Қазақстанның Оңтүстігіндегі өзбек тұрғындарының білім алуға тартылуы және исламдық әдебиеттің дамуы (ХІХ ғасыр соңы- ХХ ғасыр басы) | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (112) апрель-2 2016 г.

Дата публикации: 04.05.2016

Статья просмотрена: 49 раз

Библиографическое описание:

Динашева, Л. С. Қазақстанның Оңтүстігіндегі өзбек тұрғындарының білім алуға тартылуы және исламдық әдебиеттің дамуы (ХІХ ғасыр соңы- ХХ ғасыр басы) / Л. С. Динашева, Мехмет Огузхан Аксой. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 8.9 (112.9). — С. 24-26. — URL: https://moluch.ru/archive/112/29204/ (дата обращения: 17.12.2024).



Құрамында Қазақстанның оңтүстік облыстары бар Түркістан өлкесін басқарған фон Кауфман тек қана Ресейлік білім беру жүйесінің ғана сеніп, жергілікті оқу орындарына күмәнмен қарады. Сондай-ақ, генерал-губернатор Түркістан өлкесінде орыс мектептерінің ықпалымен орыстандыру саясатын ұстануды жөн көрді. Өлке басшысы Түркістандағы көшпелі қазақтардың өзбектер мен татарларға жақын болуына қарамастан оларға исламның әсер етуі минималды екенін білді. Сондықтан да ол қазақ балалары үшін мектептер салдыруға көп көңіл бөлу арқылы қазақ балаларын орыстандырып, орыс азаматтығын қабылдатқан соң қалған біржақты мұсылмандар еуропалық өркениеттің принциптері мен идеяларына қарсылық көрсете алмайды деп шешті [1,140-б]. Мұсылмандарға және мұсылман оқу орындарына деген саясаты 1917 жылға дейін жалғасып «политика игнорирования» деген ат алды. 1899 жылы 14 ақпанда Ташкент ерлер гимназиясы қабырғаларында «О пользе наук» тақырыбында (дайындаған С. М. Граменицкий) алғашқы лекция оқу басталды. Шенеуниктер әдейі өзбек-қазақ балаларына Ресей империясының үлкен қалаларын кеме және темір жол арқылы көрсетті. Саяхат ұзақтығы 64 күн деп жоспарланып, жол ақысы мен азық-түлікті бір адамға шаққанда 126 руб. 40 коп. болды [3,398-б]. Сырдария облысы статистикалық комитетінің 1906 жылғы мәліметтері бойынша облыс көлемінде жалпы 2143 оқу орны болды [4,284–285-б].

Мұсылман интелегенциясы христиан және мұсылмандық білім беруді салыстыра келе прогреске мүлде жетелемейтін өздерінің аса конфессиалды білім беруін реформациялау қажеттігі туралы шешімге келді. Түркістан өлкесінің әртүрлі қалаларында прогрессивті зиялы мұсылман өкілдерінің бастамасымен жаңа әдісті мектептер ашыла бастады. 1908 жылдың желтоқсан айында халықтық училищелердің бірінші инспекторы М.Сайфи қорытындысы бойынша жаңа әдістегі мектептермен Ташкенттің ескі мұсылман мектептерін салыстырғанда арасы жермен көктей екендігін анықтаған. Тек орыс тілін міндетті түрде оқытылуы керектігін айтты. Ресей мемлекетінің қызметіне зиян тигізетін ешнәрсе жоқ деп мәлімдеді. Сайфидің және басқа да оқу ведомстволары инспекторларының қауіп жоқ деулеріне қарамастан, өлкелік әкімшілік жаңа әдісті мектептерге сақтықпен қарады. Түркістанда жалпы 63 жаңа әдісті: Сырдария облысында -16 мектеп 1650 оқушы, Ферғанада -30 мектеп 1436 оқушы, Самарқанда — 5 мектеп 195 оқушы, Жетісуда — 12 мектеп 825 оқушы бар [5,54-б]. Ресей әкімшілігі тіркеуді сылтаулатып жаңа әдістегі мектептерді жабуды бастады.

Өзбектер жаңадан ашылған мектептерге оң қабақ танытпады және сенбеді. Ташкенттен тыс жерлердегі мектептер жоғарыдан қысым көрсету арқылы ашылды. Шенеуниктердің шамадан тыс күш салуының арқасында көптеген мектептер уақытынан бұрын ашылды. Соның негізінде орыс, орыс-түзем мектептері ашылып кедейлердің тұрғындарының балаларымен толтырылды. Халық арасында жаңа құпия міндеттілік қалыптасып, халық арасында «школ-пули» (мектепке ақша) деген ұғым пайда болды. Яғни бай өзбектердің балаларының орнына кедейлердің балаларын жалдау арқылы орындары ауыстырылды. Оқуы үздік оқушылар мектепті бітірген соң өз білімдерін іс жүзінде қолданбады, көп жағдайда ұмытатын. Себебі үй тұрмысында орысша сөйлеу, жазу мен оқудың қажеттілігі болмады. Орыс тілінің таралуына және бір кедергі болған нәрсе орыс-түзем мектептерін бітірген оқушылар әлі де болса кәмілетке толмағандықтан қызметке орналаса алмады. 1896 жылы Сырдария облысында 14 орыс-түзем мектебінде — 402 түземдік бала, 6 қалалық училищеде — 104 бала тәлім алды [6,180-б].

Мектептер бастауыш білім беретін орын болып, онда балаларға жазу, оқу және дін туралы алғашқы мәліметтер берілген. Медреселер жоғары оқу орны қызметін атқарған. Мектептер әдетте вакфтардың табысына ие болған мешіттер қарамағында ашылды. Бұл жерде мектептер вакф табысына ие болды деп ойлау дұрыс емес [7].

Чимкент қаласында –14 және Түркістанда–14 өзбек ұл балаларына арналған мектептер болды. Түркістандағы өзбек мектептерінде ұлдардан бөлек жалпы 27 қыз бала білім алды. Перовскіде– 3, Қазалыда–1 өзбек мектебі болды деп ресми келтірілген [33,278–281-б]. Сырдария, Ферғана, Самарқанд 6331 жергілікті мұсылман оқу орындары мен бір қатарда бар болғаны 89 орыс-түзем оқу орындары болғанын назарда тұтсақ, мектеп пен медреселердің қаншалықты үлкен маңызға ие болғаны өз-өзінен түсінікті»,- деп жазған еді 1913 жылда Н. А. Бобровников [8,41-б].

Өзбектерде Орта Азиялық халықтар сияқты исламның суниттік бағытын ұстанды. Ислам өмірлерінің барлық жақтарын: дүниетанымдарын, тұрмыстарын, құқықтық институттарды, өзбектердің отбасылық нормаларын регламенттеді және олардың өмірлеріне, мәдениетіне үлкен әсерін тигізді [9]. Ортаазиялық мұсылмандардың (өзбектердің де) көп бөлігі мазарлардың материалдық тұрғыдан гүлденуіне мүдделі болған дінбасылардың рұқсат етуімен Меккеге қажылық сапарын жергілікті әулиелердің мазарларын зиярат етумен ауыстырды. Мұсылмандар өміріне елеулі әсер еткен ишандарға тоқталуды жөн көрдім. Себебі мұсылмандар (өзбектер) өмірінде дін жолындағы адамдардың әсері мен ықпалы мол болды. Ишандардың даңқының таралуы шәкірттері, мюридтерінің арқасында болды [10,68-б].

Жағдайлары жақсы адамдар, тіпті ишандарға сенбейтіндердің өздері атақты ишандарға мюрид болып, сол арқылы қандай да бір жағдайға тап болғанда ишанның күші мен ықпалынан қолдау табуды көздеді. Ишандар қазыларды, болыс басшыларын және басқада қызметке тұлғаларды сайлау барысында үлкен ықпалға ие болды, яғни мюридтеріне белгілі бір үміткер үшін дауыс беруді бұйырды. Жұмысын енді бастап келе жетқан ишан үшін ең жақсы орта бұл — Торғай, Ақмола және Сырдария облысындағы қазақ далалары болды. Жыл сайын Түркістан өлкесінің қалаларынан қазақ далаларына көптеген ишандар ұмтылып; түйе, жылқы, қой отарларымен және ақшалармен қайта оралатын. Қазақтарда да ишандар болды, бірақ аз және атақты болмады [11,186-б]. Ишандар дұрыс өмір салтын ұстанып, шариат заңдарын орындап, темекі тартпай, шарап ішпей өмір сүргендіктен көпшілігі 80 және оданда ұзақ өмір сүрді. Түркістан өзбектерінің көпшілігі мүмкүндіктерінің жеткенінше Ташкент, Бұхара сынды білім ордасы болған қалаларда білім алуға тырысты. Жоғарыда келтірілген мәліметтерден өзбектер өміріндегі ишандардың ролімен оларға ықпалының қаншалықты зор болғанын көруге болады. Халық ишандардың сөзіне сеніп, оларды құрмет тұтты.

Қазақ және өзбек фальклорының өзара әсер етуі халықтық эпостарда айқын көрінді. «Алпамыс» эпосының өзбек және қазақ нұсқалары бір-біріне қатты ұқсайды, екеуінде де сипатталатын оқиғалар қоңырат тайпасымен байланыстырылады. Орта Азия мен Қазақстан халықтары басқыншылармен қанаушыларға қарсы бірлесе күрескендіктен, бұл олардың эпостарында көрініс тапты. Жоңғар басқыншыларымен болған даңқты соғыс пен жеңістің естелігі ретінде қазақ және өзбек халықтарының жадында Алпамыс өмір сүрді. Қазақ ақындары, жыршылыры мен өзбек бахшылары, шайырлары бір-бірлерінің эпикалық шығармаларын қабылдады. Эргаш Жуманбулубулұлы (бахши Эргаш) қазақтың талантты ақыны Майлықожа Сұлтанқожаұлынан қазақ фольклорының «Мұңлық-Зарлық», «Қыз Жібек» және т. б. шығармаларын алып пайдаланды. Өз кезегінде Майлықожа, Шади, Нуралы және т. б. ақындар шығармашылықтарында өзбек фольклоры және әдебиетінің эпикалық дәстүрлерін қолданды [12,153–154-б].

Өзбектердің және басқа халықтардың арасында таралған «Сұлтан Хусейн және оның уәзірі Мір Алишер» аңызы қазақтарға «Әмірші қыз және қара құл» ертегі үлгісінде белгілі. Қазақтардың да ертегілері көрші халықтарға тарады. М. Әуезовтың атап өткендей «Алдар көсеге байланысты аңыз тек қазақ халқында ғана емес бауырлас қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркмен халықтарына да таралып, Алдар жайдары, әзілқой және өтірікші» рөлінде бейнеленеді [13,348-б]. Әйгілі ақын Шади революцияға дейін Алишер Науаидің үздік шығармаларын қазақ тіліне аударып, Ташкент типографияларының бірінен жарыққа шығарды.

Әдебиет:

  1. Остроумов Н. П. Колебания во взглядах на образование туземцев в Туркестанском крае.- М.,-1910.
  2. ЦГА Руз. Ф. И-47.Оп.1. Д.600. л 398 об.
  3. Издание Сыръ-Дарьинского Областного Статистического Комитета.- Ташкент.- 1907.
  4. Бобровников Н. А. Русско-туземные училища, мектебы имедресе Средней Азии. -СПб., -1913.
  5. Остроумов Н. П. Сарты.Этнографические материалы. -Ташкент, 1896. с180.
  6. Ғафуров У. Узбекистонда диний таълимнинг тарихий илдизлари//www.markaz.tiu.uz
  7. Издание Сыр-Дарьинского Областного Статистического Комитета. -Т., -1907.
  8. Бобровников Н. А. Русско-туземные училища, мектебы и медресе Средней Азии. — СПб.,- 1913.
  9. Кенжаев Д. М. Роль религии в жизни мусульманского общества Туркестана в конце ХIХ- в начале ХХ в.// www.ia-centr.ru.
  10. Кары-Ниязов Т. Н. Избранные труды. В восьми томах. Том пятый. Очерки истории и культуры и науки советского Узбекистана 1917–1953.- Т., с. 68.
  11. История Бухары с древнейших времен до наших дней. -Т.,- 1976. с. 186.
  12. Мадуанов С. История казахско-узбекских отношений в ХIХ- начале ХХ вв. Туркестан, 1992. с. 153–154.
  13. Ауэзов М. О. Мысли разных лет.- Алма-Ата, -1961. с. 348.
Основные термины (генерируются автоматически): Ташкент, мена, Азия, Областной Статистический Комитет.


Похожие статьи

Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай?

Бөкей ордасында жергілікті бюрократиялық элитаның қалыптасуы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы)

12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Оқушылардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мүмкіндіктері

Іс әрекеттегі зерттеу: Кіріктірілген бағдарлама аясында 8С сынып оқушыларының дене шынықтыру сабағындағы белсенділігін қалай арттыруға болады?

Зайырлы мемлекет және заманауи дін функциясы

Мақалада Қазақстандық зайырлы мемлекет пен діннің ара қатынасына көзқарас әр қилы екені және бұл салада реттеу қызметі өте әлсіз қалыптасқандығы қарастырылады.

Қазақстандық нарықта кайдзен технологиясын енгізудің өзектілігі

Бұл мақалада автор Қазақстанда жапондық кайдзен технологиясының енгізу және қолдану мәселелеріне қатысты зерттеу жүргізді.

Биологиялық құзыреттілікті қалыптастыруда интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі

Бұл мақалада қазіргі таңда білім беру саласының алдында тұрған ауқымды міндеттер көрсетілген. Оқыту мен білім берудің басым бағыттары өз тәжірибелерімен жазылған. Өзара тәжірибе алмасуға қажетті материалдар бар.

Түркия мемлекеті оқулықтарындағы КСРО тарихы

Мақалада Туркия Республикасының білім беру мекемелерінде Кеңес мемлекетінің 1923–1960 жж. тарихының оқытылуы мәселесі қаралады.

Похожие статьи

Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай?

Бөкей ордасында жергілікті бюрократиялық элитаның қалыптасуы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы)

12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Оқушылардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мүмкіндіктері

Іс әрекеттегі зерттеу: Кіріктірілген бағдарлама аясында 8С сынып оқушыларының дене шынықтыру сабағындағы белсенділігін қалай арттыруға болады?

Зайырлы мемлекет және заманауи дін функциясы

Мақалада Қазақстандық зайырлы мемлекет пен діннің ара қатынасына көзқарас әр қилы екені және бұл салада реттеу қызметі өте әлсіз қалыптасқандығы қарастырылады.

Қазақстандық нарықта кайдзен технологиясын енгізудің өзектілігі

Бұл мақалада автор Қазақстанда жапондық кайдзен технологиясының енгізу және қолдану мәселелеріне қатысты зерттеу жүргізді.

Биологиялық құзыреттілікті қалыптастыруда интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі

Бұл мақалада қазіргі таңда білім беру саласының алдында тұрған ауқымды міндеттер көрсетілген. Оқыту мен білім берудің басым бағыттары өз тәжірибелерімен жазылған. Өзара тәжірибе алмасуға қажетті материалдар бар.

Түркия мемлекеті оқулықтарындағы КСРО тарихы

Мақалада Туркия Республикасының білім беру мекемелерінде Кеңес мемлекетінің 1923–1960 жж. тарихының оқытылуы мәселесі қаралады.

Задать вопрос