Оқытудың инновациялық технологиялары – шәкірттің тұлғалық болмысын дамыту құралы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №4 (63) апрель 2014 г.

Дата публикации: 28.03.2014

Статья просмотрена: 2625 раз

Библиографическое описание:

Тапаева, А. П. Оқытудың инновациялық технологиялары – шәкірттің тұлғалық болмысын дамыту құралы / А. П. Тапаева, Г. Т. Кожагельдиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 4.1 (63.1). — С. 48-50. — URL: https://moluch.ru/archive/63/10020/ (дата обращения: 17.12.2024).

Білім беру саласындағы оқудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, нәзіктік, адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізіп, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі нарық заманында өркениметті елдердің озық тәжірибесі кеңінен пайдаланылуда. Білім беру технологиялары оқушы үшін жұмыс істеуі тиіс. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшеліктері мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызады.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әp6ip ұстаздың басты борышы. Кейбір оқытушылар сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбіреулер жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да, негізгі мақсат – бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңдіру болып табылады. Аудиториядағы барлық баланың ойлау кабілеттері бірдей емес. Сондықтан, дәріс кезінде  әркайсысының білім деңгейіне қарай білікті оқытушы жұмыстың түрін  тауып, тақырыпты игертуді көздеуі қажет.

Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында мектепке жас мамандарды даярлауда жаңа заман талаптарына сай озық, ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу сияқты жауапты міндеттер артып отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау  үшін ұстаздар қауымы ғылыми-әдістемелік және оқу-тәрбие жұмыстарына шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін icкe қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын пайдалануы, жаңа оқыту технологияларын тиімді қолдануы керек екені анық. Қaзipгi заманғы оқыту технологиясы педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде жасалған дамытушы, жеке бағдарлы, мақсатты технология болып  табылады [1].

Педагогикалық технология – білім алушының жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолдарындағы педагогикалық қызметтің, ic-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы. Педагогикалық технологияның ерекшеліктерін, педагогикалық жүйені жобалау тұрғысынан анықтау үшін, жобалардың білім беру аймағында оқыту жүйесі мен оның жекелеген компоненттерін жасаумен шектелмейтіндігін ескеру қажет. Басқаша айтқанда, педагогикалық, технология оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін,  оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін басты бөлік болып табылады [2].

Білім берудің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту үшін білім берудің оңтайлы тәсілдері мен тиімді педагогикалық  технологиялар қолдану қажет. Педагогикалық технология дегеніміз – алға қойылған мақсатқа сәйкес рухани өнім алу мақсатында оқыту құралдары жүйесі мен көп факторлы оқыту процесі жайындағы қолданбалы педагогикалық ғылым. В.П. Беспальконың айтуынша, әрбір іс-әрекет не технология, не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология – ғылым негізінде құрылған. Өнерден бәрі басталады, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге болмайды. Экспроматқа қарама-қарсы, интуиция бойынша әрекет етуден жоспарланған технологиялық іс-әрекетке көшу болып табылады. Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірдің пайда болуы, даму тарихы және оның ең алдымен әртүрлі теориялық және тәжірибелік іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен байланыстылығы. Оқытуды технологизациялау жайлы В.П. Беспалько, Л.М. Эрдиевтің пікірлері маңызды болып табылады. Соған сәйкес шет елдегі қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл, Л.Н. Ланд, Ю.К. Бабанский, Н.П. Раченко, Л.Я. Зорина, В.П. Беспалько, М.П. Хомерики және басқалардың ғылыми еңбектері дәлел бола алады. Батыс философтары мен әлеументтанушыларының (К.Кларк, Ф. Махлуп, И. Масуда жене т.б.) советтік және ресейлік (Б.М. Боголюбовь, И.И. Маркел жене т.б.), Қазақстандық (Ж.М. Жусубалиева жене т.б.) ғалымдарының ой-пікірлерін де мысалға айтуға болады. Педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, В.М. Кларин, Ж.А. Қараев, Т.Т. Галиев т.б. ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейінгі түрлі пікірлері айтылған.

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.  Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.  Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіби іскерлігі көрінеді [3].

Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, студенттердің өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы студенттердің тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді. Сондықтан, әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен студенттердің  психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.Жоғары оқу орындарында химияны оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерін төмендегі сызбанұсқа түрінде көрсетуге болады. Ойлау іс-әрекеттерін кезеңдік қалыптастыру технологиясының жетістігі, оқушылардың немесе студенттердің  жекеше түрде жұмыс жасау жағдайын қалыптастыру және оқу-танымдық іс-әрекетті өзіндік басқаруын себептендірудің нақты көзі болып табылады.

Қазіргі талапқа сай жаңа технологиялардың берілетін білім деңгейінің кеңейтілуінің және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап ету қоғам қажеттілігі. Білікті маман, білгір ұстаз дайындау әрбір педагогтің  міндеті және де озық технологияны пайдалану шеберлігіне байланысты. “Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі”, - деп көрсетеді С.В. Селевко.

Д.В.Чернилевский бойынша, оқыту технологияларын таңдау үшін  педагог ескеруге қажетті факторлар:

-       біліктілік сипатына енген   кәсіби іскерліктерді  меңгертуге арналған  оқыту іс-әрекетін ұйымдастыру  мүмкіндіктері;

-       педагогикалық процестегі  оқыту ақпараты функциясы (оқыту, диагностикалық бақылау);

-       оқыту ақпаратының мақсаттылық белгісі  (танымдық, әрекеттік типте);

-       оқушылардың яки студенттердің  мүмкіншілігі (әдістемелік біліктілік деңгейі, оқыту процесінің әдістемелік техникалық жабдықталуы).

Педагогикалық технология М.В. Клариннің анықтауында: “Педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық, дара, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. Ғалым-академик В.М. Монахов оқыту технологияларының практикадағы қолданыс аясын тереңірек зерттей келіп, оны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше: “Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі”. Жоғарғы оқу орындарында қазіргі заманғы технологияны ұтымды  пайдалану нәтижесінде студенттер химия курсының мазмұнын ғылыми негізде анықтауды және логикасына сай оқу материалын оқыту процесіне ендіру, алгоритмдік оқыту, бағдарламалап оқыту,  зерттеп оқыту және де қазіргі химияның өзекті мәселері т.б актуальді мәселелерді шешеді [4]. Сондай-ақ, қазіргі білім беру технологиялары бойынша студент өзінің жүйелі білім меңгеруіне деген мүмкіндіктерін ашады. Ал, педагог үшін оқу процесінде осы технологияларды ұтымды қолдану арқылы тәжірибе жинақтау және болашақ педагогтың кәсіби-тұлғалық қасиетін дамыту, мемлекетімізде жүргізіліп жатқан білім беру реформасының мақсаттары мен талаптарын жүзеге асырып, студенттерді, яғни болашақ мамандарды алдағы кәсіби-педагогикалық қызметке неғұрлым жетілген деңгейде әзірлеуде уақыт рухына, қазіргі заман талабына сай жоғары сапалы білім беріп тәрбиелейтіні сөзсіз.

Әдебиет:

1.      Сәдуақасқызы К. Химия мектепте // Педагогикалық технология негіздері. - № 5. - 2009.

2.      Чернилевский Д.В. Дидактические технологии в высшей школе. – М., 2002

3.      Поташник. М.М. Инновационные школы России: становление и развитие. - М., Новая школа, 1996. - С. 320.

4.      Матросов В.Л. Интенсивные  педагогических технологии: В 3 т. - М. 2000.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Болашақ мамандардың инновациялық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары

Қазақстанда индустриялды-инновациялық саясаттың қалыптасуы

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың негізгі құралы

Отанға деген құрмет, сыйластық тәрбиелі ұрпақты қалыптастырады

Жастардың жыныстық мінез-құлқын қалыптастыруға әсер ететін факторлар

Валюталық тәртіптемені ырықтандыру – ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағыты

Қызылорда облысының орталық-экологиялық аймағында күріштің инновациялық сорттарын сынау нәтижелері

Бастауыш сыныптың құзырлы мұғалімі – табысты оқытудағы түйінді тұлға

Болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастыру

Инновацияларды ынталандырудың қаржылық тұтқалары

Похожие статьи

Болашақ мамандардың инновациялық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары

Қазақстанда индустриялды-инновациялық саясаттың қалыптасуы

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың негізгі құралы

Отанға деген құрмет, сыйластық тәрбиелі ұрпақты қалыптастырады

Жастардың жыныстық мінез-құлқын қалыптастыруға әсер ететін факторлар

Валюталық тәртіптемені ырықтандыру – ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағыты

Қызылорда облысының орталық-экологиялық аймағында күріштің инновациялық сорттарын сынау нәтижелері

Бастауыш сыныптың құзырлы мұғалімі – табысты оқытудағы түйінді тұлға

Болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастыру

Инновацияларды ынталандырудың қаржылық тұтқалары

Задать вопрос