Оңтүстік Қазақстан облысының тамақ өнеркәсібінің даму ерекшелігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Маханбетова, У. Р. Оңтүстік Қазақстан облысының тамақ өнеркәсібінің даму ерекшелігі / У. Р. Маханбетова, Береке Ханафия. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 5.1 (191.1). — С. 56-59. — URL: https://moluch.ru/archive/191/48246/ (дата обращения: 17.12.2024).



Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өнеркәсіптердің ғылыми-техникалық прогресі, соның ішінде тамақ өнеркәсібінің инновациялық түрақты дамуы, қазіргі кездегі әлемдік қаржылық дағдарыс және күрделі экономикалық тұрақсыздық әсер етуде.

Біріккен Ұлттар Ұйымы конференциясына 1992 жылы тұрақты дамытудың анықтамасы ұсынылған. Тұрақты даму – даму ретінде анықталған, ол экономикалық дамуды қана емес сонымен қатар оның нәтижелерін жеткілікті бөледі. Қазіргі әлемдік қоғамдастықтағы, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді жоғары маңыздылығын ескере отырып, көптеген елдер тұрақты дамуға көшу өз мемлекеттік тұжырымдамасын әзірлеуге тырысты. Сонымен, экономикалық көзқараспен даму бірінші макроэкономикалық обьектілерге (әлемдік экономика толығымен, мемлекет, салалар) қолданылған.

Тамақ өнеркәсібі – бірнеше салалар жиынтық кешені. Тамақ өнеркәсібінің дамуына әсер ететін негізгі факторлар, олар:

- шикізат;

- тұтыну.

Тамақ өнеркәсібін тұрақты дамыту ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібін инновациялық дамытуға әсер ететін салаларды салаларды жандандыру маңызды рөл атқарады. Ол халықтың әлеуметтік әл-ауқатын қалыптастыруда негізгісі болып табылады.

Тамақ өнеркәсібі бір қатар өзгешеліктерге ие. Оларға азық-түлік тауарларының құрамындағы жоғары санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптары және оларды өндіру технологиясы, дайын өнімнің бірнеше түрін сақтау мен жеткізудің шектеулі мерзімі, тұтынушылардың денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптардың жоғарлауы [1].

Тамақ өнеркәсібінің өзгешелігі азық-түлік нарығының ерекшеліктерімен байланысты. Біріншіден, өнімге деген сұраныс тұрақты болып табылады, бұл тамақ саласы инвестициялар үшін тартымды және қолайлы болып табылады. Екіншіден, көптеген азық-түлік тауарларының түрлері халықтың төлемқабілеттілік деңгейіне тығыз байланысты және де ол жергілікті нарықтарда айтарлықтай ауытқиды. Бұл өндіріліп отырған өнімдерінің түрлерін таңдау және оларды тұтынушыларға жеткізу бойынша көптеген түпкілікті жұмыстарды талап етеді [1].

Агроөнеркәсіп кешенінің жұйесінде тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты.

Тамақ өнеркәсібінің салалары: ұн, жарма, макарон өнімдері, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, қант, минералды су, өсімдік майы, ет, сүт өнімдері, консервілер, балық, темекі өнімдері [2].

Сурет 1-2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы өңдеу өнеркәсібі салаларының өндірген өнім көлемі.

Сурет 1-де көріп тұрғандай 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы өңдеу өнеркәсібі 487,6 млрд тенге өнімін өндірсе оның ішіндегі тамақ өнеркәсібі саласы 164 млрд тенге өнім өндіріп, оның өңдеу өнеркәсібі саласының 33,6%-ын құрайды. Бұл аймақта тамақ өнеркәсібі негізгі саланың бірі екендігін көрсетеді.

Аймақта жихаз өнеркәсібі 1,3 млрд тенге өнімін және химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 4,9 млрд тенгенің өнімін өндіріп өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша сонғы қатардың бірінен орын алады.

Сурет 2- 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы өңдеу өнеркәсібі салаларының өндірген өнім көлемі көрсетілген және 2016 жылмен салыстырғанда тамақ өнеркәсібі -1,4% жоғарлаған, өңдеу өнеркәсібінің басқа салаларыда жоғарлағанын байқаймыз.

Сурет 2- 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы өңдеу өнеркәсібі салаларының өндірген өнім көлемі

Соныменен, Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібін дамуын талдау мен бағалау негізінде, осы аймақтың өнеркәсібінің салаларының тұрақты дамына кері әсерін тигізетін мынандай мәселелерді жіктеуімізге болады.

Шағын және орта кәсіпкерлік:

- сауда және қызмет көрсету салалары дамыған облыстарда шағын және орта бизнес субъектілері арасында өнеркәсіптік кәсіпорындардың меншікті салмағының төмендігі;

- қаржылық қиындықтар: ШОК-ті несиелеу деңгейінің төмендігі; ол өз кезегінде кепілдік мүлік өтіміділігіне, несие бойынша ставканың жоғары болуына байланысты;

– шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту кезінде әкімшілік кедергілердің көп болуы: жер телімдерін алуға бастапқы-рұқсат құжаттамаларын ресімдеудің, қызмет түрлеріне рұқсат құжаттарын ресімдеудің өте жоғары күрделі тәртібі; рұқсат құжаттарын ресімдеу үдерісінің өте көп уақыт алуы;

– кәсіпкерлер дайындығы деңгейінің төмендігі;

– бизнес-жоспарлауды, басқаруды және оған тікелей қатысты өзге де дағдылардың болмауы.

Тамақ өнеркәсібі бойынша мәселелер:

-ұсақ тауардың дамуы;

-қаржы жетіспешілігі;

-тауар нарығында импорт жоғары;

Жеңіл өнеркәсіп:

-технологияның ескілілігі;

-жол шығыны жоғары;

-су тапшылылығы.

Тау-кен өнеркәсібі бойынша мәселелер:

-экологиялық талаптардың қажетті денгейде сақталынбауы

- минералды шикізатты өндіру және өңдеу процестерінде нанотехнологияларды пайдаланудың көбеюі;

- салада инновацияның төмендігі;

- сыртқы тауар нарықтарындағы бәсекелестікке тойтарыс бере алмауы;

- әлемдік дағдарыстың басқа мемлекетті дағдарысқа ұшыратуы;

- құрылыс және автомобиль өндіретін елдердің метал өнімдеріне сұранысының төмендеуі;

- мамандардың тапшылығы және маман әлеуетті дайындаудың жеткіліксіздігі;

- инвестицияны тарту экономикалық және қаржы дағдарысы қиындатып тұр;

Өңдеу өнеркәсібібойынша мәселелер:

- электр энергиясының тапшылығы;

- өнеркәсіп салаларына тартылатын инновацияның төмендігі;

- өнеркәсіптің негізгі өндірістік қорларының тозу деңгейінің жоғарылығы (40-80%), оларды жаңарту деңгейінің төмендігі;

- өнеркәсіп өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және өнім түрлерінің аз болуы;

- көлікке шығатын шығындардың жоғарылығы;

- техникалық мамандарының тапшылығы.

Мұнайды қайта өңдеу саласы:

-технологияның ескілілігі;

-ашық түсті өнімді шығаруы төмен.

Металлургия өнеркәсібі:

- негізгі өндірістік құралдардың тозу;

- аудандарда инновациялық өндіріс деңгейінің төмендігі және болмауы;

- өндірістердің көбеюі экологиялық ахулға әсерін тигізуі;

Машинажасау:

- айналымдағы жеке қаражаттарының жеткіліксіздігі;

- өнімдерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейі төмен;

-мамандар тапшылығы.

Химия өнеркәсібі:

- өндірістерде негізгі қорлардың тозуы негізінен технологиялардың жетіспеуі;

- Өнім өндіру нарығындағы құрылымдық өзгерістер;

- -инновациялық дамуы төмен;

-инвестициялық мәселелер.

Оңтүстік Қазақстан облысының инновациялық жағдаын жақсарту мақсатында мына мәселелердің шешімін табуымыз қажеттігі туындайды. Кәсіпорындарда инновациялық қызметі жүзеге асырылмайтын негізгі себептер қаржы құралдарының жетімсіздігі, инновацияға шығындардың жоғарылығы, технологиялар туралы ақпараттардың болмауы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі болып табылады.

Соныменен, аймақтың өнеркәсібін дамыту мақсатында осы мәселелер шешкен жағдайда Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсібін тұрақты дамытып аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын басқа аймақтардан өте жоғары денгейге жеткізуге мүмкіндік береді.

Әдебиет:

  1. Кулажанова М. Инновации как направление государственной стратегии развития в РК // Саясат. – 2005. – №2. – 69-72 бб.
  2. Токаева, Н. Кох, Б.Мустафин// Промышленность Казакстана. – Алматы, 2003 – №3.
  3. Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібі. Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті 2010-2016.
Основные термины (генерируются автоматически): млрд тенге.


Задать вопрос