Тіл — мәтіндік дүниенің базисі және мазмұны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 1 июня, печатный экземпляр отправим 5 июня.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жумаканова У. С., Жуматова Г. М. Тіл — мәтіндік дүниенің базисі және мазмұны // Молодой ученый. — 2017. — №16.1. — С. 16-18. — URL https://moluch.ru/archive/150/42692/ (дата обращения: 24.05.2019).

Барлық адамзаттық дүние ол тілмен байланысты, ал барлық тілдік дүние адамзатпен байланысты. Осылай өткен ғасырдың аралығындағы тілдік білімнің революциялық дамуын сипаттауға болады. Барлық ғылымдар тіл мәселесіне талдау жасайды. Философия ғылымында Расселдің логикалық атомизм, аналитикалық философия, Венский кружок.

Тілдік проблематика, тіл — әлеуметтану ғылымы үшін қоғамның фундаменталды құрылымы ретінде, психология ғылымы, психиканың қалыптасуын (онтогенетикалық және филогенетикалық), тілдік процесспен байланыстырады, этнология және антропология — лингвистикалық әдістерді алғашқы қауымдық дәуірдегі адамдар туралы мифтерді және туысқандық, тұқымқуалаушылық мәселесін талдауда тиімді деп санайды, тарих ғылымы этимологиялық, семантикалық, морфологиялық, семиотикалық әдістерді тарихи феномендерді талдауда кеңінен қолданады.Негізінде лингвистика пайда болуы, құрылымына байланысты дәстүрлі көзқарастарды өзгертіп тіл мәселесі аясында фундаменталдық жаңалықтар ашып, белсенді дами бастайды.

XX ғасырдың басында Швейцария және Францияда Фердинанд де Соссюр негізін қалаған лингвистикалық — философиялық мектеп пайда болады. Аталған мектеп кейіннен структурализм деп аталды. Структурализм өзінін зерттеу объектісін өзіндік тілді зерттеуден бастап, кең ауқымды философиялық және әлеуметтік — гуманитарлық ағымға айналады. Соссюр Пирстің семиотика іліміне ұқсас Семиология деп өзінің ілімін атайды, семиологияның да пәні — белгілер болып табылады. Тіл дамытушылар семиотиканы лингвистика ғылымының бір бөлігі ретінде қарастырса, структуралистер, керісінше лингвистиканы семиотиканың бір бөлігі ретінде қарастырады. Егер лингвистика табиғи тілді зерттеумен айналысса, ал семиотика — барлық таңбалық жүйені зерттейді.Соссюр үшін «Тіл — идеяларды сипаттайтын белгілер жүйесі» оны мәтінмен есту кемістігі бар адамдар әліппесімен, символдық дәстүрлермен, әскери сигналдармен салыстыруға болады. «Белгілер жүйесі» анықтамасы ретінде тілді анықтау лингвистика және тіл философиясы үшін революциялық жаңалық болып табылады. Осыған дейін тілді тек «адамзаттық қарым — қатынасқа түсу» құралы ретінде ғана қараса. Мұндай анықтамалар бұрын және қазіргі таңда да жазылған әдебиеттерде де кездеседі. Көбіне оны «белгілер жүйесі, адамдардың қарым — қатынасқа түсу құралы» ретінде қарастырады, ешқандай екі ұғымның айырмашылығын анықтамай. Аталған екі ұғымның анықтамасының қағидалы айырмашылығы [1].Біріншіден, тіл «адамзаттың қарым — қатынасқа түсу құралы» ретінде анықтама берілсе, ол толығымен адамдардың құзыреттілігі болып, сондай — ақ адамдардың әрекеттілігінің қайнар көзі, адамдардың білімі болып табылады. Ал тіл «белгілер жүйесі» ретінде анықтама берілсе, тілді адамның тәуелділігінен босатады, тілді «сверхчеловеческое» түсінігі ретінде ұғынуға мүмкіндік береді. Сонымен Соссюр тілдің «адамнан жоғары» статусын анықтауға тырысып, бірінші естігенде құлаққа ерсі естілетін ой айтады. «Субъект тілді басқармайды, тіл субъектіні басқарады», яғни адам тілді емес, тіл адамды иелендіреді. Аталған ой мынаны білдіреді: индивид, жеке адам, жеке тұлға, ұлттық және этникалық әлеуметтік топтар немесе ұрпақтар үшін тіл ерте заманнан бастап болған дүние, оларға дейін дамып жетілген деп сипаттайды.

Ешкімде, не индивид, не адамдардың ұрпақтары тілді басынан, түп негізінен бастап жасамайды, олар тек дайын «тілдік жүйені» табады және қабылдайды. Адамзат тілді біріншіден меңгереді, талдайды, оқиды, содан кейін ғана аталған тілдік жүйеге өзгерістер енгізуге мүмкіндік алады. Тіл адамзат тарапынан бақылаудан құтылады, керісінше, тіл өзінің нормалары мен ережелерін адамдарға қояды. Осыған дейін адамзат «тілдің қожайыны» болуға тырысып, тілдің өзінің қалауы бойынша қалытастыруға тырысса, аталған процесске дейін адамзат тіл арқылы өзі қалыптасады, сондықтан тілдің қойған парадигмасы аясында ғана «жасап шығарушы», тек мұндай жағдайдан шығып өзінің теория қалыптастыру «аномальді» гениальный индивид қана жасауға мүмкіндік алуы мүмкін.

Тілдің «жоғары адамдық» статусын З. Фрейд өзінше санасыздық теориясында түсіндіруге тырысады. З. Фрейд адамзат менталитетін Айзбергке теңейді, тек жоғары жағын саналы әрекетімен байланыстырып, ал негізгі, жасырын, саналы талдаудан тыс бөлігін — санасыздық бөлігі деп атайды. Саналы бөлігі емес, санасыздық бөлігі — адамның іс — әрекетін, қалауын, шешімін және таңдауын анықтайды деп қарастырады З. Фрейд. З. Фрейд санасыздық мәнінің сипатын инстинкт пен либидо деп санаса, постфрейд өкілдері (Лакан, Деррида, Делез, Гваттари) санасыздық әрекеттің таза және айқын көрініс — тілде деп санайды. Тілді жоғары адамдық статусын философ және лингвистер талдай келе, мұндай түсінік адамзаттың даму тарихы бойында жоғары тылсым күшпен теңестірілген. Адамдар тілді әрқашан жоғары тылсым күштің жасағаны деп ұлықтап отырған. Сәйкесінше, тілге сакралді, және лигвистикалық дүние ретінде қараған [2].

Екіншіден, тілді «белгілер жүйесі» ретінде қарастыру тілдің пайда болуының екінші бір қырынан, жаңаша түсінуге мүмкіндік береді. Егер белгілер тілдің пайда болуымен байланыстырылса, онда оның қайнар көзін сөйлеу және фонетикалық жүйеден емес, белгілердің пайда болу тарихынан іздеген жөн. Белгі ол тілдің жоғары бірлігі болып табылады. Әдетте «тілді» дәстүрлі «табиғи тілден» адамдардың сөйлесу мәнері ретінде түсінеді. Белгілерді «тілге дейінгі» стадиясында сигнал, ым — ишара, адамдардың дене мүшелерімен қозғалуымен сипаттаған. Дыбыстар алғашында сөз, сөйлем ретінде емес, тек белгі — сигналдар ретінде көрінеді. Табиғатты зерттеу қорытындысы символды — белгінің негізгі формасы ретінде сипаттап жаңалық ашты. Белгі — символдың мағынасы сол ол өз — өзін көрсетпейді, керісінше басқаны. Өзін — өзі көрсететін символ — символ болып табылмайды. Символдың сипаттамасы кең ауқымды, шексіз, кез — келген затты немен болса да байланыстыра береді. Міне әлемді символикалық қабылдаудың байлығы да осында! Ерікті символдың сипаттап тұрған затпен және оны түйіндеуімен байланысы бір мағынаның пайда болу процессі болып табылады. Сондықтан ол мәдениеттің, мәдени өндірістің өмір сүруінің негізі болып табылады. Мәдениет — мән — мағынаның өндіріс процессі. Сондықтан тілдің дамуы тек ауызша сөйлеу мәнерімен ғана емес, символдық әрекет арқылы мән — мағына, ойдың пайда болуына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады [3].

Осы мәселемен қатар, лингвистика және семиотика ғылымында мәтіндік мәселесі алдыңғы қатарға қойылады. Мәтін — адамзаттың онтологиялық реалдылығы болып табылады. Барлығы мәтін болады, «мәтіннен тыс ештеңе болмайды» (Деррида). Мәдениет те, табиғатта, болмыс, құдай да әлемде — мәтін болып табылады. Мәтіндік идеясы тек лингвистика мен семиотикада ғана емес, философия мен мәдениеттануда да революциялық сипатқа ие.

Атақты философ А. Фета тіл мен ойдың тығыз байланысын мына бір сөзінде байқатады: «Мен айтар сөзімді ұмыттым, мен не айтқым келіп еді», яғни бұл жерде адамдар өз ойын, сөз, тіл арқылы жеткізетінін, маңызды орынға ие екеніне көз жеткіземіз. Тілсіз ой — тұманды, анықталмаған, мағынасыз дүние сынды. Ой әрқашан мазмұнын өзгертіп отырады, тіл сол ойды тек сипаттап қана қоймай, оны ашуға мүмкіндік береді. Бұл жай ғана мазмұнды құрай ғана емес, ойды жүзеге асыру процессі. Міне ой мен тілдің тығыз байланысы осында, олар бір — бірінен ажырамас дүние.

Осы концепция тіл мәнін түбегейлі қарастыруды талап етті. Егер бұрын лингвистер тіл мәнін «тірі» ауызекі сөз деп түсіндірілетін сөз деп қабылдаса,онда қазыр тіл белгілер жүйесі деп алынатын заманда, тілдің мәні және тілдің негізі элементі сөзде емес белгіде қарастырылады. Бізді тек белгілер ғана қоршайды. Адам өзі өмір бойы ұғумен өтетін белгілер әлемінде өмір сүріп келеді. Адам өзі де белгілік жәндік- өзі белгілер қалыптастыратын (әлемді сипаттайтын), және оларды ұғына алатын белгілер әлемінде тұратын жәндік. Тарихи тұрғыда белгінің қалыптасу әдісі жазба болып табылады, және ол сөздің, ауыз екі сөздің жай ғана белгіленуі емес адамның өзінің әрекетінің мәнді формасы.

Әдебиеттер:

  1. Де Соссюр Ф. Курс общей лингвистики. — М.: 1974. — 131 б.
  2. Фрейд З. Психоанализ. 2003. — 14 б.
  3. Карабаева А. Г. «Проблема языка в философской герменевтике» Вестник КазНУ 2004. № 1, – 18–21 б.
  4. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. — Алматы: Санат, 1993. – 296 б.
  5. Әлемдік философиялық мұра — Батыс философиясы «Жазушы» баспасы, – Алматы: 2009. – 13 б.
Основные термины (генерируются автоматически): лингвистика, мена.

Похожие статьи

Номинативные особенности языковых единиц | Статья в журнале...

По справедливому замечанию Е. А. Поповой лингвистика до сих пор была «бесчеловечной», то есть далекой от человеческого фактора [4, 69].

Сохранение прагматического аспекта при передаче англицизмов...

Данная статья посвящена проблеме передачи англицизмов при переводе. Рассмотрены причины возникновения англицизмов...

Возникновение и становление гендерной лингвистики

Термин «гендер» и соответствующее понятие были введены в социальные науки в 70-х гг. XX века. Энн Оуклей для определения социальных...

Приемы перевода интернациональных реалий | Статья в сборнике...

На настоящий момент в лингвистике не установлены все способы перевода такой лексики на другой язык. Если сопоставить языки и культуры разных народов...

Проблема изучения гендера в отечественной лингвистике

Лингвистические гендерные исследования приобрели большую актуальность в современной науке. Не подвергается сомнению междисциплинарный характер категории гендер.

Некоторые лингвистические характеристики терминологических...

Статья посвящена анализу некоторых лингвистических характеристик англоязычных терминологических единиц сферы цифровой фотографии.

Влияние изучения этимологии на усвоение новой иностранной...

...но и между языками разных групп, что может развить в учащемся интерес к лингвистике, подтолкнуть его к изучению других языков.

Фразеологическая семантика как лингвистический объект...

Ключевые слова: фразеология, лингвистика, идиоматические выражения, синонимия, антонимия, антропонимия.

Современные подходы к изучению имен собственных

Маслова, В. А. Современные направления в лингвистике: учеб. пособие для студ. высш. учеб заведений / В. А. Маслова. — М.: Изд. центр «Академия», 2008. — 272 с.

Билингвизм как тенденция развития современного общества

Переменам в методике преподавания иностранных языков содействовали новейшие исследования в смежных науках: лингвистике, психолингвистике, психологии.

Задать вопрос