Заңсыз кірістерді заңдастыруды тергеудің негізгі бағыттары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №21 (311) май 2020 г.

Дата публикации: 24.05.2020

Статья просмотрена: 77 раз

Библиографическое описание:

Сарсенбеков, Нурсултан Жумабекулы. Заңсыз кірістерді заңдастыруды тергеудің негізгі бағыттары / Нурсултан Жумабекулы Сарсенбеков, М. М. Кожухова, Д. Г. Шорманбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 21 (311). — С. 786-787. — URL: https://moluch.ru/archive/311/70644/ (дата обращения: 18.11.2024).

Бұл мақалада Заңсыз жолмен келген ақшалай қаражаттарды немесе басқа мүлікті заңдастыруды тергеу бойынша жаңа шараларды жетілдіруге және әзірлеуге арналған негізгі бағыттары туралы қарастыралады.

Түйін сөздер: тергеу, заңсыз табыс, заңдастыру, ақшаны жылыстату, заңнама, банктік қатынастар, экономикалық қылмыстар, тергеу сатылары.

В данной статье рассматриваются основные направления, направленные на совершенствование и разработку новых мер по расследованию легализации денежных средств или иного имущества, прибывших незаконным путем.

Ключевые слова: расследование, незаконные доходы, легализация, отмывание денег, законодательство, банковские отношения, экономические преступления, стадии расследования.

Заңсыз табыстарды заңдастыруды тергеу процесінде нұсқаларды құрастыру келесі міндеттердің шешілуін шамалайды: мәліметтердің заттай, құжаттай және тұлғалық көздері-тасушыларынан арам ақшаларды заңдастыру факті туралы криминалистикалық тұрғыдан маңызды ақпаратты анықтау және алу; жоғарыда аталған көздерден алынған бастапқы ақпараттық базаны жүйелеу; қолда бар бастапқы ақпарат базасын заңсыз табыстарды жылыстатудың ақпараттық моделі мәліметтерімен салыстыру; сол немесе басқа нұсқадан туындайтын нәтижелерді шығару.

Қылмыстық пайдаларды заңдастырудың алғашқы белгілерін анықтау кезінде тергеуші қылмыстың қарастырылатын құрамының барлық белгілерін анықтайды.

Заңсыз табыстарды заңдастыру туралы істер бойынша бірнеше типтік жалпы нұсқаларды бөліп көрсетуге болады:

– заңсыз пайдаларды заңдастыру (жылыстату) орын алды;

– заңсыз пайдаларды заңдастыру (жылыстату) болмады, басқа қандай да бір қылмыс немесе қылмыс бұзушылық жасалды (мысалы, қаржы операциясы немесе заңсыз жолмен келген ақшалай қаражаттармен, құнды қағаздармен, басқа мүлікпен басқалай келісімдер жасалған);

– заңсыз табыстарды заңдастыру (жылыстату) болмады, заңды операция жасалды.

Заңсыз табыстарды заңдастыру туралы істер бойынша жеке тергеу нұсқалары кінәлі тұлғалар, олардың әрекеттерінің себептері мен мақсаттары, қылмыс жасау тәсілдері туралы анықталмаған жағдайларға қатысты қолдағы бар бастапқы материалдарды есепке ала отырып ұсынылады.

Арам ақшаларды жылыстату фактін тексеру, нәтижесінде қылмыстық капиталдар пайда болған негізгі қылмыс белгілерін анықтау ерекшеліктерін есепке ала отырып, нақты іс бойынша алғашқы нұсқаны ұсыну кезінде тергеу жоспарына материалдық құндылық көзі және оның ізін жасыру туралы екі өзара байланысты нұсқаларды енгізу ұсынылады. Заңсыз пайдаларды жылыстату процесінің құрылысын толық анықталатын жеке нұсқаларға бағдарлайды, олар, өз кезегінде, сол құрылысқа сәйкес келуі тиіс.

Заңсыз пайда көзі туралы жеке нұсқаны ұсыну кезінде бірнеше негізгі нұсқалар басым болады:

– арам ақша көзі — өндірістік (кәсіпкерлік) сала;

– қылмыстық қаражат көзі қаржы (банк) саласы болып табылады;

– арам ақша көзі жалпы қылмыстық әрекеттер саласы болып табылады.

Қылмыс субъектілері мен оларды жасауға қатысқан тұлғалар бойынша:

– заңдастыру процесінде заңды түрде жұмыс істейтін ұйымдар, мекемелер, банктер немесе тіркеусіз, лицензиясыз, бір күндік фирмаларсыз жұмыс істейтін заңсыз институттар және т. б.;

– заңдастыруды алдын ала келісу бойынша тұлғалдар тобы немесе ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған;

– банктің бас бухгалтері мен басқарушысы заңсыз табыстарды заңдастыру бойынша қаржы операциясын орындауға қатысушы немесе жылыстатушылардың қылмыстық әрекеттерінің кінәсіз орындаушылары болып табылады және т. с.с.

Ізі жасырылған (немесе заңдастырылып қойылған) пайдаларды орналастыру жері бойынша:

– ақшалай қаражаттар, құнды қағаздар немесе басқа да мүліктер Қазақстан Республикасының аумағында немесе шетелге аударылған;

– ақшалай қаражаттар қылмыскер меншігіндегі А банкіндегі шоттарда немесе басқа тұлғаға тиесілі С банкінде.

«Көлеңкелі» капиталдарды заңдастыру факті туралы ізді ақпаратты тасымалдаушы-объектілер бойынша:

– заңдастыру процесінде шынайы немесе жалған мекемелік, бухгалтерлік, банк және басқа да құжаттар, мөрлер, бланкілер және т. б. пайдаланылды.

Қылмыстық әрекет түрткісі бойынша:

– заңдастыру пайдакүнемдік мақсатта немесе психологиялық немесе физикалық күштеу себебінен не бұйырықты немесе өкімді орындау салдарында орын алды, т.с.с.

Уақытша сипаттамаларды анықтау тергеушіге заңдастыруға қатысуы мүмкін тұлғалар турасында негізделген нұсқаларды ұсынуға, әрқайсысының ролін анықтауға мүмкіндік береді.

Заңсыз табыстарды жылыстату қайда жүзеге асырылды? Криминалистикалық мағынада заңдастыру орны тек Қазақстан Республикасының аумағы ғана емес, сондай-ақ, бұл қылмыстың халықаралық сипатын ескерсек және егер қылмыскердің бірқатар әрекеті шетелде жүзеге асырлған болса, басқа мемлекеттер аумағы да болады. Қылмыс жасалған орынды анықтау үшін тергеуші қылмыскер жылыстату үшін пайдаланатын кәсіпорындар мен мекемелердің, сонымен қатар, арнайы жылыстату үшін құрылған банктердің, оффшорлардың, кәсіпорындардың мекен-жайын анықтайды.

Қылмысқа дайындалу қалай жүзеге асырылады, қандай тәсіл арқылы ол күні бұрын бүркемеленді; қылмыскерлер қылмыс жасауға дайындық кезінде қандай құралдар мен қаруларды пайдаланды, қандай қолайлы жағдайлар, алаңдату айлалары пайдаланылды?

Мүліктік пайда мақсатында шаруашылық және экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе тыйым салынған әрекетті бүркемелеу үшін үшін фирма құрылды ма; фирма қандай жағдайларда құрылды, оның құрылуы қаншалықты заңды, оны тіркеу үшін ұсынлған құжаттар түпнұсқа ма?

Ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайтын қылмыстар бойынша дәлелдеу затына жататын жағдайлар қатарына М. Ч. Когамов қылмыстық жолмен табылған құндылықтарды заңдастыру тәсілдерін жатқызады. Ол өз мәні бойынша заңсыз табыстарды заңдастыруды дәлелдеу затына сай келеді, себебі заңсыз табыстарды заңдастыру және ұйымдасқан қылмыскерлік — екі өзара байланысты құбылыс [1].

Әдебиет:

1. Когамов М. Ч. Регламентация вопросов борьбы с организованной преступностью в современном законодательстве Казахстана // Борьба с организованной преступностью и коррупцией: Мат-лы между народ, конф. — Алматы: НИиРИО Алматинской высшей следственной школы ГСК Республики Казахстан, 1996.— 347 с.

Основные термины (генерируются автоматически): немес, мена, организованная преступность.

Ключевые слова

заңнама, заңдастыру, ақшаны жылыстату, банктік қатынастар, экономикалық қылмыстар, тергеу, заңсыз табыс, тергеу сатылары

Похожие статьи

Оқыту сапасын арттыруда білімді бақылау мен бағалаудың маңызы

Бұл мақалада оқышылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалаудың маңызы, оның мақсаты мен негізгі қолданылатын әдістері қарастырылған. Ауызша жәннне жазбаша тексеру әдістерінің маңызы, орны мен бөлімдері, жайлы мәселер қарастырылған.

Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту

Мақалада кіші жастағы оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі олардың құндылығын, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін өнімді дамыту қарастырылады, оқушылардың белсенділігің, олардың оқытылатын материалға қызығушылығы қалыптастырылады. Оқытылатын ма...

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістерін шолу

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістері ұсынылған. Мәндер мен қатынастарды бөліп алу тәсілдері қарастырылады. Ашық облыстардан мәндер мен қарым-қатынасты бөлу, атаулы мәндерді өңдеу, сондай-ақ уақыт бойы оқшауланған фактілерді сәй...

Мемлекет болашағы Жастардың қолында

Мақалада Ел болашағы жастардың қолында екендігі, қазіргі замандағы жастардың рөлі туралы жазылған. Жастар үшін өз болашақтары өте маңызды. Жас ұрпақ өз мүмкіндіктеріне сенеді, болашақта қандай білім мен іскерліктер пайдалы бола алатынын анық біледі.

Алматы қаласының жаңбыр суларын тазалау мәселелері және шешу жолдары

Бұл мақалада Алматы қаласының алабында пайда болатын жаңбыр суларын әкетудің және тазалаудың тиімді технологиясы ұсынылған.

Бағдарламалық қамтаманы тестілеуге талдау жасау

Алғашқы компьютерлердің пайда болуы — компьютерлік бағдарламалардың пайда болуына себеп болды. Ал бағдарламалау, кез-келген адам сияқты іс жүзінде қателіктерсіз жұмыс жасай алмайды. Бұл мақалада тестілеуге талдау жүргізіледі.

Ұшқышсыз көліктердегі жұмыс принциптері мен қоршаған ортаны тану алгоритмдеріне шолу

Бұл мақалада қазіргі жобалар мысалында пилотсыз көлік құралдарының жұмысына енгізілген қазіргі кездегі принциптер мен тұжырымдамалар қарастырылады.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін шаруашылықта тиімді пайдалану мәселелері

Мақалада: облыстың табиғи-аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің қазіргі жағдайына кадастрлық тұрғыдан талдау жасау туралы.

Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Ағылшын тілін оқыту барысындағы қажетті әдіс-тәсілдердің маңыздылығы

Мақаланың авторы ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын жаңа әдіс тәсілдерді қарастырып, олардың маңыздылығы мен қажеттілігін сипаттап, айғақтайды.

Задать вопрос