Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің маңызы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г.

Дата публикации: 24.04.2015

Статья просмотрена: 15123 раза

Библиографическое описание:

Шеримова, А. С. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің маңызы / А. С. Шеримова, А. Н. Елюбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.1 (88.1). — С. 41-44. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17594/ (дата обращения: 16.11.2024).

Көптеген ғасырлар бойы «адамзат» әр түрлі ғылым салаларының басты объектісі болып келеді, себебі ғылым мен адамзат бір бірімен тығыз байланыста келеді. Өз тарихын, мәдениетін, табиғи болмысын танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Осы таным жолында психология ғылымының орны аса зор әрі ерекше. Адам болмысының табиғаты, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуы, айналасындағы басқа адамдармен қарым қатынасының ерекшеліктері психология ғылымының негізінде жатыр. Адамның даму заңдары мен болмысының мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның дамуы үшін өте қажет. Көп жағдайда адамдардың жеке және ұжымдық әрекеттерінің механизі, әрекет, әлеуметтік бағыт, тәртіп стереотиптерінің қалыптасу заңдылықтары жөніндегі білімдерді пайдаланбай, сезім, психологиялық климатты танып білмей, жеке адамның ерекшеліктері мен психологиялық қасиеттерін,қабілетін, сезімін, мінезін, адам аралық қатынастарын зерттемей, әлеуметтік процестер мен құбылыстардың мәні толық ашылмайды. Яғни, әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторларды ескеру-заңды қажеттілік.Осыған орай,психология бірнеше салаға бөлінген. Соның бірі-әлеуметтік психология [1].

Әлеуметтік психология- адамдардың әр түрлі ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған топтарында көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен айналысады.Әлеуметтік психология бүгінгі таңда ерекше сұранысқа ие. Өйткені әлемдік проблемаларды шешуден бастап, адам қашанда топтың өкілі болғандықтан,оның ортаға бейімделуі, күнделікті тұрмыстағы кездесетін қақтығыс, күйзелістерді зерттеп, қажетті шешімдерге қол жеткізуге болады. Адам баласында өмірге келген сәттен бастап, белгілі ортаға бейімделу процесі жүреді. Психологияда бұл процесті адаптация деп атайды.

Адаптация-жеке адамның немесе әлеуметтік топтың ортамен әрекеттестігі, оған осы ортаның нормалары мен құндылықтарын игеру, сонысымен қатар ортаның мақсатына сәйкес өзгеруі, қайта құрылуы жатады. «Бейімделу» (адаптация) ұғымы психологияда адамның қоршаған орта жағдайына бейімделуін білдіреді. Бұл ұғым индивид пен ортаның тепе-теңдік байланыстары туралы гештальтпсихология, ақыл-ойдың даму теориясы сияқты психологиялық концепцияларда да маңызды орын алады.Бұл терминді еңгізген Г.Селье. Үш стадиядан тұрады:

1.    Алаңдау стадиясы– бір неше сағат немесе екі күн созылуы мүмкін, мұнда адамға белгілі әсер келіп адам одан қорғануға тырысады;

2.    Қарсы шығу стадиясы – адам әсерге қарсыланады;

3.    Тұрақтану немесе әлсіздену стадиясы.

Бейімделудің негізгі түрлері –сенсорлық бейімделу мен әлеуметтік бейімделу. Сенсорлық бейімделу–түйсіктердің бейімделуі. Әлеуметтік бейімделу –бейімделудің еңжоғары дәрежесі, бір жағынан, үнемі жүретін индивидтің әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, екінші жағынан, бұл процестің нәтижесі. Осы екі компоненттің өзара қатынасы индивидтің қажеттіліктеріне, оларды қанағаттандыру мүмкіндігіне тәуелді. Бейімделу үздіксіз жүретін процесс болса да, оны әдетте, адамның өмірінде негізгі әрекеттердің және әлеуметтік ортаның ауысуымен байланыстырады.Психологиялық бейімделудің негізгі көріністері – адамның айналасындағы адамдармен белсенді қарым-қатынас жасауы. Психологиялық бейімделудің басты құралы-тәрбие, білім, еңбек және кәсіби даярлық болып табылады. Психологиялық адаптация, адам өміріндегі кез келген өзгерістерде жүзеге асады. Мысалы, «үйкүшік» баланың балабақшаға келген соң, жаңа жағдайларға бейімделуіне тура келеді. Мектепке келу-жаңа талаптарды орындауға, жаңа жағдайларға бейімделуді қажет етеді. Еңбек жолын бастаған жастарда, бейімделу кезеңін басынан кешіреді. Тіпті микросоциумдағы (отбасы) өзгерістер: ата-аналардың ажырасуы немесе жақын адамдардың қайтыс болуы т.б. жаңа жағдайлар туғызады [2].

Әлеуметтік бейімделу – тек дені сау адамдардың ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да әлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамда өмір сүруге бейімделуі. Мүгедек бала - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам. Мүмкіндігі шектеулі балалардабейімделу үдерісі үнемі сәтті, қиындықсыз бола бермейді. Кейде, адекватты емес мінез-құлық реакциялары, қиын психологиялық ситуациялар туындайды. Бір сөзбен айтқанда, дезадаптация пайда болады. Балалардағы дезадаптация күйі оңай пайда болғанмен, адаптация үдерістері ұзақ уақытқа созылады . Мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделу немесе адаптация қиындықтарын жеңілдету, психикалық дамуын қалыпты балалардың психикалық дамуы деңгейіне жақындату коррекция және компенсация жолдарымен жүзеге асады. Дәлірек айтқанда, коррекция (түзету) ұғымы – психикалық және дене бітімдік дамудағы кемшіліктерді, психологиялық-педагогикалық және емдеу-сауықтыру шараларының жүйесі көмігімен түзету. Бұл жүйе баланың психикасының, дене бітімінің ауытқуларын жеңілдетуге және жоюға бағытталады. Дамудағы ауытқуды түзету немесе коррекция жасаудың тұтас тұжырымдамасын алғаш рет итальян педагогы М.Монтессори (1870-1952) жасады. Ол сезімдік тәжірибе мен моториканың дамуы автоматты түрде ойлауды дамытады, себебі олар ойлаудың алғышарттары деп есептейді.

Көршілес мемлекет Ресейде түзету жұмысының теориясы мен тәжірбиесін дамытуда жетекші рөлді А.Н.Граборов (1885-1949) атқарды. Ол ақыл ойы кем балалармен жүргізілетін сабақтардың біртұтас жуйесін жасады. Бұл жүйенің құрамына нелер кіреді? Оған ойлау, есте сақтау үдерістерін дамытуға ықпал ететін әр түрлі ойындар, шыдамдылықты, төзімділікті қажет ететін қол еңбегі, топтық саяхаттар тәрізді маңызды әлеуметтік мазмұндағы жұмыстар енеді.

Кемістіктердің орнын толтыруда психотерапияның рөлі ерекше маңызды.Ұзақ уақытқа дейін, психотерапевтік шаралар вербальды коммуникация, интеллект сияқты қалыпты дамыған адамға тән компоненттер негізінде ғана жүзеге асады деген теріс ұғым орын алып келді. Бірақ ақыл ойы кем балаларда интеллекттуалды әрекеттік болатыны және психотерапияда вербальды емес әдістердің қолданылатыны дәлелденді, мысалы арттерапия. Олигрофрен оқушылармен психотерапевтік жұмыстар жүргізу барысында, нәтижесінде олардың зейін, қабылдау, есте сақтау қабілеттерінің артқанын, оқу әрекетінің арта түскендігін байқауға болады. Сондай-ақ, психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілген психотерапевтік жұмыстарда өз нәтижелерін көрсетіп келеді.

Кез келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан, әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Осындай себептердің салдарынан, қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар күннен күнге көбеюде. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, әлеуметтік тұрмысқа баулуда, ата-ана мейірімімен қатар, мұғалім және психологтың тарапынан шексіз, мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады. Бұл жұмыста үлкен жауапкершілік, төзімділік, тәжірибе қажет. Қазіргі озық технология заманында мүмкіндігі шектеулі балаларды заман талабына сай, түрлі әлеуметтік жағдайлардан адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбеққор азамат етіп қалай әзірлеп шығаруға болады деген сұрақ осы салада қызмет атқарып келе жатқан мамандарды шығармашылық жұмысттар мен инновациялық технология әдіс тәсілдерін іздеуге итермелейді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық түзету арқылы қолдаудың маңызы зор. Себебі, тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою үшін жағдай жасауды қамтамасыз етіп, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау керек деп ойлаймын. Біздің Отанымызда да осы салаға байланысты арнайы сауықтыру орталықтары да жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта республикалық арнайы түзету мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде. Осы топқа жататын арнайы мектептерде сырқаттары және басқа себетерге байланысты оқуға мүмкіншіліктері жоқ оқушылардың жалпы орта мектептерде білім алуы қиыншылық туғызады. Осы себепті әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және қатарға қосу мен тәрбиелеуді жүзеге асыруды міндет етіп алға қою керек. Егер, әлеуметтік педагогикалық үдерісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттей алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осыдан кейін әлеуметтік психологиялық үдерісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбеққор және тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі туар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеруіміз керек. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психолог, емдік физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының арнайы тапсырмалары өте қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделудегі, тәрбиелудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата-аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады.

Адамның ең маңызды игілігі –жеке басының бостандығы мен құқықтары. Ата Заңымыз Конституцияның «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педегогикалық түзету арқылы қолдау» туралы Заңның 4- тарауында кемтар балалардың құқықтары бекітілген, нақты ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15-бап кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-психологиялық түзеу арқылы қолдауды кепіл түрде тегін алуға құқығын бекітті. «Балалардың құқықтары туралы Конвенцияда» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23-баптарында нақты көрсетілген. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болсада, мәртебесі сау адамдармен тең дәрежелі. Атап айтқанда мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық, экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екендігі айтылған.

Қазіргі таңда, еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі деңсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр.Жылдан жылға мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрып келеді. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен жасөпірімдерге көрсетіледі. Осы орайда педагог-психологтың міндеті мүмкіндігі шектеулі балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласауына жағдай туғызу болып табылады. Тәрбиелеу барысында, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде арнайы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі 16664 бала, жалпы мектептердегі арнайы сыныптардың саны 762 болса, сол сыныптарда - 7582 бала оқып жатыр, ал жалпы мектептерде ешқандай әлеуметтік− психологиялық қолдаусыз оқып жатқан мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 65 мыннан асты. Бұл ҚР білім беру саласындағы ауыр мәселенің бірі болып отырғаны ақиқат. Арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде балалалық мүгедектің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде қарастырылады. Бүкіл әлемдік деңсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдардың қызметінде кемтар балалар мен отбасына ерте жастан қолдау көрсету жетекші беталыс болып саналады. Отандық Ерсарина А.Қ, Жалмұхамедова А.Қ, Сүлейменова Р.А т.б.ғалымдардың ғылыми зерттеулері бойынша ерте жастан кемістікті анықтау және дәл сол кезден кешенді түзету жұмысын бастау, кейіннен бала дамуында басқа ауытқушылықтарды алдын алуға жол ашады. Қазіргі уақытта біріктірудің жетекші мезгілі ретінде жалпы сыныбында пән мұғаліммен қатар екінші арнайы педагогты қосу ерекше оқу орнын ұйымдастыру кең тараған дәстүр. «Шағын−мектеп» сынып құрамы ашылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жеке білім беру және түзету−дамыту бағдарламамен жүргізіледі. Әр жалпы мектептерде білімді, тәжірбиелі арнайы педагог балаларға арнайы көмек көрсету мен мұғалімдерге кеңес беру қызметін атқарады. Осы атқарылып жатқан игі істердің барлығы мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда өз орынын табуға, дені сау балалар тәрізді білім алуына мүмкіндік жасайды.

Ойымды қорытындылай келе, қоғамда тек дені сау балалар дүниеге келуі керек. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық бейімдеу арқылы заман талабына сай білім беріп қана қоймай, тәрбиелеп, оларды қоғам өміріне өз пайдасын тигізуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру.

 

Әдебиет:

1.    Богданов О.В. «Методические рекомендации по проведению комплекса лечебно – восстановительных и реабилитационных мероприятий в Сенсорной комнате».

2.    Специальная педагогика: учеб. Пособие для студентов Высш. Пед. Учеб завед»./под ред. Н.Н.Назаровой.- М:изд центр"Академия", 2004. С. 10-11.

3.    Кушваха П. «Снузлин- уникальный сказочный мир ощущений».

4.    Браудо Т.Е, Кириченко Ю.А, Соловьева Е.А, Ряховская М.В. «Методическое пособие по использованию Сенсорной комнаты».

5.    Кириченко Ю.А. «Коррекция игровой деятельности в Сенсорной комнате».

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, Сенсорная комната, адаптация, бал, немес, психология, сау.


Похожие статьи

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Мектепте химиялық өндірістерді оқыту барысындағы экологиялық білім берудің ерекшеліктері

Қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық өкілдері мифологиялық дүние бейнесінің танымдық ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалар мен ата-аналардың әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру жолдары

Казақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік-тағылымдық мәні

Қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызметтің ерекшеліктері

Жастарға ұлттық тәрбие арқылы музыкалық педагогика негізінде тәрбие берудің мүмкіндіктері

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Жаһандану жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибелері

Қазақстанға сатудан түскен салықты енгізудің мәселелері

Похожие статьи

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Мектепте химиялық өндірістерді оқыту барысындағы экологиялық білім берудің ерекшеліктері

Қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық өкілдері мифологиялық дүние бейнесінің танымдық ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалар мен ата-аналардың әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру жолдары

Казақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік-тағылымдық мәні

Қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызметтің ерекшеліктері

Жастарға ұлттық тәрбие арқылы музыкалық педагогика негізінде тәрбие берудің мүмкіндіктері

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Жаһандану жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибелері

Қазақстанға сатудан түскен салықты енгізудің мәселелері

Задать вопрос