«Туған жер», «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын іске асыру: мұрағаттардың дамуына жаңа серпін | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Еспенбетова, А. Т. «Туған жер», «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын іске асыру: мұрағаттардың дамуына жаңа серпін / А. Т. Еспенбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 18.1 (204.1). — С. 8-10. — URL: https://moluch.ru/archive/204/50034/ (дата обращения: 17.12.2024).



Елбасымыздың рухани жаңғыруға, білім, ғылымға маңыз беруі – ұлтымыздың алға қарай жылдам дамуының қозғаушы күші болып табылады. Елбасырухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. «Туған жер», «Киелі Қазақстан» бағдарламалары әрбір азаматты өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді. Рухани сананы жаңғыртуда тарихи өткенімізге үңілу, одан сабақ алу үлкен рөл атқарады. Бұл үдерісте мұрағаттың маңызы зор. Аталған бағдарламаларды іске асыру Қазақстан мұрағаттарының дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Технократиялық ойлау жүйесі үлкен қарқын алған тұста өткен тарихи кезеңдердегі деректерді болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында біршама іс-шаралар жасалуда. Тәуелсіздік жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында мұрағат қызметі жанданып, материалдық-техникалық базасы жақсарды. Мұрағат қорындағы құжаттарды электрондық жүйеге көшіру еліміз аймақтары арасында алғаш рет Қызылорда облысында жүзеге асы­ры­лды. 2010 жылы мұрағат құжаттары электронды сандық жүйеге енгізілді. Сонымен қатар халықаралық стандарттарға сай жабдықталған жаңа мұрағат ғимараты қаламызда бой көтеріп, пайдалануға берілді.

Республикамыздың мұрағат құжаттары – баға жетпес байлық, халықтың асыл қазынасы. Мұрағат құжатынсыз тарихтың жазылуы мүмкін емес. Мұрағат ерте заманнан бүгінге дейінгі еліміздің шаруашылығын, экономикасын, тыныс – тіршілігін кең түрде айқындайтын, тарихи, мәдени ескерткіштерін, жеке тұлғалардың өмірін мәңгі ететін ұлттық тарихи мұраның көзі. Мұрағат қойнауында әлі де зерттеуін күтіп жатқан құжаттар жетерлік. Сол құжаттардың сақталу қоймасы болып табылатын, өлке тарихын зерттеуге мол мүмкіндік беретін облыстық мұрағаттың тарихын зерттеу, құжаттарының құрамы мен мазмұнын ашу уақыт талабы болып табылады.

Қазақ елінің егемендігін жариялап, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы тарихымызды ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеуге кеңінен жол ашты. Облыстық мемлекеттік мұрағат 1890 жылдан облыс тарихынан сыр шертетін құнды құжаттардың қоймасына айналып, Ұлттық мұрағат қорын толықтыруда. Облыстық мұрағатта сақталатын 600 мыңнан аса құжаттарда өңіріміздің тарихы, мәдениеті, тұрмысы туралы құнды баға жетпес деректері жинақталған. Мұрағат қорларына сипаттама беретін болсақ, мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару (86 қор бар), әділет, сот, прокуратура, әскери мекемелер (34 қор), жоспарлау және статистика (9 қор), қаржыландыру, несиелендіру, мемлекеттік сақтандыру (35 құжат), мемлекеттік салықтан түсетін кіріс, мемлекеттік меншік (4 құжат), өнеркәсіп орындары, артелдер, электр энергиясы (65 құжат), ауыл, орман және су шаруашылығы, жер ресурстары, қоршаған ортаны қорғау (146 құжат), құрылыс және архитектура (34 құжат), көлік, байланыс және радио тарату (26 құжат), сауда, дайындаманы жабдықтау және өткізу (73 құжат), кооперация (18 құжат), тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы. Тұрмыстық қызмет көрсету (14 құжат), білім, жоғары және орта кәсіптік білім (42 құжат), ғылым және ғылыми сүйемелдеу (3 құжат), мәдениет, өнер, баспасөз және ақпараттық қызмет (26 құжат), денсаулық сақтау, денешынықтыру және спорт (33 құжат), еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру (9 құжат), қоғамдық ұйымдар (1 құжат), жеке тектік құжаттар (34 құжат).

Мұрағат құжаттарының құрамына тоқталатын болсақ, 1890-1920 жылдардағы мешіт, шіркеу кітабы, 1917 жылғы уездік, қалалық атқару комитетінің, 1919-1920 жылдардағы Перовск уездік –қалалық революция комитетінің, облыста құрылған бастауыш партия, комсомол, пионер ұйымдарының, кеңестік мекемелер мен кәсіпорындардың басқару-әкімшілік құжаттары, Кеңес үкіметін орнату, сауатсыздықпен күрес, мұғалім мамандарын даярлау курстарын ашу, әйелдерді жұмысқа тарту, мемлекеттік және кооперативтік сауданың дамуына қатысты құнды деректер, сондай-ақ 1938 жылы облыстың құрылуы, Ұлы Отан соғысы жылдары, одан кейінгі жылдардағы дамуы туралы құжаттар көптеп кездеседі.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары біздің облысымызға әкелінген шетелдік тұтқындар туралы мәліметтер сақталған. Мұрағатта сақталған құжаттар бойынша 1919 жылы Перовскіде 318 шетелдік тұтқындар тұрған. Олар поляктар, австро-немістер еді. Олар әртүрлі өндіріс саласында қызмет істеген. Мұрағатта Перовскіде тұтқында болған осы австро-венгр азаматтарының тізімі сақталған [1].

Мұрағат қорында астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру жұмыстары жайлы мәжіліс хаттамасы (1925 ж 16 ақпан), Астананы көшірудің дайындық шаралары, Орынбордан Ақмешітке көшірілетін орталық мекемелер тізімі (1925 ж наурыз), Үкімет пойызының Ақмешітке аттануы жайлы телеграмма (1925ж 13 сәуір), қырғыз ұлтының қазақ атауын қалпына келтіру туралы Ү сьезд қаулысы (1925ж 19 сәуір), Ақмешітті «Қызылорда» деп атау жайлы міндетті қаулы (1925ж 30 мамыр), жаңа астана жобасын жасаушы сәулетші И.В.Рянгиннің мәлімдемесі (1925ж), С.Сейфуллиннің қолы қойылған Қазақ Халыққа білім беру институты мәжілісінің хаттамасы (1927ж 10 қыркүйек), осы институт оқытушысы А. Байтұрсыновтың институт жанындағы №8 жергілікті комитетке жазған арызы (1927ж) сақталған [2].

1928 жылы мал-мүлікті тәркілеу, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, күштеп ұжымдастыру, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай, Қостанай, Батпаққара, Қарсақбайдан келіп жатқан көшпенділер мен панасыз балалар Өзбекстанға, Тәжікстанға үдере көшкен жерлестеріміз, аштықтан өлгендер туралы деректер де жеткілікті. Сондай-ақ, басқа ұлт өкілдеріне көрсеткен облыс еңбеккерлерінің шынайы достығын паш ететін құжаттар, жер аударылған кәрістерді орналастыру, майдан шебінен эвакуацияланған өнеркәсіп орындарын орналастыру жайлы (1941ж 25 қыркүйек), Киев, Харьков университеттерін орналастыру туралы (1942ж 12 қаңтар), поляк балалары үшін мектеп ашу туралы (1943ж), қоныс аударылған чешендердің балаларына арнап балалар үйін ашу туралы (1944ж) қаулылар сақталған [3]. Мұрағат қорында Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдағы облыс еңбекшілерінің ерлігі, майданға көмегі, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер, эвакуациямен көшірілген кәсіпорындар, оқу орындары туралы баяндайтын құжаттар сақтаулы. Фото-фоно құжаттар мен жеке тектік қорлар да облыстық мұрағаттың бір бөлігін құрайды.

Сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден облысқа қатысты мұрағат құжаттарының көшірмелері алынып, мұрағат қоры толықтырылуда. Сонымен, туған жердің тарихынан сыр шертетін мемлекет үшін қайталанбас мәні бар түпнұсқалардың алар орны ерекше.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Туған жер», «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асырудағы мұрағат құжаттарының деректік маңызы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Сыр елінің тарихы мұрағат қорында. Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция құжаттарының жинағы.- Қызылорда, 2009-63 б.-Б 5.
  2. Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты (ҚОММ)148-қор, 1-тізбе, 31- іс.-1 п.
  3. ҚОММ. 148-қор, 1-тізбе, 35- іс.-2,4 п.п.


Похожие статьи

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Жоғары сынып оқушыларына «Организмдердің көбеюі мен жеке даму» тарауын оқытуда педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі

Ақын-жыраулар поэзиясын қазақ тілі сабағында оқыту әдістері

Жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлау мотивтерін дамыту бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

«Физика» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының ерекшеліктері

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес 1-сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы интербелсенді әдістің рөлі

Ұлттық ойындардың оқушыларға берер тәрбиелік маңызы

Қызмет көрсету сферасындағы ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару тиімділігін арттыру

Похожие статьи

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Жоғары сынып оқушыларына «Организмдердің көбеюі мен жеке даму» тарауын оқытуда педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі

Ақын-жыраулар поэзиясын қазақ тілі сабағында оқыту әдістері

Жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлау мотивтерін дамыту бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

«Физика» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының ерекшеліктері

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес 1-сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы интербелсенді әдістің рөлі

Ұлттық ойындардың оқушыларға берер тәрбиелік маңызы

Қызмет көрсету сферасындағы ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару тиімділігін арттыру

Задать вопрос