Бұқар жыраудың өнегелі жырлары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Оспангалиева, М. Т. Бұқар жыраудың өнегелі жырлары / М. Т. Оспангалиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 39-41. — URL: https://moluch.ru/archive/150/42702/ (дата обращения: 26.04.2024).

Бұқар бабаның шыққан тегі ел аузындағы шежіре бойынша: Арғын ішінде Сүйіндік, одан Қаржас, Қаржастан Алтынторы, одан Артық, Жолымбет, Мәмбет, Келбет, Келімбет аталары тарайды. Жолымбеттен Қалқаман, Назар, Қойсары, Ырсымбет. Ал Қалқаманнан Бұқар туады.

Жыраудың әкесі Қалқаман батыр, сірә, ел билеуші шонжар емес, жеке басының ерлігімен ғана аты шыққан адам болса керек. Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда және өз шығармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың, тіпті сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде күн кешеді. Алайда, өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам жасап, 1781 жыл шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Далба тауының етегінде.

Бұқар жыраудың қайда оқып білім алғаны жайында, орта жасқа келгенше қандай өмір мектебінен өткендігі хақында нақты деректер аздау болғанымен ұрпақтан-ұрпаққа жеткен жыраудың шежіредей сөздерінен байқайтынымыз Бұқар тілге шешендігімен, ел арасындағы дау жанжалға әділ қазылығы арқасында өз ортасынан тым ерте суырылып шығып, көбірек көзге түскендігі.

Тағы да бір ел аузындағы әңгімелер бойынша Бұқар бабамыз Көкілташ медресесінде оқыған деген деректер де кездеседі. Оған дәлел ел аузында жүрген Әнет бабаның Бұқарға берген батасы.

Қазақта жасы үлкен адамнан бата алу салты болған. Қалқаманның әкесі Жолымбет жаңа туған немересіне Бұқар медресесінің түлегі сөзге епті,еті тірі Әнет бабадан бата сұрайды.Сонда Әнет баба нәресте Бұқарға қарап:

«Есімің Бұқар болсын,

Мінгенің тұлпар болсын.

Дауысың сұңқар болсын,

Ісіңе халқың іңкәр болсын»- деп бата берген екен.

Азан шақырып қойған аты,бүгінде беймәлім болып кеткен жырау,тарихқа Бұқар деген атпен солай енген. Бұқар 12жасқа дейін тілі шықпай жүреді. Жұрт оны «мылқау» бала деп атаған. Өзі аңқау,томаға тұйық,сөзге сараң,сылбыр да, жуас болыпты. Он екі жасқа келгенде көп жылдар үндемей келгеннің есесін алайын дегендей өлеңдетіп,жырлап сөйлеп кетіпті. Тіпті үйлесімді ұйқасқан өлең жырымен жұртты таң-тамаша қалдырады.

Бұқардың сол бір балалық шағын Үмбетей жырау:

...Тілің шықпай жасыңда,

Бала болдың сен мылқау.

Бір алуан жан десетін,

Іштен туған кем сырқау.

Сырқат па әлде мінез бе?

Мұны қиын жобалау,

Дәл он екі жасыңда,

Бақыт қонды басыңа.

Тілің шықты сөйледің,

Қолдан-қолға тимедің,- деп жырға қосқан ғой.

Бұқар жырау Абылай ханның сенімді ақылшысы санатында мемлекет басқару ісіне белсене араласып, оның ішкі және сыртқы саясатына зор ықпал жасап отырған қоғам қайраткері болғаны әмбеге аян. сол уақытта елді басқаратын терең ақылды, саясаткер білімді адам керек екенін ұққан. Халықты бүтіндікке, бірлікке шақырып, сыртқы дұшпанға қайрат көрсете отырып түрлі тәсіл-саясатпен халықтың бостандығының қамын көздеген.

Бұқар жырау көбіне –ақ Абылай саясатының жақтаушысы. Жырау реті келген жерде ханды мадақтай, дәріптей отырады.

Алтын тақтың үстінде

Үш жүздің басын құрадың,

Жетім менен жесірге

Ешбір жаман қылмадың.

Әділетпен жүрдіңіз,

Әдепті іске кірдіңіз.

Бұқар түсінігіндегі Абылай- осындай әмірші.Жырау Абылай саясатына, ел ішіндегі Абылай беделіне тамашалай қарайды.Абылай үкіметінің салтанат құрғанына масаттанады.

Жұлдызың туды оңыңнан,

Жан біткен еріп соңыңнан,

Он сал алаш баласын

Аузына Құдай қаратып,

Жусатып тағы өргізіп

Жұмсап бір тұрсың қолыңнан.

Ақтан болды-ау күніңіз,

Арсы менен күрсіге

Тайталасты үніңіз!

Сондықтан да Абылай ажал жастығына бас қойғанда:

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан ханым-ай,

Қайырусыз жылқы баққан ханым-ай,

Қалыңсыз қатын құштырған ханым –ай,

Үш жүзден үш кісі құрбан қылсам,

Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай, –

деп зар айтқан Бұқар әміршісі дүниеден көшкен соң оның басында отырып

жас төгеді, шын көңілмен жоқтайды.

Бұқар жырау – XVIII ғасырдан бізге мәлім бірінші ақын. Одан кейін Үмбетей, Ақтамберді, Шал, Көтеш т. б. бар. Бірақ солардың ішінде көбінесе әлеуметтік мәселелерді басымырақ жыр еткен ақын-Бұқар. Өз кезіндегі әр алуан қоғамдық мәні зор мәселелерге үн қосып,өзінің көзқарасын білдіріп отырған.

Заманның ағымына қарай халықтың ойынан ауытқу байқалса жырау хан болса да, қара болса да қайырып әкеп жолға салып, жөн сілтеп беріктік, белділік көрсетіп отырған:

Абылай ханның қасында

Бұхарекең жырлайды,

Жырлағанда не дейді

Соғыспа дер жырлайды

Өлетұғын тай үшін

Қалатұғын сай үшін

Қылмаңдар жанжал ерегес,

Бұл қылықты қоймасаң

Құдайдың бергеніне тоймасаң

Көрерсің сонан теперіш-дейді [1, 92–93]

Жыраудың толғау жырларының қайсысы болмасын қоғам өмірінің айнасы, халықтың басынан кешкен тіршілігінің бірден-бір тарихи көзі болып есептеледі.

Бұқар сөздерінің бәрі дерлік Қазақстанның қай жерінде болсын өзгеріссіз,сол қалпында айтылады және оның сөздерін бұрын-соңды заманның жыршылары қатты бағалап, сөз қоспауға, өзгертпеуге тырысқанға ұқсайды. Оның бір себебі Бұқар сөздерін тек қана жыршылар емес,көпшілік оны ақыл, нақыл сөз ретінде тұтынған.

Қазақтың ұлттық ауыз әдебиетінде даналық сөздерімен өшпес із қалдырған, сол уақыттың өзінде-ақ ұлан — ғайыр даламызда Үш жүзге ортақ ұлағатты жырау болған Бұқар Қалқаманұлының есімін қазақ халқы әрқашанда зор мақтанышпен қадір тұтады. Бұқар жырау халықтан шыққан кең қабырғалы, ақылды, заман ағымын барлай білетін, халықтың келешек өміріне, алдағы заманға көз жіберіп, сол күнгі әлеуметтік, шаруашылық саласы, тіршілік тәжірибесін ой таразысына салып отырып алдағы өмірді болжай толғаған жырау. Халық жыраудың тілегін, жан сезімімен сезініп, жырауды ел мүддесін қорғайтын тірегі деп түсінген. Халықтың келешегін көп ойлайтын, терең толғанатын жырауды халқы мейлінше сүйген, табынатын әулие көрген. Жырау тек қана жыр толғап қоймай сол күнгі ел билеу ісіне де қабілетті түрде араласып, халық пікірін, өз пікірін өткір айтып, егесе егеудей ойып тастап, келтесінен кесім шығарып тастап отырған әрі би жалынды жырау.

Әдебиеттер:

  1. Бес ғасыр жырлайды, – 1 том «Жазушы». 1989.
  2. Құрастырушылар: М. Мағауин, М. Байділдаев.
  3. Сүйіншәлиев Х. «VIII — XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті».
  4. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Алматы. «Жазушы». – 1989.
  5. Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиеті. – Алматы. – «Атамұра». – 1992.
Основные термины (генерируются автоматически): VIII.

Похожие статьи

Материалы VIII международной научной конференции...

А43. Актуальные задачи педагогики: материалы VIII Междунар. науч. конф. (г. Москва, ноябрь 2017 г.). — М.: Буки-Веди, 2017.

Материалы VIII международной научной конференции «Экономика...

Экономика, управление, финансы: материалы VIII Междунар. науч. конф. (г. Краснодар, февраль 2018 г.). — Краснодар: Новация, 2018.

Особенности культуры узбеков | Статья в журнале...

В VI-VIII веках на территорию нынешнего Узбекистана из Казахстана, Киргизии, Семиречья и других соседних регионов проникли различные тюркские роды и племена...

VII. VIII.

Наряду с дынями популярна и тыква – известно 13 видов тыкв. Ее остатки, найденные в археологическом памятнике Тупроккалъа, относятся к VIII-VII векам до н. э.).

Материалы VIII международной научной конференции...

Инновационные педагогические технологии: материалы VIII Междунар. науч. конф. (г. Казань, май 2018 г.). — Казань: Молодой ученый, 2018. - 64 с.

Молодой ученый — издательство

Ресурс включает разделы, содержащие ежемесячные и архивные издания научной периодики, актуальную информацию и анонсы о проводимых научных собраниях и международных конференциях молодых ученых. Есть раздел о правилах оформления и публикаций статей.

Из опыта работы по воспитанию экологической культуры...

Библиографическое описание: Скворцова Т. А. Из опыта работы по воспитанию экологической культуры в коррекционной школе VIII вида // Школьная педагогика.

О некоторых особенностях конфедерации раннесредневекового...

Несмотря на то, что в конце XIX — начале XX веков было положено начало изучению раннесредневековых согдийских монет, основная часть которых чеканена из бронзы в VI-VIII вв...

Индивидуальный и дифференцированный подход на уроках...

Перова М. Н. Методика преподавания математики в специальной (коррекционной) школе VIII вида: учеб. для студ. дефект. фак./

Материалы VIII международной научной конференции...

Актуальные вопросы современной педагогики: материалы VIII Междунар. науч. конф. (г. Самара, март 2016 г.). — Самара: ООО "Издательство АСГАРД", 2016. - 309 с.

Задать вопрос