Жанақорған ауданының көлдер жүйесінің экологиялық күйі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Нургизарынов, Айжигит. Жанақорған ауданының көлдер жүйесінің экологиялық күйі / Айжигит Нургизарынов, Т. А. Налибаева, О. Т. Айдаров. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 57-59. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16676/ (дата обращения: 16.12.2024).

Сырдария өзенінің ескі арналары Жаңадария, Қуаңдария сол сияқты Телікөл, Қараөзек т.б жүзге жуық ирригациялық-суландыру жүйелері облыс аумағының гидрографиялық желісін құрайды. Оған қоса облыс байтағында жалпы ауданы 1164 шаршы км2 болатын барлық саны 2582 көл болғанды [1]. Олардың ішінде көлемі 1 км2 жетпейтін көлдердің саны 2453, олардың жалпы ауданы 241 км2, яғни ауданы 1 км2-ге жетпейтін көлдер 95 пайызды құраса, су айдынының 20 пайызын құрайды екен. Ауданы 10 км2-ден асатын көлдер саны 16. Олар: Қамыстыбас, Арыс, Жақсықылыш, Домалақкөл, Ақшатау, Бірқазан, Тұщыкөл, Қапшықкөл, Кілемжайған, Ақкөл т. б. көлдер. Бұл көлдердің барлығы дерлік атыраулық, жайылымдық көлдер болғандықтан олардың су деңгейі жыл бойы өзгеріп отырады. Яғни, Сырдария суының көктемгі тасуында толып, көлдердің деңгейлері көтерілсе, ал жазда төмендеп отырады. Бүгінгі мәліметтер бойынша [2] облыс аумағында 123 көл сақталған. Соңғы 25–30 жылда өзен ағысын реттеудің және оған қоса жер суару үшін су мөлшерін ретсіз пайдалану салдарынан көптеген атыраулық көлдер құрғай бастады, кейбірі құрып кетті. Сырдария өзенінің Қараөзек тармағы бөгелгеннен кейін, онымен аттас көлдер жүйесінің көбісі құрғап кетті.

Сырдария атырауының көлдері ішінде көлемі мен тереңдігі шағын көлдер Райым, Жалаңаш, Қаязды, Лайкөл, Қотанкөл т. б. су тапшылығынан тайыздап шарасын өсімдік басып, батпақтанып кетті. Осыған орай көлдер суының минералдану дәрежесі де өте жоғары. Көл суларының минералдылығы жылдар аралығында, маусымнан маусымға өзгеріп отырады [3].

Облыс аумағында Сырдария өзенінен басқа табиғи ағыны бар Жаңақорған ауданында, Қаратаудың батыс беткейінен ағып шығатын Бесарық, Ақүйік, Жиделі, Арыстанды, Шалқия секілді т.б. ұсақ өзендер де бар. Бұл өзендер ертеректе суы мол кездерде Сырдарияға келіп құйған. Қазір бұл өзендер тау етектеріндегі елді мекендердің ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету мақсатында бөгендерде жинақталады (Жайылма, Бесарық, Бірлік).

Жаңақорған ауданына қарасты аумақта ірілі — ұсақты 20-ға жуық көлдер бар. Олардың ішіндегі ірілерінде бүгінгі таңда балық шаруашылығына пайдаланып жатқаны 10. Олар: Борықты, Қандыарал, Өзгент, Нарсоққан, Жощыкөл, Баспанкөл, Танысбеккөл, Айдархан, Шұқырой, Жыңғылсай.

Ауданның су ресурстарын жер бетіндегі және жер астындағы сулар қоры құрайды. Жер бетіндегі су қорларына азды-көпті бұлақ сулары, уақытша ағын сулар, көлдер, ойыс жерлерге жиналатын қар суы мен жаңбыр сулары жатады.

Жаңақорған ауданының көлдері

Көлдің атауы

Аумағы (га)

Халық шаруашылығындағы маңызы

1

2

3

4

1

Борықты

40

Балық аулау

2

Өзкент

70

Балық аулау

3

Қандыарал

80

Балық аулау

4

Кіржуған

35

-

5

Қойлық-Ата

100

-

6

Жыңғылсай

40

Балық аулау

7

Қамбар

10

-

8

Алакөл

45

-

9

Нарсоққан

50

Балық аулау

10

Жощыкөл

180

Балық аулау

11

Баспанкөл

30

Балық аулау

12

Тынысбеккөл

20

Балық аулау

13

Әлімкөл

 

-

14

Сауса

25

-

15

Айдархан

20

Балық аулау

16

Жаманбала

35

-

17

Бозкөл

5

-

18

Малдыбай

8

-

19

Қалғандария

150

-

20

Шұқырбай

20

Балық аулау

21

Бесарық су қоймасы

200

Бау-бақша суару

22

Жиделі су қоймасы

50

Бау-бақша суару

 

Аудан аумағындағы Сырдариялық атыраудың көлдер жүйесі, Сарысу-Телікөл жүйелері Арал-Торғай құс жолында жатуына байланысты көктемгі және күзгі құстардың қонып өтетін, ұялайтын жерлері. Әсіресе өте сирек кездесетін, Республиканың Қызыл кітабына енген құстар көп кездеседі. Мысалы, бұйра бірқазан (А. М. Сема, А. П. Гисцов, А. Ф. Ковшарь, В. В. Хроков), сары құтан (В. В. Гисцов), кіші аққұтан (В. Г. Березовский), жалбағай (А. Н. Пославский, Б. М. Губин), қарабай (А. Н. Пославский), қара ләйлек (Телікөлде — А. М. Сема, А. П. Гисцов), сыбырлауық аққу (А. Н. Пославский), ақбас үйрек (өте сирек- В. Г. Березовский), су бүркіт (1979 ж.- В. Г. Березовский), жұртшы т. б. [4] кездеседі. Аудан территориясындағы көлдерде балықтың түрлік құрамы да ерекше. Онда сазан, лақа (жайын), табан балық, қылыш балық, шортан,

1960 жылдардан бастап Жаңақорған ауданының жайылымдық жерлерін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960–1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970–1980 жылдар аралығында өңірдің көлдеріне құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері — антропогендік факторлар еді. Негізгі су көзі болған өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, соның салдарынан Сырдария бойындағы мыңдаған көлдердің су тартылып, сортаңдарға айналып қалды. Оның үстіне өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10–15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар өңірдегі көлдерді экологиялық апатқа ұшыратты. Көлдердің апатына себеп болған факторларға: — жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; — ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; — суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; — жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер өңірдің экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Өңірдің фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Көлдердегі балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1–2 жылда ғана қайта қолға алынды.

Әрине, соңғы онжылдықтағы Сырдария суының азаюына байланысты қаншама байлық, көлдермен қоса шабындық пен жайылымдық жерлер жұтаң тартты. Мұндай қиындық балық шаруашылығын да айналып өтпеді. Республикалық табиғи бассейндерге Сырдария өзенінің арнасы мен Кіші Арал жатқызылады, ал облыстық мәртебеге аудандардағы кіші өзендер мен көлдер кіреді. Бұдан екі-үш жыл бұрын өңірде 215 су тоғаны бар болатын, бірақ дария суының аздығынан бірқатары құрғап қалды. Бүгінгі таңда облыстық маңыздағы 158 су айдыны бар, олардың барлығы облыс әкімдігімен бекітілген, су айдындарының жалпы көлемі 41 гектарды алып жатыр.

Аудан бойынша 12 нысан резервтік, ал 10 көл ұзақ мерзімге жалгерлерге бекітіліп берілген. Негізінен су тоғандары жалгерлерге 10 жылға бекітіліп беріледі. Көлдерді пайдаланғаны үшін олардан бір тиын да алынбайды. Бірақ олар барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген болуы керек. Жыл сайын балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жоспарын ұсынып, атқаратын жұмысын, қаржысын, балық өсіру жұмыстарын көрсетеді. Әрине көлдің биоалуантүрлілік ерекшелігі ескеріледі.

Әрбір табиғи бассейннің балық аулау лимиті белгіленеді. Ол үшін жалгерлер салық төлейді. Жалпы аулау лимитін балық шаруашылығы институтының ғалымдары есептеп береді. Көл иелері оларды өздері шақырып, ғалымдар балық қорының сәйкес аулау мүмкіндігінің биологиялық негіздемесін жасайды.

Жаңақорғандағы Қалғандария, Ақтас, Өзгент, Қойлақ ата су айдындарында жаңа жобалар қолға алыну жоспарланып отыр.

Жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын жобаның аясында көлдерге су жеткізетін каналдарды жөндеу мен қайта қазу, гидротехникалық құрылыстар мен шлюздер салу, құрылыстарға да күрделі жөндеу жүргізу мен балық өткізбейтін құрылғылар салу және балықшылар үйлерін тұрғызу секілді жұмыстарды атқарылады.

Жоғарыда келтірілген мәліметтердің барлығын түйіндей келе Сырдарияның төменгі ағысындағы көлдер жүйесін сақтап қалу, ол жерлерді мекендейтін құстарды қорғау өте маңызды. Ол үшін Орта Азия мен Европа аралығында құстар жолындағы көлдер жүйесінде арнайы мемлекеттік дәрежедегі қорықтар ұйымдастыру келешектің маңызды ісі (Сарысу-Телікөл, Қамбаш т. б.).

Ал аудандағы Қаратаудың солтүстік-батысынан ағып шығатын суы аз, шағын өзендер (Жиделі, Бесарық, Ақүйік, Арыстанды т. б.) тау баурайының бірден-бір суландыру көзі. Шатқалдарда шағын тал, жыңғыл-шеңгел аралас тоғайлар осы өңірдің жануарларының жаз жайылымы болса, қыс қыстауы, панасы болады.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде облыстық бюджеттен 8213,0 мың теңгеге «Жаңақорған және Жалағаш аудандарының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасы бойынша су қорғау белгілерін орнату жұмыстары толығымен атқарылуы қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Проблемы Аральского моря. Развитие ландшафтов Приаралья в условиях опустынивания / Под ред. Г. А. Токмаганбетова. — Алма-Ата: Наука КазССР, 1985. — С. 119.

2.      Бурлибаев М. Ж., Достай Ж. Д., Турсунов А. А. Арало-Сырдаринский бассейн. — Алматы: Дәуір, 2004. — С. 21–25.

3.      Тәуіпбаев С. Т. Арал — Сырдария аймағын гидроэкологиялық тұрақтандыру. — Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 2000. — 244 б.

4.      Блоговещенский Э. Н. Водный режим почво — грунтов Средней Азии. — Л., 1958. — Т. 38. — С. 63.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос