Қазақстанның инвестициялық климаты | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Утаров, Кайрат. Қазақстанның инвестициялық климаты / Кайрат Утаров, Назарбай Дуйсенбекулы Шекербек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 16.1 (202.1). — С. 53-57. — URL: https://moluch.ru/archive/202/49781/ (дата обращения: 19.12.2024).

Қолайлы инвестициялық климатты қолдау және ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) ағынын ынталандыру – Қазақстан үшін маңызды мемлекеттік міндет. Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының мақсаты еңбек өнімділігін арттыруға және қайта өңделген тауарлар экспортының көлемін арттыруға бағытталған өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізуде инвестицияларды тарту, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту маңызды рөл атқарады.

Қазақстанның тәуелсіздігін алған сәттен бастап ел экономикасына 260,8 млрд. доллардан астам қаржы тартылды, бұл елдегі қолайлы инвестициялық климатты білдіреді.

Дереккөз:http://unctadstat.unctad.org

2016 жылы елімізге ТШИ түрінде Қазақстанға 8 406 млн. доллардан астам инвестицияенгізілді. Қазақстан өтпелі экономикасы елдер арасында көшбасшы елдерінің ішіндегі 2-ші орынға және теңізге шығар жолы жоқ елдердің арасында 1-ші орынды алды.

Еліміз шетелдік инвесторларға қарағанда жергілікті инвесторларға қолдау көрсетуіне қарамастан 2016 жылы ТШИ көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 126%-ға артып $9 млрд құрады. Қытай елінің инвестицияларының үлесі артып келеді. Еліміз $500 млн-ға бағаланған Еуразия мұнай барлау жобасын қаржыландыруға шетелдік компанияларды іздестіріп жатыр. Келіссөздердің алғашқы кезеңдерінде ENI, ROSNEFT, CNPC, SOCAR, NEOS Geosolutions, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК »АҚ секілді компаниялар қатысады деп күтілуде.

ТМД елдері

2012 ж

2013ж

2014ж

2015ж

2016ж

Қазақстан

13337

10321

8406

4012

9069

Ресей

30188

53397

29152

11858

37668

Беларусь

1429

2230

1828

1668

1235

Украина

8175

4509

847

3050

3336

Қырғызстан

293

626

248

1142

467

Тәжікстан

262

168

408

545

434

Әзербайжан

2005

2632

4430

4048

4500

Түркменстан

3130

3528

3830

4398

4522

Өзбекстан

563

629

632

65

67

Молдавия

227

243

201

182

143

Армения

497

346

404

178

338

Грузия

911

950

1763

1576

1661

Дереккөз: unctadstat.unctad.org

2017 жылдың 1 тоқсанында ТШИ-ның таза ағыны 2 663 млн.долларды құрады, бұл өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 4,5%-ға артық. ТШИ-ның негізгі драйверлері кен өндіру өнеркәсібі. Атап айтсақ, шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласында едәуір артқан. 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласына тартылған инвестиция көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 4,5 есе арту болған. 2016 жылдың 1-ші жартысында 753 млн.долларды құраса, 2017 жылдың 1-ші жартысында 3 409 млн.долларды құрады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму комитетінің (ЮНКТАД) дерегі бойынша Қазақстанда 2016 жылда ТШИ қорланымы 129 773 млн долларды құраған. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей Федерациясынан кейінгі 2-ші орынды иемденді. Ресейде қорланған ТШИ көлемі 379 035 млн долларды құраған, ал 3-ші орында Украина 48 385 млн доллармен орын алған. Негізгі ТШИ ағындарының көпшілігі шикі мұнайды және табиғи газды өндіру, құрылыс, геологиялық барлаулар мен ізденістер бойынша қызметіне тартылған. Шетелдік инвесторлар үшін әлі күнге дейін ең тартымсыз болып келе жатқан экономикалық сектор ол ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығына тартылған ТШИ көлемі жалпы ағынның 1%-на да жетпейді.

Өткен жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму комитетінің дерегі сәйкес, Қазақстан өтпелі экономикасы бар елдер ішінде ТШИ таза ағынының жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша Түркіменстаннан кейінгі 2-ші орынға 508 млн доллармен иемленген. Бұл көрсеткіш бойынша Түркіменстан 832 млн доллармен көш бастап тұр. 3-ші орында Әзірбайжан елі 456 млн доллармен тұр. Қазақстанның ТШИ таза ағынының жан басына шаққандағы көрсеткіші 2015 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық артқан.

Жан басына шаққандағы ТШИ-ның таза ағымы

Аймақтар

2014

2015

2016

Әлем

183

242

236

Дамыған елдер

540

941

984

Дамушы елдер

116

126

107

Өтпелі экономикасы бар елдер

186

122

222

ТМД

178

102

218

Түркменстан

722

818

832

Әзербайжан

460

415

456

Қазақстан

484

228

508

Беларусь

192

176

130

Ресей

203

83

263

Қырғызстан

42

192

77

Украина

19

68

75

Армения

135

59

112

Молдавия

49

45

35

Өзбекстан

21

2

2

Тәжікстан

49

64

50

Грузия

437

394

417

Дереккөз: unctadstat.unctad.org

Doing Business 2017

Дереккөз:World Bank, Doing Business 2017

«Doing Business» есебінесәйкес, Қазақстан 10 жылдатөртретнегізгіреформаторретіндетанылды, Қазақстанныңмемлекеттікоргандарыбизнестіжеңілдетуүшінмаңыздықадамдаржасады (2006 жылданбастап «Doing Business» есебіндекөрсетілгендей 36 реформалар жасалынды). Шыныменде, осыкезеңдеҚазақстан «Doing Business» жылдықесебіндетөртіншіретонреформатордың ең жақсысыретінде танылды – бұлбірегейжетістік.Тек 2015 жылдыңмаусымайынанбастап 2016 жылдыңмаусымынадейінгікезеңдеҚазақстандақаралыпжатқанреттеулердің 8-індежақсаружүргізілді. «Doing Business» есептемесіндеқарастырылғанбасқаелдердіңешқайсысыосыкезеңдекөптегенсалалардареформаларжүргізбеді.

Көптеген жағдайларда Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тартудағы табыстары мемлекеттік қолдаудың шаралары мен инвестициялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздері арқылы қамтамасыз етілді. Осылайша, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша өтпелі экономикасы бар елдер арасында ең жақсы инвестициялық заңдардың бірі болып табылады.

Соңғы жылдары Қазақстанда салық ставкаларын төмендету бағытында салық саясаты айтарлықтай өзгерді. Осылайша, Қазақстанның кәсіпорындарында табыс салығы 20%, Ресей 20%, Қытай 25%. Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығының ставкасы 12% құрайды, бұл осы салықтың стандартты ставкаларының арасында әлемдегі ең төменгі көрсеткіш. Салыстыру үшін Ресейдегі ҚҚС 18%, Қытай 17%. Қазақстандағы жер салығы көрші елдерден де төмен (1 ш.м. үшін 0,03-0,16 АҚШ доллары). Қазақстанда жылжымайтын мүлік салығы 1,5%, Ресейде – 2,2%.

Осылайша, бүгінгі күні Қазақстандағы инвестициялық ахуал тиімді деп бағалануы мүмкін. Дегенмен, оның халықаралық деңгейде танылған ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес одан әрі жетілдіру – бұл МИИД бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары мен құралдарымен жүзеге асырылатын маңызды міндет.

Әдебиет:

  1. http://www.nationalbank.kz
  2. https://365info.kz/2017/07/inostrannye-investory-vozvrashhayutsya-v-kazahstan/
  3. http://unctadstat.unctad.org/wds/ReportFolders/reportFolders.aspx
  4. http://kidi.gov.kz/public/publications/483
Основные термины (генерируются автоматически): украина, CNPC, ENI, NEOS, ROSNEFT, SOCAR, армения, беларусь, грузия, молдавия.

Похожие статьи

Экологиялық білім

Экологиялық парасат

Аға туралы толғау

Жүк тасымалдайтын контейнерлердің болашағы

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығының жағдайы

Бұл мақалада инвестициялық климат ұғымдары және оның Қазақстан экономикасына әсері сипатталған. Сондай-ақ, ол елдің ауыл шаруашылығының дамуын қолдау үшін қандай жолдарды пайдаланатынын, соның ішінде елдің ауылшаруашылығындағы экономикалық көрсеткішт...

Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы

Опока негізінде қабырғалық керамикалық бұйымдар

Қабырғалық керамикалық бұйымдар өндірісінде негізгі шикіза ретінде опоканың қасиеттері қарастырылған. Жартылай кептіру әдісімен қабырғалық керамикалық бұйымдарын алу технологиясы жасалды. Күйдіру температурасы 950–1000 0С жақсартылған физика-механика...

Жоғарғы сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік-педагогикалық негіздері

Патриоттық мәдениет мазмұнын ұлтаралық қарым-қатынас, тарихи және азаматтылық компоненттері құрайды. Ұлтаралық қарым-қатынас Қазақ халқы мен Қазақстанның басқа халықтарының моральдық нормалары мен құндылықтарының, тілдері, әдебиеттері, өнері, ұлттық ...

Қазақстан Республикасындағы жоғары тұтқырлы мұнайы бар негізгі кен орындары

Қазіргі заманғы мұнай өндіруге тән құрылымдық ерекшелігі, негізінен, алынуы қиын ауыр және тұтқырлығы жоғары мұнайды қамтитын шикізат ресурстарының әлемдік құрылымындағы үлесінің артуы болып табылады. Сол тұтқырлығы жоғары кен орындар туралы толықтай...

Түркістан қаласында туризм саласының дамуы

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы Түркістан қаласының туризм саласының дамуының қазіргі жағдайы 2018–2021 жылдар аралығы бойынша Түркістан қаласына келген туристер саны, туризм саласында жұмыспен қамтылған халық саны, туризм саласына тартылған...

Задать вопрос