Мұнай бағасына әсер етуші факторлар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Баймаганбетов, С. Т. Мұнай бағасына әсер етуші факторлар / С. Т. Баймаганбетов, Ж. К. Жетибаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 16.1 (202.1). — С. 25-27. — URL: https://moluch.ru/archive/202/49771/ (дата обращения: 19.12.2024).



Кез келген елдің даму деңгейінің бір көрсеткіші, аталған елдің энергия тұтынуымен тығыз байланысты болып отыр. Сонымен қоса, осы елдердің энергияға деген сұранысын қандай энергия көздерін пайдалана отырып қанаттандырадындығы болса, шешілуі тиісті екінші мәселе болып табылады[1].

Дамушы елдерде энергияға деген қажеттілігі жыл санап артып келе жатқаны белгілі, бұл болса өз кезегінде экономикаға қосымша жүк болып отыр. Себебі ішкі нарықты қанағаттандыру үшін өткен периодқа қарағанда қосымша энергия көздерін іздеуге мәжбүр болып отыр. Бұл болса өз кезегінде бірнеше экономикалық мәселелерге жол ашуда. Атап айтар болсақ, елдің ағымдағы шотының тапшылығына, тауар бағасының артуына, ол да өз кезегінде ұлттық валютаның құнсыздануына алып келуі мүмкін. Сонымен қоса, British Petroleum(BP) 2017 мәліметтеріне қарасасақдүние жүзініде тұтынылған энергияның 26 пайызы мұнай және мұнай өнімдері арқылы қанағаттандырылып отырғаны белгілі болды. Осы себептерге байланысты мұнай бағасы және мұнай бағасына әсер етуші факторларды талдау оның әсерін азайтушы жолдар қараситыру қазіргі таңдағы дамушы елдер үшін шешілуі тиіс аса маңызды мәселелердің басында орын алуды[2].

Әлемдік нарықта өз орнын ала білген және ең көп сатылатын мұнай сорттары төмендегідей:

 WTİ

 Brent

 Dubai

Басқа мұнай сорттары болса осы негізгі үш эталонның бағасына қарай белгіленеді және төменде көрсетілген биржаларды сатылымға ұсынылады.

 WTİ -New York Mercantile Exchange (NYMEX)

 Brent – Intercontinental Exchange (ICE)

 Dubai – Dubai Mercantile Exchange (DME)

Brent –сорты солтүстік Шотландиядан бастау алып Европа нарығына сатылатын он бес түрлі мұнай маркасының ортақ атауы болып табылады.

WTİ – Солтүстік Америкалы мұнай сорты болып табыла отырып, аталған мұнай бағасы New York биржасында белгіленеді.

Dubai – сорты болса Таяу шығыстан Азия және Океания елдеріне сатылуға арналған мұнай сорты болып табылады[3].

Мұнай бағасы 2000- шы жылдарда 30 АҚШ долларынан басталып, 2008 жылы 100 долларға дейін жоғарылағанын көрудеміз. Соңғы жылдары болса, әлемдік қаржы дағдарысының әсерінен қайтадан мұнай бағасмының түскенін көрудеміз 2010 жылдары болса мұнай бағасының 2008 жылғы көрсеткіштерге қайтадан жақындағанын көрудеміз, бұлай болуының басты себебі әлем экономикасында қаржы дағдарысының әсері азайып мұнай және мұнай өнімдеріне деген сұраныстың артуымен байланысты болып отыр. 2008 жылы басталған әлемдік қаржы дағдарысы барлық елдердің экономикалық өсуін тежегені белгілі бұл да өз кезегінде мұнайға деген сұраныстың азаюына және мұнай бағасының түсуіне жол ашқан болатын.

Мұнай бағасындағы өзгерістер

Жылдар

Dubai

$//bbl

Brent

$//bbl

WTİ

$//bbl

2000

26.2

28.5

30.37

2001

22.81

24.44

25.93

2002

23.74

25.02

26.16

2003

26.78

28.83

31.07

2004

33.64

38.27

41.49

2005

49.35

54.52

56.59

2006

61.5

65.14

66.02

2007

68.19

72.39

72.2

2008

94.34

97.26

100.06

2009

61.39

61.67

61.92

2010

78.06

79.5

79.45

2011

106.18

111.26

95.04

2012

109.08

111.67

94.13

2013

105.47

108.66

97.99

2014

97.07

98.95

93.28

2015

51.2

52.39

48.71

2016

41.19

43.73

43.34

2017

52.80

54.25

50.88

Дереккөз:BP мәліметтер базасы

2012-2014 жылдары болса мұнай бағасының ең жоғары бағамен сатылған кезеңі ретінде тарихта қалып отыр. Себебі, аталған жылдары мұнай инвесторлар үшін ең сенімді жағалау ретінде қарастырылған болатын.

2014 жылдан бастап мұнай бағасы күрт түсе бастады. Бұлайша күрт түсуінің басты себептері мыналар:

 Ең басты импорттаушы болып табылатын АҚШ өз елінде мұнай өндіру көлемін арттыруы;

 2008 жылғы қаржы дағдарысының қайталану ықтималдылығының артуы;

 FED-тің 2013 жылдан бастап АҚШ долларының басқа шет елдік валюталарға қарағанда өсуі үшін жасалған алғы шарттар.

Бұған қоса мұнай бағасының күрт түсуін үш түрлі теориямен анықтауға болады.

 Сұранысқа негізделген теория

 Ұсынысқа негізделген теория

 Монетарлық теория [4].

Ұсынысқа негізделген теория бойынша негізгі себептер:

 АҚШ тақтатас мұнай өндірісінің жандануы

 Ирак және Ливияда мұнай өндірісінің қайта қалпына келуі

 ОПЕК елдері мұнай квотасын өзгертпеуі

Сұранысқа негізделген теория бойынша негізгі себептер:

 Энергия тиімділігінің артуы

 Әлем экономикасының өсу деңгейі

Монетарлық теория бойынша АҚШ доллары курсының өсуә немесе АҚШ доллары өткен периодпен салыстырғанда қымбаттауы ретінде түсіндіріледі

Мұнай бағасына әсер етуші факторларды экономикалық, табиғи, қаржылық, саяси және геосаяси деп те қарастырған авторлар да кездесуде. Экономикалық факторлар – осы шикізатқа деген сұраныс және ұсыныс, әлем экономикасының өсу қарқыны, экономикалық немесе қаржылық дағдарыстар болып табылса, табиғи факторларды – табиғи апаттар (өрт, цунами, су тасқыны және жер сілкінісі), ауа райының күрт өзгеруі ретінде қарастырған болатын. Саяси факторларды ОПЕК елдерінің жүргізіп отырған баға саясаты, EİA (Энергетика агенттігін)мәліметтері (дәлелденген мұнай қорларын аз немесе көп ретінде көрсету, мұнайға деген сұраныс және ұсыныс туралы дұрыс мәліметтер таратпау), террористік актілер болып табылады[5].

Мұнай бағасына әсер етуші факторларды төмендегідей топтастыруға болады:

 Мұнай нарығы және ОПЕК мүшесі елдерінің қабылдаған шешімдері

 Мұнайдың ұсынысы және сұранысы

 Мұнайдың өзіндік құны

 Мұнай секторына салынған инвестиция көлемі

 Энергияға деген сұраныс

 Қаржылық спекулациялар

 Геосаяси себептер

 Елдердің мұнай қорлары

 Алтернативті энергия көздерінің өнімділігі

 Табиғи апатттар

 Баламалы энергетикалық ресурстардың бағалары

Соныменен, мұнай бағасына әсер етуші факторларды зерттей келе жоғарыдағы факторлармен қоса көңіл аударылуы тиісті мәселелер қатарында мыналар да бар. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда мұнай нарығын екіге бөліп қарастыру керек. Біріншісі физикалық мұнай нарығы болса, екіншісі қағаз мұнай нарығы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген факторлар физикалық мұнай бағасына әсер етсе де, ең басты фактор болып табылмайды. Себебі, мұнай бағасы биржада белгіленгендігінен жоғарыдағы факторларға қоса, қағаз мұнай нарығына әсер етуші факторларды да есепке алған дұрыс болады.

Әдебиет:

  1. GÖKÇE, C. (2015). Önemli bir enerji girdisi olan petrolün ekonomik kalkinma sürecindeki rolü. Afyon Kocatepe Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Dergisi, 16(1), 143-154.
  2. Demir, M. (2013). Enerji ithalati cari açik ilişkisi, Var analizi ile Türkiye üzerine bir inceleme. Akademik Araştırmalar ve Çalışmalar Dergisi (AKAD), 5(9), 2-27.
  3. Solak, A. O. (2012). Petrol FiyatlarınıBelirleyiciFaktörler. Journal of Alanya Faculty of Business/AlanyaIsletmeFakültesiDergisi, 4(2).
  4. Eraydın, K. (2015). Petrol Fiyatlarındaki Düşüşün Nedenlerive Etkileri. TürkiyeİşBankasıİktisadiAraştırmalarBölümü, İstanbul.
  5. Брагинский, О. Б. (2008). Цены на нефть: история, прогноз, влияние на экономику. Российский химический журнал, 52(6), 25-36.
Основные термины (генерируются автоматически): AKAD, DME, ICE, NYMEX, теория, энергия.


Задать вопрос