Заттар – азаматтық құқықтың объектісі ретінде | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 13 марта, печатный экземпляр отправим 17 марта.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Сейткерей, Жасмин. Заттар – азаматтық құқықтың объектісі ретінде / Жасмин Сейткерей, Нуржан Файзулла. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 30-32. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67895/ (дата обращения: 02.03.2021).



Құқықтық қатынастарының мазмұнының бір элементі объект болып табылады. Объект анықтамасы бойынша ғалымдардың арасында бірнеше пікірлер бар. Мысалы, Ресей ғалымы В.Н. Хропанюктің ойы бойынша құқықтық қатынастардың келесі элементтері бар: субъект, объект, тараптардың құқықтары және тараптардың міндеттері [1, 313 б.]. Ал, ресейдің басқа ғалымы С.С. Алексеевтің көзқарасына сүйенсек, ол құқықтық қатынастың үш элементін бөліп көрсетеді. Олар: 1) құқықтық қатынастың субъектілері; 2) құқықтық қатынастың мазмұны, яғни субъективтік құқықықтар мен заңды міндеттердің өзі; 3) құқықтық қатынастың объектісі [2, 98 б.]. Осы берілген екі көзқараста бірдей деп айтуға болады, себебі бір ғалым құқық пен міндетті ажыратып көрсетеді, ал екінші ғалым құқық пен міндетті бір элемент ретінде қарастырады.

Сонымен, құқық объектісі кез-келген құқықтық қатынастың ажырамайтын, құрамдас бөлігі болып табылады. Ал, енді азаматтық қатынастың объектісі дегеніміз не екенін анықтауымыз керек. Бұл күрделі мәселе. Құқық ғылымында құқықтық қатынастың объектісіне байланысты әртүрлі көзқарастар бар. Бірінші көзқарас бойынша құқықтық қатынастың объектісі осы қатынастарға қатысушы субъектілер мүдделерінің аясында жататын әртүрлі материалдық және материалдық емес игіліктердің жиынтығы болып табылады.

Белгілі ғалымдар ішінен профессор С.С. Алексеев бұл көзқарасты ұстанған. Оның айтуы бойынша құқықтық қатынастардың объектісі дегеніміз «субъективтік заңды құқықықтар мен міндеттердің бағыт алған айналадағы құбылыстары немемсе заттары» [3, 329 б.].

Құқықтық қатынастың объектісіне деген екінші көз қарас кеңірек тараған. Осы, екінші көзқарас бойынша құқықтық қатынастың объектісі дегеніміз осы қатынастың әсер ететін нәрсесі. Мысалы, профессор В.Н. Хропанюктің айтуы бойынша құқықтық қатынастың әсер жасайтын нәрсесін айқындау үшін, басында құқықтық норманың объектісін анықтап алу қажет [1, 314 б.].

Бәрі білетіндей құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттейді. Олардың әсер жасайтын нәрсесі – адамдардың ерікті жүріс-тұрысы. Ал, құқықтық қатынасқа келетін болсақ, ол - құқықтық нормалармен қарастырылған жалпы құқықтар мен міндеттерді жекелеген субъектілерге қатысты нақтылайды. Демек, құқықтық қатынастың объектісі ретінде оған қатысушылардың іс жүзіндегі жүріс-тұрысы болып табылады деуге болады.

Қазақстандық ғалымдарының пікірлері де осыны белгілейді. Мысалы, М.К. Сулейменов пен Ю.Г. Басин құқықтық қатынастардың объектісі деп осы қатынастардың субъектілерінің әрекеті неге бағытталған соны айтамыз деп тұжырымдайды [4, 228 б.].

Сонымен, құқықтық қатынас объектісі деп құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неге бағытталған соны айтамыз.

Енді азаматтық құқықтық қатынастардың объектісін белгілеу үшін оның мәнің ашайық. Жалпы, азаматтық құқықтың объектісі деп азаматтық құқық субъектілерінің материалдық және рухани игіліктері бойынша өзара құқықтық қарымқатынасқа түсүі дейміз.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 115 бабына сәйкес азаматтық құқықтардың объектісіне келесілер жатады:

- заттар, оның ішінде ақша және бағалы қағаздар, сонымен бірге мүліктік құқықтар;

- жұмыс және қызмет;

- ақпарат;

- интеллектуалдық қызмет нәтижелері, оның ішінде интеллектуалдық меншік;

- материалдық емес ігіліктер [5].

Сонымен, азаматтық құқықтың объектілеріне жатады:

- мүлік;

- іс-әрекет;

- интеллектуалдық қызмет нәтижелері;

- материалдық емес ігіліктер.

«Мүлік» деген термин азаматтық құқықта бірнеше мағынада қолданылады. Көбіне мүлік деп затты немесе заттың жиынтығын айтады. Кейбір кезде мүлік деп зат пен мүліктік құқықтардың бірігуін ақшалай бағалауын айтады. Бұл жерде құқық тек мүлікке немесе затқа емес, басқада құқықтар мен одан алынатын табыстарға да тиісті болады. Үшінші мағынасы «мүлік» терминінің «мұрагерлік мүлік» болып табылады. «Мұрагерлік мүлік» дегеніміз мұра қалдырушыдан мұра алушыға қалдырылатын барлық мүліктік құқықтар мен міндеттемелерді айтамыз.

Енді жалпы «зат» ұғымына тоқталар болсақ, зат дегеніміз - азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда, физикалық дене ретінде және еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі [6, 26 б.].

Заттар мүлік сияқты әртүрлі болады және үнемі құқық субъектісіне қатысты белгілі қарым қатынаста болады. Зат түсінігінде әртүрлі табиғи ресурстар және адам еңбегінің өнімдері жатады. Заттар құрамына әртүрлі энергия түрлеріде жатады (мысалы: жылу энергиясы, электр энергиясы) Өсімдіктер және жануарлар да зат болып табылады [4, 232 б.].

Ұсынылған заттың анықтамасы бізге келесі маңызды белгілерді анықтауға мүмкіндік береді:

1) зат - бұл заттық зат, адамның жеке басынан тыс жатқан нәрсе. Басқаша айтқанда, кез-келген нәрсенің сыртқы көрінісі болуы керек - заттың денесі. Бұл жағдайда заттың дене формасы оны иемдену үшін маңызды, бұл оған құқықтарды жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады.

2) мүліктік қызығушылық затпен байланысты болса. Мүліктік қызығушылық әртүрлі мағынаға ие болуы мүмкін, бірақ ол әрдайым заттардың құндылығымен, оның пайдалы қасиеттерімен, қасиеттерімен, басқа адамға берілуі мүмкін (негізінен төленеді) және т.б. байланысты. Мүліктік мүдделер осының бәрінің артында тұр. Мәселен, егер біреу жоғалса, онда затқа құқық иесі оның құқығын тоқтатуға бағытталған іс-әрекеттерді жасайды. Заттардың осы атрибутының маңыздылығы иесіз заттардың мысалында айқын көрінеді.

3) кез-келген нәрсенің әрқашан кеңістіктік шекарасы болады. Мысалы, азаматтық құқық объектісі нақты жер учаскесі болуы мүмкін, және жалпы жер емес, баллондардағы сығылған ауа және жалпы ауа емес, пайдалы қазбалардың белгілі бір бөлігі, және жалпы минералды ресурстар емес және т.б.

4) зат адамға қол жетімді болуға тиіс. Мысалы, заттар азаматтық құқықтың объектілері ретінде айға, басқа ғарыштық денелер, қазіргі адамдар үшін қол жетімді немесе қиын болатын объектілер бола алмайды. Кейбір жағдайларда арнайы халықаралық келісімдер елдің юрисдикциясын белгілеу мүмкіндігін және сәйкесінше осы объектілерді (мысалы, Антарктида) иемденуді болдырмайды. Бұл азаматтық құқықтың объектісі ретінде заттардың жалпы белгілері.

Енді заттардың жіктелуін қарастырайық. Бірінші тобы: жылжымайтын және жылжыйтын заттар. Бұл ҚР Азаматтық кодексінің 117 бабында қарастырылған. Жылжымайтын мүлік деп жермен тығыз байланысты және едәуір құны бар затты атаймыз, ал қалған заттар жылжыйтын болып табылады.

Екінші тобы: бөлінетін және бөлінбейтін заттар. Бұл жіктелу көбіне ортақ меншіктің бөлінуіне қатысты қолданылады. Мысалы, ортақ мүлік үлесті болса, онда әр қайсысы өз үлесіне ие болады, бұл жерде мүлік бөлінетін болып табылады. Ал егер ортақ меншікте автокөлік болса, ол бөлінбейтін мүлік болып табылады, сондықтан оны меншік иелерінің біреуіне беріледі де, қалған меншік иесінеақшалай өтем жасалады.

Үшінші тобы күрделі зат. Бірнеше зат бірктіру арқасында бір затты айқындаса және оны бір зат ретінде пайдаланса, онда ол күрделі зат болып табылады. Мысалы, күрделі затқа мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынды, шаруа фермерлік қожалықты жатқызуға болады. Кәсіпорын мүліктік кешен ретінде ғимараттардан, жабдықтаулардан, инвентарьдан, шикі заттардан тұрады.

Төртінші түрі басты зат және керек жарақ. Бұл жерде керек жарақ әр қашанда басты затқа қызмет көрсетеді. Мысалы, үйді сататын болса, онда үй мен қоса қосымша құрылыстары да сатылады. Бірақ бұл норма диспозитивтік болып табылады, себебі, сатып алу сатудың тараптары шартта басқашалай көздеуде мүмкін.

Бесінші түрі жеміс, өнім және табыс. Бұл жерде үш объектіде заттың өсімін көздейді. Мысалы, егіндіктегі бітік егін, малдың өнімі, өнімді сатқаннан алған ақша.

Алтыншы түрі жануарлар. Жануарларда сату-сатып алудың, айырбастың, сыйдың объектісі бола алады, сонымен бірге жануарларға меншік иелері тарапынан ізгілік қарым-қатынас жасау үшін заңда олар объект түрінде қарастырылады.

Сонымен, тақырыпты зерттей келе келесі тұжырымға келдік:

Біріншіден, азаматтық құқықтың объектілері цивилистикалық ғылымның манызды мәселесі болып табылады және оған жыл сайын қызығушылық өсіп келеді, себебі, заман талабына сай азаматтық құқық объектілерінің де аясы кеңейіп келеді.

Екіншіден, азаматтық құқық объектілері дегеніміз азаматтық құқық субъектілерінің құқық пен міндеттері неге бағытталған соны айтамыз.

Үшіншіден, азаматтық құқық объектілерінің түрлері көп, олар материалдық және материалдық емес игіліктерден тұрады.

Сонымен қатар, Азаматтық кодексте азаматтық құқық объектілеріне арналған бап жоқ. Осындай бапты қосуды ұсынамыз және азаматтық құқық объектілерінің ұғымың келесі анықтама ретінде белгілейміз: «Азаматтық құқық объектілері дегеніміз азаматтық құқық субъектілерінің іс-әрекеттерінің бағытталған бағытын атаймыз». Сонымен бірге, Азаматтық кодексте азаматтық құқық объектілерінің түрлерін атап көрсету керек деп тұжырымдаймыз.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде зат анықтамасы арнайы берілмеген. Сол себептен «Зат дегеніміз физикалық дене ретінде және еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі» деген норманы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне толықтыруды ұсынады.

Әдебиет:

  1. Хропанюк В.Н. Теория государства и права. Учебное пособие для высших учебных заведений. / Под ред. профессора В.Г. Стрекозова. - М.: Дабахов, Ткачев, Димов, 1995.
  2. Алексеев С.С. Государство и право. Начальный курс. - М.: Юридическая литература, 1994.
  3. Марченко М.Н. Теория государства и права. – Москва: Зерцало, 2004.
  4. Басин Ю.Г., Сулейменов М.К. Азаматтық құқық. - Алматы: КазГЗУ-дің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институты, 2003.
  5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. – Алматы: Жеті Жарғы, 2019.
  6. Суханов Е.А. Гражданское право. – Москва: Волтерс Клувер, 2004, 2005.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Москва, оса, Теория государства.


Похожие статьи

Образование государства Серир | Статья в журнале...

Формирование государственной территории «царства» Серир относится к VII — XI вв. установлено, что «царство» Серир образовалось в VI в. [1]. Надо полагать, что это «царство» раннесредневекового Дагестана возникло в результате глубоких социально-экономических...

Жаңғыру ұғымының қысқаша сипаттамасы | Статья в журнале...

оса, бола, мена. Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Ли Мен Бак стал первым в истории Кореи главой государства из делового мира. Болашақ мамандарды даярлаудағы сындарлы сабақты...

Салыстырмалы тұрғыда Ислам этикасы мен басты этикалық...

Моральдік релятивизм — бұл теория ахлақтық қағидалардың барлығы қатынасты деген нүктеден қайнар алады. Яғни, абсолютті ешнәрсе жоқ, жақсылық немесе жамандық деген сөздердің барлығы адамға, қоғамға байланысты әртүрлі болып келеді деген қағиданы ұстанады.

Похожие статьи

Образование государства Серир | Статья в журнале...

Формирование государственной территории «царства» Серир относится к VII — XI вв. установлено, что «царство» Серир образовалось в VI в. [1]. Надо полагать, что это «царство» раннесредневекового Дагестана возникло в результате глубоких социально-экономических...

Жаңғыру ұғымының қысқаша сипаттамасы | Статья в журнале...

оса, бола, мена. Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Ли Мен Бак стал первым в истории Кореи главой государства из делового мира. Болашақ мамандарды даярлаудағы сындарлы сабақты...

Салыстырмалы тұрғыда Ислам этикасы мен басты этикалық...

Моральдік релятивизм — бұл теория ахлақтық қағидалардың барлығы қатынасты деген нүктеден қайнар алады. Яғни, абсолютті ешнәрсе жоқ, жақсылық немесе жамандық деген сөздердің барлығы адамға, қоғамға байланысты әртүрлі болып келеді деген қағиданы ұстанады.

Задать вопрос