Мақала «Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризм дамыту мақсатындағы, округтің даму бағыттары мен жолдары» тақырыбын зерттеуге арналады. Мақала Қазақстан Республикасының жалпы туризм жағдайын және Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризмнің қазіргі жағдайын бағалау нәтижесінде жазылды. Мақаланы жазуда келесі міндеттер шешіледі: географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, туризмді дамыту мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану (экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық) бойынша отандық және шетелдік тәжірибелерді бағалау және талданып қарастырылған. Мақалада, Алматы облысының туризмін дамыту Қазақстан Республикасының туристік саласын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуы талданды. Алакөл аумағы орналасу жағынан экологиялық, танымдық, спорттық, емдеу-сауықтыру және аңшылық туризімді дамытуға қолайлы өңір екені айқындалды. Осыған орай, өңірдің туризм инфрақұрылымын дамыту жолдары мен маркетинг стратегиясын әзiрлеу қажеттілігі көрсетіліп, стратегия ұсынылды, негізгі проблемалар сипатталып шешу жолдары ұсынылды.
Кілтті сөздер: туризм, Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйым (ДТҰ), турөнім. зиярат ету туризмі, дәстүрлi туризм, туризм қағидаты.
Статья посвящена изучению темы «Направления и пути развития округа в целях развития туризма по Алакольскому району Алматинской области». Статья написана в результате оценки состояния туризма Республики Казахстан в целом и современного состояния туризма по Алакольскому району Алматинской области. При написании статьи решаются следующие задачи: анализ и оценка отечественного и зарубежного опыта по эффективному использованию земельных ресурсов (экономического, экологического, социально-правового) в целях развития туризма с учетом географических особенностей. В статье проанализировано, что развитие туризма Алматинской области осуществляется в соответствии с концепцией развития туристской отрасли Республики Казахстан до 2020 года, Программой развития сферы услуг в Республике Казахстан до 2020 года. Алакольская территория по своему расположению является благоприятным регионом для развития экологического, познавательного, спортивного, лечебно-оздоровительного и охотничьего туризма. В связи с этим, была показана необходимость разработки маркетинговой стратегии и путей развития инфраструктуры туризма региона, предложена стратегия, описаны основные проблемы и предложены пути решения.
Ключевые слова: туризм, Всемирная туристская организация (ВТО), турпродукт. паломнический туризм, традиционный туризм, принцип туризма.
Алматы облысының туризмін дамыту Қазақстан Республикасының туристік саласын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Алакөл аумағы орналасу жағынан экологиялық, танымдық, спорттық, емдеу-сауықтыру және аңшылық туризімді дамытуға қолайлы өңір. Сондықтан көптеген турист Алакөлдің емдік суына шомылу үшін емес, оның географиялық мүмкіндігін пайдаланып, тартымды демалыс ұйымдастыру үшін келеді. «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» экотуризмді дамытуға зор үлес қосуда [1].
Қорық қызметкерлері экологиялық және танымдық туризмді дамыту мақсатында 5 туристік бағыт ұйымдастырған. Алакөл көлі демалыс орны ғана емес, шипалы қасиетімен де танымал. Емдеу-сауықтыру туризмін дамыту бойынша Ақтүбек ауылында «Алакөл — Арасан» балшықпен емдеу-сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Орталықтың күніне 18 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар [2].
Аңшылық туризмінде ауданда 3 аңшылық шаруашылығы құрылған. «Алакөл көлінің жағалауында демалыс үйлері, демалыс аймақтары, пансионаттар Ақши және Көктұма ауылдарында орналасқан.
Аудандық кәсіпкерлік басқармасынан алынған ақпаратқа сүйенсек, бүгінде Алакөл ауданы аумағында 144 демалыс үйі, демалыс аймағы, пансионат, қонақүй және туристік кешен орналасқан. Атап айтқанда, 500 орынды СДО «Пеликан», 350 орынды «Ала теңіз», «Аласу» және 200 орынды «Қара Тас», 150 орынды «Көктұма» пансионаты, жекеменшік үйлердің жанынан ашылған қонақүйлер бір уақытта 4500 тарта демалушыларға қызмет көрсетеді [3].
Бір шақырымға созылған Арбат, 30-ға тарта дәмхана орналасқан. Қазіргі таңда, 993 дана кіші архитектуралық форма қойылып жатыр. Осы демалыс орындарының мүмкіндігін жақсарту үшін облыстық туризм басқармасы ҚР туризм саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамаларын бекіту туралы № 508 қаулысына сәйкес, көл жағалауының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 17 іс-шара қарастырыпты [4].
Соңғы жылдары демалыс аймағында ауқымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Көркейту шаралары биыл да жалғасып, нәтижесінде жағалау 400 метрге ұлғайды. Көлік құрылымын жақсарту мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен салынған теміржол Өскемен — Семей — Жалаңашкөл арасын жалғап, туристер санының еселеп артуына ықпал етіп отыр. Алакөл аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары көлге келген демалушылардың 80 пайызы еліміздің азаматтары екенін анықтаған. Бұл ішкі тиуризмнің өркендей бастағанының белгісі. Алакөлге келушілер қатары күрт көбейген.
Туризмді дамыту-әлемдік бәсекелестікке кіру мүмкіндігі. Ауданда жылдан жылға туризм саласы дамып келеді. 2019 жылы Алакөл ауданының аумағында 249 демалыс аймағы жұмыс істейді, олар күніне 23 366 туристке қызмет көрсетеді. Соңғы 3 жылда 68 демалыс аймағы пайдалануға беріліп, 8,2 млрд.теңгеге инвестициялар тартылды [5].
Туризм саласында туристер үшін қолайлы жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Атап айтқанда,
– «Бизнестің жол картасы — 2020" бағдарламасы бойынша Ақши ауылында орналасқан демалыс аймақтарында Электрмен жабдықтаудың жаңа желілері (610 млн.теңге) жүргізілді.
– «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту 2020" бағдарламасы бойынша Ақши ауылында орналасқан 53,7 млн.теңгеге 14 үйді жаңғырту бойынша жұмыстар, демалыс аймақтарын абаттандыру және осы аймақтарға апаратын 31 шақырым автомобиль жолының құрылысы жүргізілді.
– Демалыс аймағын санитарлық — таза күйде ұстау мақсатында 11 бірлік арнайы техника сатып алынды, гараж ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізілді;
– «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірге Ақши ауылының Теміржол вокзалы пайдалануға берілді.
– Туризмді дамыту мақсатында Үшарал қаласында бір ауысымда 50 жолаушыға қызмет көрсететін әуежай салынды.
– Алакөл көліне көлікпен қатынауды қамтамасыз ету мақсатында жазғы демалыс маусымында 20–22 вагоны бар «Тұран Экспресс» пойызы, сондай-ақ «Алматы-Үшарал-Ақши-Көктума» бағыты тұрақты негізде жолаушыларды тасымалдады.
2020 жылы демалыс саябағы мен спорт алаңдары пайдалануға берілді.
– Ақши ауылының кіре берісіндегі жол бойын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде;
– Ақши ауылының көл жағалауындағы автомобиль жолының 11-ші және 12-ші бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары;
– Ақши демалыс аймағының ішкі автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстарын жүргізу;
– Көл жағасында демалушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында 10 шақырым жағажайға қоршау құрылғыларын орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі және жағалауды нығайту бойынша жұмыстар басталады.
Сондай — ақ, алдағы жылдары 10 млрд.теңгеге тағы бір ірі жоба «Феникс компани» ЖШС демалыс аймағы іске асыру жоспарланып отыр, құны 1,6 млрд. теңге болатын 300 орындық «Апорт демалыс орталығын» салу, 200 млн. теңгеге «Алакөл Ресорт» демалыс кешенін және 1 млрд. 510 млн. теңгеге «Көктем Гранд» демалыс орнын кеңейту жоспарлануда. Сондай-ақ, 266 млн.теңгеге «Тұран Экспресс Тур» серіктестігінің жылжымалы демалыс аймақтары салынады [6].
Негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы
Шикізатпен жеткілікті қамтамасыз етілген және инфрақұрылымы болғанның өзінде қайта өңдеу объектілерінің, оның ішінде майлы және дәнді дақылдардың желісі жеткілікті дамымаған. Жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарының техникалық жарақтандырылуы нашар екені байқалады.
Туризм саласында туризм объектілеріне дейін көліктік қолжетімділік проблемасы бар, жол бойындағы сервис нашар дамыған.
Ауылішілік жолдардың басым бөлігі қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Тұрғын үй құрылысын жеткіліксіз қаржыландыру, енгізілетін тұрғын үй көлемі тұрғын үй кезегін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік бермейді.
Денсаулық сақтау саласында ғимараттардың қатты тозуы, медициналық кадрлардың жетіспеушілігі байқалады.
Бәсекелестік артықшылықтары
- маңызды транзиттік және туристік әлеует;
- ауыл шаруашылығы жерлері бонитетінің жоғары балы;
- мал шаруашылығын жүргізуге арналған ауқымды жем-шөп базасы;
- тамақ өнімдерін өндіру үшін шикізатпен қамтамасыз етілу;
- шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау және суару үшін пайдаланылатын тұщы жерасты суларының ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
Мүмкіндіктер
- гидро, жел, күн электр станцияларын салу есебінен электр энергиясын өндіруді ұлғайту;
- өнім өндірісінің, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамытудағы инновациялық тәсілдер негізінде өсу перспективалары;
- ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыру;
- жағажай және агро туризмді дамыту;
- суармалы егіншілікті қалпына келтіру [3].
Ауданды дамытудың негізгі бағыттар, мақсаттар және оларға қол жеткізу жолдары
БІРІНШІ БАҒЫТ : Аудан экономикасының өсуі
1 мақсат : Өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Жету жолдары:
2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен қайта өңдеу кәсіпорындары желісін салу және кеңейту мақсатында 5 жаңа объектіні іске қосу жоспарлануда, оның ішінде:
- 2021 жылы Үшарал қаласындағы «Себепов Н«ЖК БСУ шағын зауытының құрылысы;
- 2022 жылы Қазақстан ауылында «Айнұр и К» ЖШС БСУ шағын зауытын салу және Бескөл ауылында «Голд Фиш» ЖШС балық өңдеу зауытын кеңейту;
- 2023 жылы «Petrochemical Transportation Company " ЖШС «Достық» индустриялық паркін салу және пайдалану;
- 2024 жылы «Eco Watt AKA» ЖШС (Эко ВаттАКА) жоңғар қақпасындағы жел электр станциясының құрылысы, 50 Мвт;
- 2025 жылы Тентек өзенінде «Арай Ойл» ЖШС Төңкеріс 5 ГЭС құрылысы, 80 МВт.
2 мақсат: АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Жету жолдары:
– 3,2 мың басқа арналған 2 сүт-тауар фермасын іске қосу есебінен мал шаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайту:
– 20 000 басқа арналған мал бордақылау алаңы, Будыр ауылы ("Қайнар» ЖШС 1,9 млрд. теңге);
– ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және жануарлардың өнімділігін арттыратын заманауи технологияларды қолдану;
– 2021–2025 жылдары Арқарлы және Жанама ауылдық округтерінде — қант қызылшасы мен жем-шөп дақылдарын өсіру үшін 2 мың га суармалы жерлерді көбейту («Алакөл Агро» ЖШС және «Жағатал» СДО);
– басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде инвестициялық субсидиялау және Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласында субсидиялау бөлігінде мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану.
3 мақсат. Туризмді дамыту
Жету жолдары:
- Алакөл көлінде жағажай туризмін дамыту;
- «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамыту;
- ірі имидждік іс-шаралар, ақпараттық турлар мен семинар-тренингтер өткізу, Халықаралық марафондар, фестивальдар, конкурстар ұйымдастыру;
- Google, Yandex, TripAdvisor, Wikipedia жаһандық онлайн-платформаларында, ProfiTravel ресейлік порталында туристік өнімдерді одан әрі цифрландыру.
4 мақсат. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау
Жету жолдары:
- «Бизнестің жол картасы — 2025» және «2017–2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Еңбек» бағдарламалары шеңберінде шамамен 150 кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жыл сайын қолдау көрсету;
- «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «Даму КДҚ" АҚ өңірлік филиалының, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облысы бойынша өңірлік филиалының және " Жетісу "ӘКК» РИР " АҚ қызметін жандандыру;
- дөңгелек үстелдер, кездесулер және т. б. ұйымдастыру арқылы ШОБ субъектілерімен, мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетті қатысушыларымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
- Облыс АДБ және қалалар мен аудандардың 2021–2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарлары шеңберінде:
- Алакөл көліндегі туристік аймақтарды одан әрі дамыту;
- Алакөл көлінде қолданыстағы орналастыру объектілерін дамыту және жаңаларын құру;
- «Жоңғар — Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамыту.
5 мақсат: Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту және коммуникациялар желісін кеңейту
Жету жолдары:
2025 жылға дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі ауданның автожолдарында жалпы ұзындығы 95,9 шақырым жол-жөндеу жұмыстарын орындау есебінен 99,5 % құрайды, оның ішінде:
Алдын ала есептер бойынша аудан аумағын дамыту Бағдарламасын іске асыру үшін қаржы ресурстарының жалпы көлемі 150,1 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша [7]:
№ |
С убъект аты |
П роект аты |
Проект қуаттылығы |
Сала |
П роект інің құны (млн.тг.) |
Адрес |
1 |
ТОО «Ак Тілек Company» |
Демалыс орны құрылысы |
25 адам/тәулік |
Туризм |
150 |
с.Акши. |
2 |
ИП «Молдаханова Жанат» |
Демалыс орны құрылысы |
25 адам/тәулік |
Туризм |
90 |
с.Акши. |
3 |
ИП «АХМЕТКАЛИ» |
Магазин |
- |
Сауда |
6 |
Ушарал қаласы, Дулепова көшесі |
4 |
ИП «БЕКМУРЗИНОВА» |
Магазин |
- |
Сауда |
5 |
Ушарал қаласы, Конаева көшесі. |
5 |
ИП «МУРЗАБАЕВА» |
Мина-маркет Алсер |
Сауда |
5 |
Ушарал қаласы, Дулепова көшесі. |
|
6 |
ИП «Ким» |
Демалыс орны құрылысы |
20 адам/тәулік |
Туризм |
80 |
с. Акши. |
7 |
ИП «Каримова» |
Демалыс орны құрылысы |
35 адам/тәулік |
Туризм |
100 |
с.Акши. |
8 |
ИП «Закиров» |
Демалыс орны құрылысы |
20 адам/тәулік |
Туризм |
8 |
с.Акши. |
9 |
ИП «Закарина» |
Демалыс орны құрылысы |
15 адам/тәулік |
Туризм |
9 |
с.Акши. |
Қорытынды 9 проект |
496 |
1. Алакөл ауданы бойынша жобалар тізімі
Әдебиет:
- Косолапов А. Б. Туристтік елтану. Еуропа және Азия: оқу құралы — М.: КНОРУС, 2005. — 400 б.
- Гуляев В. Г. Туристтік қызмет көрсету ұйымы. — М.,1996
- Пузакова Е. П., Честникова В. А. Халықаралық туризм бизнесі. — М.,1997 6. Сапрунова В. Туризм: эволюция, структура, маркетинг. — М.,1997
- Туризм 2020 жылы: Туризм: тәжірибе, мәселелер, жетістіктер. -1998.-№ 1
- О проекте Указа Президента Республики Казахстан «Об утверждении
- Концепции развития туристской отрасли Республики Казахстан до 2020 года». Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2013 года № 192.
- Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана от 27 января 2012 года «Социально-экономическая модернизация — главный вектор развития Казахстана» // Официальный сайт Президента Республики Казахстан.
- Государственная программа по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010–2014 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 958 // «Казахстанская правда» от 31 марта 2010 г.