Құрылым элементтерін беріктік шарты бойынша есептеу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Боранбаев, Б. Т. Құрылым элементтерін беріктік шарты бойынша есептеу / Б. Т. Боранбаев, А. Т. Даулетова, А. С. Байкунирова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 6.2 (86.2). — С. 6-8. — URL: https://moluch.ru/archive/86/16530/ (дата обращения: 19.12.2024).

Берілген консодьді білеудің (а-сурет) екі жағдайдағы көлденең қимасының өлшемдерін таңдап алу қажет; көлденең қимасы: 1) қоставр; 2) биіктігінің еніне қатынасы h/b=1,5 тік төртбұрыш болған кезде. Екі нұсқа үшін білеудің массаларын салыстыру керек.

Білеу материалы СТ-3 маркалы болат үшін июдегі шектік кернеу .

Шешуі

1). Берілген бруста І, ІІ және ІІІ аралықтары бар. Қималар аралықтардың шегаралары болып табылады.  Осы қималарға сыртқы күштер мен моменттер түсірілген.  Әсер етуші күштер мен моменттер білеудің симметрия осімен дәл келетін бойлық жазықтықта орналасқандықтан көлденең қималарда екі ішкі күштер факторлары орын алады – МИ ию моменті және Q көлденең күші, яғни брус ию деформациясында болады.

Ию моменттерін анықтау үшін қималар әдісін қолданамыз. Әрбір аралықтардың шегараларында ойша қималар жүргізіп, білеудің бекітілген оң жақ бөлігін алып тастап, қарастыруға сол жақ бөлігін қалдырамыз.

Ию моменттерінің эпюрасын сипаттамалық нүктелер бойынша тұрғызамыз, яғни А, В, С және D сипаттамалық қималарындағы МИ ию моменттерін есептейміз.

А қимасындағы ию моменті МИА=0, себебі А нүктесіне қарағанда  сыртқы күші момент құрмайды (күш иіні нольге тең).  

В қимасындағы ию моменті  

ІІ аралықтың С қимасындағы (яғни С қимасына сол жағынан шексіз жақын қимадағы) ию моменті

ІІІ аралықтың С қимасындағы (яғни С қимасына оң жағынан шексіс жақын қимадағы) ию моменті

 (яғни С қимасында ию моменті

сол жерге түсірілген сыртқы момент М-ның мәніне секірмелі түрде өзгерген).

D қимасындағы ию моменті

Алынған сипаттамалық нүктелерді графикке түсіре отырып және оларды түзу сызықтармен жалғап,

МИ ию моменттерінің эпюрасын тұрғызамыз (б-сурет).

2). Білеудің көлденең қимасының өлшемдерін анықтау үшін  июдегі беріктік шартын қолданамыз. Мұндағы: - көлденең қиманың беріктігінің геометриялық сипаттамасы болып табылатын осьтік қарсыласу моменті. МИ – абсолют мәнімен алынған ең үлкен ию моменті.

Біз қарастырып отырған жағдайда D қауыпты қимасында МИ = 28 кН∙м = 28∙103 Н∙м.

:                    

Осыдан қажетті қарсыласу моменті WX = 175∙10-6 м3 = 175 см3 ; Бұл жерде шектік кернеу мәні  Па.

Екі нұсқамен білеудің көлденең қимасының өлшемдерін таңдаймыз:

а). Көлденең қимасы қоставр:

(8239-89 Мем.Ст.)  прокатты пішіндердің сортаменттік кестесінен №20 қоставрды таңдап аламыз,

оның  және қима ауданы

б). Көлденең қимасы биіктігінің еніне қатынасы  тік төртбұрыш болғанда:

Тік төртбұрыш үшін . Қарастырылып отырған жағдайда ;

  деп алсақ, шығатыны және

 . Тік төртбұрышты қима ауданы .

Ұзындықтары бірдей білеулердің аудандарының қатынастары олардың массаларының қатынастарына  тең: .

Демек, қимасы тік төртбұрыш білеудің қоставрлы білеуден 3,4 есе ауырлау екенін көреміз.

 

Әдебиет:

1.    Рубашкин А.Г., Черниловский Д.В. Лабораторно-практические работы по технической механике.

2.    Руководство к лабораторным работам по сопротивлению материалов. / Под ред. А.К.Черткова. – Петрозаводск: Петрозаводский ГУ, 1975.

3.    Экспериментальные методы исследования деформаций и напряжений. - Киев: Науковадумка, 1981.

4.    Дузелбаев С.Т. Инженерлік механика. Зертханалық практикум



Задать вопрос