Қабылдаудың физиологиялық негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жиренбаева, Г. С. Қабылдаудың физиологиялық негіздері / Г. С. Жиренбаева, С. С. Кожагельдиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 5.1 (191.1). — С. 40-42. — URL: https://moluch.ru/archive/191/48251/ (дата обращения: 26.04.2024).



Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан–жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384 – 322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т.б.) аралас, астарласа дамып келді. ХІХ – ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын тәжірибе жүзінде әртүрлі құрал–жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832 – 1920) болды [1].

Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой–пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 460 – 370) сол кездің өзінде–ақ психика оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427 – 347) керісінше «Жан мәңгі өлмейді, өшпейді», – деп тұжырымдады.

Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не иіс сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күр­делі құрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъект нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне (образ) деп таниды. Бұл бей­нелерді қабылдауда адам бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен біртұтас күрделі жүйеге өтеді. Осындай психикалық біріктірудің нәтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттерді бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру құсаған күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады.

Қабылдау – аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Ең алдымен, ақпарат ағымы – бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады. Психикалық қабылдау процесі – субъекттің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті [2].

Қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъект өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызады.

Қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады. Заттың санада қабылдануы психикалық іс-әрекеттің ең жоғары сатысы – тілмен тікелей байланысты. Адам зат қасиеттерін енжар танып қоймастан, олар ішіндегі мәнді деп есептегендерін айыра талдай және біріктіре, заттық бейнеге келтіріп, оны сөзбен баламаластырады, белгілі категориялар тобына қосады.

Сонымен, қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен біріге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі.

Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі – тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық әрі толық түрде өтеді.

Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай, субъекттің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшеліктерімен де сипатталады. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады. Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесіне де орайлас келеді. Ниет, көңіл шарпуларының (эмоция) ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгеріске де түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әртүрлі алдануы – иллюзия (алдану) салдарынан.

Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау – галлюцинация деп аталады.

Қабылдау рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөлектеріне келіп түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.

Қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғары талдану-бірігу формасы. Талдау бол-май, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екі түріне негізделген: бірінші байланыс түрі талдағыш төңірегінде түзілген де, екіншісіне – талдағыштар арасындағы байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті құрамды тітіркендіргіштердің әсер етуінен болады, мысалы, есту талдағышына әсер етуші жеке дыбыстардың ерекше бірікпесінен пайда болған ән-күй біртұтас күрделі тітіркендіргіш ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетін бірігу (интеграция) процесі мен күрделі синтездің болуынан.

Құрамды тітіркендіргіштердің әсерінен түзілетін жүйке байланыстарының екінші түрі – әртүрлі талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңістікті қабылдау, көру, қозғалыс, сипап-сезу және басқа да түйсіктердің өзара байланысынан (ассоциация) жүзеге келеді. Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат не кеңістіктегі қатынастарды белгілейтін сөздің дыбыстық бейнесі қосылады. Заттардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды [3].

Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жәрдемімен біз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншікті салмақ және т.б.). Қабылдау барысында біздің дүниені тереңірек қабылдап, дәлірек тануымыз осыдан.

Қабылдау ниеттелмеген (ырықсыз) және ниеттелген (ырықты) болып екіге бөлінеді. Ниеттелмеген қабылдауда алдын ала белгіленген мақсат не міндетті көздемейміз, ол сыртқы орта ықпалынан туындайды. Ал ниеттелген қабылдау, керісінше, әуел бастан алға қойылған міндетпен реттеліп, қажетті зат немесе құбылысқа назар аудару мақсаты қойылады. Ниетті қабылдау қандай да іс-әрекетке қосылып, оның орындалу барысында жүзеге асады.

Өз алдына қабылдау дербес іс-әрекет түрінде бақылау процесінде көрінеді. Бақылау – бұл қабылдау объектіне түскен құбылысты немесе онда жүріп жатқан өзгерістерді белгілі мақсатпен, жоспарлы және ұзақ уақыт аралығында назарда ұстап, зерттеп бару.

Бақылау – адамның қоршаған дүниені сезімдік тануының белсенді формасы. Дербес бағдарлы мақсаты бар іс-әрекет ретінде бақылау алғашқыдан-ақ оның бағытын айқындайтын мақсаты мен міндеттерін сөзбен өрнектеуден басталады. Бақылаудың табысты болуы оның алдына қойылған міндеттің өте анық әрі түсінікті болуына тәуелді. Жоспарлы ниеттеліп, ұзақ мерзімге созылатындықтан және танымдық мақсатты қабылдау болғандықтан бақылау жұмысы арнайы дайындықты керек етеді. Дайындық барысында аса қажет жұмыстар: бақылау міндетін түсініп алу, бақылау барысында орындалатын талаптарды жете тану, күні бұрын бақылаудың жоспары мен әдістерін анықтап алу. Бақылауда бақылаушының белсенділігі зерттеу барысындағы ойлау қабілеті мен жедел қимыл әрекеті үлкен маңызға ие [4].

Бақылағыштық қасиетті дарыту мақсатында келесі жаттығуларды орындау қажет: әртүрлі заттарды және олардың тараптарын салыстыру; зат бөліктері арасындағы байланыс пен өзара ықпалына назар аудару; бір қарағаннан заттар мен құбылыстардың көбірек қасиет, сапаларын қамту; елеусіз өзгерістерге де мән бе­ріп, назар аудару; қабылданатын заттың мәнді тара­птарын айыру.

Бақылағыштық қабілетті дамыту үшін қабылдаудың нәтижелі болуына қажетті келесі шарттар орындалып баруы тиіс: міндет анықтығы; алдын ала дайындық; жүйелілік; жоспарлы болуы т.б. Адам өмірі мен қызметінің барша саласында бақылағыштықтың маңызы үлкен. Ал адамның бұл қасиетінің қажетті деңгейде болуы үшін оны балалық жастан ойын мен оқу барысында тәрбиелеп бару керек.

Қабылдауды анықтау әдістемесі

Орындалуы: «Бұл тапсырмада балаларға дайын екі сурет беріледі, ал суреттер астындағы бос екі трафареттік рамкаға сол суреттерді көшіріп салу ұсынылады. (Сурет бір-бірімен байланысты кесінділерден тұрады)».

Бұл суреттерде әр дұрыс сызылған кесіндіге 1 ұпай беріледі. Жалпы ең жоғарғы ұпай 20 болады. Бағалау баланың жұмысына қарай жүргізіледі.

«Мына суретте не жетіспейді?» әдістемесі

Бұл әдістемеде балаға сызба-суретте көрсетілген бірнеше суреттердің жиынтығы ұсынылады. Әр сурет бейнесінде бір маңызды бөлшек жетіспейді. Бала осы жетіспеген бөлшекті тез арада анықтап айтуы тиіс.

Психодиагностиканы жүргізуші уақыт өлшегіші (секундомер) көмегі арқылы баланың барлық тапсырма жиынтығын орындауға қанша уақыт жұмсағанын белгілеп отыруы керек. Баланың қабылдау деңгейіне негізгі қорытынды жасауға жұмыс уақыты ұпай санымен анықталады [5].

Нәтижені бағалау

10 ұпай – бала тапсырманы 25 секундқа жеткізбей орындады, сонымен бірге суреттегі жетіспей тұрған жеті бөлшекті атауы қажет.

8-9 ұпай – бала жетіспей тұрған іздеуге секунд 26-дан30-секундқа дейін уақыт жұмсады

6-7 ұпай – жетіспей тұрған бөлшекті іздеуге секундқа 31-ден 35-сек уақыт жұмсады.

4-5 ұпай – барлық жетіспейтін бөлшекті іздеуге 36-дан 40 секундтан уақыт жұмсады.

2-3 ұпай жетіспей тұрған барлық бөлшекті іздеуге 41-45 секундтан уақыт жұмсады.

0-1 ұпай –барлық жетіспейтін бөлшекті іздеуге 45 секундтан артық уақыт жұмсады.

Даму деңгейінің қорытындысы

10 ұрай -өте жоғары

8-9 ұпай-жоғары

4-7 ұпай-орташа

2-3 ұпай төмен

0-1 ұпай -өте төмен

Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.

Сөйтіп, таным процесі адамның дүниені тануының тарихи қалыптасқан қабілеттерінің құрылысына, танымның даму дәрежесіне байланысты, ал бұл соңғы кездегі қоғамдық жағдайлар мен тәуелділікке байланысты.

Баланың негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) мектепке кіргеннен кейін едәуір өзгерістерге ұшырайды

Әдебиет:

  1. Аймауытов Ж. Психология. –Алматы, 1995. -280б.
  2. Жалпы психология. В.В.Богословскийдің редакциясымен. –Алматы, 1980.
  3. Тәжібаев Т. Жалпы психология. – Алматы, 1998.
  4. Гальперин П.Я. Введение в психологию. Р.-на – Дону. 1999.
  5. Мухина В.С. Детская психология. М., 1990. -184с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, психология.


Похожие статьи

Понятия «общение» и «коммуникация» в психологии

В статье рассматриваются такие понятия как «общение» и «коммуникация». Анализируются определения данных феноменов с точки зрения психологии.

Бесплодие иммунологического генеза | Статья в журнале...

Бесплодие — это неспособность зрелого организма к зачатию. С данной проблемой сталкиваются около 15 % супружеских пар по всему миру...

Психологический и феноменальный аспекты ментального

О ментальном в последнее время говорится много, данная тема выходит за пределы не то что философии сознания, но — за пределы философии вообще...

Концепты маскулинности и феминности как предпосылки...

2. Бендас Т. В. Гендерная психология: Учебное пособие. — СПб.

Справочник практического психолога, 2003. — 522 с. 9. Словарь гендерных терминов.

Особенности гендерных различий | Статья в журнале...

Гендерная психология — новое направление, заявляющее о себе как о самостоятельной области психологической науки.

Социологические подходы к изучению гендерных отношений

8. Рубин Г Обмен женщинами: заметки о “политической экономии” пола

Рубрика: Психология и социология. Гендерные подходы в психологических теориях и исследованиях.

Ценностные приоритеты и образ успешного человека в культуре...

В качестве примера микроуровня можно привести статью С. Д. Ватсона (имеющего две докторские степени в области психологии развития и педагогики): «Success in old age»...

Методика социально-психологической оценки малых групп

Автор: Поляков Сергей Александрович. Рубрика: Психология и социология.

Представлен теоретический анализ изученности в науке темы социально-психологической оценки...

Научно-методологические подходы к пониманию роли мужчин...

Рубрика: Психология и социология. Опубликовано в Молодой учёный №5 (16) май 2010 г.

Психические различия полов у человека. Указанные отличительные признаки полов в еще...

Похожие статьи

Понятия «общение» и «коммуникация» в психологии

В статье рассматриваются такие понятия как «общение» и «коммуникация». Анализируются определения данных феноменов с точки зрения психологии.

Бесплодие иммунологического генеза | Статья в журнале...

Бесплодие — это неспособность зрелого организма к зачатию. С данной проблемой сталкиваются около 15 % супружеских пар по всему миру...

Психологический и феноменальный аспекты ментального

О ментальном в последнее время говорится много, данная тема выходит за пределы не то что философии сознания, но — за пределы философии вообще...

Концепты маскулинности и феминности как предпосылки...

2. Бендас Т. В. Гендерная психология: Учебное пособие. — СПб.

Справочник практического психолога, 2003. — 522 с. 9. Словарь гендерных терминов.

Особенности гендерных различий | Статья в журнале...

Гендерная психология — новое направление, заявляющее о себе как о самостоятельной области психологической науки.

Социологические подходы к изучению гендерных отношений

8. Рубин Г Обмен женщинами: заметки о “политической экономии” пола

Рубрика: Психология и социология. Гендерные подходы в психологических теориях и исследованиях.

Ценностные приоритеты и образ успешного человека в культуре...

В качестве примера микроуровня можно привести статью С. Д. Ватсона (имеющего две докторские степени в области психологии развития и педагогики): «Success in old age»...

Методика социально-психологической оценки малых групп

Автор: Поляков Сергей Александрович. Рубрика: Психология и социология.

Представлен теоретический анализ изученности в науке темы социально-психологической оценки...

Научно-методологические подходы к пониманию роли мужчин...

Рубрика: Психология и социология. Опубликовано в Молодой учёный №5 (16) май 2010 г.

Психические различия полов у человека. Указанные отличительные признаки полов в еще...

Задать вопрос