Генетика курсында Жобалау әдісін пайдалану | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г.

Дата публикации: 20.04.2015

Статья просмотрена: 135 раз

Библиографическое описание:

Избасарова, Ж. Ж. Генетика курсында Жобалау әдісін пайдалану / Ж. Ж. Избасарова, Г. Р. Унгарбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.2 (88.2). — С. 27-29. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17453/ (дата обращения: 18.11.2024).

Білім берудегі педагогикалық технологиялардың негізгі қызметі – оқу үдерісінің білімдік мақсаты мен міндеттерін іске асыру және жеке тұлғаны дамыту екендігін ғалымдар педагогикалық-психологиялық негіздерін анықтап, оларды философиялық тұрғыдан дәлелдеген. Педагогикалық технологиялар студенттерге нәтижелі білім беруге бағытталған тиімді құрал болуымен қатар, оқытушыны да сапалы қызметке, нақты нәтижеге жетелейтін механизм болып табылады. Ең бастысы оқыту үдерісінде қолданылатын педагогикалық технологиялар сабақтың сапасын арттыруға, дара тұлғаны дамытуға және түпкі нәтижеге жетуге ықпал етуі қажет[1].

Қазіргі заманғы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде[2].

Жоғары оқу орындарының оқыту процесінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірі – Жобалау әдісі. Жобалау әдісі– оқу-тану тәсілдерінің жиынтығы. Олар белгілі бір проблемаларды білім алушылардың өздігінше шешуге және сол шешімнің нақтылы бір нәтижесі «қалайда болады» деген сенімімен байланысты жүзеге асырылады.

 Оқу жобасына төмендегідей талаптар қойылады:

•         жоба нақты қажетті, әлеуметтік маңызды мәселеге арналады;

•         жобаны жоспарлау мәселені шешуге бағытталады;

•         қандай өнім алатындығы белгіленеді (нәтиже, мерзімі және оған жауаптылар көрсетіледі);

•         білім алушылардың зерттеушілік қызметі міндетті шарт. Яғни, ақпарат іздеу, талдау оны білім алушыларға тарату;

•         нәтижесі, өнім болып шығуы тиіс: мақала, модель т.б.

•         жобаны ұсынған адамға нәтижені көрсету, жобаны қорғау, презентациялау.

Жобалау әдісінің негізінде білім алушылардың танымдық қабілеттерін өздігін­ше құрып, деректер кеңістігінде бағдарланып, сыни және шығармашылық ойлауын өздігінше дамыту жатыр. Соларға сәйкес білім алушы қажетті дерек­терді өзі іздеп тауып, оларды талдап, солардың негізінде белгілі бір нәтиже­лер жасауды (есеп жазуды) өздігінше жүргізеді. Ондай жұмыстарды топпен де орындауға болады. Бұл кезде атқарылатын жұмыстар топ мүшелері ара­сында бөлінеді. Олардың ара қатынастарын реттейтін келісімдер, бағалау критерилері, жоба жасау әдістемесі, білімдік істер көлемін өзара дұрыс бөлу және олардың атқаратын міндеттері белгіленеді.

Жобалау әдісін негізінен білім алушылардың өздері орындайды. Оны орындауға белгілі бір уақыт бөлінеді. Дегенмен жобадағы шешілуі тиісті мәселенің күрделі­лігі мен ерекшеліктеріне қарай, оқытушының да атқаратын ролі бар [3].

Жобалау әдісі бойынша жасалған жұмыс қандай да бір проблеманың бар екендігі және оны шешу қажеттілігі ғана емес, сонымен бірге оны ашу, шешу үдерістерін, әрекеттерді айқын жоспарлауды, сол проблеманы шешу туралы пікірдің және гипотезаның болуын, (егер топтық жұмыс болса) жұмыс түрлерін өзара дәл бөлуді, яғни қатысушылар өзара тығыз байланыста болса, әрқайсысына берілетін тапсырманы қажет етеді [2].

Жобалау әдісі зерттеушілік, шығармашылық, деректік істерді атқарумен бір­ге, ол пәнаралық тұрғыдан да шешіледі. Жобалау ғылыми, оқыту, сервистік, әлеуметтік, шығармашылық, жарнама-тұсаукесерлік және т.с.с. болып бөлі­неді.

Әдетте жоғары оқу орындарында жобалау әдісіне ғылыми жобалар, соның ішінде курстық және дипломдық жұмыстарды жазу, кейбір жағдайларда оқу және өндірістік практикаларды атқару жатады. Курстық және дипломдық жобаларды (жұмыстарды) жасау теория мен практиканың ара қатынастарын анықтап, оқу үдерісіне кәсіби тұрғыдан қарап, оның сапасының өсуіне тіке­лей әсер етеді. Сонымен бірге жобаны қорғау кезінде білім алушы шешілетін мәселе туралы практикалық технология тұрғысынан сауатты ойлауға, өз ойын қисынды және дәлелді етіп түсіндіруге, қажет болғанда өзгелерді өзінің шешімінің дұрыс екендігіне көзін жеткізуге тура келеді[3].

5В011300-Биология мамандығы бойынша білім алушылар«Генетика» курсын оқу барысында бірнеше жоба орындаған болатын.Соның ішінде «Мутагендік факторлардың адам денсаулығына әсері» тақырыбында орындалған жобаның үлгісін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Жобаны орындау үшін алдымен зерттелетін тақырып бойынша мақсат, міндеттері және күтілетін нәтижесі анықталды(1-сурет).

 

1-сурет. Жобаның мақсаты, міндеттері, нәтижесі

Жобаның орындалатын нақты мерзімі (бір семестр) болғандықтан, күнтізбелік жоспары құрастырылды (2-сурет).

 

2-сурет. Жобаның күнтізбелік кестесі

 

Студенттер жобаны орындап болған соң, бағалау жүргізілді. Орындалған жұмыстың нәтижесіне қарай, көп құрамды, яғни суммативті бағалау жүйесіБлум топтамасына сәйкесқолданылды (3-сурет).

3-сурет. Жобаны бағалау

Осы жобаның нәтижесі бойынша білім алушылар мақала жазды. Осылайша,жобаны орындау нәтижесі нақтылы және практикада қолданымды болуы керек.

Жобалау әдісін қолдану арқылы білім алушының танымдық икемділігіне, өз білімін өзі құрастыруына, деректік кеңістікте бағдарлана алуына, сонымен қатар сыни ойды дамытуына ықпал ете аламыз.

 

Әдебиеттер:

1.      Қараев. Ж. А, Кобдикова Ж. У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода. – Алматы, 2005.

2.      Оспанов С.И. Кредиттік оқыту жағдайында студенттердің ойлау белсенділігін көтеру әдіснамасы. Жоғары оқу орындарына арналған әдістемелік оқу құралы. / С.И. Оспанов. – Алматы: «Полиграфия-сервис Кº», 2012.

3.      Балақаева Г.Т., Тоқмағамбетов Ә.Ш. және басқалар. Қазақстан Республикасы педагогикалық мамандықтар бойынша ЖОО ұстаздарының біліктілігін көтеру бағдарламасы бойынша әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 2013.

Основные термины (генерируются автоматически): CPS, CDU, ASEC, CSU, LGBT.


Похожие статьи

Биология курсында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Геометрия есептерін шешуде анализ бастамаларын пайдалану мысалдары

Кейс-стади әдісін «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің зертханалық сабақтарында пайдалану

Биология мамандығында оқитын білім алушыларға модульдік технологияны пайдаланып химия курсын оқытудың әдістемесі

Білім беруде В. Ф. Шаталов әдісін пайдаланудың тиімділігі

Химия сабағында оқушыларға логикалық тапсырмалар жүйесін пайдалану әдістемесі

Кластерлік өндірісті ұйымдастыру мәселелері және оның жер ресурстарын пайдалану тиімділігіне әсері

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Арт-терапия әдісін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалтуда қолдану

Биология пәні бойынша көрнекі құралдарды қолдан дайындау

Похожие статьи

Биология курсында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Геометрия есептерін шешуде анализ бастамаларын пайдалану мысалдары

Кейс-стади әдісін «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің зертханалық сабақтарында пайдалану

Биология мамандығында оқитын білім алушыларға модульдік технологияны пайдаланып химия курсын оқытудың әдістемесі

Білім беруде В. Ф. Шаталов әдісін пайдаланудың тиімділігі

Химия сабағында оқушыларға логикалық тапсырмалар жүйесін пайдалану әдістемесі

Кластерлік өндірісті ұйымдастыру мәселелері және оның жер ресурстарын пайдалану тиімділігіне әсері

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Арт-терапия әдісін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалтуда қолдану

Биология пәні бойынша көрнекі құралдарды қолдан дайындау

Задать вопрос