Көптілді топ студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін кәсіби қазақ тілі арқылы дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Нуржанова К. К., Тусипбекова Э. К., Оспанова Г. Е., Оспангалиева М. Т. Көптілді топ студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін кәсіби қазақ тілі арқылы дамыту // Молодой ученый. — 2017. — №16.1. — С. 35-37. — URL https://moluch.ru/archive/150/42699/ (дата обращения: 23.09.2018).



Қазақстан әлемге бәсекеге қабілетті, үш тілді меңгерген жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Сондықтан, Елбасымыз білім беру жүйесінің алдына бірнеше тіл меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін қойып отыр. Көп тілдік — бүгінгі күннің талабы. Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманға сай бағдарламалары мен әдістерін әзірленіп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу қажет. Сондықтан, тіл үйрету әдістемелерін қазіргі заманға сай жетілдіру қажет. Жаңа әдістерді пайдалану — бүгінгі күннің талабы» [1, 35].

Білім беру жүйесі — өте күрделі әрі кең ауқымды құрылым. Болашақ мемлекет қайраткерлерін білімі жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық ойды азамат етіп тәрбиелеу — біздің қоғам алдындағы борышымыз.Оқытушының алдында тұрған міндет — студенттерге қажетті білімді игеріп қана қоймай, әр студенттің танымдық қызметін, ғылыми ойлау саласын, шығармашылық қабілетін дамытуға бағыттау.

Осы тұрғыда жоғары оқу орындарының студенттерді оқытудағы мақсаты — Қазақстан Республиксының бүгінгі білім сапасының деңгейі мен болашақ бағытын анықтауды, әлемдік өркениетке жетудің жолын айқындауды қамтамасыз етер білімді де мәдениетті, білікті де саналы дара тұлға тәрбиелеуболып отыр. Бұл — ана тілінің сөздік қорын жетік игерген; ұлттық мұраны жете меңгерген; адамзатқа ортақ құндылықтарды білетін; өз ұлты мен тілін қастерлейтін, жері мен елін қадірлейтін; Отанын сүйетін дүниетанымы кең, ізденгіш, іскер, еңбекқор, зиялы ұрпақ қалыптастыру деген сөз. Мұндай тәрбиелі ұрпақтың негізі — бүгін, қазіргі білім беру мен оқу үрдісінде қаланатыны сөзсіз.Тілдік білім берудің мақсаты тіл меңгерген тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Тіл меңгерген тұлға — бұл тілдік-құрылымдық тұрғыдан күрделенген деңгейде ерекшеленетін тілдік шығармаларды (мәтіндерді) оқу және құрастыруға негізделген, адамның қабілеттілігі мен сипаттамасының жиынтығы.Тіл меңгерген тұлғаның дамуын анықтайтын ішкі және сыртқы факторлар болады. Тіл меңгерген тұлғаны қалыптастыруда сырттан әсер ететін сыртқы факторларға қоғам, отбасы, қарым-қатынас ортасы, мектеп, БАҚ, жалпы мәдениетті жатқызса, ішкі факторларға адамның жынысы, жасы, темпераменті, психологиялық сипаттамасы жатады.

Қазіргі таңда тілдерді оқу барысында «полиязычие», «многоязычие», «глобализация» терминдері көп қолданылып жүр. Еуропа мемлекеттерінде көптілділік принципі кеңінен таралған, яғни Еураопалықтар: «Біздің әрқайсымыз өз ана тілімізде сөйлейміз, бірақ біз бір-бірімізді түсінеміз» деген тұжырымды ұстанады. Осыдан «көптілділік» деген терминнің екі мағынасы бар екенін түсінуге болады: 1) Арнайы бір әлеуметтік қоғамда бірнеше тілді қолдану; 2) Коммуникациялық жағдайларға сәйкес жеке тұлғалардың бірнеше тілді меңгеруі. Осыдан шығатын түйін«көптілділік — бұл берілген бір аймақтағы және қоғамдағы бірнеше тілдің жүзеге асырылуы немесе тілдердің алуан түрлілігі емес, бірнеше тілді білуі деп түсіну қажет екендігін білдіреді. Осындай қажеттіліктердің негізінде, қазіргі таңда өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуде, олардың тілдік дайындығының нәтижесі — оның мәдениаралық байланыста екінші тілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

ЖОО студенттеріне көптілді меңгеру барысында қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан үйрету көптеген міндеттер мен мақсаттарды қажет етеді:

- халықаралық стандарт деңгейінде білім беру;

- студенттерге қазақ тілін өзінің ана тілі мен тарихын, мәдениетіарқылы меңгерту;

- коммуникациялық қарым-қатынсаты еркін жүзеге асыру;

- көптілді меңгеру арқылы қоғамда өз орнын табуға жетелеу;

- өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруға үйрету.

Берілгенміндеттерді жүзеге асыру арқылы көптілді тұлға тәрбиелеу барысында қазақ тілінің доминанттық ролін іске асыра отырып, тілді меңгертудің тиімді әдістемесі мен жұмыс жүргізу оқытушыға жауапты міндеттерді жүктейді.

Тілді коммуникативтік тұрғыдан үйрету педагогикалық үдерістің жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Педагогикалық үдеріс бұл — оқыту мен тәрбиеленудің құралдарын пайдалана отырып, білім мазмұнын терең меңгеру үщін ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленушілердің өзара әрекеті. Педагогикалық үдерістің нәтижелі болуы тіл үйренуші мен тіл үйретушінің бірлескен коммуникативтік әрекетіне байланысты. Коммуникативтік өзара әрекеттестік процесі оқытушының және тіл үйренушінің біртұтас коммуникативтік әрекетінен тұрады.

Оқытушының коммуникативтік мәселесі мына мәселелерді қамтиды: перцептивтік білік, коммуникативтік қабілет, педагогикалық техника.

Перцептивтік білік — тіл үйренушіні түсіне білу, оның өзіндік ерекшелігін тану, өзіндік қасиетін бағалау, әлеуметтік көзқарасына түсіністікпен қарау.

Коммуникативтік қабілет — тіл үйренушімен дұрыс қарым-қатынас жасау білу, тіл үйренушінің істеген әрекетін таразылау, оған әсер ететін мотивті аңғару, олардың әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстай білуін бақылау, өзара түсінікті қалыптастыру.

Педагогикалық техника бұл — тиімді әдістер мен тәсілдерді пайдалану, қарым-қатынас жасауда дұрыс сөйлеу мәнерін таңдау, тіл үйренушінің назарын қажетті, өзекті, тиімді мәселелерге аудара білу [2, 33].

Әрбір ұлттың өзіндік болмысын, табиғи бітімін, ерекше мінез-құлқын, шаруашылық кәсібін, рухани қазынасын ашып көрсететін бірден-бір белгі — оның тілі. Әлемдік өркениетке жетудің бірден-бір жолы білім десек, саналы жас ұрпақ тәрбиелейтін орын — оқу орны, ал оның тірегі — оқытушы. Оқытушы студенттің білім деңгейіне, оның өтілген тақырыпты меңгеру дәрежесіне қарай материалдың ауыр-жеңілдігіне байланысты тақырыптарды іріктеп, топтастырады. Әр сабақтың өз дәрежесінде тартымды да қызықты етіп, студенттерді тіл сабағында жалықтырмайтын әсер қалдыру үшін оқытушы шебер, білімді, жан-жақты жаңа инновациялық технологиямен қаруланған, сабағында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданатын маман болу қажет.

Кәсіби қазақ тілін игерудің негізгі мақсаты — студенттің игеріп отырған мамандығына бейімдеп сөйлеуге үйрету, сондықтан кәсіби терминдердің айтылу ерекшеліктеріне көңіл аудару дұрыс саналады. Осы тұрғыдан кәсіби-коммуникативтік ұғым пайда болады.

Тілді меңгерудің коммуникативтік мақсаттары мен міндеттері концептуалды және базисті болады. Бакалавриат студенттері коммуникацияның ғылыми ортаға байланысты жаңа дағдыларын қалыптастыра отырып, кәсібитілдесу арқылы қосымша тілдік дағдылары мен шеберліктерін жетілдіре алады.

Коммуникативтік құзыреттік– күрделі коммуникативтік дағдыларға ие болу, жаңа әлеуметтік құрылымдарда қажетті біліктіліктерді қалыптастыру, сөйлеу барысында мәдениеттілік пен сыпайылықты сақтау, сөйлесу саласында этикет пен дәстүрден жақсы хабардар болу, сөйлесу барысында белгілі бір ұлтқа, менталитетке тән ерекшеліктерді ескеру болып табылады. Техникалық жоғары оқу орындары студенттерінің қазақ тілі пәні бойынша коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырып дамыту үшін қолайлы жағдай жасалып, олардың біліктілігі мен білімдерін жетілдірудің әртүрлі формаларын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіби қазақ тілін қатынас құралы ретінде «Машина жасау» мамандығы бойынша оқитын студенттерге үйретуде олардың берілген мәтінді дұрыс оқуына, мәтін бойынша берілген тапсырмаларды дұрыс жазуына, алынған ақпараттарды ұғатындай таңдауына, оның сыртқы ортаға сөйлесім арқылы шығуына көңіл бөлінеді. Дұрыс оқу кәсіби қазақ тіліндегі орфографиялық, орфоэпиялық ерекшеліктерді ескере отырып оқытумен байланысты жүзеге асырылуда.

Мамандыққа қатысты терминдерді меңгерту барысында студенттің сөздік қоры дамып, оқу техникасы қалыптасып, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға, ойлау шеберлігін арттыруға, сөздердің мағынасын ажырата білуге үйрету болып табылады. Мәтінді іріктеу барысында оқытушы мәтіннің кәсіптік бейіміне, пәндік маңызына, таным сипатына, түпнұсқаға жақындығына, тақырыпқа сәйкестігіне, студенттерге түсініктілігіне назар аударады. Сол сияқты студенттің тілді қаншалықты меңгергендігі (қазақ тілінде еркін сөйлеуі, қазақ тілін нашар меңгеруі, қазақ тілін мүлдем білмеуі) ескеріледі.

Жаңа сабақ студенттерді мәтінмен таныстырудан басталады. Алдымен оқытушы мәтінді нақышына келтіріп оқып береді. Содан соң студенттерге алдарындағы мәтіннен жаңа термин сөздерді теру тапсырылады. Теріліп алынған терминдерді студенттерге бірнеше рет оқытып, мағынасын түсіндіріп, оқу сөздіктеріне жаздыру тиімді жұмыс болып саналады. Ал оны есте сақтау мақсатында сол жаңа терминдермен сөз тіркестерін немесе күнделікті тұрмыста қолдана алатын сөйлемдер құраса, тіл дамыту жұмысының тиянақтылығы аңғарылады. Мәтіндерді игеру барысында сөздікті пайдаланып, қазақша-орысша аудармасын салыстырса, сөз тіркесін құраса, түрлі грамматикалық формаларға түрлендірсе, жаңа сөздер қарастырса, сол терминге қатысты шағын әңгіме құрастырса студент жадында сақталуға мол пайдасы тиеді [3, 275].

Кәсіби қазақ тілін оқып-үйретуге арналған тапсырмалардың барлығы да сөйлесім әрекетіне негізделу қажет. Әрбір қадамда ұсыналатын тапсырмалар бір-бірімен сабақтаса, бірін-бірі толықтыратындай дәрежеде берілген дұрыс. Ұсынылған жұмыстар арқылы қазақ тілін жан-жақты және терең меңгеруту көзделеді. Берілген тапсырмалардың барлығы бірін-бірі толықтырып, жаңа сөздерді әр қырынан үйретуге бағытталады. Тіл үйренушінің танымын кеңейтуді көздейтін танымдық әдіс жиі қолданылуы қажет.

Тіл үйрету барысында студенттердің жеке ерекшелігін, зейінін, ойлау және қабылдау қасиеттері де ескеріледі. Себебі, әр студенттің қабылдауы мен ойлауында өзіндік ерекшелігі болары анық. Сондықтан кез-келген сабақта қай студент нені білмейтінін және оған көмектесу үшін не істеу керек екенін жүйелі түрде есепке алып отырған жөн. Сонда әр студенттің жекелей жұмыс түрін жүргізудегі мүмкіндіктері анықталады. Әсіресе, мұндай жұмыстың әсері тілді нашар білетін студенттерге көп септігін тигізеді. Адамның жеке қабілетін ескеру, студенттің істеген жұмысын тексеру не бағалау кезінде оның кемшіліктерінен гөрі жетістіктеріне көбірек көңіл бөлу керектігін қажет етеді. Тіл үйренушінің жеткен жетістіктерін, табысын атап өту арқылы оқытушы оның ынтасын, қабілетін, өзіне деген сенімділігін арттырады. Осы аталған жұмыстардың орнымен жүргізілуі студенттің қарым-қатынас құзыреттілігін арттырары сөзсіз.

Қорыта келгенде, ғалым Ф. Ш. Оразбаева айтуынша, «Қазақ тілін үйретуде қатысымдық әдісті пайдаланудың ең тиімді жолы — оның тіке байланыста негізделіп, адам мен адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуде жүзеге асыруында». Осы тұрғыда қатысым әдісінің негізгі мақсаты — тіл үйренушілерді бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу болып табылады. Сөйлесімнің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу, кәсіби қазақ тілін де коммуникативтік-танымдық әдіс арқылы меңгерту — бүгінгі күннің талабынан туындап отырған мәселе екенін айтқымыз келеді. Аталған әдіс-тәсілдердің тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп көрсетуде.

Әдебиеттер:

  1. Айтбаева Б. М. Көп тілділік жағдайдағы қазақ тілінің рөлін арттыру. «Жоғары мектеп жүйесінде көптілді білім беру: өзекті мәселелері мен болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Астана-қарағанды, 2008. — 35 б.
  2. Оразбаева Ф. Ш. Көптілді меңгеру барысында қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан үйрету. «Жоғары мектеп жүйесінде көптілді білім беру: өзекті мәселелері мен болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Астана-қарағанды, 2008.– 32 б.
  3. Хангалиева Г. Х. «Мұнай және газ» мамандығы студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін кәсіби ағылшын тілі арқылы дамыту жолдары. «Жоғары мектеп жүйесінде көптілді білім беру: өзекті мәселелері мен болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Астана-Қарағанды, 2008. — 275 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос