Әлеуметтік педагогиканың негізгі жұмыс аспектілері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г.

Дата публикации: 24.04.2015

Статья просмотрена: 4142 раза

Библиографическое описание:

Уразалиева, Р. М. Әлеуметтік педагогиканың негізгі жұмыс аспектілері / Р. М. Уразалиева, Г. А. Рзабаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.1 (88.1). — С. 40-41. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17596/ (дата обращения: 17.12.2024).

XIX ғасырдың екінші жартысында «неміс мұғалімдерінің әкесі» Адольф дистерверг кәмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылық болдырмау мақсатында қараусыз кеткен балалармен жүргізілетін педагогикалық іс- әрекетті бойын көрсету үшін «әлеуметтік педагогика» сөз тіркесін ұсынған. XIX ғасырдың басында неміс философы П.Наторп ел арасында мәдениет пен ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында қоғамдық тәрбиелеу күшін материалдық идеясын ұсынды, ол қоғамды жалпы білімдендіруге дінге шақырылып, осы идеяны іске асыру үшін тәрбиелеу факторын, яғни «азаматтық одағын» құруға шақырды. Бұл іс –әрекетті ол әлеуметтік педагогика [1.87] деп атады.

XYIII ғ., яғни ағарту ғасырында, қоғамның естиярлық ой тұжырымдаған, ол ой бойынша оқыту мен тәрбиелеу қоғам дамуында опертикалық фактор болып табылады, ал адам дамытудың мақсаты болуы тиіс.

Әр адам өз ісінің үлкен ауқымын сезініп, планеталық түйсік қалыптасуын, өзінің бүкіл адамзат өркениетінің болашағына жауапкершілігін түсіну міндеті қойылды. Әлеуметтік тәрбиенің теориясы мен тәжірбиесін бұлай түсінуге сәйкес оны «әлеуметтік жұмысқа қабілеттілік» [2.48] деп хабарлайды. Педагогика әрқашан адамды түзету мен оның еркін ынталандыру жұмыстарын жасап отыруы керек. О.Больнов адам тіршілігі мен оның тәрбиелік мүмкіндіктерінің тұрақсыздық проблемасын көтeрді. Оның тұжырымы бойынша адам тіршілігінің айнымас бір қасиеті тоқыраулар,олар адамның қалыптасқан өмірін бұзғанымен, өмірінің жаңару мен тазару көзі болып табылады [3.165]. Тәрбие адамға әлеуметтік жағдайларды түсінуге, тоқыраудың жаңарту сипатын алуға көмектеседі, әлеуметтік қиындықтарды жеңуге ішкі күш береді. Тоқырау жағдайлары адам өміріне тән қасиет, олардан қашудың да қажеті жоқ. Тәрбие адамға «ұйқыдан» оянып белсенді іске көшуге көмектесуі керек.

Кеңес заманында педагогикалық жұмыстар ортақ жалпы мемлекеттік жүйе болып халықтың барлық саласын қамтыды. Елде сауатсыздық пен қаңғыбастықты жою, жалпы орта білім беруді енгізу сияқты әлеуметтік-педагогикалық міндеттер шешілді.

Қазіргі жағдайда әлеуметтік-педагогикалық теория мен тәжірибеге деген қажеттілік жойылған жоқ, керісінше қажеттілік күшейді, себебі бір жағынан қоғам мен жеке адамның өмірінде әлеуметтік факторлардың рөлі күшейді, екінші жағынан әлеуметтік көмекке зәру балалар мен ересектердің саны өсті, әсіресе әлеуметтік-педагогикалық көмек қажет адамдар өсті. Осының барлығы оқыту мен тәрбие беру саласында жұмыстың белсенуін талап етеді. «Әлеуметтік педагогика» атауының объектісі болып тек адамның жастық шағы ғана емес, оның осы уақытқа дейінгі өмірі табылады. «Әлеуметтену» терминін американдық психолог Т.Парсонс адам өз өмірінің өту барысын, өмірде және қоғамда алған білімі, әлеуметтік қабілеттері мен білімдердің дамуы, барлық мәдениетінің интернациялануының процесстерін сипаттау үшін ұсынған [4.116]. Әлеуметтік-педагогикалық теория мен практиканың объектісі болып-адам табылса, ал оның құралы болып- әлеуметті дамуы мен орналасуының педагогикалық аспектісі болып табылады.

Әлеуметтік – педагогикада әлеуметтік жүйені бөледі. Онда тиісті әлеуметтік педагогикалық көріністің дамуын немесе әлеуметтік педагогикалық мақсатқа жету үшін әлеуметтік педагогтың қалыптасқан іс-қимылының, тәрбиеші мен тәрбие алушының бірге іс-әрекет жасауын түсінеді. Кез-келген әлеуметтік – педагогикалық процесс оның даму этаптарын қосады.

Әлеуметтік педагогикалық жүйенің мазмұнын кез-келген сипаты әлеуметтік көрінісінің дамуы, біртұтас адамның әлеуметтік дамуы ретінде қарастырайық. Мұндай процесті төмендегідей құруға болады.

1.     Әлеуметтік педагогикалық жүйе белгілі бір көріністің дамуы іспеттес(біртұтас адамды, тұлғаның сапасы және т.б)

2.    Этаптар

3.    Әлеуметтік педагогикалық көріністің дамуы

4.    Қызмет ету шарттары

5.    Субъектінің немесе объектінің болуы

6.    Дамуды қамтамасыз ететін механизмнің болуы

7.    Көріністін обтимальды даму қажеттіліктеріне осы әлеуметтік педагогикалық жүйенің жылжу шарттарының сәйкестігі

8.    Ортаның сәйкестігі, әлеуметтік факторлар [5.39].

Сонымен, әлеумет, әлеуметтік педагогика, әлеуметтік тәрбие беру және әлеуметтік оқытудың тұтастығы ретінде нәтижесі болып, әрбір жеке тұлғаның немесе адамдар тобының қол жеткен деңгейлерімен сипатталатындығына көз жеткіздік.

 

Әдебиет:

1.    Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика. Уч.пособие. - М., 2006 г.

2.    Мардахаев Л.В. Социальная педагогика: учебник. - М., Гардарики, 2005. - 269 с.

3.    Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику. - М., 2006.

4.    Басов Н.Ф., Басова В.М., Кравченко А.Н. Социальный педагог введение в профессию: учеб. пособие. - М., Издательский центр «Академия», 2006. - 256 с.

5.    Мардахаев Л.В. Методика и технология работы социального педагога: уч.метод.пособие. - М., 2003.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, социальная педагогика, XYIII, Васильков, педагогика, социальный педагог, теория мен.


Задать вопрос