Қоғалыкөл көлінің географиялық жағдайы және тарихы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 30.03.2015

Статья просмотрена: 388 раз

Библиографическое описание:

Ерболатов, Н. Н. Қоғалыкөл көлінің географиялық жағдайы және тарихы / Н. Н. Ерболатов, А. Н. Нуртазаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 40-42. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16672/ (дата обращения: 20.12.2024).

Қоғалыкөл территориясы: шығысында Бәйтеннен, батысында Бидайкөл, солтүстігінде Шошқаарал, оңтүстігінде Қызылқұм. Қоғалыкөл еліне айнала қоршаған сұлу табиғаты «мен мұңдалып» шақырып тұрады. Суы тұнық шалқыған Қоғалыкөл жағасы айнала қоныстанған қалың ел. Аққу ұшып, қаз қонған әсем көлдер — Бидайкөл, Астаукөл, Базарқұл, Жирентай, Сейтеке мен Жайылған, Сұлыкөл мен Қошымкөлдер айнала қоршап жеріне көрік беріп тұр.

Қоғалары сыбдырлап, балықтары асаудай аспанға секірген Қоғалыкөл көлі мен көңілдері көлдей жағасын жайлаған елі де жандары жомарт, ауызбіршілігі мол өскен, өнген, өнері мен өнегесі ұйыған мекен [1].

Ел тарихы — жер тарихы

Ауыл маңында ежелгі Қыштөбе, Жент, Жетімасар, Асанас т. б. қалалардың орындары бар. Ол Ұлы Жібек жолындағы қалалар тізбегіне кіреді. Оны археологияға мәлім тарихи ескерткіштерде Томарөткел деп атайды.

Томарөткел — терістіктен оңтүстікке созылған арналы терең сай. Табанынан суы арылмайды. Ертеде өзбек, қарақалпақ қалаларымен Ақмешіт арасын осы Томарөткел арнасын жағалай созылған Шымбай жолы жалғастырып тұрған. Бұл тарихи орын Қоғалыкөл ауылынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде жатыр.

Қазақстанның 1960 жылы шыққан археологиялық картасындағы Томарөткел құрылысының жекеленген жинақтары деген ескерткіш белгісіне сәйкес келеді.

Археологиялық зерттеу 1899 жылы жүргізілген. Зерттеуде Қышқала деп аталған. Сырдың төменгі жағындағы қалалардың тарихын жинақтаған В.Каллаур Жент шаһары Қызылорда қаласының батысында, Томарөткел өзенінің бойында орналасқан дегенді айтады. Міне, осы Томарөткел өзені қазіргі Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылында, ал кент орнын жергілікті тұрғындар Қышқала деп атайды.

Ауылдағы тарихи орындардың бірі — Қарашеңгел. Қарашеңгел аулымыздан 3–4 шақырым қашықтықта. Қызылорда қаласына баратын жол бұйрат — бұйрат жай құмдарды асып, Қарашеңгелдің үстін басып өтеді. Қоғалыкөл территориясында Тораңғылсай мемлекеттік қорғалымы бар [2–4].

Тораңғылсай -мемлекеттік қорғалымы батысында Тектұрмас, шығысында Құмбөгет, оңтүстігінде Қосшыңырау, солтүстігінде Жаңадариямен шектеледі.

Тораңғылсай қорғалымында 35 шаршы шақырым көлемді алып жатқан Алақашар көлі бар. Осы қорғалымда тарихи жерлерде бар: арасы 7км болатын үш Таз төбе бар, Құмбөгет, Қосшыңырау және Мұңайтпас қыстауы осы қорғалымда жатыр.

Шаруашылықта егіншілік пен мал шаруашылығына қатысты мынадай жер су аттары бар: Аққұдық, Алақашар, Мұңайтпас, Аңламас, Айдаршоқы, Шошқаарал, Сейдәлі, Жылқыбай, Мұқыш, Аққолқа, Ақтүбек, Жетімасар, Көтібоқ түбегі, Жәбікен түбегі, Әбілше түбегі, Жаңабай тамы, Оразбек, Оразәлі мешіті, Еспенбет қажының мешіті, Аман түбегі, Қараой, Сәрсенбай, Көк жиде, Мұқыштың моласы — (Ашаршылықта өлген адамдарды жинап қойған жері) Шабаққаза-балық аулайтын құралдың аты. Ашаршылық кезінде ел осы құралды жасап, балық аулап күн көрген. (Бұрынғы Молотов колхозының жері).

Таңаттың талы — бұрынғы колхоз ардагері Таңат Есебаевтың қыстауы.

Бәйтен- Қоғалыкөл ауылының күн шығыс шекарасы. Бәйтен — молда, діни сауатты кісі болған (қазіргі Бәйтен көпірі, Бәйтен қорымы деген халыққа аты белгілі.

Қоғалыкөл — Сырдария ауданындағы ауыл, ауылдық округтің орталығы. Аудан орталығы — Тереңөзек кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, сарсазан, қамыс, құрақ, т.б. шөптесін өскен Сырдария аңғарының бозғылт сұр, шалғынды сұр топырақты шөлдік белдемінде орналасқан.

Қоғалыкөл ауданы осы ұжымшардың, Қазіргі Қоғалыкөл аулының тарихы сонау 1929–1930 жылдардан басталады. Ол жылдары қазіргі Қоғалыкөл ауылының аумағы көп елге құтты қоныс болған. 1932–1933 жылдары олар ірілендіріліп “Молотов”, “Сталин”, “Ортақшыл”, “Октябрь” ұжымшарлары болып құрылған. 1950–1952 жылы төрт шаруашылық біріктіріліп “Сталин” колхозы, 1957–1972 жылы «Октябрь» ұжымшарының, 1972 –1995 жылы күріш өсіретін Жамбыл атындағы кеңшардың орталығы болды. 1991 жылға дейін «Октябрь» деп аталған. Кеңшар негізінде 1994 жылы 9 шаруа қожалығы құрылды. 2000 жылы олар «Қоғалыкөл» ЖШС-іне және 3 шаруа қожалығына бірікті. Тұрғыны 2,8 мың адам (2005).

Егістікке су апаратын негізгі арналар соғыстан кейінгі жылдары қолмен қазылған. “Октябрь” каналы шамамен 40 км, “Қожарық” секілді әрқайсысының ұзындығы 25–30 км-дей бірнеше канал, сондай-ақ осылардан тарайтын ондаған майда су жолдары қазылған.

Ауыл маңында ежелгі Қыштөбе, Жент, Жетімасар, Асанас, т.б. қалалардың орны сақталған. Сонымен қатар, XVIII ғ салынған Құлболды ишан мазары, Бәлтік мешіті бар [2–4].

Гидрологиясы және гидрографиясы

Қоғалыкөлі Сырдария ауданы территориясында Қоғалыкөл елді мекенінде орналасқан.

Көлдер əртүрлі формалы жəне көлемдегі сумен толған шұңқырлар болып табылады.

Қоғалыкөлі тұйық қазаншұңқыр түрінде орналасқан.

Сумен қоректену сипаты бойынша көлдерді: ағынсыз, олар бұлақтармен, табиғи жауын-шашын суларымен толығады; ағынды бұларға келіп құятын салалар жəне ағыстар болады; сағалық оған келіп құятын саға болғанмен, ағысы болмайды [1,3,4].

Айтсаң, қазір аңыз болып қалған 1954 жылы елді топан су қаптап, еккен егінін судан қорғап, бөгет соғып, шым ойған ержүрек жандар табиғаттың тылсым күшімен күресе білген. Сол топан судан елді айнала қоршап, ғажайып сұлу көлдер қалған. Табиғаттың өзі әсем шебер емес пе, елдің қазан шұңқырына — Қоғалыкөлдей көл қалдырған

Ауыл халқы көлдің екі жағына жағалай қоныстанған, қарым-қатынас оңай болсын деп суы таяздау оңтүстік бөлігіне топырақтан дамба тұрғызып, көпір жасап жергілікті халық жол жасаған [1].

Жалпы Қоғалыкөлі Жаңадария су тармағының оң жақ жағалауында орналасқан. Сондай-ақ көл Шіркейлі су тармағы арқылы сумен қамтылады. Көл негізінен ауылдың жанында орналасқан. Негізі Қызылорда қаласына дейінгі ара қашықтық –45 км. Ұзындығы солтүстік — шығыстан батысқа қарай 1000 м-ді, ені-200 м-ді, максималды тереңдігі 3,7 м-ді, көп жерлерде — 1,5 м-ді, ауданы 20 га-ны құрайды. Қалыпты деңгейін сақтау үшін қажетті су-150 мың3.

Саяз жердің барлығында қалың қатты су өсімдіктер қаулап өсіп тұрады. Ашық су астында өсетін жұмсақ егеушөп, мүйізжапырақ, балдырлар мен хара өсімдіктері өсіп кеткен, жиі кубышка және құмыра кездесіп тұрады. Қоғалыкөлінің аймағындағы климат қатты континенталды және құрғақ. Мұндағы орташа жылдық температура 10–12˚С. Ең қатты ыстық кезең шілде — тамыз айлары болып табылады.

Қараша айының ортасында негізінен теріс температуралар кезеңі келіп тұрады. Негізнен қараша айының аяғына қарай көлге мұз қатады.

Қоғалыкөлінің мұз қалыңдығы қаңтарда 50–68 см болады. Жылдық түсім 115–120 мм-ды құрайды. Бұл аудандағы желдер негізінен солтүстік және солтүстік — шығыс соғады, ондағы желдің орташа жылдық жылдамдығы 3,5–4,2 м/сек-ты құрайды. Ал ауа температурасының жылдық амплетудасы -34 — ден +41ºС дейінгі аралықта болады.

Жалпы көлдің суы Жаңадария өзенінен және Шіркейлі каналынан келіп түсетін сумен, суаруға жұмсалатын сумен, аздап мұз ерігеннен кейінгі және жер асты су деңгейімен анықталады.

Көлдің пішіні сопақша имекті. Көлдің солтүстік-шығыс және шығыс жағалаулары ашық, батыстан соғатын желдерге ыңғайлы, жағалауы аздап кесіліп, шайылған. Көлдің батыс бөліктерінде қоға өсіп кеткен. Жалпы бүкіл өзенде су астында өсетін өсімдіктер аз өседі, негізінен балдыр мен мүйізжапырақ өседі [1,2,6].

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.      Алдашқызы Р. Ел тарихы ерлерімен еңселі. Қызылорда. Мирас,2012- 160 бет.

2.      Палымбетова Г. Қоғалыкөл туралы білесіз бе? «Зерде»журналы № 1. 2005.

3.      Облыстық су шаруашылығы мекемесінің мәліметі. 2012.,- 35б.

4.      «Сыр елі» Қызылорда облысы энциклопедиясы, 2005 ж — 522 бет.

5.      Нәлібайұлы М. Шежірелі Сыр бойы.- Қызылорда., 2010.- 350 бет.

6.      Белокопытова М. А., Васильева М. С.,Тютюнников И. А. Кзыл-ординская область. Изд. Акад. Наук Казахской ССР.- Алма-Ата, 1961.-177с.

Основные термины (генерируются автоматически): бар, мена, оса.


Задать вопрос