«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» пәні бойынша практикалық сабақтарды өткізуде әр түрлі әдістерді қолдану мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жусупбекова, М. К. «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» пәні бойынша практикалық сабақтарды өткізуде әр түрлі әдістерді қолдану мәселелері / М. К. Жусупбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 17-18. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67894/ (дата обращения: 16.11.2024).



ҚР Азаматтық құқығы құқық салалары ішіндегі ең күрделі және қарапайым өмірде көп кездесетін саланың бірі. Сондықтан, Азаматтық құқықтың негізгі қағидасы – білім алушы өз еңбегімен, өзі білім алуға тырысуы қажет, ал оқытушының ролі – осы білімдерді алуға көмек көрсету болып табылады. Бұл жерде бастысы пәнді меңгеруді және білуді қажет етеді. Осы тұрғыда айта кету керек білім алу үшін кітапты және заңды жаттау емес, шығармашылық қасиеттері бар өз бетінше шешім шығаралатын және қиын өмірлік мәселелерді шешуде әр түрлі жолдарын табалатын заңгерлерді дайындауды көздеуіміз керек. Сол себептен практикалық сабақтарға ерекше мән беру керек. Практикалық сабақтар лекция және білім алушылардың өзіндік жұмыстарың жүргізумен тығыз байланыста бола тұра, оқу сабақтарының манызды және нәтижелі нысаны болып табылады. Практикалық сабақтар білім алушылардың заңдармен, әдебиеттермен, сот пратикасының құжаттарымен жұмыс жасау дағдыларың дамытуға бағытталған. Практикалық сабақтардың мақсаты – лекцияда алған білімдерін терендету, улғайту және бекіту, сонымен қатар, кәсіби қызмет дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі танда практикалық сабақ өткізуде интерактивтік әдістер көп қолданылады. Олардың ішінде дөнгелек үстел, миға шабуыл әдісі, іскерлік және рольдік ойындар т.б. Интерактивтік оқытуды диалогтық оқыту деп белгілеуге болады, өйткені онда оқытушымен студенттер арасында ғана өзара әрекет ету жүрмейді, студенттер арасында да өзара байланыс жүргізіледі. Интерактивтік оқытудың мақсаты – оқытуға қолайлы жағдай жасау, себебі студент өз интеллектуалдық қабілетін білдіру қажет етеді; диалогтық қарымқатынастарды дамыту және ұйымдастыру, себебі бұл бірігіп, ортақ міндетті шешуге апарады; сыни ойлауғаүйретеді; дискуссияда қатысудың дағдыларын қалыптастырады [1]. Сонымен қатар, интерактивтік оқытудың мәні бойынша білім алу процессіне барлық студенттердің қатысуы қамтылады, әр студент жеке үлес қосады сабаққа, білімдері мен ойларымен бөліседі.

ҚР Азаматтық құқығы пәні бойынша практикалық сабақтарды өткізу барысында көптеген әдістер қолдануға болады. Енді солардың кейбіреулеріне тоқталатын болсақ, практикалық сабақтарының бірі – ситуация, есептер шығару болып табылады. Есептердің негізін қаралған сот істері құрайды. Есеп шығару білім алушыға заңгердің тәжірибелік қызметіне едауір жақындауды көздейді.

«Миға шабуыл» - көп кездесетін әдіс. Мақсаты – мәселені шешуде традициялық емес жолдарды табу бойынша ұжымдық ой қызметін ұйымдастыру болып табылады. Миға шабуыл әдісін қолдану білім алушылардың шығармашылық белсенділігін арттырады, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады, білім алушыларды өзекті мәселені шешуге бағыттайды, өмірлік және кәсіби дағдыларды қалыптастырады, топпен жұмыс жасауға және өзара байланыс жасауға үйретеді. Бұл әдісті қолдану үшін оқытушы алдымен тақырыпты және сабақ нысаның тандау, шешетін проблеманы анықтау және міндеттерін белгілеу қажет. Білім алушылар нақты нені шешу керек екенің білулері керек. Олар кандай проблеманы шешетіні туралы анық білулері қажет.

Содан соң оқытушы ұжымдық жұмыстың шарттарымен таныстырады. Проблема білім алушылардың теориялық және практикалық қызығушылықтарын арттыру керек және проблеманың шешу жолдары бірнеше болуын талап етеді. Топ екіге бөлінеді:

- генераторлар;

- ойдың саралаушылары (аналитики идеи).

Генераторлар дегендер белсенді ойлары бар, қиялдай алатын және стандартты емес ойларды ортаға ұсына алатын, шығармашылық қабілеттері бар студенттер. Олар қысқа уақытта проблеманың бірнеше нұсқасын ұсынады және келесі ережелерді сақтайды: бір бірін қайталамайды, проблеманы жан жақты қарастырады, сынға тыйым салынады.

Эксперттік топ құрылады және олар ұсынылған ойларды сараптап үздіктерін тандайды. Әр бір эксперт-сараптаушы 3 дауысқа ие, оларды ең үздік үш ойға береді. Ең көп дауыс жинаған идея проблеманың шешімі болып табылады. Содан соң ойлардың авторлары өз ойларын негіздеп қорғайды [2]. Мысалы, келесі проблемалық ситуацияларды ұсынуға болады:

- азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуындағы мәміле мен басқа заңды фактілердің ара қатынасы;

- мәміленің элементтері ретіндегі ерік пен ерік білдіру;

- жарамсыз мәмілелер.

Бірінші кезенінде мысалы, талқылау үшін «жарамсыз мәмілелер» деген проблема айтылады. Қатысушылар нақтыланған өз ойларын айтады, жүргізуші сын айтпай барлық ойларды жазып алады тақтада болсын, плакатта болсын.

Екінші кезенінде әр түрлі дискуссияның нысаны қолданылып, айтылған ойлар талқыланады.

Үшінші кезенінде топтар презентация жасайды.

Келесі әдіс – рольдік ойындар. Мысалы, «Рента шартын жасасу» тақырыбы бойынша өткізуге болады. Бұл рольдік ойынның негізгі мақсатары:

- студенттерде құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындау дағдыларды қалыптасытру;

- ұжымдық жұмыстың, басқару персоналымен өзара байланыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

- адам құқықтарын қорғау дағдыларын қалыптастыру;

- нақты ситуацияны саралау дағдыларын қалыптастыру,

- азаматтық құқық бойынша білімдерді терендету.

Мысалы, келесідей есеп беріледі. Суретші Марковтың жұбайы күйеуі қайтыс болған соң, күйеуінің суреттерін жеке сурет галереясының меншігіне беру жөнінде галереямен шартқа отырады. Шарт бойынша галерея Марковтың жұбайына суреттер үшін 100 000 теңге және келешекте ай сайын 1000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенеді. Маркова қайтыс болғаннан кейін оның мұрагері сурет галереясынан ақшалай төлемдерді жалғастырып, өзіне төлеп тұруды талап етеді. Галерея бұндай талаптан бас тартады, себебі, тараптардың арасында құңы 100 000 теңге тұратын суреттерді сатып алу сату шарты жасасқан дейді және ол тиісінше орындалған деп тұжырымдайды. Одан кейінгі мезгілімен төленген төлемдер атақты суретшінің жұбайына тарту еткен сыйлықтар деп және ол сыйға тарту шарты болып табылатын болған соң, сыйалушы қайтыс болғандықтан шарт тоқтатылды деп жауап береді. Сотта дауды қарастыру кезінде мұрагердің адвокаты тараптардың арасында кредитке сатылған тауар шарты жасалған деп пайымдайды. Мәдениеттанушылар суреттердің бағасын 500 000 теңге деп бағалаған, сондықтан сатып алу бағасының жартысы да төленбеген деп белгілейді. Сот келтірілген аргументтермен келіспей, тараптар арасында ғұмырлық рента шарты жасалған деп мұрагердің талап арызың қайтарған. Тараптардың айтқандарын және сот шешімінің негіздемесін бағаланыздар.

Рольдік ойынның қатысушылары:

- Маркованың мұрагері -1 адам;

- Галереяның өкілі – 3 адам;

- Сот – 3 адам;

- Адвокат- 1адам.

Оларға келесі тапсырмалар беріледі: Маркованың мұрагері сотқа талап арыз дайындайды. Адвокат Маркованың мұрагерінің пайдасына қорғау сөзін дайындайды. Галерея өкілдері талап арызға наразылық әзірлейді. Сот шешім шығарады.

Практикалық сабақтарда интегративтік әдістерді қолдануға болады. Интегративтік сабақ – бір түсінікті, тақырыпты немесе құбылысты бірнеше пәнмен бірдей оқытуды біріктіретін сабақтың ерекше түрі. Мысалы, келесі тапсырма беруге болады: нүктелердің орнына сөздерді қойыңыздар.Мiндеттемеге сәйкес бiр адам ........ басқа адамның ....... пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi.

Практикалық сабақтарда интерактивтік әдістерді қолдану білім алушылардың шығармашылық, креативтік ойлау қабілеттерін дамытады, саралау дағдыларын қалыптастырады, теория мен іс-тәжірибенің ұштастырады және келешек заңгерлердің сапалы турде кәсіби дайындауына ықпал етеді.

Әдебиет:

  1. Интерактивные технологии в образовательном процессе // [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://moi-amour.ru/
  2. «Мозговой штурм» как один из наиболее эффективных методов интерактивного обучения // [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://studbooks.net/
Основные термины (генерируются автоматически): соты, Электронный ресурс.


Похожие статьи

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

Құқықтық тәртіп пен заңдылық тәуелсіз Қазақстанның дамуының негізгі шарттары

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрастырудың әдістемелік негіздері

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Қазіргі отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері

Геометриялық мазмұнды сызықты дифференциалдық теңдеулерді құру және жетілдіру әдістері

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларда азаматтық — патриоттық тәрбиені қалыптастыру

Инновациялық ортаны қалыптастыру негізінде инновациялық қызметті ұйымдастырудың және басқарудың жүйелік тәсілі

Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығындағы алатын орны және мүмкіндіктері

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Похожие статьи

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

Құқықтық тәртіп пен заңдылық тәуелсіз Қазақстанның дамуының негізгі шарттары

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрастырудың әдістемелік негіздері

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Қазіргі отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері

Геометриялық мазмұнды сызықты дифференциалдық теңдеулерді құру және жетілдіру әдістері

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларда азаматтық — патриоттық тәрбиені қалыптастыру

Инновациялық ортаны қалыптастыру негізінде инновациялық қызметті ұйымдастырудың және басқарудың жүйелік тәсілі

Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығындағы алатын орны және мүмкіндіктері

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Задать вопрос