«Аударылған сынып» моделін іске асыру әдістемесін қалыптастырудың мазмұны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №19 (414) май 2022 г.

Дата публикации: 16.05.2022

Статья просмотрена: 275 раз

Библиографическое описание:

Каликова, Ж. Т. «Аударылған сынып» моделін іске асыру әдістемесін қалыптастырудың мазмұны / Ж. Т. Каликова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 19 (414). — С. 517-521. — URL: https://moluch.ru/archive/414/91484/ (дата обращения: 01.05.2024).



Мақалада «Аударылған сынып» технологиясын жүзеге асыру мәселелерінің ерекшеліктері қарастырылған. «Аударылған сынып» моделін білім беру процесінде тек онлайн оқыту жағдайында ғана емес, сонымен қатар офлайн форматта да кеңінен қолданылады. «Аударылған сынып» технологиясын іске асыру бойынша тәжірибелер келтірілген. «Аударылған сынып» моделінің дәстүрлі оқытуға қарағанда оқушылардың білім сапасын арттырудың бір тәсілі бола алатындығын көрсетеміз.

Кілт сөздер: аударылған сынып, аралас оқыту, оқыту әдістемесі, информатика, мұғалім, оқушы, электрондық білім беру ресурстары, білім беру, платформалар.

В статье рассмотрены особенности задач реализации технологии «перевернутый класс». Модель «перевернутый класс» широко используется в образовательном процессе не только в условиях онлайн-обучения, но и в офлайн-формате. Приведены опыты по реализации технологии «перевернутый класс». Показываем, что модель «перевернутый класс» может стать одним из способов повышения качества знаний учащихся по сравнению с традиционным обучением.

Ключевые слова: перевернутый класс, смешанное обучение, методика обучения, информатика, учитель, ученик, электронные образовательные ресурсы, образование, платформы.

Президентіміз Қасымжомарт Тоқаевтың 2021 жолдауында «Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі-Цифрландыру. Қазақстан үшін заманауи цифрлық тенологиялар трансферті, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу айрықша маңызды» деген мәселелер басты мақсат-міндеттер қатарына қойылған. [1]

Мемлекетеміздің білім беру процесін өзгеруіне енген бағдарлама- жаңартылған білім беру бағдарламасы. Бұл бағдарлама заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты- білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы оқушының дамуына қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана білуді үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі, Блум таксононмиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы, оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру, оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқытудағы жүйелі әрекеттік ұсаным қалыптастыру т.б кіреді.

«Жaлпы білім беpу ұйымдapынa apнaлғaн жaлпы білім беpетін пәндеpдің, тaңдaу куpстapының және фaкультaтивтеpдің үлгілік oқу бaғдapлaмaлapын бекіту туpaлы» Қaзaқстaн Pеспубликaсы Білім және ғылым министpінің 2013 жылғы 3 сәуіpдегі № 115 бұйpығынa өзгеpістеp мен тoлықтыpулap 2017 жылы № 545 бұйpық енгізілді. Oсы бұйpық негізінде жалпы opтa білім беpу деңгейінің 10–11 сыныптapынa apнaлғaн «Информатика» пәнінен үлгілік oқу бaғдapлaмaсы жaсaлды. Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазанындағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Аталған оқу бағдарламасының мақсаты-оқушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, Компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және қайта ұру болып табылады.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде дәстүрлі оқыту жүйесінен ауысу әрекеті орын алуда. Сол себепті білім берудің мақсат- міндеттері мен мазмұнына, әдіс- тәсілдеріне, оқыту құралдары мен мақсаттарына өзгерістер енгізілуде.

Оқыту- жаңа заманның талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім мен іскерлік дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыу мен дамыту процесі.

Оқыту мақсаттары- оқу нәтижелері деп те аталады. Оқыту мақсаты- оқушылардың тиімді оқуы үшін қажет.

Оқыту мақсаты бір-бірімен байланысқан оқу процесінің құрылымының моделі болып табылады.

Оқыту мақсатын әзірлеу кезінде оқушылар нені білуі және нені орындай алуы керек екендігін мұхият ойлайтыруымыз қажет. Іс-әрекетке негізделген оқу мақсаттарын жазу және тиісті танымдық деңгейді анықтау үшін Блум таксономиясы өте пайдалы.

Блум таксономиясы-алты түрлі деңгейден тұратын ойлау қабілетінің иерархиялық моделі. Блум таксономиясы-бұл оқушылардың ақыл-ойының барлық түрлерінің тиімділігін бақылауға көмектесетін құрал.

Таксономия-қарапайым жүйеден күрделі жүйеге дейінгі мақсаттар мен нәтижелердің иерархиялық құрылған жүйесі.

Таксономия ұғымы биологияда алғаш рет пайда болды. Бұл терминді 1813 жылы швейцариялық ботаник О.Декандол ұсынған. Блум таксономиясы-1956 жылы пайда болған. Б.Блум «Білім беру мақсаттарының таксономиясы: білім саласы» кітабында ұсынған танымдық саладағы оқу мақсаттарының жіктелуін қарастырады. Блумның дәстүрлі таксономиясы бүгінде білім беру процесін жоспарлау құралы ретінде кеңінен қолданылады.

Таксономияда танымдық қызмет 6 кезеңді қамтиды: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау.

Бірінші деңгей — «Білу» — ақпаратты оқытушының сөздерінен, оқулық беттерінен және басқа да көздерден жад қоймасына ауыстыруды, яғни ақпаратты білімге айналдыруды үйренеді. Бұл деңгейде зерттелген материалды есте сақтау және көбейту дегенді білдіреді. Бірінші деңгейдің жалпы ерекшелігі-тиісті ақпаратты дайындау. Бұл деңгейде оқушылар қолданылатын терминдерді, нақты фактілерді, әдістер мен процедураларды, негізгі ұғымдарды, ережелер мен қағидаларды біледі.

Екінші деңгей — «Түсіну» — бұл білімді басқаруды үйрену. Түсіну көрсеткіші ретінде материалды ғалымның түсіндіруі (түсіндіру, қысқаша баяндау) немесе ұғымдардың одан әрі даму барысы туралы болжам болуы мүмкін. Мұндай оқу нәтижелері материалды қарапайым есте сақтаудан асып түседі. Мұнда оқушылар фактілерді, ережелер мен принциптерді түсінеді; ауызша материалды, сызбаларды, графиктерді, диаграммаларды түсіндіреді; қолда бар деректерден туындайтын салдарды сипаттайды.

Үшінші деңгей — «қолдану» — белгілі бір жағдайларда және жаңа жағдайларда зерттелген материалды пайдалану қабілетін білдіреді. Бұған ережелер, әдістер, заңдар, принциптер, теорияларды қолдану кіреді. Оқытудың тиісті нәтижелері түсінуден гөрі материалды меңгерудің жоғары деңгейін талап етеді.Оқушылар жаңа жағдайларда ұғымдар мен принциптерді және нақты практикалық жағдайларда заңдар мен теорияларды қолданады.

Төртінші деңгей — «талдау» — бұрын алынған білім негізінде талдау алгоритмін қолдану арқылы жаңа білімді ашуға бағытталған. Бұл деңгейде материалды оның құрылымы айқын көрінетіндей етіп құраушыларға бөлу мүмкіндігін білдіреді. Оқушылар ойлау логикасындағы қателіктер мен кемшіліктерді көреді,фактілер мен салдардың аражігін ажыратады және деректердің маңыздылығын бағалайды.

Бесінші деңгей — «Синтез» — бұрын алған білім негізінде синтез алгоритмі арқылы оқытудың, жаңа білім ашудың мақсатын береді. Бұл деңгей тиісті оқу нәтижелеріне қол жеткізуде жаңа схемаларды, құрылымдарды құруға бағытталған шығармашылық сипаттағы қызметті көздейді.Оқушылар шағын шығарма жазады; эксперимент жоспарын ұсынады; белгілі бір мәселені шешу жоспарын жасау үшін әртүрлі салалардағы білімді қолданады.

Алтыншы деңгей — «бағалау» — бұрынғы білім мен өмірлік тәжірибе негізінде нақты жағдайда қорытынды жасауға бағытталған. Бұл деңгей белгілі бір немесе басқа материалдың (бекіту, көркем шығарма, зерттеу деректері және т. б.) мәнін бағалау қабілетін білдіреді. Оқушылардың пайымдаулары ішкі (құрылымдық, логикалық) немесе сыртқы (белгіленген мақсатқа сәйкестігі) айқын критерийлерге негізделуі керек. Критерийлерді оқушының өзі анықтай алады немесе оны мұғалім ұсына алады. Бұл деңгей барлық алдыңғы деңгейлер шеңберінде оқу нәтижелеріне қол жеткізуді көздейді. [2]

Оқу мақсаттары, егер олар оқушыларға не істеу керектігін айта алатын нақты етістіктерді қамтыса, тиімдірек болады. Кестеде келтірілген етістіктер ойлаудың әр деңгейіне байланысты, олар іс-әрекетке және нәтижелерге байланысты оқу мақсаттарының деңгейін анықтайды.

Сур. 1. Блум таксономиясының дәстүрлі моделі

Бұл суреттегі 6 кезеңді біз «Аударылған сынып» моделіне алмастыратын болсақ:

Сур. 2. Блум таксономиясының «Аударылған сынып» моделі

Отандық тәжірибелерді зерделесек «Аударылған сынып» моделі барлық Назарбаев зияткерлік мектептерінде қолданылатын жаңа әдіс болып табылады. «Аударылған сынып» моделі арқылы оқушыларды ынталандырып, көптеген жетістіктерге жете алады және өз бетінше білім алуына жағдай жасалады. Ұсынылған әдіс жаратылыстану пәндерінде АКТ-ны тиімді қолдануға және оқушылардың өз оқуы үшін жауапкершілікті сезінуіне оң әсерін тигізеді. 3 суретте көрсетілгендей оқушылардың оқуы сыныптан тыс үйде жалғасып, сабақ барысында олар мұғалімнің көмегімен білімдерін бекітеді.Оқушылар үйде теориялық материалдарды меңгеріп келгендіктен, сабақта теориялық білімдерін қолданып, тәжірибе жүзінде практикалық тапсырмаларды орындайды. [4]

Сур. 3. Р.Жумабаев, Е.Пайзов, 2016

Отандық зерттеушілердің пікірлері мен тұжырымдарына зерделейтін болсақ, А. Е. Сағымбаеваның пікірінше, «Аударылған сынып» моделі -бұл әдеттегі оқу үдерісін «аударылған» оқытуға мүмкіндік беретін белсенді оқытудың бір түрі: оқушыларға үй тапсырмасы ретінде келесі тақырыптың оқу материалын бейне үзінділерден қарау болып табылады, оқушылар теориялық материалды өз бетінше оқиды, ал сынып уақытын практикалық тапсырмаларды орындауға пайдаланылады.

«Аударылған сынып» моделімен оқыту дәстүрлі оқытудан несімен ерекшеленеді?

Дәстүрлі оқыту мен «Аударылған сынып» моделін оқыту тәсілдері ұқсас, екеуі де жеке және онлайн әрекеттерді жиі қолданады, бірақ кейбір айырмашылықтар бар. Қарапайым тілмен айтқанда, дәстүрлі оқыту тәсілінің мақсаты-жеке оқуды онлайн оқумен алмастыру. Керісінше, «Аударылған сынып» моделінің мақсаты-оқушылардың оқу мазмұнымен алғашқы танысуын сыныптан тыс жерлерге ауыстыру, сондықтан сыныптағы кездесулерді оқушылардың тікелей өзара әрекеттесуі үшін қолдануға болады (мұғаліммен, бір-бірімен және оқудың мазмұнымен). Сонымен қатар, дәстүрлі оқыту оқушылардың үлгерімін немесе сабаққа қатысуын бақылау үшін оқуды басқару жүйесін қолдануды талап етеді, ал «Аударылған сынып» моделі мұны жасамайды (оқу уақытынан тыс уақытта орындалатын іс-шараларда әртүрлі стратегияларды қолдана алады). [3]

Әдебиет:

  1. https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtynkazakstan-halkyna-zholdauy-183555
  2. Бактыбаев Жанат Шаймуратович. «Использование технологии таксономии Блума в учебном процессе вуза» Ярославский педагогический вестник, no. 1, 2017, pp. 150–153.
  3. https://academics.cehd.umn.edu/digital-education/wp-content/uploads/2017/05/CEHD-DEI-Flipped-Learning-Guide.pdf
  4. Тілеуов Қ.Қ., Жұмабаев Р. Н., Қоңырбаева Ж. М., Унбаева С. И., Тайбазаров Н.Ә. «Төңкерілген оқыту» әдісін оқыту үдерісінде тиімді қолдану: әдістемелік нұсқаулық./ Қ.Қ. Тілеуов, Р. Н. Жұмабаев, Ж.М. Қоңырбаева, С. И. Унбаева, Н.Ә. Тайбазаров. — Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018. — 41 б.
  5. https://zakon.uchet.kz/kaz/docs/V1500011659?sa=X&ved=2ahUKEwjalZjdoZjnAhWFuIsKHYBVASsQFjAOegQIAhAB
Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес.


Ключевые слова

информатика, оқушы, білім беру, оқыту әдістемесі, мұғалім, аударылған сынып, аралас оқыту, электрондық білім беру ресурстары, платформалар

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы...

Похожие статьи. мена, Секта, бар, немес... ҚЕХСК осы мақсат үшін дайындалған қаржы есептіліктің қолданушылар үшін көп талаптарын қанағаттандыратынына сенеді.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін...

мена , Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности...

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале... Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

мена, немес, москва, пар. Похожие статьи. мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін...

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, немес, эльф. Похожие статьи. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

немес, мена.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Бұл орайда жалпы жеткіншектер мен ересек адамдардың күрделі психоэмоциялық жүйесін қарапайым өнер жолымен реттеу — яғни...

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін құру

мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Салыстырмалы тұрғыда Ислам этикасы мен басты этикалық...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Бұл орайда жалпы жеткіншектер мен ересек адамдардың күрделі психоэмоциялық жүйесін қарапайым өнер... Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері...

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы...

Похожие статьи. мена, Секта, бар, немес... ҚЕХСК осы мақсат үшін дайындалған қаржы есептіліктің қолданушылар үшін көп талаптарын қанағаттандыратынына сенеді.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін...

мена , Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности...

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале... Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

мена, немес, москва, пар. Похожие статьи. мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін...

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, немес, эльф. Похожие статьи. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

немес, мена.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Бұл орайда жалпы жеткіншектер мен ересек адамдардың күрделі психоэмоциялық жүйесін қарапайым өнер жолымен реттеу — яғни...

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін құру

мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Салыстырмалы тұрғыда Ислам этикасы мен басты этикалық...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Бұл орайда жалпы жеткіншектер мен ересек адамдардың күрделі психоэмоциялық жүйесін қарапайым өнер... Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері...

Задать вопрос