Инклюзивті білім берудің шетелдік тәжірибесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Кэмен, Д. К. Инклюзивті білім берудің шетелдік тәжірибесі / Д. К. Кэмен, С. К. Абильдина, Б. К. Шаушекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 29-31. — URL: https://moluch.ru/archive/150/42695/ (дата обращения: 17.12.2024).



Қазіргі таңда дүниежүзінің назарын аударып отырған мәселе ол — балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның және отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру болып табылады.Яғни, инклюзивті білім беру-ол баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады.

Инклюзивті білім беру балалардың әр түрлі дене, психикалық, зияткерлік, мәдени- этникалық, тілдік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейтін оқыту түрі. Француз тілінен аударғанда «Инклюзив» сөзі-өзімді қосқанда ал, латын тілінен аударғанда -қосамын деген мағынаны білдіреді [1].

Н. В. Борисова, С. А. Прушинский және М. Перфильева инклюзивті білім берудің негізгі ұғым түсініктерін қарастырушы ғалымдар болып табылады. Осы ғалымдадың редакциялауымен жарық көрген «Инклюзивное образование: ключевые понятие» оқу құралында ең негізгі ғылыми аппаратқа тоқтала отырып, ұғым түсініктердің мәнін ашты.

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылдары АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына инклюзивті білім беру бағдарламасын толық енгізді. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.

Инклюзивті білім беруді дамыту ең алғаш АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия және Австралия елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Жоғарыда аталған елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесін қарастырсақ, 1991 жылдан бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Жобаның нәтижесінде он бір аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды [2]. Бұл елде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар, коррекциялық мектептер, интернат-үйлер, үйден оқыту және қашықтықтан оқыту.

Швецияда ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және юалалар онда қажетті қолдау алуда. Әр сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану арқылы білім беріледі.

Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында артта қалушылығы бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады және онда 21–23 жасқа дейін оқи алады. Арнайы мектептер қазір жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға кірістірілген балаларды қолдау ресурстарының орталығы болып табылады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан [2].

Америка Құрама Штаттарын қарастырсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады.Оның 3 негізгі жолдары бар:яғни, «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Алайда,бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау тудыруда.

Мысалы,негізгі бағыт- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Екінші жолы жалпы білім беру инициативасы-дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, жоғарыда аталған негізгі бағыттан ары қарай дами түскен.

Өз кезегінде осы сала мамандары дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.

Үшінші жолы енгізу моделі,ол балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады [2].

Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада жүзеге асырылады.

Біріншісі,мұнда бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т. б. қарастырылған.

Екінші нұсқа бойынша, бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды.

Үшінші нұсқа,бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды,мұндай типте психикалық дамында кешігушілік бар балалар қарастырылған.Ал, уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы оқушылармен дайындалады.

Төртінші нұсқа бойынша,бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады,бұл типте әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар білім алады [2].

Әр елдің тәжірибелерін қарастыра отырып,біздің көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында қолға алына бастады. Европа елерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған.

Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған.

Халықаралық тәжірибелерді жан жақты қарастыра отырып,оларды толық зерттеп, еліміздің даму стратегиясын, экономикасын, білім беру жүйесін, әлеуметтік саясатын, қоғам қажеттілігін, тіпті еліміздің менталитетін ескере отырып, тәжірибелерді осы ескерулерге сай өзгертулер мен толықтырулар енгіп жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр.

Ал, біздің ойымызша, қазіргі таңда инклюзияны жүзеге асыру табыстылығы тікелей болашақ мамандардың даярлығына байланысты болып табылады.

Әдебиеттер:

  1. Таубаева Ш. Т. Педагогика әдіснамасы, Алматы Қарасай батыр, 2011 ж.
  2. Грозная Н. С. Инклюзивное образование за рубежом. От мечты к реальности 2011. № 1.
  3. Қазақстандағы инклюзивті білім // egov.kz мемлекеттік порталы.
Основные термины (генерируются автоматически): бар, Инклюзивное образование, мена.


Задать вопрос