Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Насимов М. О., Паридинова Б. Ж. Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар // Молодой ученый. — 2017. — №12.1. — С. 19-20. — URL https://moluch.ru/archive/146/41700/ (дата обращения: 17.08.2018).



Саясатадамның ерекше қызметі ретіндеерте кезден ғылыми зерттеулердің пәніне айналды. Алғашында саясат туралы ілім философияның құрамдас бөлігі болып табылды. Ежелгі дүниеде саяси қызметті сараптауға арналған арнайы трактаттар жазылды. Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасу жолындағы елеулі кезең Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар мен Н. Макиавелли, Т. Мор, Ж. Боден шығармашылығын атай аламыз.

Итальяндық саяси ойшыл Никколо Макиавелли (1467-1527) [1] саяси бытыраңқылық, жеке меншіктік буржуазиялық қатынастарға негізделген мемлекеттік билікке қарсылық білдірді. Ол әлемдік саяси ғылымдар тарихына өзінің биліктің пайда болуы мен мәні, басқару түрлері, саяси процестерге қатысушыларға қойылатын талаптары туралы көзқарастары көрініс тапқан «Патша» [2] атты еңбектің авторы ретінде енді. Бұл еңбегінде ойшыл ерекше орынды саяси лидерлік технологияларына береді. Макиавелли өзінің саяси көзқарастарында саясаттағы шындықтың шынайы шарттарын есепке алатын, саяси қимылдардың тәжірибе пайдасына бағынатын саяси реализм қағидасын ұсынды.

Оның пайымдаулары бойынша, саясаттың жоғарғы ережесі және оның негізгі мәселесі - шешім қабылдау кезеңіндегі мезгілдік сипат пен өзіндік жағдайларға сәйкес келетін қимылдар түрін айқындау. Төтенше жағдайларда, егер халық шын мәнісінде бұзылса, төтенше шаралар қолдану керек. Мемлекетті нығайту үшін барлық құралдарды пайдалану қажет және мемлекет үшін дінді, моральды жоюға болады. Егер мемлекет қауіпсіздігі қабылданған шешімге байланысты болса, ол әділетті немесе әділетсіз, адамгершілікті немесе қатал, игілікті немесе ұятты екендігіне назар аударылмауы тиіс. Бәрін ысырып қойып, оның мемлекет өмірі мен еркіндігін қорғап қалу қажеттілігін ұғынғанымыз дұрыс болады.

Ойшыл арыстан мен түлкі мінездес саясаткерді дұрыс көрді. Билеуші бір сәтте қол астындағыларды үрейлендіру және алдау әдістерін қолданғанын жақтады. Макиавелли ашық түрде дінді пайдакүнемдік тұрғыда қолданылатындығын мәлімдеді. Ол үшін дін - мемлекет қолындағы ықпал жасаудың құралы.

Ойшыл саяси теориясының өзегі ретінде қоғамдық және саяси өзгерістердің қозғаушы күші болып табылатын әлеуметтік күреске негізделген тарихи процесс тұжырымы болып табылады. Ол саяси ғылымдарда бірінші рет саяси қақтығыстардың функционалдылығы идеясын ұсынды. Оның пікірінше, басқару түрінің өзгеруі Құдай қалауы немесе адам табиғатымен байланысты емес, күресуші күштердің заңдылықтарға сәйкес қайталанатын қимылдары билікке монарх, аристократия, халықты әкеледі.

Томас Мор (1478-1535) [3] қарастырылып отырған кезеңде социалистік бағыттағы еңбектерге көп мән берген зерттеуші және жоғарыда аталып өткен Н. Макиавелли идеяларына мүлдем ұқсамайды. Өзінің танымал «Утопия» [4] еңбегінде жеке меншік бар кезде әлеуметтік организмнің сауығуына еш мүмкіндік жоқ. Сонымен бірге мынадай пікірлер ұсынады: «Тек жеке меншік бар жерде мемлекеттік істер дұрыс және сәтті жүргізілмейді. Адамзаттың бұдан шығатын бір ғана жолы бар - жеке меншікті толықтай жою».

Ойшыл пікіріне сәйкес, қоғам байлардың сөз байласуының нәтижесі болып табылады. Ал, мемлекет болса, бұл олардың қарапайым қаруы. Олар мұны халықты жаншуда, өздерінің пайдақорлық материалдық мүдделерін қорғауда қолданады. Байлар күштеу, айлакерлік пен алдау арқылы кедей халықты бағындырып, бейшаралық халге түсіреді. Мұндай әрекет мемлекет атынан халыққа міндеттейтін билік жазған заңдар көмегімен де жүзеге асады.

Өз заманындағы қоғамға жанама ретінде өзі ойлап тапқан қоғамдық-саяси мәселелері мүлдем жоқ игілікті мемлекет Утопия туралы айтады. Жеке меншік жоқ Утопияда жердің өзі қоғамдық меншікте. Қоғамға барлық шығарылатын өнім де тиесілі. Барлық тауар отбасымен өндіріледі. Әрбір отбасы нақты кәсіппен айналысады. Отбасылық-кәсіптік ұйым утопиялық қоғамның өндірістік құрылымын жасақтайды. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын мемлекеттің барлық тұрғындары бірінші еңбек міндеткерлігі негізінде атқарады. Жұмыс күні 6 сағатқа созылады. Ерекше қызметтегі тұлғалар утопиялықтардың жұмыс жүргізуін бақылайды.

Мемлекеттің мәнін ашу мәселесі француз ойшылы, абсолютизмнің көрнекті өкілі Жан Боденнің (1530-1596) [5] еңбектерінде жалғасын тапты. «Мемлекет туралы алты кітап» [6] атты еңбегінде мемлекетті діни соғыстар алып шығатын қуатты мемлекет туралы жазады. Ол мемлекетті бірнеше отбасының әлеуметтік мәселелерімен айналысатын құқықтық билік ретінде анықтады. Монархты құқықтың жалғыз әрі абсолютті қайнаркөзі ретінде есептеді.

Фәлсафашы демократиялық билікте заңдар өте көп, аристократиялық мемлекетте көпшілік басқаратын ұрыс-керіске толы билік деп сипаттап, жағымсыз көзқараста болды. Басқарудың тиімді түрі ретінде монархияны ерекшелеп атап көрсетті: құзіреттілікпен қамтамасыз етілген (кеңесшілер өте көп); билік жігерлілігі мен қайраттылығы (шешімді бір билеуші қабылдайды).

Ойшыл адамзат қатынастарының барлық түрлерін ерекшелейтін мемлекеттің негізгі белгісі ретінде құқықтық басқару мен егемендікті атап көрсетті. Оның пікірінше, егемендік орнықты және абсолютті билік, заңды шығару және орындалуын талап ету құқығы. Ж. Боденнің егемендік тұжырымдамасы саяси теорияға қосқан маңызды үлесі деп ойлаймыз. Ол жалпы және бөлінбейтін егемендік идеясын дамытып, оның монархияда жүзеге асырылатынын айтты. Кейін монарх абсолюттік билігінің мәнін француз королі Людовик ХІV мына сөзбен ашып бергендей: Мемлекет - бұл мен.

Сондықтан егемендік халыққа емес, билеушіге тиесілі болып шықты. Абсолюттік монархияның жақтасы ретінде билеушіге Құдай немесе жаратылыс заңдарына бағыну қажеттілігін, азаматтардың бостандығы және меншігін құрмет тұту керектігін айтады. Ойшыл меншікті қорғаудың маңыздылығын ескере келе, билеушінің салық жинау ісіндегі құқығын шектеуді ұсынады. Ж. Боден бойынша монархияның міндеттері: теократия, феодалдық орталықсыздандыру мен сословиелік бытыраңқылыққа қарсы тұру.

Тақырып ауқымының кеңдігіне байланысты зерттеу жұмысында барлық негізгі мәселелер мен түсініктерді айқындау қиынға соғады. Бұл кезеңдердің саяси ой-пікірлері сапалық жағынан жоғары деңгейге көтерілуімен қатар, өз дәуірінің маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі ерекшеліктерін жоғары бағалаймыз. Жалпы зерттеу жұмысының негізгі нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінде пайдалану арқылы өз тиімділігін әкелетіндігіне сенімдіміз.

Әдебиет:

  1. Жиль К. Никколо Макивелли. – М.: Молодая гвардия, 2005. – 238 с.
  2. Макиавелли Н. Государь. – М.: АСТ, 2006. – 176 с.
  3. Тарле Е.В. Общественные воззрения Томаса Мора в связи с экономическим состоянием Англии его времени. – М., 2010. – 164 с.
  4. Мор Т., Кампанелла Т. Утопия. Город солнца. – М.: Алгоритм, 2014. – 256 с.
  5. Баязитова Г.И., Митюрёва Д.С. В преддверии рождения государства: язык, право и философия в политической теории Жана Бодена. - Тюмень: Издательство Тюменского госуниверситета, 2012. - 240 с.
  6. Политология: хрестоматия. – М.: Гардарики, 2000. – 843 с. – С. 443-446.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

мена, Кино, бар, дар, немес.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

...(досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Выгодный и безопасный обмен WMZ на WMB | Статья в журнале...

Платежная система Вебмани появилась уже давно и не перестает динамично развиваться. Это универсальный сервис, который обеспечивает клиентов самыми современными услугами...

Школьный обмен как разновидность проектной деятельности при...

Школьный обмен сейчас очень популярен. Школьный обмен — это не туристическая поездка и не отпуск. Межкультурный обмен — это учебныйпроцесс.Школьники в группах с учителями...

Использование blockchain в банковской системе

Blockchain, однако, подходит не для всех ситуаций. Не все процессы требуют платежных систем, обмена между участниками, децентрализации или публичного хранения записей.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

мена, Кино, бар, дар, немес.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

...(досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Выгодный и безопасный обмен WMZ на WMB | Статья в журнале...

Платежная система Вебмани появилась уже давно и не перестает динамично развиваться. Это универсальный сервис, который обеспечивает клиентов самыми современными услугами...

Школьный обмен как разновидность проектной деятельности при...

Школьный обмен сейчас очень популярен. Школьный обмен — это не туристическая поездка и не отпуск. Межкультурный обмен — это учебныйпроцесс.Школьники в группах с учителями...

Использование blockchain в банковской системе

Blockchain, однако, подходит не для всех ситуаций. Не все процессы требуют платежных систем, обмена между участниками, децентрализации или публичного хранения записей.

Задать вопрос