Қазақстандағы Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Қазақстандағы Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесі / Ж. С. Кушекбаева, Айнур Бакытбайкызы, И. Н. Абилхан [и др.]. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 51.1 (185.1). — С. 16-18. — URL: https://moluch.ru/archive/185/47514/ (дата обращения: 17.12.2024).



Мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту - қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға қолжетімділігін кеңейтуге оң өзгерістер жасалып жатыр.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізді, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген және 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген [1].

Бұл бағдарламалардың басты міндеттерінің бірі –еліміздегі инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.

Инклюзивті оқыту - ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Бұл оқытудың тиімділігі балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады және мүмкіндігі шектеулі баланың адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті білім беру Қазастанда басқа санаттағы оқушылармен бірге білім алуды және тең қолжетімділікті көздейтін мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты.

Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Əрбір адам сезуге жəне ойлауға қабілетті.

3. Əрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7. Əрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын əрекетін жүзеге асыру.

8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді [2].

Қазіргі кезде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар саны 144 783 баланы құрайды, оның ішінде 96 555 мектеп жасында және 48228 мектепке дейінгі жаста.

2016-2017 оқу жылында 10% (4910 б/б-дан 495 б/б) балабақша инклюзивті білім беруді енгізді, онда 6130 бала, 44,7% немесе 3289 мектеп инклюзивті білім беру үшін жағдай жасады (40 мыңнан астам бала).

Педагогтар мен ата-аналарға ғылыми-әдістемелік, ұйымдық-консультативтік көмек көрсету үшін 7 инклюзивтік білім беру жөніндегі ресурстық орталығы құрылды (Ақтөбе – 1, Ақмола -1, Қарағанды – 1, БҚО – 2, Қызылорда – 1, ҚАЗ ҰПУ- 1).

Қазақстан Республикасында 42 арнайы балабақша және 435 арнайы топтар жұмыс істейді, оларда 13 мыңнан астам мектепке дейінгі жастағы балалар білім мен тәрбие алуда, 97 арнайы мектеп және жалпы білім беру мектептері жанындағы 2605 арнайы сынып жұмыс істейді, оларда 25 мыңға жуық оқушы білім алады.

Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 13 оңалту орталығы, 149 психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеттері, 58 психологиялық - медицииналық - педагогикалық консудьтацияларды, педагогикалық - коррециялау қолдауды көрсетуде.

ИПБТ жүйесінде мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан мамандарды даярлау ісін 178 колледж жүргізуде. Аталмыш санат студенттерінің контингенті 3 мыңға жуық адам құрайды. «Дефектология» мамандығы шеңберінде кадрларды даярлау елдің 17 ЖОО-да жүргізіледі. Бұдан басқа педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 3 жыл ішінде 2771 педагог инклюзивті білім беру бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Педагог кадрларының біліктілігін арттырудың барлық курстарының тыңдаушылары үшін инклюзивті білім беру бойынша міндетті лекциялар әзірленді және енгізілді [3].

Сонымен қатар, қазіргі кезде Қазастанда инклюзивті білім беру жүйесін құрудың белгілі бір модельдері мен жинақталған тәжірибесі бар.

Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға:

- мүмкіндіктері шектеулі балалар;

- мигранттардың, оралмандардың, босындардың, саны аз ұлттардың отбасыларынан шыққан балалар;

- қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар) жатады.

Қазақстандағы білім беру жүйесінде:

- әрбір білім алушыны тұлғалы даму траекториясына, даралап оқыту әдістеріне негізделген дербес оқытуды, оны психологиялық-педагогикалық қолдауды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін инклюзивті білім берудің моделі жасалмаған;

- білім беруге арналған икемді оқу бағдарламалары әзірленбеген;

- жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін кадрлар мен оқу-әдістемелік база жеткіліксіз;

- оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалау іске асырылмайды, балалардың білімдері мен дағдыларын критериалды бағалау индикаторларын жою;

- ерте кәсіптік бағдарлау, ерекше оқытуды қажет ететін балаларды кәсіпалды және кәсіби даярлау шарттары жеткіліксіз құрылған;

- мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларының бірізділігі мен сабақтастығында, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жұмысқа орналастыруда жүйелі ықпалдасты жою;

- көптеген балалардың білім алу қажеттіліктері жеткіліксіз қамтамасыз етілген, нәтижесінде олардың әлеуметті мүмкіндіктері толық жүзеге асырылмаған;

- халықаралық TIMSS, PISA, PIRS зерттеулеріндегі Қазастандық оқушылардың көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз деңгейде;

- әлеуметтік бейімдеудің жеткіліксіздігінен девиантты мінез-құлықты балалардың саны көбеюде, балалар арасындағы қылмыс, суицид бұзылыстары да азаймай отыр;

- түлектердің функционалды сауаттылығы төмен қалыптасқан, жұмысқа орналаса алмайды, қатер тобына түседі.

Осы проблемаларды болдырмас үшін инклюзивті білім беруді дамытуды ақпаратты қамтамасыз ету:

- қоғамды, үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыруды, сондай-ақ балалар ұйымын қорғауға бағытталған бағдарламаларды жергілікті атқарушы органдармен әзірлеуді көздейді ;

- әр білім алушыны компенсаторлы техникалық және көмекші құралдарға ерекше білім алу, әлеуметтік, оңалту мұқтаждықтары, қажеттіліктері мен барлық білім беру деңгейлерінде көрсетілетін түзету педагогикалық қолдау түрлері мен көлемі туралы мәліметтері көрсетілуі тиіс мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін ақпараттандыруды техникалық-экономикалық негізін әзірлеуді көздейді.

5. Жүзеге асырудың негізгі шарттары:

- нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіру;

- ғылыми, оқу-әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және басқа да ресурстардың шоғырлануы;

- әлеуметтік-педагогикалық шарттарды құру;

- ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және кәсіби бағдарлау мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасау;

- балалардың жеке мүмкіндіктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, ақпаратты коммуникативтік технологияларды пайдалануды қамтамасыз ететін интерактивті оқыту[4].

Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастыру керек. Бала және оның ата-анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерге мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру, оларды ұзақ мерзімге мектеп-интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым- қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады [5].

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды жақындатады. Инклюзивті бағыт мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болады деген сенімдеміз.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010.
  2. Әлеуметтік педагог. – 2010. - №4.
  3. http://m.egov.kz/cms/kk/articles/secondary_school/2F05inclsiveeducation?mobile=yes
  4. Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар.
  5. Қазақстандағы арнайы білім. – 2012. - №2.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, PIRS, PISA, TIMSS, бар.


Задать вопрос