Математикадан тақырыптық сабақтар үшін компьютерлік бағдарламалық пакеттер жасауға қажетті талаптар және оларды қолдану әдістемесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Пирова, Г. К. Математикадан тақырыптық сабақтар үшін компьютерлік бағдарламалық пакеттер жасауға қажетті талаптар және оларды қолдану әдістемесі / Г. К. Пирова, Ж. А. Муханова, А. А. Дуйсенова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 8-10. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14842/ (дата обращения: 19.11.2024).

Компьютер оны пайдаланушы мұғалімнің қиялымен ғана шектелген аса ауқымды әрі жан-жақты қосымша педагогикалық қолдану ролін атқара алады. Алайда, аталмыш көп функциялы аспапты қолдану үшін, пайдаланушының қолында оны басқаруға мүмкіндік беретін тиісті бағдарламалық қамсыздандыру құралдары болуға тиіс. Сондықтан, дәстүрлі қолданыстағы әр түрлі бағдарлама құралдарының негізіг бағыттарын саралап, оларды математика курсын игеру процесінде оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастыру мақсатында пайдалану жолдарын қарастырамыз.

Қазіргі кезде мұғалімінің қолында бар оқытудың бағдарламалық құралдарының сапасы, оқу процесінің табысты жүруінің кепілі, себебі, пайдаланылатын бағдарламалық құрал типі мұғалімнің сабақ беру ептілігімен, оқытудың әдістерімен және ұстанымдарымен біріге отырып, оқыту процесі түсінікті, әрі тиімді бола алатындығын иә бола аламайтындығын айқындап береді. Ғылыми - әдістемелік әдебиеттерде компьютерлік технологияны пайдалануға бағытталған педагогикалық бағдарлама құралдарының атқаратын функцияларына сәйкес көпшілік мойындаған сипаттамасы жоқ. Бірақ, жекелеген пікірлер бар. Ю.А. Первин бағдарламаларды «әдістемелік бағытына қарап бөледі: ақпараттық – топтамдық, бағдарламалық құрал-тренажерлар, ақпараттық – анықтамалық, моделдейтін, көрсетімді есептік, дамыту, оқу-ойын. Б.С. Гершунский мақсаттың белгісіне қарап классификация жасайды: басқарушы, көрсетілімділік, операциялық, бақылаушы, модельдеуші. Е.И. Машбиц оқыту бағдарламасы негізінде оқу бағдарламасының 5 типін бөледі: жаттығу, бағыт беруші, проблемалық оқыту, иммитациялық, ойын. Ал, И.В. Роберт өз зерттеуінде оқу процесінде педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолдану:

-       оқу процесінде жекелендіріп, дифракция жасауға; - кері байланысы және диагностикасы бар бақылаудың мұмкіндігін кеңейтуге; - өзін-өзі бақылау мен өзін - өзі түзетуді жүзеге асыруға; - көрнекілікті жақсартуға; -шынай процесті моделдеуге; - оқыту мотивациясын күшейтуге мүмкіндік береді,-деген тұжырымға келеді.

 

Біз, өз кезегімізде осы сипатамаларды толық қамтитындай, педагогикалық бағдарлама құраладарының негізгі төрт түрін бөліп айтамыз (1-сурет).

 

Сурет 1. Педагогикалық құраладардың түрлері.

 

1. Оқу бақдарламаларының мәні мынада: зерттелетін мәселе ұсақ бөлшектерге жіктеліп, олрдың әрқайсысы бойынша тәуелсіз ақпарат беріледі. Оқушы әрбір келесі бөліммен жұмыс істер аладында. Осы бөлшектердің бәрін жеке-жеке игеруі тиіс. Алынған білімді бекіту әр бөлімнің соңында жүргізіледі. Ал, екініші бір жағдайда оқушыларға өз қателіктерін түзету жолымен жүруге бағыт берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда өткен тақырыптарға байланысты арнайы сұрақтар қойылады. Бұл, әсіресе электрондық оқулықтар даярлауда маңызды.

2. Зерттеу бағдарламалары оқушылардың өзіндік оқу-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында қолданылатын оқыту әдістемесін қамтиды. Зерттелетін мәселе мен оған сәйкес келетін теория сабақ процесінде біртұтас ғылымға ұласып, бірігіп кетеді. Компьютерді оқылатын материалды түсіндіруші әрі оқушылардың жауабын талдап, олардың табысты жұмыс істеуін бақылаушы «репетитор» ретінде пайдаланатын оқыту бағдарламаларынан өзгешелігі сол-олар компьютерді оқушы мен әлдебір ақиқат процесс моделі арасындағы дәнекер ретінде пайдаланылады.

3. Мазмұндық сипатын қамтитын еркін бағдарламалар компьютерді оқушылардың көптеген жеке тапсырмаларды орындауына қолқанат ретінде пайдалануды көздейді, ал мұның өзі олардың жұмысының нәтижелілігін арттырады және оқытудың ажырағысыз бөлігіне айналады. Аталмыш бағдарламалар компьютердің мол мол ақпаратты өңдеу және тез есептеу мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушылардың осы қиын әрі бірсарынды жұмыстағы жүгін жеңілдетеді. Математика сабақтарын педагогикалық бағдарламаларды пайдалана отырып өткізгенде, оқу процесі фактілер мен тұжырымдарды жай ғана баяндап берумен шектелмейтінін ескеру керек. Мұны құрамына құндылықтар жүйесін және өз білімінің деңгейіне ұдайы сыншыл баға бер білу қабілетін қалыптастыру жұмысы енетін түсіну процесі деп анықтау ақиқатқа бір табан жақын келмек. Ал, мұндай процесті аса қарапайым «ақпараттық тапсырмалар» тобы арқылы жұзеге асыру мүмкін емес, ол оқушының интеллектуалдық қабілеттерін ұдайы әрекет процесіне белсенді түрде енгізіп отыратын оқыту формасы арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан, оқушыға берілетін әрбір материал: - оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктеріне белсенді сипат беруі және олардың алдына нақты шешілетін мәселе қоюы;- материалдың оқушылар сұрақ қоятындай мәселелік тұрғыда өтіліуіне, яғни сабақ оларды сұрақ қоюға ынталандыруы шарт.

Біз ақпарат қана беріліп, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы байқалмайтын сабақ қай кезде де тиімсіз деп есептейміз. Оқушылардың интеллектуалдық дамуының биік деңгейі материалмен істелетін дербес те белсенді. Жұмыстың күрделірек түрлерін қажетсінеді. Педагогикалық бағдарлама құралын пайдаланушы оқушы өзіне ұдайы түрде «Мен мына есепті дұрыс шығардым, әлде шығара алмадым ба? »- деген сұрақты емес сол есепті шығарумен есептегі сандық көрсеткіштерін өзгертсем, қала болар еді?- деген сұрауларға жауа іздеуі маңызды болмақ. Қазіргі заманда математиканы оқыту процесінде компьютерлік бағдарламаларды қолданудың тиімділігі артып отыр. Оған компьютердің графикалық – дизайндық мүмкіндіктерінің өсуі, оңтайландыру есептерін шешудің тиімді бағдарламаларының шығуы дәлел болады. Оқушылардың математика сабағында ғылыми дүние танымын қалыптастыру мақсатында тиісті педагогикалық және техникалық әдебиеттерге талдау барысында, педагогикалық бағдарламалық құралдардың мынадай талаптарға жауап беруі тиіс деген қорытынндыға келеміз (2- сурет).

 

Сурет 2. Педагогикалық бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптар.

 

Осы талаптардың математика сабағында қолдану мысалдарында көрсетеміз.

Көрнекі бағдарламалық құралдар. Оқушылардың танымдық белсенділігін туғызуда көрнекіліктің алатын орны үлкен екендігіне күмән жоқ. Бұл, жерде компьютердің өзі электрондық тақта ретінде пайдаланылып, дәріс сабағындағы көрнекілік үшін қолданылады. Оқушылардың сабақта компьютермен өзара әрекеттесуі суреттерді, қозғалмалы мәтін мен графиктерді көрсетумен шектеледі. Бағдарламалардың бұл түрін пайдалану оқушылардың материалға деген ынталы көзқарасын қамтамасыз етеді. Қозғалмалы көрнекі бейнелердің танымлдық белсенділікті арттыруға тигізер әсері анағұрлым жоғары. Әйтпесе, көрнекілік үшін компьютерді пайдаланудың мағынасы болмас еді, дәстүрлі құралдармен ақ (плакат, сызбалар және т.с.с.) жұмыс жүргізуге болады. Компьютерлік технология, яғни ақпараттық графикалық бейнелермен жарақтандырылған бағдарламалық дәрістік, материалдар басқа жолдар арқылы дәл осылайша айқын аңғаруға және шолуға көне бермейтін геометрикалық салулармен түрлендірулерді көз алдына әкелуге мүмкіндік береді.

Есеп шығару бойынша бағдарламалармен қамтамасыз ету.

Математикада теориялық материалды терең де сапалы игерудің кілті оқушыларды алған білімдерін практикада қолдануға үйрету болып табылады. Бұл практикалық сабақтарда жүзеге асады. Есеп шығару процесінде оқушылардың дербестігі және танымдық белсенділігі ең жоғары дәрежеде жүзеге асады. Осы практикалық сабақтар барысында оқушылар ұшырасатын және оқу әрекетінің осы түрін айқындайтын қиындықтарға орай олрдың танымдық белсенділігін барынша қолдап отыру қажет.

 

Әдебиет:

 

1.    Әбілқасымова А., Көбесов А., Рахымбек Д., Кенеш Ә., Математиканы оқытудың теориясымен әдістемесі. - Алматы: Білім, 1998.

2.    Абдулина О. А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. - М., Просвещение, 1990.

3.    Ершов А. Копьютеризация школы и матемтическое оброзование. Основные направления работ по программе // Информатика оброзования. - 1992.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса.


Похожие статьи

Геометриялық мазмұнды сызықты дифференциалдық теңдеулерді құру және жетілдіру әдістері

Химия сабағында оқушыларға логикалық тапсырмалар жүйесін пайдалану әдістемесі

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Биологиялық терминдерді шығармашылық тапсырмалар арқылы есте сақтау әдістемесі

Тірі ағзаларға электромагниттік сәуленің биологиялық әсерінің физикалық негізі

Іс әрекеттегі зерттеу: Химия сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану 9-сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларда азаматтық — патриоттық тәрбиені қалыптастыру

Стратегиялық басқару есебінің Қазақстандағы кәсіпорындардың стратегиялық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету

Биология мамандығында оқитын білім алушыларға модульдік технологияны пайдаланып химия курсын оқытудың әдістемесі

Похожие статьи

Геометриялық мазмұнды сызықты дифференциалдық теңдеулерді құру және жетілдіру әдістері

Химия сабағында оқушыларға логикалық тапсырмалар жүйесін пайдалану әдістемесі

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Биологиялық терминдерді шығармашылық тапсырмалар арқылы есте сақтау әдістемесі

Тірі ағзаларға электромагниттік сәуленің биологиялық әсерінің физикалық негізі

Іс әрекеттегі зерттеу: Химия сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану 9-сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларда азаматтық — патриоттық тәрбиені қалыптастыру

Стратегиялық басқару есебінің Қазақстандағы кәсіпорындардың стратегиялық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету

Биология мамандығында оқитын білім алушыларға модульдік технологияны пайдаланып химия курсын оқытудың әдістемесі

Задать вопрос