Латын афавитін неше жыл бойы және қай жылдан бастап қай жылға дейін пайдаланылды? (900 жыл бойы, 1072–1929 ж.ж.)
  11. Орыс аафавитін қай жылдан бастап қай жылға дейін пайдаланды? (1940ж.)
  12. Латын алфавитін қай жылдары пайдаланды? (1929–1939ж.ж.)
  13. Қазіргі тіл білімін негізін салушылар көрнекті қазақ ғалымдарын атаңдар.

(А. Байтұрсынов, Х. Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Кенесбаев).

2 деңгей

1. Бұл сөздерде Ахмет Йүгінеки қандай кеңес беріп, адамға тілдің қандай қасиеті туралы айтады? Жүсіп Баласағұни ше? (топтық жұмыс)

Бақ тіліңді, аздап сөйле, мұра-сол,

Сонда аман-сау, тек жүресің, рас-ол.

«Адамды отқа күйдіретін тіл екен,

Өзіңді оттан сақта! деген Расул.

Ахмет Йүгінеки

Жақсы сөз көңіл-ойды идіреді,

Қыңыр сөз амалсыздан күйдіреді.

Әділ сөз пайдасы көп тебірентер,

Бәрі де қисық сөздің кері кетер.

Жүсіп Баласағұни

Сөзі өтірік адамдардан алыс жүр,

Жолмен тура, шыншылдықпен өмір сүр.

Тіл мен жақтың нағыз көркі-шын сөзі,

Шынын айтып, бұл сөзіме құлақ түр.

Ахмет Йүгінеки

Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі.

Жүсіп Баласағұни

3 деңгей

1.Мәтінді оқып шығып, келесі сұрақтарға жауаптарды тауып, теріп жаз. Негізгі мәліметтерді есіңде сақта.

Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

—Қазақ тілінің мәртебесі.

—Орыс тілінің қызметі.

—ҚР «Тілдер туралы Заңы» нешінші жылы қабылданды?

—Тілдер Күні қашан?

2. Тіл туралы сөздерді аудар:

Қос тіл-қос қанатың.

Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек.

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

(Ғабит Мүсірепов)

Әркімнің туған тілі — туған шеше,

Оған бала міндетті сан мың есе.

(Сабит Мұқанов)

«Әр халықтың ана тілі — білімнің кілті... Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын».

(Ахмет Жұбанов)

Артық болмас білгенің

Оқыңыз, қызық!

Елімізде полиглоттар (көп тілді білетіндер) өте көп. Рим университетінің профессоры Карло Тагливани 35 тілді білген. Дания ғалымы Расмус Раск 230 тілді білген. Шютце деген неміс 270 тілде сөйлеген. Совет академигі Н. Я. Марр 100 тілді білген.

В. И. Ленин ондаған тілдерде жақсы сөйлеген: орыс, ағылшын, француз, грек, латын, поляк, итальян, швед, фин тілдерін жетік білген.

Тапсырма:

Төменде берілген қанатты сөздерді көшіріп жазып, естеріңізде сақтаңыздар.

«Тіл жоқ жерде ұлт жоқ»

(Ш. Айтматов.)

«Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып,

Ел — жұртыңды сүйе алмайсың»

(К. Паустовский)

Основные термины (генерируются автоматически): Ахмета, оса.

Ключевые слова

факультативтік курс, мақсат, міндеттер, оқу-танымдық, тәрбие., тәрбие

Похожие статьи

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Қазақ халқы ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Бүгінде әрбір ұлт өз тарихы мен мәдениетін зерттеу тәсілдерін қайта қарастыруда. Әр түрлі мәдени дәстүрлерді өзара байытуға ықпал ететін адамдардың бірнеше ұрпағы жасаған барлық халықтардың тәжірибесін, олардың рухани құндылықтарын тану, құрметтеу жа...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы тәрбиенің негізгі құралының бірі болып табылады. Балал...

Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын...

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Бастауыш сыныптарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

Қашықтықтан оқыту — білім, білік, дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процесінің тұтас немесе белгілі бір бөлігі мұғалім мен оқушының жергілікті алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыр...

Бастауыш сынып оқушыларының таным белсендлігін жоғарлату факторы ретінде зерттеу іс-шарасының дағдыларын қалыптастыру

Заманауи мектеп оқушыларда кең ғылыми ой-өріс, жалпы мәдени қызығушылық қалыптастыруға, жалпы адами құндылықтар басымдылығын жасауды нығайтуға бағытталған. Сондықтан авторлар бастауыш мектептің басты міндеттерінің бірі — әр баланың жеке дамуына толық...

Нұр-Сұлтан қаласының автотұрағын талдау және көшелеріндегі көлік кептелісі жағдайларын анықтау

Нұр-сұлтан, Қазақстан Республткасының елордасы көлік инфрақұрылымының қарқынды дамуы, сондай-ақ қала экономикасы мен халқының жақсаруы осы салада бұрын болмаған бірқатар проблемаларды анықтады. Енді қаланы қарбалас уақытта түсіру міндеті барған сайын...

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының рөлі

Мақалада шаруа немесе фермер қожалықтарының рөлі, олардың қалыптасу және даму кезеңдері қарастырылады. Шаруа қожалығының ауыл шаруашылығындағы тұрақты динамикалық нысаны ретіндегі сипаттамасы келтірілген. Тиімді жұмысты ұйымдастыру үшін олардың эконо...

Құрылымдары әр түрлі тілдердегі аударма барысындағы мәселелер

Әлемде неше тіл болса, сонша мәдениет бар. Мәдениет алмасу, әсіресе жаһандану заманында орасан зор маңызға ие. Бұл ретте аударма қарым-қатынастың өзекті кілті болып табылады. Аударма ісі қызығы мен қиындығы қатар жүретін құбылыс. Әсіресе, құрылымдары...

Задать вопрос