Ревель кездесуі Жас Түріктер революциясының катализаторы ретінде | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 июля, печатный экземпляр отправим 15 июля.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №24 (314) июнь 2020 г.

Дата публикации: 13.06.2020

Статья просмотрена: 5 раз

Библиографическое описание:

Сандыбаев, С. О. Ревель кездесуі Жас Түріктер революциясының катализаторы ретінде / С. О. Сандыбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 24 (314). — С. 545-547. — URL: https://moluch.ru/archive/314/71464/ (дата обращения: 03.07.2020).

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Мақалада 1907 жылы жасалған ағылшын-орыс келісімі Түркияның сыртқы саясатына әсері, Түркияның македон реформалары мәселесі бойынша қыспаққа алған Ресей мен Англияға қарсы тойтарыс беру құралы, 1908 жылы болған Ревель кездесуінің Түркиядағы ішкісаяси процестерге импульс беруі және орыс-британ реформалар жобасның Жас Түріктерге әсері қарастырылады.

Кілттік сөздер: Түркия, Австро-Венгрия, Англия, Ресей, теміржол концессиясы, Ревель кездесуі, орыс-британ реформалар жобасы, Жас Түріктер революциясы.

В статье рассматривается влияние англо-русского соглашения в 1907 году на внешнюю политику Турции, ее инструмент для противостояния против России и Англии, который оказывал давление на Турцию по вопросу македонских реформ, влияние Ревельской встречи и русско-британского проекта реформ в 1908 году на внутриполитические процессы в Турции и на младотурок.

Ключевые слова: Турция, Австро-Венгрия, Англия, Россия, железнодорожная концессия, Ревельское свидание, русско-британский проект реформ, Младотурецкая революция.

Парсы, Ауғаныстан және Тибеттегі ықпал ету аймақтарын бөліске салу жөніндегі 1907 жылғы ағылшын-орыс конвенциясы Ресей мен Англияның арасындағы дипломатиялық байланыстың жаңа сатысы ғана емес, ол Европа мен Таяу Шығыстағы күштердің орналасуына ықпал етті. Таяу және Орта Шығыстағы ағылшын-орыс бәсекелестігін Түркияның билеушілері өз мемлекеттерінің өмір сүруінің кепілдігі ретінде қарастырған болатын. Ал енді Англия мен Ресейдің қарым-қатынасының жақсаруы Түркияға ыңғайлы өңірдегі күштер қатынасын шайқалтатын болды. Бұл екі елдің байланысы ең алдымен Австро-Венгрияға кері әсер етті. Ол Ресейдің 1905–1907 революциядан және Жапониямен соғыстан кейін әлсіреген жағдайын пайдалнып Балқанда өз ықпалын нығайтуға тырысқан еді. Ал енді оған Англияның қолдау білдіруі және Ресейдің Австро-Венгриямен қатынасын нашарлатудан қорықпауы оның өңірдегі ықпалын төмендетті.

Енді осы жағдайды есепке ала отырып Австро-Венгрия өзінің тактикасын өзгертті: ол Македонияда реформа өткізуден бас тарта отырып, сөйтіп Түркияны қолдап, одан саяси дивидендтер алуды күтті. Сұлтан болса австро-венгриялық саясаттың жаңа тенденцияларына жауап қатып, Австро-Венгрияға Санджак теміржолын салуға концессия беруі туралы қаулы қабылдады. Түркия мен Австро-Венгриядағы ағылшын елшілеріның пікірінше, Ыстамбұл мен Вена арасындағы келісім Берлиннің тікелей қолғабысы арқылы орнады [1, 161–162-бб.]. Форин оффис бұл жаңалыққа сақтықпен қарады. Э.Грейдің хабарлауынша, Эренталь «ойын тәртібін сақтамады»: барлық келісімдерді айналып өтіп, сот реформасын бұғаттауға уәде бере отырып ол Портадан Ново-Пазар санджағы арқылы теміржол салуға келісім алды.

Форин оффис аталған теміржол магистралының стратегиялық аспектісіне үлкен мән берді. Венадағы ағылшын елшілігінің екінші хатшысы Дж. Д. Грегори өзінің меморандумында айтқандай, егер бұл жоба іске асса, Еуропаның солтүстігін (бәлкім Германияны) Македония арқылы Эгей теңізімен, одан әрі Шығыс Жерортатеңізінің порттарымен байланыстыратын, ал соңында Египет және Үндістанға барып тірелетін теміржол желісі пайда болатын еді. Экономиалық тұрғыда македониялық теміржол Дж. Д. Грегоридің пікірінше, Германияға Қосөзен мен Кіші Азияның ресурстарына жол ашады. Және Санджак теміржолы бойынша Англияның қауіптенуі Европада басылатын проосмандық баспалардың назарынан тыс қалмады. Мәселен, «Л’Орьен» газетінде Англияның «Еуропаны, одан кейін Кіші Азияны кесіп өтіп, Парсы шығанағына жететін герман теміржолының» салынуына байланысты үрейі туралы айтылды. Сұлтанның Орталық мемлекеттерге стратегиялық маңызды теміржол концессияларын табыстауы Антанта елдеріне, оның ішінде македон реформалары мәселесі бойынша қыспаққа алған Ресей мен Англияға қарсы тойтарыс беру құралы ретінде қолданылды [2, 134–135-бб.]

Сонымен, 1907 жылы жасалған ағылшын-орыс келісімі Түркияның сыртқы саясатына кері әсер етті десек те болады, себебі осы екі ірі күштің күресін түріктер өз мемлекеттерінің өмір сүруінің кепілдігі ретінде қарастырған болатын. Австро-Венгрияға да бұл өзгерістер Балқандағы саясатына кері әсер етті. Сондықтан ол сот реформасын бұғаттап, Түркияны қолдай отырып одан теміржол құрылысына концессия алды. Форин оффис бұл жобаға қауіппен қарады. Себебі бұл теміржол желісі дұшпан елді, ең алдымен Германияны ең соңында Үндістанға жеткізуі мүмкін еді. Бұл тұста Түркияның сыртқы саяси тактикасын анықтауға болады: ол Австро-Венгрия мен Германияға маңызды теміржол концессияларын табыстай отырып Антанта елдеріне елдеріне қарсы төтеп бере алды.

Ағылшын-орыс байланысының манифестациясы деп VII Эдуард пен ІІ Николай арасындағы кездесуді (1908 жылдың маусым айы) санауға болады. Кездесу нәтижесінің бірі македон реформасының компромистік нұсқасын жасау туралы орыс және британ жақтарының ресми декларациясы болды.

Ағылшын-орыс серіктестігі Балқандағы Австро-Венгрия мен Германия саясатын активизациялап қана қойған жоқ, ол Түркиядағы ішкісаяси процестерге импульс берді, яғни 1908 жылғы Жас Түріктер революциясын туындатты [2, 136-б.].

Жас Түріктердің екі негізгі ағымын бөліп көрсетуге болады: «Бірлік және прогресс» комитетінің жақтастары жататын ұлттық және кейіннен «Ахрар» партиясының айналасына топтасқан либералдар [3, 401-б., 4, 209-б.]. Жас Түріктер қозғалысының ядросы нақты «Бірлік және прогресс» комитеті болды. Олар көбінесе Осман империясында мемлекеттілікті, әскер мен экономикалық салаларды нығайту үшін либералдық реформалар өткізуді қалайтын білімді офицерлер тобынан тұрды. Жас Түріктер империяны модернизациялай отырып шет елдердің Түркияның ішкі істеріне араласуларына және оны бөліске салуларына шек қойғысы келді [5, 241-б.]. Сондықтан көтерілістің катализаторы болған 1908 жылы ағылшын-орыс императорларының Ревельдегі келісімі екендігін айтқан Ыстамбұлдағы Англияның жаңа елшісі сэр Дж. Лоутердің пікірі шынайы болып көрінеді. Жас Түріктердің қабылдауында орыс-британ реформа жобасы іс жүзінде Түркияны оның европалық провинцияларына құқығынан айырумен тең еді. Европалық ықпалдың белсенділігі байқалған Македонияда революцияның пайда болуының айтарлықтай өз заңдылығы бар. Жас Түрік қозғалысының көрнекті өкілі майор Энвер-бейдің айтуынша, дербес түрде өздері-ақ античетникалық операцияны жүргізе алатындарына сенімді түрік офицерлері реформа жобасын ауыр қабылдады, себебі ендігі жағдайда европалық офицерлер жергілікті жандармерияға бұйрық беруге құқылы еді [2, 137-б.].

Жастүріктер түсінікті және прогрессивті бағдарламаны ұсынды: реакциондық режимді кетіріп, 1876 жылғы Конституциясыны қалпына келтіру және Осман империясының құзырындағы барлық халықтын заң алдында негізгі демократиялық еркіндігі және теңдігін жариялау.

Жас Түріктер ең алғашында көтерілісті ІІ Абдұлхамидтің таққа отырысына 33 жыл толысына байланысты жасауды жоспарлаған еді, яғни 1909 жылдың тамыз айының соңына таман. Алайда қалыптасқан жағдайдың өзгеруіне байланысты жастүріктер көтеріліске ерте шығып кетті. Бұл кезде сұлтан басшылығымен ұлт-азаттық көтеріліс жанышталды және заңсыз Жас Түріктер ұйымына қарсы күрес жүргізілді. Македония үшін державалардың күресі де шиеленісіп кетті. Англия мен Ресей Портаға реформаны жүзеге асыруда бірқатар талаптар қояды және бұл аймаққа шетелдік корпусты кіргізу құқығын алғысы келді. Бұндай шешім Македонияны Осман империясынан бөліп алу қаупін тудыратын еді және елдің негізгі революциялық қозғалыс орталығын ликвидациялауды жеңілдететін еді. Оппозиялық күштерді талқандау қаупі және ағылшын-орыс ультиматумы Салониктегі Жас Түріктер комитетін көтерілісті бірден бастауға итермеледі [6, 29-б.].

Сонымен, 1908 жылы ағылшын-орыс императорларының Ревель (қазіргі Эстонияның астанасы Таллин) қаласында кездесуі сол жылғы Жас Түріктер революциясына түрткі болды. Бұл қозғалыс бастапқыда әртүрлі топтардан тұрды және олардың көзқарастары да бір болмады. Мәселен, еуропалық мемлекеттердің Түркияның ішкі істеріне араласуына қарсы болған, жалпыға ортақ, тең және құпия дауыс беруді, парламенттің заң алдында теңдігін, соттың дербестігін талап еткен және сұлтанның ішкі, сыртқы саясатын айыптаған және ұлттарға автономия беруге қарсы болған Ахмет Риза-бейдің тобы, бірқалыпты реформалар талап етіп, сұлтанмен компромиске келуге тырысқан Мұрат-паша және империя құрамындағы ұлттарға автономия беруді, еуропалық мемлекеттердің Түркияның ішкі ісіне араласуыды қалаған Сабахеддин ханзаданың тобы болды. Кейін осылардың арасынан екі негізгі топ қалыптасты: Жас Түріктер қозғалысының ядросы болған «Бірлік және прогресс» комитеті және кейін «Ахрар» партиясына келіп қосылған либералдар. «Бірлік және прогресс» комитеті Түркияның ішкі істеріне еуропалық мемлекеттердің араласуына қарсы болды. Сондықтан болса керек 1908 жылғы Ревельдегі кездесу Жас Түріктердің соңғы шыдамы болды. Сол кездесуде қабылданған ағылшын-орыс реформа жобасы іс жүзінде Түркияны оның европалық провинцияларына құқығынан айырумен тең еді. Негізінен олар көтерілісті сұлтанның билігіне 33 жыл толуына байланысты 1909 жылы ұйымдастаруды қалаған еді, алайда қозғалыс ұяшықтарының басып-жаншылуы, Македония үшін державалардың күресі, Лондон мен Петербордың бұл аймаққа шетелдік корпусты енгізуге құқық алғысы келуі, сол арқылы көтеріліс ошағының ликвидацялану қаупі, түбі айналып келгенде Македонияны Түркиядан бөліп алу қаупі Жас Түріктердің көтерілісті бірден бастауына алып келді. Осылайша Жас Түріктер дербес ішкі және сыртқы саясатқа ұмтылды, алайда оған кері әсер ететін реформалар жобасы, еуропалықтардың Македонияның оккупациялану қаупін тудыратын талаптары олар үшін ауыр тиді, сондықтан олар мемлекетте түбірлі өзгерістер жасауды қалап, ұлы державалардың Түркияның ішкі істеріне араласуына төтеп бергісі келді.

Әдебиет:

  1. Goschen E. The Diary of Edward Goshen 1900–1914. — London: Royal Historical Society, 1980. — 315 p.
  2. Агансон О. И. Политика Великобритании в Юго-Восточной Европе в условиях кризиса Балканской подсистемы международных отношений: 1903–1914 гг.: дис.... канд. ист. наук. — М.: РГБ, 2011. — C. 309.
  3. Алиев Г. З. Турция в период правления младотурок. — М.: Наука, 1972. — С. 506.
  4. Lewis B. The Emergence of Modern Turkey. — London, New York: Oxford University Press, 1961. — 511 p.
  5. Sonyel S. R. Minorities and Destruction of the Ottoman Empire. — Ankara: Turkish Historical Society Printing House, 1993. — 537 p.
  6. Киласов Р. К. Революции в Турции в первой четверти ХХ века: (Два этапа турец. рев. движения): дис.... докт. ист. наук. — Баку: РГБ, 1993. — C. 104.
Основные термины (генерируются автоматически): Турция, Македония, Англия, Австро-Венгрия, VII, реформа, мена, англия мен, Россия, русско-британский проект реформ.

Ключевые слова

Англия, Түркия, Австро-Венгрия, Ресей, теміржол концессиясы, Ревель кездесуі, орыс-британ реформалар жобасы, Жас Түріктер революциясы

Похожие статьи

Реформы британской армии Эдварда Кардуэлла 1868–1872 годов

В статье автор рассматривает предпосылки, ход принятия и итоги реформ британской армии Эдварда Кардуэлла 1868–1872 гг. Реформы Кардуэлла явились первым значительным действием по постепенному превращению британских сухопутных сил в эффективную и...

Россия и Англия на персидских рынках в 1850-1870-х гг.: первый...

Англия рассматривала Персию как буферный регион, не позволявший России выйти к границам британской Индии. Россия, в свою очередь, стремилась не пустить британцев в Среднюю Азию и потому не желала перехода Персии под протекторат Англии.

Применение криптографии в период Первой мировой войны

К началу XX века, Россия, Франция и Австро-Венгрия имели крупные, хорошо развитые государственные дешифровальные службы.

Перед Первой мировой войной Россия использовала в своих целях офицера австрийской контрразведки Альфреда Редля.

Трактовка рейхсканцлером Б. Бюловым германо-английских...

Данная программа отразила несовместимые с интересами Англии претензии Германии на статус «мировой державы» [4]. Это событие

Необходимо заметить, что Франция не единожды пыталась (с помощью Англии) ударить по престижу и могуществу Германии, тем самым она...

Кашмир в русско-британском противостоянии XIX столетия

Во второй половине XIX века, когда царская Россия выступила в качестве соперника Великобритании по колониальным захватам в Центральной Азии, значение Кашмира для Англии сильно возросло.

Проблематика публикаций по военно-морской политике...

мировая война, Россия, Тройственный союз, Англия, Италия, Германий, война, держава, Австро-Венгрия, Балканы.

военно-морской флот, капелла, Англия, Рейхстаг, том, корабль, депутат, морской флот, имперское морское ведомство, морское законодательство.

Сравнительная характеристика систем образования в Англии...

Ключевые слова: система образования, Англия, Россия, преимущества и недостатки

Проверка знаний обычно проходит в письменной форме – в виде эссе и проектов.

В чём же различия и сходства образования в Англии и России? В данной работе были рассмотрены...

Ухудшение российско-германских отношений при Александре III...

Соглашение между Россией, Германией и Австро-Венгрией, получившее название «Союз Трех Императоров» он назвал не иначе, как «ни к чему не обязывающий консультативный пакт». Ухудшение российско-германских отношений в 70-х и 80-х гг. XIX века он объяснил таможенной...

Британия об англо-американской войне 1812–1815 гг.: обзор...

Анализ британской точки зрения на войну даст возможность проанализировать ее события с точки зрения Великобритании.

Редактор «Kingston Gazette» упоминал «много отрицательных мнений об эффективности британской армии, а также собранных им сведений, сделанных...

Задать вопрос