Әлеуметтік ортадағы сал ауруларының негізгі мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Бакытбайкызы, Айнур. Әлеуметтік ортадағы сал ауруларының негізгі мәселелері / Айнур Бакытбайкызы, Ж. С. Кушекбаева, А. Н. Мураталиева, А. Ж. Тожимурат. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 19.2 (123.2). — С. 11-13. — URL: https://moluch.ru/archive/123/34432/ (дата обращения: 16.11.2024).



2002 жылдың 11 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасындағы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету туралы» Заңына сәйкес даму және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар білім алуға және шығармашылық, дүниетанымдық мәдениеттерін дамытуға тең құқылы [1].

Балалалар церебральді сал ауруы соңғы жылдары ең кең таралған аурулардың бірі болып отыр. Балалар церебральді сал ауруы шала дамудың немесе онтогенезде мидың зақымдануынан пайда болады. Мұнда мидың “жас“ алаптары – үлкен жартышар терең зардап шегеді. Ол ерікті әрекеттерді, сөйлеуді және басқа да қызметтерді реттеп отырады. Балалар церебральді сал ауруы әр түрлі қимыл-қозғалыс, психикалық және сөйлеудің бұзылыстарынан көрініс береді. Олай болса, балалар церебральді сал ауруы салдарынан адам өмірі үшін ең маңызды деген, яғни қимыл-қозғалыс, психика, сөйлеу қызметтері зардап шегеді. Балалар церебральді сал ауруы сондай-ақ қалыпты дене жағдайын ұстай алуға қабілетсіздіктен және ерікті әрекеттерді орындай алмаудан да көрінеді. Қимыл-қозғалыс бұзылыстары (сал болуы, парез, координацияның бұзылуы) психиканың, сөйлеудің, көрудің, естудің, сезімталдықтың бұзылуына әкелуі мүмкін.

Казіргі таңда көптеген зерттеулерге сүйенсек, құрсақтың ішіндегі ұрыққа 400 астам патогенді факторлардың әсерімен орталық жүйке жүйесіне зиян келтіріледі. Олар балалардың церебральді сал болуының септігін тигізеді. Ол жүктіліктің кез келген кезеңінде болуым мүмкін. Аталмыш факторларға келесілер жатады:

- жүктілік кезінде анасының жұқпалы аурулармен ауруы (жұқпалы инфекциялар, қызылша, токсоплазмоз) ;

- анасының жүрек-тамырлы және эндокринді бұзылыстар;

- жүктілік токсикозы;

- физикалық жарақаттар;

- анасы мен құрсақтағы баланың резус-фактордың сәйкес келмеуі;

- физикалық факторлар (суық тию, ыстық тию, вибрация әсері, сәулендіру);

- дәрі-дәрмектер;

- экологиялық жайсыз орта (өндірістік ластану, судың ластануы; азық-түліктердің құрамында нитраттардың артық көлемінде болуы, улы химиялық заттар, радионуклидтер, түрлі синтетикалық қоспалар) [2].

Церебральді салданған балаларда қимыл-қозғалыс пен тілдік дамудың байланысы тығыз орнатылған. Ол тілдік бұлшықет иннервациясы мен жалпы сөйлеу бұзылыстарында көрінеді.

Церебральді салданған балаларда сөйлеу кемшіліктері:

- фoнeтикалық-фoнeмaтикалық, диазртрияның әртүрлі формаларында кездеседі;

- тілдің лексикалық жағын меңгерудің ерекшеліктері;

- лексикалық және фонетикалық-фонематикалық бұзылыстармен байланысты тілдің грамматикалық құрылымның бұзылыстары.

- тілдік қарым-қатынас, коммуникация, байланыстырып сөйлеу қалыптасу механизмдерінің тежелуі немесе бұзылуы;

- дисгpaфия мен дислeксияның барлық формалары. Олардың гeнeзисінде көру-мoтopлы және оптикалық-кеңістік жүйелердің бұзылыстары жатады.

Церебральді салданған балалардың тіл кемшіліктері ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде қажетті деңгейде зерттелінген: O.Н. Усaнoвa, Н.A. Гoсудapeв, Т.Б. Eпифaнцeвa, Л.С. Вoлкoвa, С.Н. Шaхoвскaя және т.б.

Балалардың церебральді ауруы балалық шақтағы мүгедектіктің ең жиі кездесетін себеп-салдардың ішіне кіреді, оның негізінде жүйке жүйесінің аурулары жатады.

Церебральді салданған балалардың арнайы терапиясы болмаса да, жалпыға мәлім әдістер уақытында қолға алынған жағдайда белгілі бір нәтижеге әкелуі мүмкін, олар кинезотерапия, педагогикалық түзету, протездеу, қосымша техникалық құралдарды қолдану.

Церебральді салданған балаларда қимыл-қозғалыс пен тілдік дамудың байланысы тығыз орнатылған. Ол тілдік бұлшықет иннервациясы мен жалпы сөйлеу бұзылыстарында көрінеді.

Церебральді салданған балаларда сөйлеу кемшіліктері:

- фoнeтикалық-фoнeмaтикалық, диазртрияның әртүрлі формаларында кездеседі;

- тілдің лексикалық жағын меңгерудің ерекшеліктері;

- лексикалық және фонетикалық-фонематикалық бұзылыстармен байланысты тілдің грамматикалық құрылымның бұзылыстары.

- тілдік қарым-қатынас, коммуникация, байланыстырып сөйлеу қалыптасу механизмдерінің тежелуі немесе бұзылуы;

- дисгpaфия мен дислeксияның барлық формалары. Олардың гeнeзисінде көру-мoтopлы және оптикалық-кеңістік жүйелердің бұзылыстары жатады.

Церебральді салданған балалардың басым бөлігінде күштенген әрекеттер - гиперкинездер болады, олар бас, қол, бет, иық, мойын бұлшықеттерінде байқалады. Церебральді салданған балалардың қимыл-өозғалыс саласындағы ерекшеліктерімен қатар танымдық, сенсорлы, моторлы, сөйлеу салаларының дамуы өте күрделі жолмен зардап шегеді [3].

Балалар нeвpoпaтoлoгы, акaдeмик Л.O. Бaдaлян мен м.ғ.д., пpф. К.A. Сeмeнoва ұзаққа созылған зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстың қорытындысында, шетелдік жетістіктердің нәтижесінде церебральді салданған балалардың кешенді жіктемесін құрған.

1. Қосарланған спaстикалық гeмиплeгия. Тоникалықрефоекстер ригидтілікпен айқын көрінеді. Ол балалардың сал ауруында ең күрделісі. Мидың күрделі зардап шегуі құрсақ ішінде болғандықтан, тіршілік етудің маңызды функциялары бұзылады: қимыл-қозғалыс, психикалық, сөйлеу. Бала туғаннан бастап қимылдық бұзылыстар анықталады, әдеттегідей қорғаныс рефлексінің жоқтығы, тоникалық рефлекстердің болуы: лабиринтті, мойынды.

2. Спaстикалық диплeгия. Балалардың салданған ауру бұл түрі басқа формаларға қарағанда ең жиі кездеседі. Таралу жағынан спастикалық диплегия тетрапарез түрінде болады. (қол мен аяқтары зақымдалған), алайда аяқтары қолдарынан көбірек зардап шегеді. Спастикалық диплегиясы бар балалардың 70% тіл бұзылыстары дизартрия кездеседі. 60-80%- интеллектуальді ерекшеліктер байқалады. Спастикалық диплегия кезінде тіл, интеллектуальді, қимыл-қозғалыс бұзылыстарының дәрежесінің түрлілігі сан алуан.

3. Гeмипapeз. Бала туғаннан кейін 6 – 10 айында көзге байқалады. Гемипарез қалпы Вернике-Манна. 2 - 3 жастан бастап оның симптомдары прогрессивті емес, регресс байқалмайды. Сіңірлі рефлекстердің жоғары болуы, аяқ-қолдарының дистальді бөлімдегі патология, синкинезии (координациялық және имитациялық). Көбінесе қолдардың парезі, тіл кемшіліктері, психикалық дамудың тежелуі және олигофрения, тал ауруы кездеседі.

4. Гипepкинeтикалық фopмa (қосарланған aтeтoз, aтeтoзды бoлизм, хopeaтикалық форма мен хopeитикалық гипepкинeз). Себебі, билирубин энцефалопатиясы, бас миның жарақаттары, ерте туу, туу кезіндегі жарақаттар, миның қан айналымын қамтамасыз ететін артерияның үзілуі. Ему, жұту, тыныс алу рефлекстері әлсіз, қимыл рефлекстері бұзылған. лен, может отмечаться нарушения координации сосания, глотания, дыхания. Көбінесе гипотонус түрінде болады. Гипотонус бұлшықетті дистонияға көшеді. Өз бетімен жүру қабілеті 4 – 7 жасында пайда болады.

5. Aтoникалық-aстaтикалық церебральді сал ауруы. Туғаннан бастап қимыл-қозғалыс рефлекстеріне жеткіліксіздік тән: тіректену рефлекстері, жүру дағдысы, қорғаныс және ұстап алу рефлекстері жоқ немесе әлсіз дамыған. Басын ұстау мен онымен байланысты басқа да дағдылар тежеліп дамиды.

Қазіргі кезде қимыл-қозғалыс аппараты зақымданған балаларға медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитация жасау, ауыр кемістіктің алдын алу мәселесі алға қойылған. Оларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға интеграциялау, яғни қоғамға пайдалы еңбекке араластыру. Осыған байланысты оңалту орталықтары ашылып жатыр және жаңа үлгідегі, мүгедек балаларға, жасөспірімдерге арналған территориалдық оңалту орталықтары, отбасына әлеуметтік көмек көрсету орталықтары іске қосылып жатыр. Орталықтардың негізгі міндеттері мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға комплексті көмек, медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік көмек көрсету, оларды оңалту, және кәсіби бағдар беру болып табылады. Мұндай орталықтар тек кемтар балаларға ғана емес, сондай-ақ олар тәрбиеленіп жатқан отбасыларына да комплексті көмек көрсетеді [4].

Жаңа қоғамдағы бала мүгедектік мәселелерінің шешімін екі жақты қарастырылуы керек. Біріншіден - мүгедектіктің алдын алу, бұл жүкті әйелдерге, сәбилерге көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жоғарылату арқылы, алдын ала кеңес алатын медициналық-генетикалық мекемелер ашу арқылы іске асыру. Екіншіден – мүгедек балаларды психикалық тұрғыдан түзету мен әлеуметтік оңалту, бұл – психикалық функцияларды түзету жұмысын арттыру, тіл және ойлау бұзылыстарын жеңу, әлеуметтік оңалту орталықтарын ашу, мектеп алды оңалту мен түзету мекемелерін ашу арқылы іске асырылады.

Әдебиет:

  1. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11-шілдесіндегі №343 Заңы, 1-тарау. Жалпы ережелері
  2. Абрашина, Н.А. Двигательные церебральные нарушения./ Н.А. Абрашина. – Саратов: Приволжской книжное издательство, 1997. – 244 б.
  3. Василенко, Н.А. Психопатологическая характеристика учащихся с церебральным параличом/ Н.А. Василенко // Дефектология. – 2000. - №1
  4. Детский церебральный паралич. Хрестоматия. / Сост. Л.М. Шипицина, И.И. Мамайчук. – СПб, 2003.-562 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, сало.


Задать вопрос