Туризмді дамытудың негізгі бағыттары мен туризмнің экономикадағы рөлі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Темирбекова, Э. Т. Туризмді дамытудың негізгі бағыттары мен туризмнің экономикадағы рөлі / Э. Т. Темирбекова, Б. К. Шайхыслам. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 8.1 (142.1). — С. 55-57. — URL: https://moluch.ru/archive/142/39979/ (дата обращения: 17.12.2024).



Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі күні Туризм әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Осыған байланысты Тәуелсiздiк алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көштi. [1]

«Туризм» деген термин әдебиет парақтарында 18 ғасырдың соңында пайда болды, ол 19-20 ғасырда кең қолданыла бастады. Солай бола түрса да, ең алғаш бұл сөз 18 ғасырда Британ аралында осы елге келетін Англия жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылады. Француз, Италия, Германия жастарының оқуларын толықтырып әрі қарай жетілдіру үшін мектептерге жіберіліп тұрды. Дегенмен,туризм деген өте кең түсінік, әдебиеттерде туризмге берілген әр түрлі анықтамаларды байқауға болады. В. Унцикер туризм деп тек табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімдік сапардағы құбылыс пен қатынастардың жиынтығын атады. Кейбір авторлар «әр түрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды» туризмге жатқызады. Туризмге қысқа да, сәтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен Кеңестік Энциклопедия) берді: «туризм – бос уақыттағы адамның белсенді саяхаты, сапары, жорық жасап демалуы». [2]

Айталық 20 ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтап, «туристтік – сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географмиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және әлеуметтік сұрақтардың жиындысы» деп анықтама берді.

Туризмді зерттеуде атағы сіңген В.С. Преображенскийдің айтуынша, «туризм» термині туралы мынадай негізгі түсініктер беріледі:

-демография мен халық географиясы және әділет ғылыми оқитын халық қозғалысының ерекше түрі;

-экономика саласы, экономика мен экономикалық географиямен айналысатын халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттілігін өтейтін салаларының біреуі;

-социология мен рекреациялық география айналысатын тұрақты жерден тыс жерлерге бос уақытты өткізудің түрі.

Қазірде туризм анықтамасын екі топқа біріктіруі мүмкін – жұмыстық және концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, әлеуметтік, құқықтақ және басқа да туризмнің салаларына қатысы бар. Екіншісі туризмнің ішкі сырын ашады.

Аталған себептерге байланысты тарихи даму процестерінде «туризм» мен «турист» деген түсінікке біраз өгерістер еңгізілді. Алайда, практикалық жағынан туризмнен гөрі турист деген түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет етеді.Дегенмен, Ең алғашқы турист деген анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сұрыптау Комитеті берді (1937ж.). Ол халықаралық түсініске ие болды және азғантай түзетулер мен біздерге де жетті«Турист»-сөзі Вебстер сөздігінде А.Д. Чудновский 19ғасыр зерттеуі бойынша бұл « қызығушылығын қанағаттандыру мақсатындағы жол сапары»

Турист- игіліктерді алушы және транспоттық қызмет пен тамақтану мен мекен жайды қажет ететін экономикалық субьект болып табылады.Туристік индустрияда туристік қызмет саласының ұлғайып көбейуіне байланысты, көптеген экономика саласындағы әлеуметтк секторда қызмет саласында даму алды.Жалпы туризмнің экономикадағы негізі туристік ағым және туризм индустриясынан түсетін табыс көзі.Турист экономикалық анықтамасында статистикалық зерттеу обьектісі болып табылады.

Соңғы жылдары турист ұғымының анықтамалары ресми халықаралық туристтік ұйымдар одағының жиындарында және саяхаттар туралы конференциясында және туризм туралы парламентаралық конференцияның конгресінде талқыланған. Бұл оның теориялық және практикалық жағынан маңызының зор екендігінің және оған берілетін анықтаманың толық та дәлірек болу керектігін көрсеткендігін дәлелдейді.

Бұл анықтама мыналарды қамтиды:

- туристер немесе келушілер деп, осы елде кемінде 24 сағат болатын адамдарды айтады және олардың саяхат жасау мақсаттарын мынадай топтарға біріктіруге болады: а) бос уақыттарын көңіл көтеруге, каникулға, емделуге, оқуға, спорт немесе дінге пайдалану; б) жұмыс бабымен, отбасы ісімен, мақсатпен, съезд, симпозиум немесе конференцияға келушілер;

- экскурсанттар, немесе уақытша келушілер, елде 24 сағаттан аз уақыт болады.

Қазақстанда туризмнің дамуы ХІХ ғасырда жергілікті немесе аймақтардан келген әуесқой адамдар жалғыз басына немесе топ түрінде экскурсияларды, жорықтарды және көрікті жерлерге серуендерді өткізе бастады. Ал ондай көрікті жерлер Қазақстанның таулы аумақтарында көп болғаны әрине белгілі.

ХІХ ғасырдың басында-ақ Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі 1927жылы іс-әрекет аясына болды. Алайда,ең алғашқы нұсқаушылардың бірі Г.И.Белоглазов болатын. Ол ыстық көл жағалауларына сапар шекті. Әдетте,Бүкілодақтық Акционерлік қоғамның «Интурист» Қазақстандық бөлімшесі 1955 жылы Алматыда ашылды.Содан сон 1991 жылы бұл қоғам «Қазақстан Интуристі» ұлттық компаниясы болып қайта құрылды.

Осыған байланысты 1965 жылы Қазақстан Республикасына туризм мен экскурсия одағы ұйымдастырылады және 5-облыстық одақ құрылады: Алматы облысында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал және Шымкент облыстарында, сондай-ақ бұл облыстарда экскурсия бюролары да ашылды.

1993 ж. Қазақстан Дүниежүзiлiк туризм ұйымына мүше болған. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданған болатын. Содан кейін 1997 ж. Қазақстан Республикасының Ұлы Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. Қазақстан Республикасының аумағы өте кең болғандықтан да, елдің өңірлері түрлі экономикалық әлеуетке ие және де ол табиғат байлықтарының орналасуымен, климаттық жағдайлармен т.с.с. айқындалған. Сонымен бірге Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкiншiлiк бередi және экономиканың басты тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет етедi.[2]

Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада басты орында және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас күнделікті шындыққа айналды. Көптеген кәсіпкерлердің туризмге қызығушылық білдіруі бірнеше факторлармен түсіндіріледі.Ең бірінші, туристік бизнеспен айналысуды бастау үшін, көп инвестицияның қажеті жоқ. Екіншіден, туристік нарықта ірі,орта,кіші фирмалар өзара әрекет ету.

Туристік аймақтың тартымдылығының болуын анықтайтын факторларға келесілерді жатқызуға болады:

- аймақтың қолайлы болуы;

- табиғатын және климатын;

- келушілердің сол елдегі тұрғылықты халықпен ара-қатынасы ;

- аймақтың инфрақұрылымы және қатынасы;

- бөлшек сауда жағдайы;

- баға деңгейі және талапқа сай келуі;

- спорттық және білім беру мүмкіншіліктері;

- мәдени және әлеуметтік жағдайдағы сипаттар.

Сондай-ақ, туристердің ағымының төмендеуіне әсер ететін басқа да мәселелер бар:

- виза мәселелерімен байланысты қиыншылықтар. Әдетте,визасыз кіріп-шығуға болатын елдер бар. Біз үшін осындай әкімшілік рәсімінің жеңілдеуі өте маңызды;

- Қазақстан Республикасының туризм агенттігі «Hot Line» құру ісімен айналысуда. Егер турист кез-келген аймақта туристік сапармен жүрген кезде төтенше жағдай болса, арнайы жүйе арқылы қажетті көмек жөнінде ақпарат беруге мүмкіндік туады. Бұл әрине мәселенің ұшығуының алдын алады;

- тұрақты негіздегі авиарейстің жеткіліксіздігі;

- көрсетілген қызметтердің бағасының деңгейін олардың сапасына сай болмауы (тұру, тамақтану, көлікпен қамтамасыз ету және т.б.);

- салық саясаты туризмнің дамуына кедергі жасайды, фирма туристерді жіберуге немесе қабылдаумен айналысатынына қарамастан туристік қызметке қосымша құн салығы салынады.

Туристік бизнесті шектеуші елеулі факторлардың бірі туризм индустриясы материалдық базасының мүмкіндіктерінің төмендігі болып табылады. Қазіргі уақытта, республиканың қонақ үйлерінде, турбазаларында, кемпингтерінде және басқа орналастыру объектілеріндегі сыйымдылық жүктеменің 35%-ын құрайды. [3]

Туризмнің дамуына әсер етуші факторлармен қатар дамуына кері әсерін тигізетін факторлардың болғанын да айта кету керек. Оған экологиялық факторлар жатады, ол туризмге зор ықпалын тигізеді. Себебі, қоршаған орта туристік қызметтің негізі және әлеуеті. [4]

Осыған байланысты,туризмнiң қазiргi индустриясы табысы жоғары және серпiндi дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бiрi болып табылады. Алайда туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнiмдерi және автомобиль экспортының табысынан кейiн тұрақты үшiншi орында келедi. Мұндай оң үрдiс жаңа мыңжылдықтың бас кезiнде де сақталады деп күтiлуде. Әлемдiк туристiк рыноктың дәстүрлi аудандары өзiнiң рекреациялық сыйымдылығының шегiне iс жүзiнде жеткендiктен, туризмнiң өсуi туристер баратын жаңа аумақтар есебiнен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдiк туристiк рынокта өзiнiң лайықты орнын табуға бiрегей мүмкiндiгi бар. Қазiргi туризм - бұл әлемдiк экономиканың құлдырауды білмейтiн саласы.

Әдебиеттер:

  1. Дуйсен Г.М. Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. Алматы, 2002. С. 94.
  2. Энциклопедия туризма: Справочник / Авт-сост. Зорин И.В., Квартальнов. В.А. – М.: Финансы и статистика, 2001.
  3. Курганбаева Г. Перспективы развития инновационной конкурентоспособной экономики Казахстана. // Аналитик №1, 2011 г. 39с.
  4. Бейжанова А.Т. Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы маркетингтің дамуы. // Вестник КазНУ: серия экономическая. — 2014. — № 4 -с. 52-53.
Основные термины (генерируются автоматически): туризм, Казахстан, немес, турист.


Задать вопрос