Мұғалімнің педагогикалық ойлауын дамытуда пайдаланылатын әдістер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ибадуллаева, С. Ж. Мұғалімнің педагогикалық ойлауын дамытуда пайдаланылатын әдістер / С. Ж. Ибадуллаева, А. А. Нургалиева, Каламкас Абдирасулова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 43-45. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16655/ (дата обращения: 17.12.2024).

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты әсіресе соңғы кезде педагогика саласына түбегейлі өзгертулер, жаңалықтар енгізілуде. Біздің басты игіліктеріміздің ішінде халқымыздың немесе басқаша айтқанда адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады [1].

Жаңашылдық — білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Ол оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.

Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады [2].

Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі — баланың тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ал бұның өзі педагогтар қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктейді. Мұндай міндеттерді шешу мұғалімдерден мектептерде білім алушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттырудың, оқытудың инновациялық технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізуді талап етеді.

Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды [3].

Сонымен, педагогикалық технологиясы оқыту әдістемесімен салыстырғанда, білім алушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы білім алушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді. Ал инновациялық технология жаңа ғылыми немесе практикалық шығармашылықтың қорытындысы деуге болады.

«Педагогикалық технология» термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал технологияның өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық мiндеттердi шешумен байланысты, педагогтің жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі [4].

Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды бір сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, енгізіліп жатыр. Олар: Лысенкованың алдына ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т.б.

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В. М. Монаховтың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген инновациялық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр.

Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады: жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту; теориялық білімнің жетекші ролі; оқу материалын жеделдете оқыту; оқу үрдісін білім алушының сезінуі; барлық білім алушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу [5].

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және педагогикалық ойлауын дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Педагогикалық ойлауды дамытуда қолданылып жүрген технологияның негізіне жататындар: әрбір білім алушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Педагогикалық ойлауды дамытуда қолданылатын иИнновациялық технология түрлеріне: ынтымақтық педагогикасы; білім беруді ізгілендіру технологиясы; проблемалы оқыту технологиясы; тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы; түсіндіру басқарып оза оқыту технологиясы; деңгейлік саралап оқыту технологиясы; міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; жобалап оқыту технологиясы.

Оқытудың технологиясын жетілдірудің педагогикалық бағыты негізгі ой-тұжырымдары бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу, білім алушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады.

Мұғалімнің педагогикалық ойлауын дамытуда қолданылатын әдістерге қысқаша сипаттама берер болсақ, алдымен қарақынды күшейте (интесивті) оқыту технологиясына тоқталып көрейік. Оқытуды интенсивтендіру дегеніміз — оқытудың сапасында, мерзімін де өзгертпей, бірақ оқу ақпаратын кеңірек көлемінде беру. Оқу үрдісін күшейте түсу үшін тұлғаның шығармашылық потенциалын іске қосатын танымдық үрдіске жетекші ететін ғылыми негізделген әдістерді жасау және еңгізу қажет [6].

Келесі әдіс — топтық оқыту технологиясы. Теориялық зерттеулер де практикалық тәжірибе де көрсетіп отырғандай, оқу іс-әрәкетінің пәні, қарым-қатынас құралы болған кезде алынған білімдер неғұрлым биік болады. Бұл кезде, яғни, топтық оқыту кезінде оқыту үдерісінде білім алушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым-қатынас туындайды: «субъект (студент) — объект (пән) — субъект (студент)». Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасайды. Топтық оқытудың тиімді ойластырылған әдістері, әсіресе, шетел тілдерін үйретуде өте тиімді. Топтық жеделдете оқытуда әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына игі әсер ететін оқу ұжымы пайда болады.

Пәннің жалпылама логикалық кострукциясын жобалау алгоритмі төмендегі процедуралардан тұрады: мазмұнды бөлек элементтер жүйесі түрінде елестету қарастыру; базалық білімдерді бөліп қарастыру үшін элементтердің өзара байланысының матрицасын жобалау; базалық білімдерді символдық, графикалық т.б. түрлерде моделдеу; базалық білімдерді неғұрлым жалпы ұғымдар мен олардың арасындағы жүйелік байланыстарды анықтау үшін қайта жақтау; ғылыми білімнің берілген бөліміне тән танымдық қызметтің жалпы құрылымын қалыптастыру; жалпы әдіс- құралдарымен шешілетін жеке тапсырмалар жүйесін жасау.

Модулдік оқыту және рейтинг — бақылау жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталсақ, модульдегеніміз — міндетті түрде білім алушының білімен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған білім. Модульді құрастырыудың негізінен пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блокына сәкес келеді. Бірақ, тақырыптан айырмашылығы — модельде: тапсырма, жұмыс, білім алушылардың сабаққа қатысу, білім алушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі — бәрі — бәрі өлшеніп, бағаланып отырады. Оқу модулі қайта жаңғартушы оқу циклы ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөлесу және қорытынды. Модуль білім алушыда өз бетімен еңбектену, оқу — танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамассыз етеді.

Проблемалық оқыту. Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты- мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.

Проблемалық оқытуда мұғалім білім алушы білуге тиісті таным- түсінікті өзі айтып бермейді, қайта шәкіртке іздетеді. Олар ұғынуға тиісті заңдар мен заңдылықтарды, теориялық танымды, ақыл-ой тұжырымдамаларды білім алушының өздеріне іздету арқылы тапқызып, деркетерді талдап талқылау арқылы жетеізген нәтиже, түсінік-танымы тиісті білімді меңгеруі болып шығады. Сонда бұл жол проблеманы шешу, түрлі проблемалық ситуацияны талдау, болжамды айқындау, күрделі мәселе түйінін тарқату, мүмкіндігіне қарай тәжірибеде сынау нәтижесінде қол жеткен таным- түсінікті менгеруді білім алушының алған білімі деп танимыз.

Кез-келген мұғалімнің педагогикалық ойлауын дамыту кезінде аталған әдістерді меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Бұл әдістерді меңгеру педагогикалық ойлаумен қатар мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.                  Беспалько Б.П Слагаеме Педагогической технологи М., педагогика 1989

2.                  Әбілқасымова А. Е., СадықовТ.С. «Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері» Алматы., ғылым, 2003

3.                  Кеңеш Ә.С «Болашақ мұғалімдердің әдістемелік дайындық жүйесін дамыту» Астана 2003

4.                  Таубаева Ш.Т, Барсай Б,Т «Оқытудың қазіргі технологиялары» Бастауыш мектеп № 3 1999

5.                  Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения.- М., 1995г.

6.                  Давыдов В. В. Теория развивающего обучения. -М., 1996г. Дьяченко В. К. Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса. -Усть-Каменагорск, 1992г.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Геометриялық мазмұнды сызықты дифференциалдық теңдеулерді құру және жетілдіру әдістері

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында қорларды бағалау әдісін таңдау

Тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуының әлеуметтік- психологиялық негіздері

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Кәсіби мұғалім даярлауда ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттары

Шығармашылық қабілет ұғымының педагогикалық түсініктері

Тарихи романдардағы халық мәдениетін танытатын киім-кешек атаулары

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Тәрбие берудегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі

Кәсіби қазақ тілін оқытудың технологиялық-инновациялық әдістері

Похожие статьи

Геометриялық мазмұнды сызықты дифференциалдық теңдеулерді құру және жетілдіру әдістері

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында қорларды бағалау әдісін таңдау

Тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуының әлеуметтік- психологиялық негіздері

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Кәсіби мұғалім даярлауда ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттары

Шығармашылық қабілет ұғымының педагогикалық түсініктері

Тарихи романдардағы халық мәдениетін танытатын киім-кешек атаулары

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Тәрбие берудегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі

Кәсіби қазақ тілін оқытудың технологиялық-инновациялық әдістері

Задать вопрос