Педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тапаева, А. П. Педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру / А. П. Тапаева, А. Ж. Сырбаева, К. Б. Байтуган. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 55-57. — URL: https://moluch.ru/archive/79/14182/ (дата обращения: 19.12.2024).

Бәсекеге қабілетті, экономикасы қоғамдық жаңаруға негізделген жан-жақты білім беру жүйесі керек десек, оның алғашқы ізденістері, іргетасы мектептен басталады.
Қазіргі уақытта қоғам мұғалімдерден жан-жақтылыкты, іс-әрекетіндегі жүйелілікті, ізденушілік қабілеттерін, өз білімін жетілдіруге деген ынталылықты, әдістемелік шеберлікті талап етіп отыр.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық керек. Ал бұл сауаттылықтың  алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Адамды ақпарат әлемінде өмір сүруге үйрету қазіргі мектептің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Компьютердің  кеңінен қолданып, интернетке қосылып, өмірімізге белсене араласуына байланысты, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім деңгейлерін көтеріп, ойлау қабілеттерін  жетілдірсе, екінші жағынан мұғалімнің уақытын үнемдеп, еңбегін  бағалап, бақылау мүмкіндіктерін кеңейтеді [1].

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуын білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана алуы тиіс. Яғни, біз өмір сүріп отыған әлем – жаңару үстіндегі ақпараттық ілімдік орта. Олай  болса, педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үйлесуі білім беру үдерісінің қажетті деңгейіне қол жеткізуі тиіс. Сондықтан білім беруге қойылатын талаптар  үнемі өзгеріп, қазіргі мамандар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға дағдылануы, ақпаратты тауып, өңдей білуі, шығармашылықпен ойлап, шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.

Білім беру жүйесінің басты мақсаты – білім алушының оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  үйлестіру арқылы оқытуды пайдалануға болады, сонда педагог өзі білетін, өзі жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Сондай-ақ, оқушы өзіне қажетті оқу материалдарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялары арқылы іздеп таба отырып, толықтыра алады [2].

Біздің елімізде оқу барысын ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қамту-бұл күнде білім  жүйесіндегі жұмыстардың бірі. Педагогикалық технология ұғымы қазіргі кезде білім беру мекемесіндегі оқу процесіне енгізілуі қажеттілікке айналғаны ақиқат.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшеліктері мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызады.

Білім беруді ақпараттандыру-бұл көпжақты және күрделі процесс. ЮНЕСКО-ның ІІ халықаралық  Конгресінде Білім беруді ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалануға байланысты екендігі айтылған.

Бүгінгі күні өнеркәсіп дәуірінен ақпарат дәуіріне өту кезеңінде дүние жүзі біртұтас коммуникациялық байланыс жүйелерімен қамтылған. Сондықтан ХХІ ғасыр азаматы информатика саласында білікті маман болып, күнделікті өмірде  ақпарат жүйелерімен, арнайы компьютермен және ақпараттық желілермен жұмыс жасай білуі тиіс. Ақпараттық жүйе- Интернет ақпараттық мәдениеттің ең жоғарғы жетістігі болып саналады [3].

Білімді ақпараттану үдерісі болашақ мамандардан ұдайы ізденуді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кəсіби саласында қолдана білуге машықтануды, қажет ақпаратты ақпарат көздерінен таба білу мен өңдеуді, шығармашылықпен ойлауды жəне шешім қабылдауды талап етеді. Білімді ақпараттандыру ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім мақсатындағы құралдарын жасау, сараптау мен қолданудың ғылыми негіздерін қамтиды.  Бұл салада әлі шешілмеген мәселелер көп. Бұларға осы құралдардың оқу үдерісінің шынайлылығына сайлылығын, ақпараттандыру құралдары мазмұнының ғылыми деңгейін, мәндік және стилистикалық мәдениетін көтеруді, мектеп пен жоғары оқу орнының әртүрлі қызмет саласында іске қосылған білімді ақпараттандырудың жекелеген құралдары арасында интерфейстік, технологиялық және ақпараттық байланыстың қажеттілігін жатқызуға болады.

Ақпараттық білім ортасын қалыптастыру әрекеті көптеген жоғары оқу орындарында қолға алынуда, бірақ ол әрекеттер, әдетте, жекеленген ақпараттық құралдар мен технологияларды өзара үйлестірудің техникалық мәселелерін шешуге келтіріледі де, ақпараттандыру құралдарын пайдалануды сипаттайтын мазмұн мен әдістерді бірізділендіру мәселелері зерттеу шеңберінен тыс қалып қояды. Жүргізілген жұмыстар алдын ала мүмкін болатын теориялық аспектілерді ескере отырып жоспарланбайды. Жоғары оқу орнының ақпараттық білім ортасын жасамастан бұрын ортаны қалыптастыру бойынша барлық жұмысты жобалап, жүйеге келтіретін теориялық тұжырымдама міндетті түрде жасалынуы тиіс [4].

Педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру арқылы оқыту

- сіздің мұғалім ретіндегі жұмысыңыздың тиімділігін арттыратын педагогикалық құралдар мен материалдарды жасауда ақпараттық технологияларды пайдалану біліктерін қалыптастырады;

- сабақ берудің тиімділігін арттыру мен педагогикалық шеберлікті жетілдіру мақсатында жаңа біліктіліктер мен тәсілдерді сіз қалай қолданатыныңызды қамтиды.

Оқушыларға өзін өзі шыңдауда көмектесу үшін, оқушыларға ылғи да өзгермелі қоғам мен технологияларға бейімделуге көмектесетін, қажетті,  төменде келтірілген білім мен біліктіліктерді ескеруі қажет. Яғни, педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру арқылы оқытудың негізгі біліктіліктері төмендегілер болып табылады:

Ақпараттық және медиалық сауаттылық біліктілігі —аудиовизуалды ақпараттың алуан түрлерін қабылдау,талдау, басқару, біріктіру, бағалау және жасау.

Оқытудың мақсатына жету бойынша жұмысты ұйымдастырудың үш тәсілі бар:

1. Бәсекелестік: оқушылар біреуі немесе бірнешеуі қол жеткізетін мақсатқа жету үдерісінде кім күшті немесе кім  тез екендігін көру үшін бір-бірімен жарысады;

2. Дербестік: оқушылар мақсатқа жету үшін жеке өзі жұмыс жасайды;

3. Ынтымақтастық: оқушылар жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп жұмыс жасайды.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру  өте қажет», – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үдерісінде үйлестіру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Олай болса,  педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны үйлестірудің ерекшелігі   мыналар болып табылмақ:

- жаңа ақпарат беру;

- заманауи технологияны меңгерту;

- іздендіру;

- өз бетімен жұмыстарды орындату;

- ой-қиялын, сынай ойлауын дамыту;

- іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;

- қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру;

- топпен жұмыс істеуді үйрету және т.б.

Педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру арқылы оқыту  пікірталастыру, топтық жұмыс, рефлексияны, жаттығуларымен және әрекеттер жоспарымен жекеленген жұмысты біріктіре қамтиды. Бұл формалардың барлығы пән мұғалімі ретінде еңбегіңіздің тиімділігін арттыруға көмектесуді көздейді [5].

Қысқаша айтқанда, ғылым мен техниканың қазіргі даму барысында                  өндіріс және мәдени орындар мен мектептерге компьютердің енгізілуі тегіннен-тегін емес. Ол білім берудің ғылыми базасын және олардың өзара байланысын күшейте түсуді қажет етеді. Сонымен бірге, ғылымның, техника мен мәдениеттің даму барысында педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияны үйлестіру білім беру жүйесінің алға басуына ықпал етпек.

 

 Әдебиет:

 

1.      Мектеп директорының орынбасары. - 2010. - №2-5.

2.      Ошанова Н.Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру // Вестник КазНПУ им.Абая. - 2005. - №2(13). – 161 б.

3.      Мектеп директорының орынбасары.  - 2010. - №6. - 20 б.

4.      Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуындағы ашық қашықтан білім берудің келешегі // Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы. Алматы, 2009. - 21-22 қазан.

5.      Ошанова Н.Т. Определение квалификаций при обучений с помощью координирование педагогической и информационно-коммуникативной технологии // Вестник КазНПУ им.Абая. - 2012. - №9 (13). -165 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, технология мен.


Задать вопрос