Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекаралық қарым-қатынасы аясындағы жергілікті билік субьектілерінің рөлі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №16 (411) апрель 2022 г.

Дата публикации: 19.04.2022

Статья просмотрена: 25 раз

Библиографическое описание:

Галымов, Арыстанбек Ерсайынулы. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекаралық қарым-қатынасы аясындағы жергілікті билік субьектілерінің рөлі / Арыстанбек Ерсайынулы Галымов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 16 (411). — С. 515-517. — URL: https://moluch.ru/archive/411/90512/ (дата обращения: 28.04.2024).

Мақалада автор шекаралық қарым-қатынас мен Қазақстан Республикасының Атырау облысы және Ресей Федерациясының Астрахан облысының қарым-қатынасы аясындағы мәселелер туралы сипатталады.

Кілтті сөздер: шекараалық, өңіраралық ынтымақтастық.

В данной статье автор описывает пограничные отношения и вопросы в сфере отношений между Атырауской области Республики Казахстан и Астраханской области Российской Федерации.

Ключевые слова: приграничное, межрегиональное сотрудничество.

Қазіргі кезеңдегі әлемдік дамудың негізгі үрдістердің бірі бұл — жаһандану және өңірлік интеграция болып табылады. Бұл үрдістер өңірлік деңгейде түрлі елдер арасындағы ынтымақтастықтың белсенді дамуынан айқын байқалады

Бүгінгі таңда өңірлік экономикалық саясаттың басты басымдықтарының бiрi — әрбір өңірдің дағдарысты еңсеруі және оның экономикалық кеңiстiгiнiң сапасын арттыру арқылы экономиканың дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін іске асыру болып табылады.

Әлемдік тәжірибеде өңірлердің ресурстық базасын неғұрлым тиімді пайдалану үшін, экономикалық өсудің кеңістіктік полюстерін қалыптастыруды кеңінен жүзеге асырады. Сондықтан, шекаралық өңірлер мемлекеттің өзге де аумақтарына таралатын сапалы өзгерістердің форпостына айналатын мүмкіндікке ие.

Қазақстанның бұл бағыттағы басты мақсаттарының бірі шекара маңындағы өңірлері мен көрші елдермен орнатылған интеграциялық тетіктерді одан әрі дамытып және жаңаларын құрастыру қажеттілігін жан-жақты қарастыру және ұғыну. Тақырыпты зерттеу, жаһандану жағдайында жергілікті органдардың алдында тұрған міндеттер тұрғысынан да қызығушылық тудырады. Сондай-ақ, өңірлердің шекара маңы ынтымақтастығы мен трансшекаралық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының аймақтық ынтымақтастық қатынастарын дамыту мен жақсартудың неғұрлым пәрменді құралы болып табылады деп айтуға болады. Сондықтан бүгінгі күнде жергілікті атқарушы органдардың көрші мемлекеттер субьектілерімен жүргізетін қарым-қатынастарын жандандыру және одан әрі дамыту мәселесі сол аумақтың дамуының қосымша бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі уақытта шекара маңы ынтымақтастығы жағдайларының барлық алуан түрлілігі мен күрделілігін практикада іске асырылатын үш негізгі модель түрінде жалпылама ұсынуға болады.

Дәстүрлі модель өңірлер арасында келісімдер жасасу арқылы трансшекаралық байланыстарға қызмет көрсетуге және оны дамытуға келіп тіреледі. Шекара маңы ынтымақтастығының осы моделінің негізі көрші елдердегі тауарлар бағасының арақатынасы деңгейіндегі айырмашылық болып табылады. Бұл модельдің экономикалық мәні мен тиімділігі бір тарап үшін сату нарығын және екінші тарап үшін қол жетімді тауарлар мен қызметтерді алу болып табылады. Трансшекаралық желілер бойынша тауар ағындарының едәуір көлемі шекара маңындағы өңірлердің экономикалық өрлеуі үшін нақты алғышарттарды туындатады. Осыған байланысты шекара маңы ынтымақтастығы экономикалық дамудың негізгі басты факторы болып табылуда. Алайда, шекарааралық ынтымақтастықты дамытуда шекара маңы облыстарының инвестициялық тартымдылығын және инвестициялық ауа-райының және нарығының сыйымдылығын ескеріп, осы факторлар негізінде айқындалатындығын есте сақтаған жөн.

Шекара маңы ынтымақтастығының екінші моделі арнайы кеден және салық режимін енгізу, шекара маңындағы шектеулерді жұмсарту есебінен экономикалық аймақтар құру, шекара маңы өңірлерінің инвестициялық тартымдылығын арттыру қажеттігіне негізделеді.

Соңғы модель бұл Батыс Еуропада қалыптасқан шекара маңындағы жергілікті қауымдастықтар мен билік органдарының қызметтерін бірлесіп жоспарлау қағидаттарына негізделген жоба болып табылады. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың бұл формасы жергілікті деңгейде өзара ортақ мәселелерді бірлесе шешу және ортақ жобаларды жүзеге асыруға негізделген.

Шекараарлық ынтымақтастығының бұл моделі экономика секторы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыспен қамту және еңбек нарығын реттеу саласы, денсаулық және халықты әлеуметтік қорғау салалары, көлік және коммуникация, сонымен қатар, мәдени-спорттық бұқаралық мәселелер бойынша бірлесе шешім қабылдайды. Ғылыми ортада аталған құбылыс «еуроаймақ» деген атқа ие болды. [1]

Бүгінде Қазақстан-Ресей қарым-қатынасындағы өзара өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының негізгі субъектілері мемлекеттік мекемелер, оның ішінде екі ел үкіметі, жергілікті атқарушы органдары, бизнес және қоғамдық ұйымдары, сонымен қатар, екі елдің азаматтары болып табылады. Қазіргі уақытта аталған субъектілердің өзара іс-қимыл ынтымақтастықтың негізгі нысандары да қалыптасып үлгерген. Оларға қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

– Ынтымақтастық аясындағы елдердің бірлескен жоспарлары мен іс-қимыл бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;

– екі елдің мемлекеттік мекемелері және жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер негізіндегі өзара іс-қимылдар;

– екі жақты шарттар негізінде кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар құру және осы бағыттағы ынтымақтастығы;

– екі мемлекеттің субьектілері арасындағы форумдар мен кездесулерін ұйымдастыру. [2]

Екі мемлекеттің жасасқан құжаттарына сараптама барысында жергілікті билік орындарының ынтымақтастығы төмен деңгейде екендігіне көз жеткізуге болады. Оның негізгі түсініктемесі екі елдіңде жергілікті басқару институтының төмен деңгейдегі дамуы негіз болады.

Мысал ретінде осы мәселені шешуде және көршілес екі аймақтың біркелкі мәселелерін шешуде 2008–2011 жылдарға арналған шекарааралық ынтымақтастықтың бағдарламасына сай Атырау және Астрахан облыстарының қатысуымен бірінші Евразиялық аймақтық трансшекаралық орталық құру жобасын дайындау және жүзеге асыру үшін жұмыс тобы құрылды. Алайда, ол мәселе аяғына дейін жетпей, жүзеге асырылмады. Бүгінгі күнде аталған жобаның жүзеге асырылмауының себептері айқындалмады. Алайда, оған себептердің бірі жобаға қатысқан облыстардың әртүрлі мемлекеттік-құқықтық статусы болуы мүмкін. Яғни, Астрахан облысы РФ федерацияның субъектісі болса, Атырау облысы унитарлық мемлекеттегі әкімшілік-территориялық бірлік болып табылады. Осыған байланысты олардың билік өкілеттілігі де әртүрлі деңгейде болу да негіз болды.

Атырау облысы мен Астрахан облысының ынтымақтастығында басты орын алатын бағыт бұл — әр жыл сайын өтетін Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясымен арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумдары болып табылады. Бұл форумға екі мемлекет басшыларынан, мемлекеттердің барлық субъектілері қатысады. Бүгінгі күнге дейін форум 17 рет ұйымдастырылды.

Форумның бірнеше маңызды функциялары бар, олардың қатарында: өңірлік және шекаралық ынтымақтастықтың әртүрлі мәселелері бойынша пікірталас алаңдарын ұйымдастыру; ынтымақтастық бағытындағы үкіметаралық бағдарламалық құжаттарды қабылдау; өзекті бағыттар бойынша перспективті жобалар ұсынылатын алаң және Қазақстан мен Ресейдің кәсіпорындары мен ұйымдары, екі елдің аймақтары арасында келісім-шарт жасауға мүмкіндік береді.

Аталған Х форум аясында Атырау облысы әкімдігі және Астрахан облысы үкіметімен арасында шекаралық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Алайда, аталған форумдардың жұмысын үйлестіруші органның болмауы қабылданған шешімдер мен келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету мәселелері ашық қалуда. Мысалы ретінде, VII және XV форумдарында екі ел президенті келісілген жобалар жүзеге асыру кезеңіне жетпейтіндігін атап өткен.

Сонымен қатар, аталған келісімшарттар бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат болмауы олардың тиімділігін анықтауға қиындық туғызды.

Соңғы кезде, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы аясында өңіраралық және шекараарлық ынтымақтастық үкіметаралық келісімдер және бағдарламалар асында жүзеге асырылуда. Осылайша негізгі бағыттары сауда-саттық саласы, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау және гуманитарлық салалар, мәдениет және туризм, төтенше жағдайлар мен қоршаған ортаны қорғау салалары болып табылады.

Бүгінгі күнде барлық мәселелерді еңсеріп, аталған саланы одан әрі дамытуға перспектива мол екендігі байқалады. Сондықтанда шекара маңы облыстардың өңіраралық ынтымақтастықты жүргізуде өз алдына тиімді саясатын қалыптастыру негізгі күн тәртібіндегі мәселе айналуы тиіс.

Әдебиет:

  1. Иванов В. Н., Жундубаев М. К. Межрегиональное и приграничное сотрудничество России и Казахстана: основные приоритеты // Национальные интересы: приоритеты и безопасность. 2015. No 7. С. 38–51.
  2. Жундубаев М. К. приграничное сотрудничество между Республикой Казахстан и Российской Федерацией на современном этапе: характер развития, проблемы и перспективы, Москва — 2014
  3. Дубровина О. Ю. Приграничное сотрудничество как форма межрегионального взаимодействия и регионализации // Власть. 2018. Том 26. № 8. С. 97–102.
Основные термины (генерируются автоматически): Атырау, мена, Казахстан, VII, Приграничное сотрудничество, Российская Федерация.

Ключевые слова

шекараалық, өңіраралық ынтымақтастық

Похожие статьи

Российско-северокорейское приграничное сотрудничество...

Российско-северокорейское приграничное сотрудничество: социологический анализ. Автор: Сорокина Полина Аркадьевна.

В документе найдены факты, относящиеся к приграничному сотрудничеству РФ и КНДР, а именно — к сферам сотрудничества.

Особенности местного самоуправления на приграничных...

 Развитие приграничного сотрудничества отнесено руководством Российской Федерации к общенациональным приоритетам.

Российская Федерация – государство со сложным этническим составом, неравномерно распределенным по субъектам РФ.

Региональное сотрудничество стран Центральной Азии: взгляд...

В статье анализируется регионально сотрудничество стран Центральной Азии, история сотрудничества, перспективы, а

Центральная Азия, Кыргызстан, Казахстан, Таджикистан, Узбекистан, приграничное сотрудничество, страна региона, окружающая среда, государство.

Международные договоры, соглашения, конвенции в области...

Согласно статье 15 Конституции Российской Федерации общепризнанные принципы и нормы международного права и международные договоры Российской Федерации являются составной частью ее правовой системы. Более того, если международным договором...

Проблемные вопросы международно-правового регулирования...

Ключевые слова: трансграничный туризм, приграничные регионы, правовые коллизии.

В Казахстане, например, насчитывается более 100 различных этнических групп, среди

Каталева К. В. Международный туризм в Российской Федерации: состояние, проблемы, направления...

Статьи по ключевому слову "приграничное сотрудничество..."

"приграничное сотрудничество": Молодой учёный №47 (285) ноябрь 2019 г. — Баскаков Е. Ю. Особенности местного самоуправления на приграничных территориях Российской Федерации. Молодой учёный №18 (204) май 2018 г. — Рамазанов Т. Е.

Правовое регулирование международных связей муниципальных...

приграничное сотрудничество, Российская Федерация, местное самоуправление, связь, образование, международная деятельность, межмуниципальное сотрудничество, субъект, том, Европейская рамочная конвенция.

Основные аспекты формирования трансграничного...

В работе «Межрегиональное приграничное сотрудничество – приоритетный фактор

Так, рассматривая сотрудничество Гродненской области с регионами Российской Федерации, стоит

1. Внешняя торговля Российской Федерации со странами СНГ / Официальный сайт...

Задать вопрос