«Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және
қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.
Педогогикалық шеберлік пен педогогикалық
өнер-ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады»
В.А. Сухомлинский
Мен 2012 жылдың 10 қыркүйегі мен 25 қарашасы аралығында Қызылорда қаласындағы "Өрлеу" біліктілік арртыру институтында Кембридж Университетінің профессор ғалымдары дайындаған «Сындарлы оқыту теориясы» бағдарламасын оқып біліктілігімді арттырдым. Білім беру әдістемелері арасында сындарлы оқытуға негізделген тәсілдер кең тараған. Менің пайымдауымша бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы, түрлі ақпарат көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан алған білімдерімен өзара әрекеттесу жағдайында жүзеге асады.
Курс барысында бағдарламаның 7 модулімен таныстым. Олар:
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Білім беруде ақпараттық -коммуникациялық технологияны қолдану.
5.Талантты және дарынды балалаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Мен ойлаймын дайын білім беруге негізделген дәстүрлі әдіс арқылы алған білім, оқушылардың есте сақтауын ғана қалыптастырады. Ал есте сақталған мәліметтер тек емтихан кездерінде ғана ұтымды пайдалануға болады. Ал сындарлы оқытуда оқушының пәндік қабілеті артып, білімін сыныптан тыс жерде, кез-келегн жағдайда тиімді пайдалана алады екен.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» деген тақырыпта оқыған лекциясында: «Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін – адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешіруде» деп көрсеткен болатын . Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру реформасы бойынша білімді, ойлы және өнерлі тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім беру жүйесі негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, жаңа белсенді және инновациялық әдістерді енгізу шетел тілін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Білім берудің дәстүрлі әдісінен оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту үдерісінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
I. Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында технологиялық жаңа әдістерді кең қолдануды қажет етеді. Еліміздегі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму – білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде мектептегі оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Күнделікті сабақ барысында компьютерді пайдалану - заман талабына болып табылады. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: білім беру сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, электрондық телекоммуникация құралдары мен электрондық оқулықтар даярлау. Жоғарыда аталған тәсілдер оқушылардың заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.
Адамның компьютердің көмегімен атқаратын іс-әрекеттері өте күрделі және алуан түрлі. Компьютерлік технология ағылшын тілін үйренуде тиімділігі жоғары және баға жетпес құрал болып отыр. Оның көмегімен бір мезгілде тіл кызметінің барлық түріне қол жеткізуге болады. Шетел тілін үйретуде әсіресе коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруға басым көңіл бөлінуде. Осы орайда бірыңғай ақпараттық ортаның, оның негізгі бағыттарының маңызы зор, оның базалық құрамдас салаларын төмендегіше жүйелеуге болады:
- интернет желісі түріндегі ғылыми компьютерлік желі;
- СD-ROM тасымалдауға ақпаратты құру және тарату технологиясы;
- электронды кітапхана жүйесін дамыту;
- тақырыптық компьютерлік телекоммуникация ұйымдастыру;
- www құралын тұтыну жүйесін дамыту, www кеңістігінде іздеу және навигация жүйесін дамыту.
Шетел тілін менгеруде ақпараттық технологияны қолдану жалпы білім беру жүйесін ақпараттандырудың құрамдас бөлігі болып табылады және оның негізгі міндеттері ретінде мына мәселелерді айтуға болады:
- ақпараттық білім беру орталығының материалдық және технологиялық базасын нығайту;
- білім беру ортасында әлеуметтік ақпараттық өзара қарым-қатынасқа негізделген әрекеттер ұйымдастыру, білім беру субъектілерінің танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыратындай дәрежеде ақпараттық технологияларды тиімді де пәрменді қолдану;
- білім беру ортасын қажетті ақпараттармен, ақпарат көздерімен қамтамасыз ету.
Ақпараттық құралдарды қолдану барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекетінде компьютерлік даярлықтары байқадық. Мультимедиадағы бейнелер мен графикада шетел тілін сазды кескіндемелік анимациялық иллюстрациялар арқылы бере отырып, шетел тілін оқытуда үлкен маңызға ие болатындығын аңғардық .
Шетел тілін оқыту үдерісінде компьютерлік бағдарламаларды қолдану әдісі мектеп мұғалімдер арасында кеңінен пайдалануда. Оның барлығы жаңа лексиканы игеру, сөздердің дұрыс дыбысталуын үйрету үшін, сонымен қатар диалогтік немесе монолгтік сөйлеу формаларын дамыту үшін жиі қолданады. Қазіргі заманғы ғылым мен техникалық даму кезеңі оқу-ағарту саласында технологиялық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. Күнделікті сабақта мультимедиалық құралдарды пайдалану - заман талабы. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электрондық телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау.
Соңғы жылдары көз алдымызда адамдардың әлеуметтік, мәдени, ғылыми және өндірістік қызмет аясына тікелей әсер еткен компьютерлік революция болды. Компьютердің оқу процесіне де тигізетін өзіндік әсерін жоққа шығаруға болмайды.
Ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша білім беру мекемелерінде мультимедиалық құралдарды пайдалану оқушылардың коммуникативті қабілеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызатындығын және оны жүзеге асыру жолдарын тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында дәлелденді. Шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытып, заманауй дерек көздерін үйлесімді пайдалана отырып шетел тілін практикалық тұрғыдан жетік меңгеруіне, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу және түсіну дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Мемлекетте білім жүйесін жаңарту үдерісі жүріп жатқан қазіргі таңда мұғалімнің кәсіби қызметіне қойылатын негізгі талап ақпараттық таным болып табылады. Ал, мультимедиалық құралдарды қолдану оқу барысын жеңілдету, одан әрі дамыту мен оқушыларға оқу материалдарын жеткізу мақсатын көздеуі тиіс.
Сындарлы оқыту оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына, оқушылар өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, білімдерін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білуде өз түсініктерін кеңейтеді. Сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік туралы түсінігін тереңдету мүмкіндігі туады. «Білу ғана аз, сол білгеніңді істе, қолдана білу керек» деп И.В.Гете айтқандай оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды роль атқарады. Олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік қарым қатынас жасау арқылы белсенді білім алады. Ал, мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік туғызып, оқу материалдары мен қажетті құралдармен қамтамасыз етіп, оқушыларды өз пәніне деген қызығушылығын туғызады. Менің де бұл сындарлы оқытуға деген қызығушылығым, сыни қөзқарасым қалыптасып, түрлі тәсілдерді меңгере отырып оқушыларыма осы бағытта білім беруге атсалысамын және сенімдімін. Мен былтырғы 2012-13 оқу жылында 10 «А», 8 «ә», 4 «А,Ә» сыныптарына осы бағдарламаның әдіс тәсілдерін қолдана отырып көп жетістіктерге жеттім. Сабақ барысында топтық жұмыс арқылы, оқушыларға білімді өздері ізденуіне ықпал етуге болатынын түсіндім. Топқа тапсырма беру арқылы оқушы бойындағы барлық қабілеттерін ашуға көмектесетініне көзім жетті. Оқушы өзін-өзі бағалай білуі керек екенін және сыныптастарына да баға қоя білуі арқылы сыни ойлауын қалыптастыруымыз керек. Баланың қабілеттерін ашу үшін күнделікті дәстүрлі сабақтан гөрі интеллектуалдық ойындардың, эссе жазудың, бейне роликтер көрсетіп оны талдау,сергіту сәттерініңкөп болғанын, сабаққа байланыстыт рефлексия жаздыруға, сыни ойлауын қалыптастыратын тапсырмалар берудің маңызы жоғары екенін білдім.
Өзімді оқушының орнына қою арқылы, олардың не нәрсені ұнататыны мен ұнатпайтынын сезіне білуге болатынын ұқтым. Мысалы, баланы мақтау, мадақтаудың маңызы ерекше.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана білу арқылы, оқушыларың білімді өздері не меңгерту арқылы, сыни ойлауын дамытыту арқылы оқушыларымызды мақсаттарына жетуіне ықпал ете аламыз деп ойлаймын. Балаға тек білім беріп , сол білімді өз дәрежесінде талап ету ғана емес , баланың жасаған жұмысына қарай арқасынан қағып , басынан сипап немесе жылы сөздер арқылы мадақтау қажет екен. Оқушы өзін – өзі реттеуде , олар өздерін сабақ барысында 3 критериймен бағалап үйренеді. Өтілген тақырыптың ашылуын, түсініктілігін және маңыздылығы деп 3 критерийді алса болады. Мұғалімнің тарапынан оқушыға формативті бағалау жүзеге асырылады. Яғни формативтік деген ол ағымдық бағалау. Ал суммативті бағалау жиынтық бағалау.
Сабақты қорытындылау үшін Блум таксономиясы да өте тиімді тәсілдің бірі болып табылады және де ББҮ әдісі арқылы баланың білемін , білгім келеді және үйренемін кестесінде сабаққа қорытынды жасауға көп ықпалын тигізеді.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Ендеше мен сөзімнің соңында әріптестеріме тек сәттілік пен толағай табыстар тілеймін.