Критериалды бағалаудың педагогикалық ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 29 января, печатный экземпляр отправим 2 февраля.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №49 (391) декабрь 2021 г.

Дата публикации: 06.12.2021

Статья просмотрена: 10 раз

Библиографическое описание:

Конар, А. А. Критериалды бағалаудың педагогикалық ерекшеліктері / А. А. Конар, А. К. Садыкова, Ю. Ю. Суровицкая. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 49 (391). — С. 490-492. — URL: https://moluch.ru/archive/391/86174/ (дата обращения: 20.01.2022).



Берілген мақалада критериалды бағалаудың педагогикалық ерекшеліктері талданады.

Кілтті сөздер: кpитеpиалды бағалау, білім алушы, психология, диагностикалық бағалау, формативті бағалау, суммативтік бағалау.

В данной статье анализируются педагогические особенности критериального оценивания.

Ключевые слова: критериальное оценивание, ученик.

Қазіргі қоғамда орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесінің маңызды басымдықтары мен педагогикалық ерекшеліктері оқытудың өзіндік міндеттері мен мақсаттарын айқындап көрсетеді. Оқыту тек білім берудің айналасында қалып қоймай, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуынада тікелей байланысты. Білім алудың қаншалықты табысты болуы, білім алушылардың оқуда болатын қиыншылықтарды басынан өткізуі жайында мағлұматты білім ордасының тиімді бағалау жүйесін көрсететінін аңғартады.

Критериалды бағалау — белгіленген критерийлер негізінде оқушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі болып табылады [1].

Осы тұста ескерілетін жайт, дәстүрлі оқыту барысында оқушылардың алған білімдері жаттанды түрде сақталынса, кейбір жерлерде өзіндік ұтымды тұстары болса да, білім тереңірек меңгерілмегендіктен, өмірде тиімді пайдаланылмайтыны анық байқалып қалды. Ал қазіргі заман талабына сай, адам баласының оқуы жеткіліксіз, бұл тұста сол оқығанын күнделікті өмірлік жағдайларда қолдана білу керек. Сондықтан, білім беру саласында басымдық білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталып отыр.

Критериалды бағалау өзінің анық, айқындылығымен, жеке тұлға емес жұмысының бағалануымен, бағаның әділдігімен, өзін бағалауға мүмкіндік берілуімен, кері байланыстың жүзеге асуымен, алдын ала ұсынылған бағалау шәкілімен ерекшеленеді [2].

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Атап айтсақ: Блум таксономиясының ойлау деңгейлерінің сипаттамасы, яғни білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез және бағалау болса, сыни ойлану, анализ,, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті және тілдік, жеке және топта жұмыс жасау, мәліметті іздеу мен тәжірибелік дағдылар, сонымен қатар, шығармашылық пен жаңа технологияларды қолдану дағдылары кеңінен қолданылады.

Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі педагогикалық тұрғыдан:

— оқыту мен бағалаудың тұтастығына негізделеді;

— оқушылардың үлгерімін, ілгерілеуін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін қалыптастыруға бағытталады;

— оқу бағдарламасына сәйкес дағдыларды дамытуды, білім алу дәлелдерін жинақтауды, оқу мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

— оқу бағдарламасының мазмұны негізіндегі әр сынып үшін пән бойынша бағалаудың формалары мен тәсілдерінің әртүрлілігін қамтиды.

Білім беру аясында оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен күтілетін нәтижелер Блум таксономиясына, ал қалыптастырушы және жиынтық бағалау критерийлерге негізделгенін сөзге тиек етіп кету керек. Сонымен қатар, бағалау критериийінің өзі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз бола алатынын, айтылым, жазылым және тыңдалым, оқылым сөйлеу әрекеттерінің түрлерімен ерекшеленеді.

Бағалау критерийі — білім алушының оқу жетістігі деңгейін анықтайтын белгі немесе өлшем.

Ол дегеніміз балл қою критерийлері мен дескрипорларға, яғни берілген тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын және орындалған жұмыстың деңгейі мен сапасына бағытталып көрсетіледі.

Дескриптор — тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама.

Ол оқушылардың ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамының жетістігі болып табылады.

Критериалды бағалаудың негізі ерекшеліктерінің бірі — алдын ала берілген бағалау шкаласы, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі болғандықтан, оның тиімді тұсы сабақ мақсаттарына негізделген тапсырмаға дескриптор құра отырып, оқушымен бірлесе жетістікке жету. Бұл білім алушының күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтап көрсетеді. Қорытынды бақылау жұмысына дейін білімін жүйелеп, қателіктерден сабақ алуды меңгертеді.

Критериалды бағалау жүйесіндегі ұғымдардың тағы бір ерекшелігі, бағалау критерийлерінің тізімімен көрсетілетіндігінде. Яғни, бағалаудағы рубрика ұғымы.

Рубрика — бұл оқыған тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалау критерийлердің тізімі. Ол әр тақырыптың зерттеу мақсаттарымен анықталады. Және де осы рубриканы ашатын мазмұнды критерийлермен толтырылып, критерийлер оқытудың міндеттерімен анықталады. Білім алушы қызметінің әртүрлі тізімі оның жұмыс барысында жетістіктерін жетілдіретіні сөзсіз.

Критерий арқылы бағалау сабақтың басы, ортасы және соңында жүзеге асатыны белгілі. Бұл оқушылардың топтық жұмысын бағалауда өте тиімді. Себебі, топ жұмысын белгілі бір критерийлермен бағалау оқушы жұмысының нәтижелілігіне, оқушылардың бір-бірін бағалау арқылы өз ойлары мен пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне мүмкіндік туғызады. Өз пікірін ойын ашық жеткізу, басқалардың жұмыстарына өзіндік бағасын беру білім алушылардың өмірге бейімділіктерін арттырады. Осы тұста кері байланыстыда айта кеткен жөн болады.

Кері байланыс — нақты іс-әрекет жасау туралы хабарлау және түсініктеме алу үдерісі, мақсатқа қол жеткізудегі белгілі іс-әрекет пен оқиғаға дұрыс баға беру негізіндегі жауап түрі [2].

Сабақ барысында кері байланыс ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Жазбаша ұсыныстар, бақылау, сауалнамалар, өзін-өзі бағалайтын күнделік немесе журналдар жазбаша кері байланыс түріне жатса, өз ойын түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ашық түрде білдіру ауызша кері байланыстың ерекшелігін көрсетеді. Сонымен қатар, кері байланыстың тиімділінеде назар аудару қажет.

Кері байланыс тиімдірек болу үшін білім алушылардың кері байланыс деректерін рефлексиялау мүмкіндіктері болуы керек. Ал рефлексия мүмкіндіктері бағалау мақсатында қолданылатын үдерістерде оқушылардың ойлауын көтермелеу арқылы мұғалім олардың оқуын бағалау бағытына бұрып, оқушыларды оқыту үдерісі туралы ойлауға көтермелеу үшін тиімді және түсінікті кері байланысты қамтамасыз етуі қажет.

Қазір қоғамдық ортада оқушылардың білімділігі ғана емес, олардың құзіреттілігін, жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі жан-жақты дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты көптеген мақсаттар қою басты рөл болып табылады. Ал критериалды бағалау сол мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған білім беру жүйесі екені даусыз.

Қорытындылай келе, жаңа критериалды бағалау жүйесі педагогикалық және психологиялық тұрғыдан болсын, білім алушыларды оқуға ынталандыруға, қызығушылығын арттыруға, дамытуға бағытталғаны, оған осы тақырпыта жазылған мақалалар мен еңбектердің күн санап артуында Жалпы ұстаздар қауымының оқушыларды оқытудағы басты мақсаты — сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, алған білімдерін болашақта қолдана алатындай мүмкіндіктерге жол ашу болса, критериалды бағалаудың осы тұста берері мол.

Әдебиет:

  1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2- басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы — 2015 ж.
  2. http://moodle.nis.edu.kz
Основные термины (генерируются автоматически): мена, критериальное оценивание, оса.


Ключевые слова

психология, кpитеpиалды бағалау, білім алушы, диагностикалық бағалау, формативті бағалау, суммативтік бағалау
Задать вопрос