Критериалды бағалау оқу мен оқытудың қайнар көзі ретінде | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №8 (298) февраль 2020 г.

Дата публикации: 22.02.2020

Статья просмотрена: 7045 раз

Библиографическое описание:

Алтынбекова, У. Ж. Критериалды бағалау оқу мен оқытудың қайнар көзі ретінде / У. Ж. Алтынбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 8 (298). — С. 324-326. — URL: https://moluch.ru/archive/298/67682/ (дата обращения: 17.12.2024).



Берілген мақалада критериалды бағалау жүйесі оқу мен оқытудың қайнар көзі ретінде қарастырылады.

Кілт сөздер: білім, бағалау, оқушы.

В данной статье система критериального оценивания рассматривается как источник обучения и преподавания.

Ключевые слова:образование, оценивание, ученик.

Қазіргі білім берудің басты міндеттерінің бірі пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру, осы пәндер үшін білікті кадрлар даярлау, оқушылардың білімін объективті бағалау болып табылады. Сондықтан соңғы жылдары мектептегі әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарының бірі оқу үдерісіне критериалды бағалауды енгізу. Критериалды бағалау технологиясы оқытудың заманауи әдістемелерінің бірі ретінде қазіргі заманғы білім берудің көптеген мәселелерін шешуде. Көптеген жылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушылардың нәтижелерімен салыстыра отырып жасалды және бағалауда төменде көрсетілгендей бірнеше кемшіліктер болды:

– оқушыларға, ата-аналарға және педагогтарға түсінікті оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді бағалаудың нақты критерийлері болмады;

– педагог әрбір оқушының нәтижеге қол жеткізуінің бірыңғай критерийлерінің негізінде емес, жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне бағдарлай отырып, баға қойды;

– оқушыларға қойылған бағалар оқу бағдарламасының жеке бөлімдері бойынша нақты білімді, шеберлікті, дағдыларды меңгерудің нақты көрінісін бермейді, бұл әрбір оқушының жеке оқу траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді;

– оқу процесінде оқушы мен мұғалім арасында жедел байланыс жоқ, бұл оқушылардың оқуға деген ынтасын туғызбайды [3].

Осы проблемаларды шешу үшін мектептерде оқытудың мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі әзірленді. Критериалды бағалау дегеніміз не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Біріншіден, критериалды бағалау — оқушылардың оқу жетістіктерін нақты анықталған, ұжымдық қалыптасқан, білім беру процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға, заңды өкілдерге және т. б.) критерийлермен салыстыруға негізделген, оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін процесс.

Критерий сөзінің өзі — қандай да бір нәрсеге қойылған талаптарға сәйкестігін бағалау жөнінде шешім қабылдау белгісін, негіздемелерін, ережелерін білдіреді. Критериалды бағалаудың негізгі принциптерінде оқу тапсырмасын орындау нәтижесі қалай дұрыс көрінуі керек екендігі туралы нақты түсінік беріледі, ал бағалау оқушының осы мақсатқа жақындау дәрежесін анықтау шкаласы болып табылады [1].

Сонымен қатар критериалды бағалау формативті және жиынтық бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау — сабақта және үйде күнделікті жұмыс барысында білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдағы деңгейін анықтау, оқыту процесінде оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыру. Ол оқушыларға жаңа материалды зерттеу кезінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын және оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне жететінін түсінуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауоқу ақпаратының белгілі бір бөлігін оқып, аяқтағанда білім мен оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды. Жиынтық бағалауды мұғалімдер немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.

Енді басқа педагогикалық әдістермен салыстырғанда критериалды бағалаудың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар екенін түсінуге тырысайық. Критериалды бағалаудың негізгі міндеттерінің ішінде төмендегі міндеттерді бөлуге болады:

– оқу үдерісінің әр кезеңінде әр оқушының дайындық деңгейін анықтау;

– жеке прогресті анықтау, қадағалау, оқушының жеке даму траекториясын түзету;

– оқушылардың күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін ауқымды дамытуға ынталандыру;

– әр түрлі қызмет түрлерін орындау үшін алынған бағалардың маңыздылығын саралау;

– оқу материалын меңгеру сапасын және оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету [2, 3].

Оқушыларға баға қою мәселесі- педагогикалық теорияда да, практикада да өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда бағалау жүйесі білімді толық меңгеру нәтижелерін көрсетпейді, бұл оқу бағдарламасының қазіргі заманғы талаптарына толық көлемде сәйкес келмейді [2].

Бағалау процесі білім беру процесінің тұрақты құрамдас бір бөлігі болып табылады әрі сонымен бірге дамуға жатады. Оқушылардың оқу және танымдық мотивациясы мен ынталандыруы, оқу жетістіктерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бағалау процесі сияқты проблемалар маңызды болып табылады. Бағалау критерийін қандайда бір стандарт немесе оқушылардың оқу жетістіктерін жақсартуға ынталандыру үшін мәні бар оқу материалдарының меңгеру деңгейінің көрсеткіші ретінде қарастырылуы қажет. Оқушылардың оқу-танымдық құзіреттілігін қазіргі ғылыми бағыттардың бірі ретінде оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясы тұрғысынан қарастыру қажет.

Бағалаудағы негізгі проблема — мектеп бағасының субъективтілігі. Оқушыларға да, ата-аналарға да түсінікті болатын нақты критерийлер болуы керек, бір сөзбен айтқанда «бағалау картасы» толығымен айқын болуы шарт.

Сабақтың тақырыбына, оқушылардың жұмыс деңгейіне байланысты, тест немесе жазбаша жұмыс бойынша әр тапсырма үшін сәйкес ұпайлар алдын-ала келісіледі, сонымен қатар баллдарды бағаларға айналдыру шкаласы да қолданылады. Осы орайда, оқушы мен мұғалім арасындағы ашық диалог арқылы ғана білімін бағалауға болады, ата-аналардың да ешқандай қарсылығы болмайды, нәтижелерді осындай объективті бағалау барлығына ұнамды [4].

Мектептердегі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оқушылардың білімін жетілдіруге және жеңілдетуге белгілі бір ынталандыруды, алға басуды тудырады. Бұл әдістемеде критериалды бағалау технологиясының келесі негізгі артықшылықтарын атап өтуге болады:

  1. Бұл әдіс өте ыңғайлы және пәннің оқу мақсаттарына сәйкес келеді;
  2. Осы әдіспен оқушылардың білімін бағалау үшін оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер тарапынан ешқандай шағымдар болмауы мүмкін;
  3. Оқу процесінде пәнді оқыту әдістемесі, осы пәнді бағалау критериалды бағалау технологиясының алдын-ала дайындалған стратегиялық жоспарына негізделеді;
  4. Бұл әдіс оқушылардың алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сонымен қатар осы тақырыпта алдағы уақытта да өзін-өзі дайын жүруге дағдыландырады;
  5. Өткізілген материалдардың сапасын айтарлықтай жақсартады.

Бұл жерде критериалды бағалау технологиясының артықшылықтарымен қатар, осы жүйенің кейбір қиын жақтарын атап өтуге болады. Ең бастысы, оқушылар мен мұғалімдер сөзсіз өздерін осындай жүйеге бағыттайтын, сабақ өткізу және оқушылардың білімін бағалау, белгілі бір жаңа тест тапсырмаларын дайындау кезінде әдеттегі көзқарастарын өзгертуі керек. Критериалды бағалаудың барлық кезеңдерін сақтаған жағдайда, бейімделу кезеңінің күрделілігі оқушылардың білім сапасын көтеру арқылы өтеледі. Мұндай бағалау жүйесі қанағаттанарлықсыз бағаларды жояды. Білім беруді бағалаудың дәстүрлі бес балдық жүйесі табиғи түрде объективті, бірақ білім беру жүйесінің әдіснамасын дамытудың қазіргі жағдайларында одан әрі әдістемелік жетілдіруді қажет етеді. Оқушы әрі қарай дамып, білімін жетілдіре түсіп, білімді игеруде шығармашылықпен жұмыс істеуі қажет. Егер мұғалім оқушылардың одан әрі шығармашылық өсуіне ынталандыру болмаса, онда бұл таным процесіне кедергі келтіреді, сондықтан жоғары балл қою арқылы оқушыларды ынталандырған дұрыс. Мысалы, егер біз дәстүрлі бес балдық бағалау жүйесін жүз баллға теңесек, онда белгілі бір тақырыпқа шығармашылықпен қарайтын оқушылар үшін, проблемаларды шешуі және тағы көптеген ізденістер жүргізгені үшін жүзден астам балл қоюға болады, бұл оқушыларға үлкен ынталандыру болып табылады [3].

Атап айтқанда, оқушылардың «рефлексиясын» дамыту қажет, яғни біз берген немесе ұсынған ақпараттарды оқушылардан қайта сұрау арқылы түсінген және түсінбеген тұстарын білуге, шығармашылық деңгейін анықтауға арналған. Сонымен қатар, белсенді қатысуды оқушыларға үйрету керек. Критериалды бағалау жүйесі нормативтік жүйе болып табылады. Бұл жүйе оқушылардың білімін бағалауға ғана емес, сонымен бірге оқушының жеке қасиеттерін дамытуға, жастардың дарындарын ашуға, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас орнатуға, білімдерін жетілдіруге бағытталған.

Қорыта келгенде, критериалды бағалау жүйесі — бұл профессор-оқытушылар құрамымен келісілген әрі білім беру бағдарламасының мақсаттары мен мазмұнына сәйкес оқушылардың құзыреттілігін жеке дамытуға бағытталған нақты жүйе.

Әдебиет:

  1. Абекова Ж. А., Оралбаев А. Б., Бердалиева М., Избасарова Ж. К. Технология критериального оценивания, методика ее применения в учебном процессе // Международный журнал экспериментального образования. — 2016. — № 2–2. — С. 215–218.
  2. Шербаева А. Ш. Критериалды бағалау жүйесін енгізудегі бағалау критерийлерін құрастыру: мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулық. — Қарағанды, 2018. — 35 б.
  3. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі: әдістемелік құрал. — Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016. — 57 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, критериальное оценивание.


Ключевые слова

білім, оқушы, бағалау

Похожие статьи

Оқыту сапасын арттыруда білімді бақылау мен бағалаудың маңызы

Бұл мақалада оқышылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалаудың маңызы, оның мақсаты мен негізгі қолданылатын әдістері қарастырылған. Ауызша жәннне жазбаша тексеру әдістерінің маңызы, орны мен бөлімдері, жайлы мәселер қарастырылған.

Жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары

Берілген мақалада жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары қарастырылған.

Бұқашықтарды жайып семіртудің және бордақылаудың нәтижелері

Шығыс Қазақстан облысы «Нұр» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, мақалада бордақылау және жайып-семірту технологияларын қолдану нәтижелері келтірілген.

Нұр-сұлтан қаласының көше-жол желісінің ең көп жүктелген жол учаскелерін анықтау

Мақалада Нұр-сұлтан қаласының көше-жол желісінің (КЖЖ) ең көп жүктелген жол учаскелерін анықтау бойынша заттай зерттеулер қарастырылған.

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілеті

Берілген мақалада бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілетінің өзекті мәселелері қарастырылады.

Заңсыз кірістерді заңдастыруды тергеудің негізгі бағыттары

Бұл мақалада Заңсыз жолмен келген ақшалай қаражаттарды немесе басқа мүлікті заңдастыруды тергеу бойынша жаңа шараларды жетілдіруге және әзірлеуге арналған негізгі бағыттары туралы қарастыралады.

Психикалық дамуы тежелген оқушыларды кәсіби бағытын анықтада ата-аналардың рөлі

Мақалада психикалық дамуы тежелген оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауындағы ата-аналардың рөлі сипатталған.

Ұшқышсыз көліктердегі жұмыс принциптері мен қоршаған ортаны тану алгоритмдеріне шолу

Бұл мақалада қазіргі жобалар мысалында пилотсыз көлік құралдарының жұмысына енгізілген қазіргі кездегі принциптер мен тұжырымдамалар қарастырылады.

Көмекші метептің жоғарғы сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту

Берілген мақалада көмекші мектеп оқушыларының сөздік қорын дамыту мәселелері қарастырылады.

Қашықтықтан оқыту кезіндегі конструктивті кері байланыс

Көрсетілген мақала оқыту процесіндегі тиімді конструктивті кері байланыс берудің жолдарын, түрлерін қарастырады.

Похожие статьи

Оқыту сапасын арттыруда білімді бақылау мен бағалаудың маңызы

Бұл мақалада оқышылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалаудың маңызы, оның мақсаты мен негізгі қолданылатын әдістері қарастырылған. Ауызша жәннне жазбаша тексеру әдістерінің маңызы, орны мен бөлімдері, жайлы мәселер қарастырылған.

Жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары

Берілген мақалада жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары қарастырылған.

Бұқашықтарды жайып семіртудің және бордақылаудың нәтижелері

Шығыс Қазақстан облысы «Нұр» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, мақалада бордақылау және жайып-семірту технологияларын қолдану нәтижелері келтірілген.

Нұр-сұлтан қаласының көше-жол желісінің ең көп жүктелген жол учаскелерін анықтау

Мақалада Нұр-сұлтан қаласының көше-жол желісінің (КЖЖ) ең көп жүктелген жол учаскелерін анықтау бойынша заттай зерттеулер қарастырылған.

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілеті

Берілген мақалада бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілетінің өзекті мәселелері қарастырылады.

Заңсыз кірістерді заңдастыруды тергеудің негізгі бағыттары

Бұл мақалада Заңсыз жолмен келген ақшалай қаражаттарды немесе басқа мүлікті заңдастыруды тергеу бойынша жаңа шараларды жетілдіруге және әзірлеуге арналған негізгі бағыттары туралы қарастыралады.

Психикалық дамуы тежелген оқушыларды кәсіби бағытын анықтада ата-аналардың рөлі

Мақалада психикалық дамуы тежелген оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауындағы ата-аналардың рөлі сипатталған.

Ұшқышсыз көліктердегі жұмыс принциптері мен қоршаған ортаны тану алгоритмдеріне шолу

Бұл мақалада қазіргі жобалар мысалында пилотсыз көлік құралдарының жұмысына енгізілген қазіргі кездегі принциптер мен тұжырымдамалар қарастырылады.

Көмекші метептің жоғарғы сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту

Берілген мақалада көмекші мектеп оқушыларының сөздік қорын дамыту мәселелері қарастырылады.

Қашықтықтан оқыту кезіндегі конструктивті кері байланыс

Көрсетілген мақала оқыту процесіндегі тиімді конструктивті кері байланыс берудің жолдарын, түрлерін қарастырады.

Задать вопрос